БАҒдарламасы тақырып Мазмұны Еңбек көлемі сағатта



Дата22.06.2016
өлшемі72.56 Kb.
#152963
түріБағдарламасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Физика» пәні бойынша аралық мемлекеттік бақылау

БАҒДАРЛАМАСЫ

Тақырып

Мазмұны

Еңбек көлемі

сағатта

кредитте

1

Классикалык механиканың физикалық негіздері

67

1,5

1.1.

Материалдық нүктенің ілгерілемелі және айналмалы қозғалысының кинематикасы. Қозғалыс теңдеуі. Жылдамдық және үдеу. Қисық сызықты қозғалыстағы үдеу. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу.







1.2.

Материалдық нүктенің динамикасы. Ньютон заңдары. Масса және күш. Импульс. Импульстің сақталу заңы. Жұмыс, энергия және қуат. Кинетикалық және потенциалдық энергия. Энергияның сақталу заңы.

1.3.

Қатты денелер механикасы. Инерция моменті. Күш моменті. Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі теңдеуі. Айналмалы қозғалыстың кинетикалық энергиясы. Импульс моменті және оның сақталу заңы. Бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Ауырлық күші және салмақ. Тартылыс өрісіндегі жұмыс. Космостық жылдамдықтар.

1.4.

Арнаулы салыстырмалылық теориясының элементтері. Эйнштейн постулаттары. Лоренц қысқаруы. Уақыттың тежелуі.

1.5.

Сұйық және газ механикасы. Сұйықтардағы және газдардағы қысым. Үзіліссіздік теңдеуі. Бернулли тендеуі және оның салдарлары. Тұтқырлық. Денелердің сұйықтағы және газдағы қозғалыстары.

2

Молекулалық физика және термодинамика негіздері

45

1

2.1.

Идеал газдардың тәжрибелік заңдары. Клапейрон-Менделеев теңдеуі. Идеал газдардың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі. Максвелл таралу заңы. Орташа квадраттық, арифметикалық және ең ықтималдық жылдамдықтар. Больцман таралуы. Барометрлік өрнек.







2.2.

Термодинамиканың бірінші бастамасы. Молекуланың еркіндік дәрежесінің саны. Газдың жұмысы. Жылу сыйымдылық. Термодинамиканың бірінші бастамасын изопроцестерге қолдану. Адиабаталық процесс. Термодинамиканың екінші бастамасы. Карно циклы. Карно циклының п.ә.к.-і. Энтропия.

2.3.

Нақты газдар және қатты денелер. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Нақты газдың ішкі энергиясы. Қатты денелердің жылу сыйымдылығы

3

Электростатика және тұрақты электр тогы

45

1

3.1.

Электростатика. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заны. Электр өрісі және оның кернеулігі. Суперпозиция принципі. Остроградский-Гаусс теоремасы және оны өрістерді есептеу үшін қолдану. Электр өрісіндегі жұмыс, өріс потенциалы. Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Электростатикалық өріс энергиясы.







3.2.

Тұрақты электр тогы. Ток күші және оның тығыздығы. Бөгде күштер. ЭҚК-і. кернеу. Біртекті және біртекті емес тізбек бөліктері үшін Ом заңдары. Токтың жұмысы және қуаты. Джоуль-Ленц және Ом заңдарының дифференциалдық түрі.

3.3.

Металдардағы, вакуумдегі және газдардағы электр тогы. Электрондардың металдан шығу жұмысы. Контактілік потенциалдар айырымы. Термоэлектрлік құбылыстар және олардың қолданылуы.

4

Электромагнетизм

34

0,75

4.1.

Магнит өрісінің индукция және кернеулік векторлары. Био-Савар-Лаплас заңы және оны колдану. Ампер заңы. Қозғалыстағы зарядтың магнит өрісі. Лоренц күші. Толық ток заңы. Холл эффектісі. Гаусс теоремасы. Магнит өрісіндегі жұмыс.







4.2.

Электромагниттік индукция. Фарадей заңы. Ленц ережесі. Контурдың индуктивтігі, өздік индукция, өзара индукция. Трансформаторлар. Магнит өрісінің энергиясы.

4.3.

Заттың магниттік қасиеттері. Электрондардың және атомдардың магниттік моменттері. Диа-, парамагнетизм. Заттардағы магнит өрісі. Ферромагнетиктер және олардың қасиеттері.

5

Тербелістер және толқындар

34

0,75

5.1.

Тербелмелі қозғалыстар. Еркін механикалық және электромагниттік тербелістер және олардың сипаттамалары. Маятниктер. Гармониялық тербелістердің косылуы.







5.2.

Өшетін және мәжбүр механикалық және электромагниттік тербелістер. Өшетін тербелістердің дифференциалдық теңдеуі және оның шешімі. Резонанс құбылысы.

5.3.

Серпімді толқындар. Қума және көлденең толқындар. Толқын теңдеуі. Суперпозиция принципі. Фазалық және топтық жылдамдық. Толқындардың интерференциясы және дифракциясы. Тұрғын толқындар. Электромагниттік толқындардың теңдеуі.

6

Толқындық және кванттық оптиканың элементтері

23

0,5

6.1.

Геометриялық оптика заңдары. Жарық интерференциясы. Жарық толқындарының когеренттігі және монохроматтығы. Жарықтың дифракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Бір және екі саңылаудағы дифракциялық көріністі есептеу. Дифракциялық тор. Кеңістік тор дифракциясы. Оптикалық құралдардың ажырату қабілеті







6.2.

Жарық поляризациясы. Брюстер заңы. Малюс заңы. Поляризация жазықтығының бұрылуы. Электромагниттік толқындардың затпен әсерлесуі. Жарықтың дисперсиясы. Жарықтың жұтылуы

6.3.

Жылулық сәулелену. Кирхгоф, Стефан-Больцман, Вин және Релей-Джинс заңдары. Сәулеленудің кванттық табиғаты және Планк формуласы. Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн теңдеуі. Фотонның массасы мен импульсы. Жарық қысымы. Комптон эффектісі.

7

Кванттық физика

22

0,5

7.1.

Бор бойынша сутегі атомының теориясы. Сутегі атомының сызықтық спектрлері. Ридберг формуласы. Бор постулаттары. Бор бойынша сутегі атомының спектрі.







7.2.

Микробөлшектердің толқындық қасиеттері. Де Бройль толқындары және оның қасиеттері. Гейзенбергтің анықсыздық қатынасы. Толқындық функция. Стационарлық күй үшін Шредингердің теңдеуі.

7.3.

Кванттық механикадағы сутегі атомы. Кванттық сандар. Паули принципі. Атомдағы электрондардың күйлер бойынша үлестірілуі.

7.4.

Атом ядросы физикасының элементтері. Атом ядросының заряды, өлшемі және кұрамы. Байланыс энергиясы. Радиоактивтік сәулелену, оның түрлері және заңдылықтары. Радиоактивті ыдырау заңы. Ядролық реакциялар және олардың негізгі түрлері.

Барлығы:

270

6


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет