БАҒдарламасы таран, 2014 жыл мазмұны бағдарламаның паспорты 2 АҒымдағы жағдайды талдау 7



жүктеу 1.48 Mb.
бет1/9
Дата17.06.2016
өлшемі1.48 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мәслихаттың

2012 жылғы 20 желтоқсандағы

№ 81 шешіміне

қосымша

Мәслихаттың

2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 245 шешіміне

қосымша


ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ТАРАН АУДАНЫ

АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

Таран, 2014 жыл

МАЗМҰНЫ

1.Бағдарламаның паспорты 2

2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ 7

2.1 Аудан жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай - ақ олардың елдің әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық - саяси дамуына ықпалы 8

2.2.1 Ауданның экономикасын талдау 9

Өнеркәсіп 9

Өнеркәсіп өнімдерін өндірумен ауданда алты кәсіпорын айналысады, бұл сала аудан экономикасы дамуының және аудан бюджетін қалыптастырудың негізгі бағыты болып табылады, оның бюджет құрылымындағы үлесі 40 % құрайды. 9

2.2.4. Әкімшілік – аумақтық бірлік шеңберінде аумақтық (кеңістік) ауданның дамуы. 32

2.3. Орта мерзімді келешектегі аумақтың тұрақты әлеуметтік- экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, тежеуіш факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы 35

1 БАҒЫТЫ: ЭКОНОМИКА 41

Өнеркәсіп 41



6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ ……………………………………...................62
  1. Бағдарламаның паспорты


Атауы

Қостанай облысы Таран ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы.

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы.

«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы.


Ауданның негізгі сипаттамалары

Таран ауданы 1936 жылы 29 шілдеде құрылған, облыс орталығының батыс бағытында, Зауралья, Батыс Сібір және Орталық Қазақстан қиылыстарында орналасқан. Аудан Ресей Федерациясы және облысымыздың бес ауданымен шектеседі (Федоров, Қостанай, Әулиекөл, Қамысты және Денисов).

Аудан орталығы – Таран ауылы, 1903 жылы құрылған, Аят өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Аудан құрамына 3 ауыл, кент және 9 ауылдық округ пен 42 ауылдық елді мекен кіреді.

Аудан аумағында отыздан астам ұлт және халықтық ұлыстар тұрады. 2014 жылғы 1 қаңтарға қарасты жағдай бойынша аудан тұрғындары 27388 адамды құрады, Аудан орталығы – Таран ауылы, тірек ауылдар - Асенкритовка және Новоильиновка. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша 10 ауыл дамудың жоғарғы потенциалына, 19 – орта және 13 ауыл төменгі потенциалына жатады. Тобыл кенті, Таран, Баталы, Қызыл-Жар және Приреченское аулдары өте тығыз қоныстанған, ең кем қоныстанған - Достияр, Жамбаскөл, Нелюбинка, олардың халық тығыздығы бір шаршы шақырымға 0,06-дан 0,22 адамды құрайды.

Бағыттар

Экономика

Әлеуметтік сала

Инфрақұрылым

Ауылдық аумақтарын дамыту

Мемлекеттік қызметтер


Бағдарламаның мақсаттары

  1. 1. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қаржылық тұрақтылығына қол жеткізу және өнеркәсіп өндірісінің көлемін арттыру.

2. Ішкі нарықтың қажеттілігін жабуға және бизнес-ортасын қалыптастыруына жеткілікті агроөнеркәсіптік кешенінің көлеміндегі бәсекеге қабілеттілігін өсуі.

3. Қолайлы бизнес-ортасын жасау.

4. Ішкі сауданы дамытудың есебінен аудан экономикалық мүмкіндіктерін ұлғайту.

5. Инвестициялық салымдарды тарту арқылы аудан экономикасының тепе-тең және тұрақты өсуін қамтамасыз ету.

6. Кәсіпорындар мен ұйымдардың инновация саласындағы белсенділік деңгейін арттыру.

7. Білім сапасын, қолжетімділігін жақсарту және балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру.

8. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін, сапасын жақсарту.

9. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмегінің ұйымдастыруын, басқаруын және қаржыландыруын жетілдіру.

10. Алдын алу іс-шараларды, скринингалық зерттеулерді күшейту, негізгі әлеуметтік маңызы бар ауруларды оңтайландыру мен емдеу диагностикасын жетілдіру.

11. Тұрғындарды жұмыспен қамту деңгейін арттыру.

12. Азаматтардың әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру.

13. Мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету.

14. Отандық мәдениетті сақтау, көпшілікке тарату және насихаттау.

15. Мемлекеттiк тiлді және қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.

16. Дене тәрбиесi мен спортпен жаппай айналысу, спорт резервiн және жоғары класстық спортшыларды сапалы дайындау үшiн жағдайлар жасау.

17. Ел дамыту стратегиясын іске асыруында азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту.

18. Көшелер мен басқа қоғамдық орындарда құқық тәртiбін және қоғамдық қауiпсiздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту.

19. Жұмылдыру дайындығын, азаматтық және аумақтық қорғаныс жүйесін дамыту және жетілдіру, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру.

20. Ауданның байланыс пен коммуникацияға өсіп келе жатқан қажеттілігін қамтамасыз ету. Аудан тұтынушыларының байланысқа сенімділігін арттыру, коммуникациялық тәуелсіздікке қол жеткізу.

21. Әлеуметтік сала нысандарын, инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымын және тұрғын-үй құрылысын дамыту

22. Тұрғын үй құрылысын дамыту

23. Аудандық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жақсарту – ауданның көлік-коммуникациялық кешенінің маңызды элементтерінің бірі

24. Энергетикалық, инженерлік, су шаруашылығы инфрақұрылымның үйлестірілген дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардың тіршілік ету үшін қолайлы ортасын жасау.

25. Ауыл тұрғындарының тіршілік ету жағдайларын жақсарту.

26. Аумақтың экологиялық жағдайын жақсарту үшін ауданда орман алқаптарын арттыру.

27. Ақпараттық қоғам мен инновациялық экономикаға көшу мақсатында ауданның инфокоммуникация саласын дамыту механизімдері мен жағдайларды жасау.




Міндеттер

1. Әр тараптандырылуын және бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін өнеркәсіптің басым секторларын дамыту.

2.1. АӨК өнім өндірісінің тұрақты өсуінің негізінде ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

2.2. Мал шаруашылығы саласының өнімділігін арттыру.

3. Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай, кредиттік және мүліктік қолдауды дамыту.

4. Ішкі сауданың тиімділігін арттыру.

5. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемін ұлғайту.

6. Инновациялық өнімдердің көлемін ұлғайту.

7.1. Педагогикалық кадрлардың кәсібилігін және мұғалім мамандығының беделін арттыру.

7.2. Мектептік білім беру қызметінің сапасын арттыру (сапалы білім беру үшін жеткілікті жағдайлармен қамтамасыз ету).

8. Мектепке дейінгі ұйымдардың саласын ұлғайту және мектепке дейінгі білім беру көрсететін қызметінің сапасын жақсарту.

9. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу нәтижесінде медициналық көмегінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру.

10. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың үлесін төмендету.

11. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың тиімділігіне қол жеткізу.

12. Аз қамтылған тұрғындарды тиiмдi жұмыспен қамтуына қол жеткізу.

13. Мүгедектер және басқа да аз мобильді топтардағы тұрғындарына әлеуметтік, көлік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігінің деңгейін арттыру.

14. Мәдениет саладағы отандық өнiмiне қажеттіліктің өсуiн ынталандыру.

15. Мемлекеттік тілдің әлеуметтiк-коммуникативтік және шоғырланған функцияларын кеңейту.

16. Балалар мен жасөспірімдердің көпшілік дене тәрбиесі мен спортпен шұғылдану үшін қолайлы жағдайларды ұйымдастыру.

18. Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасын жетілдіру. Конфессияаралық, этносаралық келісімді сақтау және нығайту.

18.1. Жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.

18.2. Қылмысқа қарсы күресі мен қылмыскерлерді іздеудің тиімділігін арттыру, нашақорлыққа және есiрткi бизнесіне қарсы күрес.

19. Техногендiк апаттардан, зілзалардан және табиғат апаттарынан қауіп қатерлерді төмендету бойынша жағдайлар жасау.

20. Электрондық үкімет қызметінің веб-порталын тұрғындарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында инфокоммуникация саласының даму механизімдері мен жағдайларын жасау. Ақпараттық теңсіздікті төмендету мемлекеттік Бағдарламасын іске асыру шеңберінде компьютерлік сауаттылыққа әрі қарай үйрету.

21. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемін ұлғайту.

22. Тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз ету.

23. Жол инфрақұрылымын дамыту.

24.1. Аудан тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру, энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу.

24.2. Аудан тұтынушыларын су бұру сенімділігін арттыру.

25. Ауылдық аумақтарға әлеуметтік саладағы мамандарды тарату.

26. Орман алқап өсіру бойынша аумақтарын ұлғайту.

28. Тұрғындарға қызмет көрсету процесстерін жетілдіру.


Нысаналы индикаторлар

1. Өнеркәсіп өнімдерінің физикалық көлемінің индексі.

2. Ауыл шаруашылық өнімнің (қызметтің) жалпы шығару физикалық көлемінің индексі.

3. Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері өнімнің шығару көлемі.

4. Бөлшек сауданың физикалық көлемінің индексі.

5. Негізгі капиталға инвестициялардың индексі.

6. Инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі.

7. Тұрғындардың білім беру сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттанушылық деңгейі.

8. Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту.

9. Халықтың медициналық қызметтердің сапасымен қанағаттанушылық деңгейі.

10. Тұрғындардың 1000 басына жалпы өлімді төмендету.

11. Жұмыспен камту іс-шараларымен қамтылған пайыз.

12. Кірістері кедейлік шегінен төмен тұрғындар үлесі.

13. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің жалпы санынан түгендеуге (паспортизацияға) жататын объектілердің қамту пайызы.

14. Тұрғындардың мәдениет саладағы қызметтеріне қанағаттанушылық деңгейі.

15. Мемлекеттiк тiлдi меңгерген тұрғындарының үлесі.

16. Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын барлық жастағы тұрғындардың қамтылуын ұлғайту.

17. Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының қарым-қатынасын оң бағалайтын тұрғындар үлесін ұлғайту.

18. Тұрғындардың ішкі істер органдарына сенiмiнiң болжамды деңгейі.

19. Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен адам өлімінің төмендеуі.

20. Тұрғындардың байланыс пен коммуникация саладағы қызмет көрсету сапасымен қанағаттанушылық деңгейі.

21. Құрылыс жұмыстарының физикалық көлемінің индексі.

22. Жалпы алаңы ш.м.тұрғын үйді пайдалануына енгізу.

23. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобильдік жолдар үлесі.

24. Тұтынушылардың көрсетілген коммуналдық қызметтердің сапасына қанағаттанушылық деңгейі.

25. Дамудың потенциалы жоғары ауылдық елді мекендер санының ұлғаюы.

26. Мемлекеттік орман қорының орман басқан жерлерінің аумағы.

27. Тұрғындардың әлеуметтік маңызы бар қызмет көрсету сапасымен қанағаттанушылық деңгейі.


Қаржыландыру көздері және көлемдері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың жеке қаражаттары, қарыз қаражаттары

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жылы – 426,8 млн. теңге

2012 жылы – 4641,3 млн. теңге

2013 жылы – 9710,1 млн. теңге

2014 жылы – 9712,5 млн. теңге



2015 жылы – 1212,8 млн. теңге

Барлығы: – 25703,4 млн. теңге



2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет