5. «Жаратылыстану» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
39. Оқу жүктемесін бөлу:
1-кесте
Сынып
|
Апталық жүктеме
|
Жылдық сағат саны
|
1
|
1
|
33
|
2
|
1
|
34
|
3
|
2
|
68
|
4
|
2
|
68
|
40. Пән мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған:
1) оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімше ішінде дәйектілікпен ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылар жетістігін бағалауға, сондай-ақ, оларды оқудың келесі кезеңдері жөнінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді:
2-кесте
№
|
Бөлімдер
|
Бөлімшелер
|
1
|
Мен зерттеушімін
|
1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
2
|
Тірі табиғат
|
2.1 Өсімдіктер
|
2.2 Жануарлар
|
2.3 Адам
|
3
|
Заттар және олардың қасиеттері
|
3.1 Заттардың типтері
|
3.2 Ауа
|
3.3 Су
|
3.4 Табиғат ресурстары
|
4
|
Жер және ғарыш
|
4.1 Жер
|
4.2 Ғарыш
|
4.3 Кеңістік және уақыт
|
5
|
Табиғат физикасы
|
5.1 Күш және қозғалыс
|
5.2 Жарық
|
5.3 Дыбыс
|
5.4 Жылу
|
5.5. Электрлік
|
5.6 Магниттілік
|
2) бағдарламада «Оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
41. «Жаратылыстану» пәнінің мазмұны
1) 1-сынып
«Мен зерттеушімін». Қоршаған орта құбылыстарын бақылау. Бақылау кезеңдері. Эксперимент.
«Тірі табиғат». Жанды ағзалар. Өсімдіктер және олардың алуантүрлілігі. Ағаштар, бұталар, шөптесін өсімдіктер. Өсімдіктің негізгі бөліктері: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым. Жабайы және мәдени өсімдіктер. Мәдени өсімдіктерді күту (суару, қоректендіру, топыраққа күтім жасау). Өсімдіктің тіршілігіне қажетті жағдайлар (су, жарық, жылу, қоректік заттар). Жануарлар. Жабайы және үй жануарлары. Үй жануарларын күту. Үй жануарларының келтіретін пайдасы. Жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделуі: жылы жаққа ұшу, қысқа азық жинау, ұйқыға кету. Адам. Дене мүшелері. Бас. Мойын. Дене. Аяқ пен қол. Адамның өмірінің кезеңдері.Тамақтану, демалу.
«Жер және ғарыш». Жердің пішіні. Глобус – Жер моделі. Ғарыш, ғарыш денелері, астрономия туралы алғашқы түсініктер. Зымырандар мен телескоптар. Уақыт. Уақыт өлшеу құралдары. Сағат түрлері. Күнтізбелер.
«Табиғат физикасы». Түрлі денелердің қозғалысы. Табиғаттағы қозғалыс. Адамдардың қозғалысы. Қозғалыс траекториясы. Қозғалыс траекториясын сурет түрінде белгілеу. Жарық пен қараңғы. Жарықтың табиғи және жасанды көздері. Жарықтандыру. Дыбыс және оның таралу ерекшеліктері. Дыбыстың табиғи және жасанды көздері. Жылу шығаратын құрылғылар. Күнделікті өмірдегі электр. Электрді пайдалану ережелері. Магниттің қасиеттері. Магниттік қасиеттері бар заттар.
2) 2-сынып
«Мен зерттеушімін». Қоршаған орта. Құбылыстар, үдерістер, нысандар. Зерттеушінің жеке тұлғалық қасиеттері. Бақылау–ғылыми таным әдісі. Бақылаудың белгілері: мақсаты, нысаны, жоспары, мерзімі, нәтижесі. Бақылау нәтижесін шартты белгілермен тіркеу. Бақылау жүргізу жоспары. Эксперименттің белгілері: мақсаты, болжау, ресурстары, жоспары, мерзімі, нәтижесі. Эксперимент жүргізу және нәтижелерін кестеге тіркеу. Ақпарат көздері.
«Тірі табиғат». Өсімдіктің өсіп-өнуіне қажетті жағдайлар. Өсімдіктердегі маусымдық өзгерістер. Өсімдіктердің негізгі бөліктерінің қызметтері. Өсімдік топтарының тіршілік ортасы және оған бейімделу тәсілдері. Өз өлкесіндегі өсімдік топтары. Топыраққа күтім жасау. Өсімдіктерге қамқорлық жасау. Жануарлардың топтары: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар мен сүтқоректілер. Жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі. Жануарлардың көбеюі. Жұмыртқа салатын және төлдейтін жануарлар. Жануарларды қорғау. Адам. Қаңқа мен бұлшық еттердің қызметі. Бұлшық еттердің жиырылуының қозғалыс үшін маңызы. Дұрыс дене сымбаты. Тісті күту – адамның денсаулығын нығайту жолы. Жеке гигиена және оның денсаулық сақтаудағы рөлі.
«Заттар және олардың қасиеттері». Ауа. Ауаның адам, жануар және өсімдік үшін маңызы. Ауаның қасиеттері (түсі, иісі). Ауаның агрегаттық күйі. Жылуөткізгіштік. Ауаның бос кеңістікті толтыратын қасиеті. Су және оның физикалық қасиеттері. Судың агрегаттық күйі: қатты, сұйық, газ тәрізді. Судың табиғи көздері. Судың адам өміріндегі маңызы. Табиғи ресурстар және олардың қолданысы. Табиғи ресурстарды шығу тегі бойынша жіктеу.
«Жер және ғарыш». Жер ғаламшары үшін Күннің рөлі. Ай – Жердің табиғи серігі. Күн жүйесінің ғаламшарлары, олардың орналасу реті және сипаттамалары. Жер тобындағы ғаламшарлар. Алып ғаламшарлар. Уақытты өлшеу бірліктері: жыл, ай, апта, тәулік, сағат, минут. Ғарыштағы қашықтық пен уақыт ерекшеліктері.
«Табиғат физикасы». Денелердің түрлі жылдамдықпен қозғалуы. Жылдамдықтың сипаттамасы: жылдам, баяу. Қозғалыс тудыратын күштер: тарту және итеру. Заттың массасы. Әртүрлі құралдарды пайдаланып, заттардың массаларын өлшеу. Мөлдір, мөлдір емес, жартылай мөлдір материалдардың жарықты өткізуі. Қатты және бәсең дыбыс көздері. Температура. Температураны өлшеу. Термометрлер. Температураны өлшеу бірлігі – градус. Магнит қолданылатын салалар.
3) 3-сынып
«Мен зерттеушімін». Ғылыми жаңалықтар және олардың адамның күнделікті өміріне әсері. Ақпарат көздерінің түрлері. Ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Экспериментті жоспарлау және жүргізу. Эксперимент нәтижелерін диаграмма түрінде көрсету. Қорытынды жасау.
«Тірі табиғат». Фотосинтез үдерісі туралы алғашқы түсінік. Өсімдіктердің бейімделуі. Жылусүйгіш, суыққа төзімді, көлеңке сүйгіш, жарықсүйгіш, шөлге төзімді, ылғалсүйгіш өсімдіктер. Табиғи бірлестіктер – жанды және жансыз табиғаттың қауымдастығы. Өз өлкесінің табиғи бірлестіктері. Адам тіршілік әрекеттерінің өсімдіктердің алуантүрлілігіне әсері. Табиғаттағы және адам өміріндегі өсімдіктердің рөлі. Өз өлкесінің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктері. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың маңызы. Жануарлар. Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар. Жануарлардың өзара қарым-қатынас жасау түрлері. Жануарлар мен өсімдіктер арасындағы өзара байланыс. Тіршілік ортасындағы жағдайлардың өзгеруіне байланысты жануарлардың санының өзгеруі (құрғақшылық, су басу, батпақтану). Адамның жануарлардың санының азаюына әкелетін іс-әрекеттері (ағаш кесу, аңшылық, құрғату). Адамның ішкі ағзалары. Асқорыту жүйесі, оның адам тіршілігіндегі рөлі. Тыныс алу жүйесі және оның ағзалары (өкпе, мұрын қуысы, жұтқыншақ, кеңірдек). Тыныс алудың адам ағзасындағы рөлі. Қан айналымы жүйесі және оның адам ағзасындағы ролі. Жүрек. Тамыр соғуы. Адамның ағзасын ауру мен инфекциялардан қорғау. Иммунитетті нығайту.
«Заттар және олардың қасиеттері». Заттар мен денелер. Заттарды шығу тегі бойынша жіктеу. Табиғи және жасанды денелер. Заттарды агрегаттық күйі бойынша жіктеу (қатты, сұйық, газ тәрізді). Ауа және оның оның құрамы (көмірқышқыл газы, оттегі, азот, т.б.). Ауаның жануды қолдайтын қасиеті. Жанды ағзалар мен жансыз табиғаттағы су. Негізгі табиғи су көздері. Мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер. Ащы және тұщы су. Табиғи жерасты сулары – гейзерлер мен бұлақтар. Ауызсуды үнемді қолдану. Топырақ және оның құрамы (құм, саз, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары, су, ауа). Топырақ түрлері. Топырақтың қасиеттері. Құнарлылық. Топырақты қорғау.
«Жер және ғарыш». Жер сфералары туралы алғашқы түсінік (литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера). Графикалық кескіндеу. Ғарышты игерудегі айтулы оқиғалар. Жердің алғашқы жасанды серігін ұшыру. Адамның ғарышқа алғашқы ұшуы. Айға адамның қонуы. Адамзаттың дамуына ғарыштың тигізетін әсері. Ғарыш игерудегі Қазақстанның үлесі. Байқоңыр ғарыш айлағы. Жердің өз осінен айналуы. Күн мен түннің ауысуы.
«Табиғат физикасы». Серпімділік күші. Серпімді және пластикалық денелер. Ауырлық күші. Ауырлық күшін табиғатта бақылау. Үйкеліс күші. Үйкеліс күшін табиғатта бақылау. Көлеңке, оның пайда болу себептері. Көлеңкенің ерекшеліктері. Заттардың жарықты шағылыстыруы. Дыбыстар. Дыбыстың көздері мен дыбыс қабылдағыштар. Дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігі. Электр энергиясы, оның көздері. Электр тізбегінің элементтері. Қарапайым электр тізбегінің сызбасы. Әртүрлі металдардың магниттелу қасиеті.
4) 4-сынып
«Мен зерттеушімін». Зерттеулердің өз пайымдаулары негізінде анықталған өзекті бағыттары. Зерттеу әдісін таңдау. Бақылау мен эксперименттің артықшылықтары мен кемшіліктері. Нәтижелерді оқушы таңдауы бойынша көрсету.
«Тірі табиғат». Қоректік тізбек. Өсімдік – қоректік тізбектің маңызды буыны. Өсімдіктің тіршілік циклі. Тозаңдану негізінде тұқым түзілу. Тұқым таралу жолдары (өздігінен, жел, су, жануарлар, адамдар арқылы таралу). Жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктер. Балдырлар. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің алуантүрлілігі. Өсімдіктерді қорғау жолдары. Өз өлкесінің жануарлары. Бунақденелердің тіршілік циклі (жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ, ересек бунақденелі). Жануарлардың қоректену ерекшеліктері. Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарлар. Симбиоздық байланыстар. Қоректік тізбек құрылымы. Тіршілік ортасына байланысты қоректік тізбектердің модельдері. Жойылу шегінде тұрған жануарлар. Қазақстанның Қызыл кітабы. Ұлттық саябақтар мен қорықтарды құру мақсаты. Қазақстанның ұлттық саябақтары мен қорықтары. Адам. Зәр шығару жүйесі және оның рөлі. Жүйке жүйесі, оның адам ағзасындағы рөлі.
«Заттар және олардың қасиеттері». Заттардың қасиеттері (қаттылық, мөлдірлік, серпімділік, т.с.с). Заттарды қасиеттеріне байланысты қолдану. Құрастырылған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат алу. Адам тіршілігінің түрлі салаларында ауаны қолдану. Ауаның ластануы. Ауаның ластануының табиғи және жасанды көздері. Ауа тазалығын сақтау. Ауаны тазарту жолдары. Ауаның орын ауыстыруы. Жел, оның табиғаттағы және адам тіршілігіндегі пайдасы мен зияны. Табиғаттағы су айналымы. Атмосфералық жауын-шашынның түзілуі. Шық пен қырау. Қар, жаңбыр, бұршақ. Бұлт. Ауа райы. Судың ластану көздері (тұрмыстық, өндірістік, ауылшаруашылық). Судың ластануының түрлі ағзаларға әсерін түсіндіру. Түрлі заттардың судағы ерігіштігі. Пайдалы қазбалар (бор, тұз, әктас, саз, мұнай, гранит, көмір). Пайдалы қазбаларды қолдану. Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындары. Пайдалы қазбаларды сақтау және үнемді қолдану.
«Жер мен ғарыш». Жер бетінің ірі элементтері. Құрлықтар мен мұхиттар. Құрлықтар мен мұхиттардың глобуста орналасуы. Ғарыш денелері (астероидтар, кометалар, метеориттер, жұлдыздар, галактикалар). Жердегі тіршілікке ғарыштың әсері. Жердің орбита бойынша қозғалысы. Жыл мезгілдерінің ауысуы. Жыл мезгілдері.
«Табиғат физикасы». Архимед күші. Архимед күшін болжау. Архимед күшінің судағы заттарға әсері. Көлеңкенің кедергі өлшеміне және жарық көзінен кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігі. Жарықтың қасиеттері. Шағылысу. Жұтылу. Белгілі бір кедергілердің дыбыстың қаттылығы мен таралуына әсері. Материалдардың жылуөткізгіштігі. Материалдардың электрөткізгіштігі.
42. Оқыту мақсаттарының жүйесі:
1) 1-бөлім «Мен зерттеушімін»:
3-кесте
Бөлімше
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
1.1. Ғылым мен зерттеушілердің рөлі
|
1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру
|
2.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үрдерістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайларды және зерттеушінің тұлғалық қасиеттерін анықтау
|
3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу
|
4.1.1.1 зерттеулердің өзекті бағыттарын өз пайымдаулары негізінде анықтау
|
1.2. Табиғатты тану әдістері
|
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру
|
2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру;
2.1.2.2 бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже);
2.1.2.3 бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу;
2.1.2.4 бақылау жүргізудің жоспарын құру;
2.1.2.5 құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау;
2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже);
2.1.2.7 эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру
|
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;
3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау
|
4.1.2.1 зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне байланысты негіздеу;
4.1.2.2 алынған нәтижелерді оқушы таңдаған формада ұсыну
|
2) 2-бөлім «Тірі табиғат»:
4-кесте
Бөлімше
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
2.1 Өсімдіктер
|
1.2.1.1 өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың тіршілік формаларын анықтау;
1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;
1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;
1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;
1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасау жолдарын сипаттау
|
2.2.1.1 өсімдіктердің әр түрлі жағдайларда өсіп-өну мүмкіндіктерін зерттеу;
2.2.1.2 өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін сипаттау;
2.2.1.3 өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау;
2.2.1.4 өсімдік топтарын тіршілік ортасына және қоршаған ортаның жағдайларына (ылғал) бейімделу жолдары бойынша салыстыру;
2.2.1.5 өз өлкесінің өсімдік топтарын сипаттау;
2.2.1.6 топырақты күтудің маңызын түсіндіру;
2.2.1.7 өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндіру
|
3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттегіні бөлуін түсіндіру;
3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;
3.2.1.3 өз өлкесіндегі табиғи бірлестіктерді сипаттау;
3.2.1.4 адамның іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру;
3.2.1.5 сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін анықтау
|
4.2.1.1 қоректік тізбектегі өсімдіктердің рөлін анықтау;
4.2.1.2 өсімдіктің тіршілік циклін сипаттау;
4.2.1.3 тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілуін сипаттау;
4.2.1.4 тұқым таралу жолдарын сипаттау;
4.2.1.5 төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді ажырату;
4.2.1.6 өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну
|
2.2 Жануарлар
|
1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;
1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін түсіндіру
|
2.2.2.1 жануарлар класының өкілдерін ажырату: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер, бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер;
2.2.2.2 жануарлардың тіршілік ортасына бейімделу жолдарын сипаттау;
2.2.2.3 жануарлардың көбею жолдарын түсіндіру;
2.2.2.4 жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру
|
3.2.2.1
жануарларды омыртқалыларға және омыртқасыздарға жіктеу;
3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату;
3.2.2.3 табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау;
3.2.2.4 өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу;
3.2.2.5 тіршілік ортасындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жануарлар санының өзгеруін түсіндіру;
3.2.2.6 адамның жануарлар санының азаюына себепші болатын іс-әрекет түрлерін анықтау
|
4.2.2.1 өз өлкесіндегі жануарларды жіктеу;
4.2.2.2 бунақденелілердің тіршілік циклін сипаттау;
4.2.2.3 өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды ажырату;
4.2.2.4 симбиоздық қарым-қатынасқа мысал келтіру;
4.2.2.5 қоректік тізбектің құрылымын түсіндіру;
4.2.2.6 белгілі бір тіршілік ортасындағы қоректік тізбектердің модельдерін құрастыру;
4.2.2.7 жойылу шегінде тұрған жануарларға мысалдар келтіру;
4.2.2.8 ұлттық саябақтар мен қорықтарды құрудың мақсаттарын түсіндіру
|
2.3 Адам
|
1.2.3.1 адамның негізгі дене мүшелерін және олардың қызметтерін атау;
1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;
1.2.3.3 адамның өсу және даму қажеттіліктерін анықтау
|
2.2.3.1 адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау;
2.2.3.2 дұрыс дене сымбатын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;
2.2.3.3 бұлшық еттің қозғалыс кезіндегі жиырылуының рөлін түсіндіру;
2.2.3.4 денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау;
2.2.3.5 тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау
|
3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау;
3.2.3.2 асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау;
3.2.3.3 тыныс алу жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
3.2.3.4 қан айналымы жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
3.2.3.5 адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіру
|
4.2.3.1 зәр шығару жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
4.2.3.2 жүйке жүйесі және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау
|
3) 3-бөлім «Заттар және олардың қасиеттері»:
5-кесте
Бөлімше
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
3.1 Заттардың типтері
|
|
|
3.3.1.1 заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу
|
4.3.1.1 заттардың қасиеттеріне байланысты қолдану аясын анықтау;
4.3.1.2 құрастырылған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат алу
|
3.2 Ауа
|
|
2.3.2.1 біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсіндіру;
2.3.2.2. ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі);
2.3.2.3 ауаның кеңістікті толтыру қасиетін және жылуөткізгіштігін зерттеу
|
3.3.2.1 ауаның құрамын сипаттау;
3.3.2.2 ауаның жануды қолдайтын қасиетін сипаттау
|
4.3.2.1 адам тіршілігінің түрлі салаларында ауаны қолдану жолдарын анықтау;
4.3.2.2 ауаның ластану көздерін анықтау;
4.3.2.3 ауа тазалығын сақтау жолдарын және оны тазарту шараларын ұсыну;
4.3.2.4 ауаның табиғаттағы орын ауыстыру үдерісін түсіндіру;
4.3.2.5 желдің пайдасы мен зияны туралы мысал келтіру
|
3.3 Су
|
|
2.3.3.1 судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы);
2.3.3.2 судың агрегаттық күйінің өзгеру үдерісін зерттеу;
2.3.3.3 судың табиғи көздерін анықтау
|
3.3.3.1 судың тірі ағзаларда және өлі табиғатта кездесетінін түсіндіру;
3.3.3.2.судың негізгі табиғи көздерін салыстыру;
3.3.3.3 ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсіндіру;
3.3.3.4 суды тазартудың түрлі тәсілдерін ұсыну;
3.3.3.5 суды тазартуға арналған фильтрдің өз моделін ұсыну;
3.3.3.6 судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру
|
4.3.3.1 табиғаттағы су айналымын сипаттау;
4.3.3.2 атмосферада жауын-шашынның түзілу үдерісін сипаттау;
4.3.3.3 судың ластану көздерін анықтау;
4.3.3.4 судың ластануының түрлі ағзаларға әсерін түсіндіру;
4.3.3.5 түрлі заттардың судағы ерігіштігін зерттеу
|
3.4 Табиғат ресурстары
|
|
2.3.4.1 табиғи ресурстардың қолданысын анықтау;
2.3.4.2 табиғи ресурстарды шығу тегі бойынша жіктеу;
|
3.3.4.1 кейбір ағзалардың тіршілігіндегі топырақтың рөлін түсіндіру;
3.3.4.2 топырақтың негізгі құрамын зерттеу (құм, саз, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, су, ауа);
3.3.4.3 топырақтың негізгі қасиеттерін анықтау;
3.3.4.4 топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттеу
|
4.3.4.1 кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас, саз , мұнай, гранит, көмір) қолданылу саласын анықтау;
4.3.4.2 Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындарын картадан көрсету;
4.3.4.3 пайдалы қазбаларды сақтау және үнемді қолданудың жолдарын ұсыну
|
4) 4-бөлім «Жер және ғарыш»:
6-кесте
Бөлімше
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
4.1 Жер
|
1.4.1.1 Жердің пішінін моделі негізінде анықтау
|
2.4.1.1 Жер мен Күн арасындағы байланысты түсіндіру;
2.4.1.2 Жердің табиғи серігін анықтау
|
3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу
|
4.4.1.1 жер бетінің ірі элементтерін атау және сипаттау
|
4.2 Ғарыш
|
1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;
1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау
|
2.4.2.1 Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау;
2.4.2.2 Күн жүйесі ғаламшарларын салыстыру
|
3.4.2.1 ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу;
3.4.2.2 адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіру
|
4.4.2.1 жекелеген ғарыш денелерін сипаттау;
4.4.2.2 Жердегі тіршілікке ғарыштың әсерін анықтау
|
4.3 Кеңістік және уақыт
|
1.4.3.1 уақыттың маңыздылығын түсіндіру;
1.4.3.2 уақытты өлшеу құралдарын анықтау
|
2.4.3.1 негізгі уақыт өлшем бірліктерін ажырату;
2.4.3.2 ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктерін түсіндіру
|
3.4.3.1 Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру
|
4.4.3.1 Жердің орбиталық айналуының салдарын түсіндіру;
4.4.3.2 жыл маусымдарын сипаттау
|
5) 5-бөлім «Табиғат физикасы»:
7-кесте
Бөлімше
|
1-сынып
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
5.1. Күштер және қозғалыс
|
1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалуына мысал келтіру;
1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;
1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету
|
2.5.1.1 түрлі денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалуына мысал келтіру;
2.5.1.2 жылдамдықты түсіндіруде оның сапалық сипаттамаларын қолдану (жылдам, баяу);
2.5.1.3 қозғалыс тудыратын күштерді зерттеу;
2.5.1.4. массаны анықтауға арналған құралдарды таңдау және пайдалану
|
3.5.1.1 серпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру;
3.5.1.2 ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру;
3.5.1.3 үйкеліс күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру;
3.5.1.4 күштің әсер ету бағытын анықтау
|
4.5.1.1 Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру;
4.5.1.2 судағы әр түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау
|
5.2 Жарық
|
1.5.2.1 жарық пен қараңғыны салыстыру;
1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;
1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау
|
2.5.2.1 кейбір денелердің жарықөткізгіштік қасиетін зерттеу
|
3.5.2.1 көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін түсіндіру;
3.5.2.2 денелердің жарықты шағылыстыру қасиетін түсіндіру
|
4.5.2.1 көлеңкенің кедергі өлшеміне және жарық көзінен кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу және түсіндіру;
4.5.2.2 жарықтың шағылысуы, жұтылуы сияқты қасиеттерін зерттеу және түсіндіру
|
5.3 Дыбыс
|
1.5.3.1 дыбыстың таралу ерекшеліктерін түсіндіру;
1.5.3.2 дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату
|
2.5.3.1 дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктеу
|
3.5.3.1 дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру
|
4.5.3.1 белгілі бір кедергілердің дыбыстың қаттылығы мен таралуына әсерін зерттеу және түсіндіру
|
5.4 Жылу
|
1.5.4.1 жылыту құрылғыларын анықтау
|
2.5.4.1 түрлі денелердің температурасын өлшеу
|
|
4.5.4.1 түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін зерттеу
|
5.5 Электрлік
|
1.5.5.1 адамның күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру
|
|
3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау;
3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау;
3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну
|
4.5.5.1 әртүрлі материалдардың электрөткізгіштігін зерттеу
|
5.6 Магниттілік
|
1.5.6.1 магниттік қасиеті бар денелерді анықтау;
1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу
|
2.5.6.1 магниттерді қолдану аясын сипаттау
|
3.5.6.1 магнит көмегімен әртүрлі металдардың магниттелу қасиетін зерттеу
|
|
43. Ұзақ мерзімді жоспарлар:
1) 1-сынып:
8-кесте
Бөлімдер
|
Бөлімшелер
|
Оқу мақсаттары
|
1-тоқсан
|
1-бөлім. Мен зерттеушімін («Өзім туралы» ортақ тақырыбы аясында)
|
1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі
|
1.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру
|
2-бөлім. Тірі табиғат («Менің мектебім» ортақ тақырыбы аясында)
|
2.1 Өсімдіктер
|
1.2.1.1 өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың тіршілік формаларын анықтау;
1.2.1.2 өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату;
1.2.1.3 жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату;
1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;
1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасау жолдарын сипаттау
|
2.2 Жануарлар
|
1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау;
1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату;
1.2.2.3 жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін түсіндіру
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру
|
2-тоқсан
|
(«Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыбы аясында)
|
2.3 Адам
|
1.2.3.1 адам денесінің негізгі мүшелерін және олардың қызметтерін атау;
1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;
1.2.3.3 адамның өсу және даму қажеттіліктерін анықтау
|
(«Бізді қоршаған әлем» ортақ тақырыбы аясында)
|
5.1 Күштер және қозғалыс
|
1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалуына мысал келтіру;
1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;
1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру
|
3-тоқсан
|
4-бөлім. Жер және ғарыш («Саяхат» ортақ тақырыбы аясында)
|
4.2 Ғарыш
|
1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау;
1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау
|
4.1 Жер
|
1.4.1.1 Жердің пішінін моделі негізінде анықтау
|
4.3 Кеңістік және уақыт
|
1.4.3.1 уақыттың маңыздылығын түсіндіру;
1.4.3.2 уақытты өлшеу құралдарын анықтау
|
5-бөлім. Табиғат физикасы («Дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы аясында)
|
5.4 Жылу
|
1.5.4.1 жылыту құрылғыларын анықтау
|
5.5 Электрлік
|
1.5.5.1 адамның күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру
|
5.6 Магниттілік
|
1.5.6.1 магниттік қасиеті бар денелерді анықтау;
1.5.6.2 магниттің қасиетін зерттеу
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру
|
4-тоқсан
|
(«Тағам және сусындар» ортақ тақырыбы аясында)
(«Дені саудың жаны сау» ортақ тақырыбы аясында)
|
5.2 Жарық
|
1.5.2.1 жарық пен қараңғыны салыстыру;
1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;
1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау
|
5.3 Дыбыс
|
1.5.3.1 дыбыстың таралу ерекшеліктерін түсіндіру;
1.5.3.2 дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
1.1.2.2 көрсетілген экспериментті түсіндіру
|
2) 2-сынып:
9-кесте
Бөлімдер
|
Бөлімшелер
|
Оқу мақсаттары
|
1-тоқсан
|
1-бөлім. Мен зерттеушімін
(«Өзім туралы» ортақ тақырыбы аясында)
|
1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі
|
2.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайларды мен зерттеушінің тұлғалық қасиеттерін анықтау
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру;
2.1.2.2 бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже);
2.1.2.3 бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу;
2.1.2.4 бақылау жүргізудің жоспарын құру;
2.1.2.5 құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау;
2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже);
2.1.2.7 эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру
|
2-бөлім. Тірі табиғат
(«Өзім туралы» және «Менің отбасым және достарым» ортақ тақырыптары аясында)
|
2.1 Өсімдіктер
|
2.2.1.1 өсімдіктердің әртүрлі жағдайларда өсіп-өну мүмкіндіктерін зерттеу;
2.2.1.2 өсімдіктердің маусымдық өзгерістерін сипаттау;
2.2.1.3 өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау;
2.2.1.4 өсімдік топтарын тіршілік ортасына және қоршаған ортаның жағдайларына (ылғал) бейімделу жолдары бойынша салыстыру;
2.2.1.5 өз өлкесінің өсімдік топтарын сипаттау;
2.2.1.6 топырақты күтудің маңызын түсіндіру;
2.2.1.7 өсімдіктерге қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндіру
|
2.2 Жануарлар
|
2.2.2.1 жануарлар класының өкілдерін ажырату: бунақденелілер, балықтар, қосмекенділер,бауырмен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер;
2.2.2.2 жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуін жолдарын сипаттау;
2.2.2.3 жануарлардың көбею жолдарын түсіндіру;
2.2.2.4 жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
2.1.2.2 бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже);
2.1.2.3 бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу;
2.1.2.4 бақылау жүргізудің жоспарын құру;
2.1.2.5 құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау
|
2-тоқсан
|
2-бөлім. Тірі табиғат
(«Менің мектебім» ортақ тақырыбы аясында)
|
2.3 Адам
|
2.2.3.1 адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау;
2.2.3.2 дұрыс дене сымбатын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;
2.2.3.3 бұлшық еттің қозғалыс кезіндегі жиырылуының рөлін түсіндіру;
2.2.3.4 денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау;
2.2.3.5 тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру;
2.1.2.2 бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже);
2.1.2.3 бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу;
2.1.2.4 бақылау жүргізудің жоспарын құру;
2.1.2.5 құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау;
2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже);
2.1.2.7 эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру;
|
3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері
(«Туған өлкем» ортақ тақырыбы аясында)
|
3.2 Ауа
|
2.3.2.1 біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсіндіру;
2.3.2.2 ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі);
2.3.2.3 ауаның кеңістікті толтыру қасиетін және жылуөткізгіштігін зерттеу
|
3.3 Су
|
2.3.3.1 судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы);
2.3.3.2 судың агрегаттық күйінің өзгеру үдерісін зерттеу;
2.3.3.3 судың табиғи көздерін анықтау
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру;
2.1.2.2 бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже);
2.1.2.3 бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу;
2.1.2.4 бақылау жүргізудің жоспарын құру;
2.1.2.5 құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау;
2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже);
2.1.2.7 эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру
|
3-тоқсан
|
3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері
(«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы аясында)
|
3.4 Табиғат ресурстары
|
2.3.4.1 табиғи ресурстардың қолданысын анықтау;
2.3.4.2 табиғи ресурстарды шығу тегі бойынша жіктеу ;
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру;
2.1.2.2 бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже);
|
4-бөлім. Жер және ғарыш («Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы аясында)
|
4.1 Жер
|
2.4.1.1 Жер мен Күн арасындағы байланысты түсіндіру;
2.4.1.2 Жердің табиғи серігін анықтау
|
4.2 Ғарыш
|
2.4.2.1 Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау;
2.4.2.2 Күн жүйесі ғаламшарларын салыстыру
|
4.3 Кеңістік және уақыт
|
2.4.3.1 негізгі уақыт өлшем бірліктерін ажырату;
2.4.3.2 ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктерін түсіндіру
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру;
2.1.2.4 бақылау жүргізудің жоспарын құру;
2.1.2.5 құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау;
|
5-бөлім. Табиғат физикасы («Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы аясында)
|
5.1 Күш және қозғалыс
|
2.5.1.1 түрлі денелердің әртүрлі жылдамдықпен қозғалуына мысал келтіру;
2.5.1.2 жылдамдықты түсіндіруде сапалық сипаттамаларын қолдану (жылдам, баяу);
2.5.1.3 қозғалыс тудыратын күштерді зерттеу;
2.5.1.4 массаны анықтауға арналған құралдарды таңдау және пайдалану
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру;
2.1.2.5 құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау;
2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже)
|
4-тоқсан
|
5-бөлім. Табиғат физикасы («Қоршаған орта» және «Саяхат» ортақ тақырыптары аясында)
|
5.2 Жарық
|
2.5.2.1 кейбір денелердің жарықөткізгіштік қасиетін зерттеу
|
5.3 Дыбыс
|
2.5.3.1 дыбыс қаттылығы бойынша дыбыс көздерін жіктеу
|
5.4.Жылу
|
2.5.4.1 түрлі денелердің температурасын өлшеу
|
5.6 Магниттілік
|
2.5.6.1 магниттерді қолдану аясын сипаттау
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру;
2.1.2.5 құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау;
2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже);
2.1.2.7 эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру
|
3) 3-сынып:
10-кесте
Бөлімдер
|
Бөлімшелер
|
Оқу мақсаттары
|
1-тоқсан
|
1-бөлім. Мен – зерттеушімін
(«Тірі табиғат» ортақ тақырыбы аясында)
|
1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі
|
3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;
3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау
|
2-бөлім. Тірі табиғат
(«Тірі табиғат» және «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен, жарық-қараңғы» ортақ тақырыптары аясында)
|
2.1 Өсімдіктер
|
3.2.1.1 өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттегіні бөлуін түсіндіру;
3.2.1.2 өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру;
3.2.1.3 өз өлкесіндегі табиғи бірлестіктерді сипаттау;
3.2.1.4 адамның іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру;
3.2.1.5 сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін анықтау
|
2.2 Жануарлар
|
3.2.2.1 жануарларды омыртқалыларға және омыртқасыздарға жіктеу;
3.2.2.2 жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату;
3.2.2.3 табиғаттағы жануарлардың өзара қарым-қатынас түрлерін сипаттау;
3.2.2.4 өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу;
3.2.2.5 тіршілік ортасындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жануарлар санының өзгеруін түсіндіру;
3.2.2.6 адамның жануарлар санының азаюына себепші болатын іс-әрекет түрлерін анықтау
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;
3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау
|
2-тоқсан
|
2-бөлім. Тірі табиғат
(«Уақыт» ортақ тақырыбы аясында)
|
2.3 Адам
|
3.2.3.1 адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау;
3.2.3.2 асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау;
3.2.3.3 тыныс алу жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
3.2.3.4 қан айналымы жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
3.2.3.5 адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіру
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
|
3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері
(«Сәулет өнері», «Су-тіршілік көзі» ортақ тақырыптары аясында)
|
3.1 Заттардың типтері
|
3.3.1.1 заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу
|
3.2 Ауа
|
3.3.2.1 ауаның құрамын сипаттау;
3.3.2.2 ауаның жануды қолдайтын қасиетін сипаттау
|
3.3 Су
|
3.3.3.1 судың тірі ағзаларда және өлі табиғатта кездесетінін түсіндіру;
3.3.3.2.судың негізгі табиғи көздерін салыстыру;
3.3.3.3 ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсіндіру;
3.3.3.4 суды тазартудың түрлі тәсілдерін ұсыну;
3.3.3.5 суды тазартуға арналған фильтрдің өз моделін ұсыну;
3.3.3.6 судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
|
3-тоқсан
|
3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері
(«Су-тіршілік көзі» ортақ тақырыбы аясында)
|
3.4 Табиғат ресурстары
|
3.3.4.1 кейбір ағзалардың тіршілігіндегі топырақтың рөлін түсіндіру;
3.3.4.2 топырақтың негізгі құрамын зерттеу (құм, саз, өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, су, ауа);
3.3.4.3 топырақтың негізгі қасиеттерін анықтау;
3.3.4.4 топырақтың құнарлылығын құрамына қарай зерттеу
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;
3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау
|
4-бөлім. Жер және ғарыш
(«Өнер», «Атақты тұлғалар» тақырыбы аясында)
|
4.1 Жер
|
3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу
|
4.2 Ғарыш
|
3.4.2.1 ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу;
3.4.2.2 адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіру
|
4.3 Кеңістік және уақыт
|
3.4.3.1 Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
|
5-бөлім. Табиғат физикасы
(«Атақты тұлғалар» тақырыбы аясында)
|
5.1 Күштер және қозғалыс
|
3.5.1.1 серпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру;
3.5.1.2 ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру;
3.5.1.3 үйкеліс күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру;
3.5.1.4 күштің әсер ету бағытын анықтау
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;
3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау
|
4-тоқсан
|
5-бөлім. Табиғат физикасы
«Демалыс мәдениеті, мерекелер» ортақ тақырыбы аясында)
|
5.2 Жарық
|
3.5.2.1 көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін түсіндіру;
3.5.2.2 денелердің жарықты шағылыстыру қасиетін түсіндіру
|
5.3 Дыбыс
|
3.5.3.1 дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру
|
5.5 Электрлік
|
3.5.5.1 электр энергиясы көздерін анықтау;
3.5.5.2 қарапайым электр тізбегінің сызбасын жинау;
3.5.5.3 қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну
|
5.6 Магниттілік
|
3.5.6.1 магнит көмегімен әртүрлі металдардың магниттелу қасиетін зерттеу
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
3.1.2.2 ақпарат көздерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау;
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу;
3.1.2.4 жүргізілген эксперимент нәтижелерін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау
|
4) 4-сынып:
11-кесте
Бөлімдер
|
Бөлімшелер
|
Оқу мақсаттары
|
1-тоқсан
|
1-бөлім. Мен зерттеушімін
(«Менің Отаным – Қазақстан» ортақ тақырыбы аясында)
|
1.1 Ғылым мен зерттеушілердің рөлі
|
4.1.1.1 зерттеулердің өзекті бағыттарын өз пайымдаулары негізінде анықтау;
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
4.1.2.1 зерттеу әдістерін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін олардың артықшылықтары мен кемшіліктеріне байланысты негіздеу;
4.1.2.2 алынған нәтижелерді оқушы таңдаған формада ұсыну
|
2-бөлім. Тірі табиғат
(«Адами құндылықтар» ортақ тақырыбы аясында)
|
2.1 Өсімдіктер
|
4.2.1.1 қоректік тізбектегі өсімдіктердің рөлін анықтау;
4.2.1.2 өсімдіктің тіршілік циклін сипаттау;
4.2.1.3 тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілуін сипаттау;
4.2.1.4 тұқым таралу жолдарын сипаттау;
4.2.1.5 төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді ажырату;
4.2.1.6 өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну
|
2.2 Жануарлар
|
4.2.2.1 өз өлкесіндегі жануарларды жіктеу;
4.2.2.2 бунақденелілердің тіршілік циклін сипаттау;
4.2.2.3 өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды ажырату;
4.2.2.4 симбиоздық қарым-қатынасқа мысал келтіру;
4.2.2.5 қоректік тізбектің құрылымын түсіндіру;
4.2.2.6 белгілі бір тіршілік ортасындағы қоректік тізбектердің модельдерін құрастыру;
4.2.2.7 жойылу шегінде тұрған жануарларға мысалдар келтіру;
4.2.2.8 ұлттық саябақтар мен қорықтарды құрудың мақсатарын түсіндіру
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
4.1.2.1 зерттеу әдістерінің (бақылау мен эксперимент) артықшылықтары және кемшіліктері негізінде таңдау себебін түсіндіру;
4.1.2.2 алынған нәтижелерді оқушы таңдаған формада ұсыну
|
2-тоқсан
|
2-бөлім. Тірі табиғат
(«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы аясында)
|
2.3 Адам
|
4.2.3.1 зәр шығару жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
4.2.3.2 жүйке жүйесі және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
4.1.2.1 зерттеу әдістерінің (бақылау мен эксперимент) артықшылықтары және кемшіліктері негізінде таңдау себебін түсіндіру;
4.1.2.2 алынған нәтижелерді оқушы таңдаған формада ұсыну
|
3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері («Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы аясында)
|
3.1 Заттардың типтері
|
4.3.1.1 заттардың қасиеттеріне байланысты қолдану аясын анықтау;
4.3.1.2 құрылған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат алу
|
3.2 Ауа
|
4.3.2.1 адам тіршілігінің түрлі салаларында ауаны қолдану жолдарын анықтау;
4.3.2.2 ауаның ластану көздерін анықтау;
4.3.2.3 ауа тазалығын сақтау жолдарын және оны тазарту шараларын ұсыну;
4.3.2.4 ауаның табиғаттағы орын ауыстыру үдерісін түсіндіру;
4.3.2.5 желдің пайдасы мен зияны туралы мысал келтіру
|
3.3 Су
|
4.3.3.1 табиғаттағы су айналымын сипаттау;
4.3.3.2 атмосферада жауын-шашынның түзілу үдерісін сипаттау;
4.3.3.3 судың ластану көздерін анықтау;
4.3.3.4 судың ластануының түрлі ағзаларға әсерін түсіндіру;
4.3.3.5 түрлі заттардың судағы ерігіштігін зерттеу
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
4.1.2.1 зерттеу әдістерінің (бақылау мен эксперимент) артықшылықтары және кемшіліктері негізінде таңдау себебін түсіндіру;
4.1.2.2 алынған нәтижелерді оқушы таңдаған формада ұсыну
|
3-тоқсан
|
3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері («Табиғи құбылыстар» ортақ тақырыбы аясында)
|
3.4 Табиғат ресурстары
|
4.3.4.1 кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас, саз, мұнай, гранит, көмір) қолданылу саласын анықтау;
4.3.4.2 Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындарын картадан көрсету;
4.3.4.3 пайдалы қазбаларды сақтау және үнемді қолданудың жолдарын ұсыну
|
4-бөлім. Жер және ғарыш
(«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы аясында)
|
4.1 Жер
|
4.4.1.1 жер бетінің ірі элементтерін атау және сипаттау
|
4.2 Ғарыш
|
4.4.2.1 жекелеген ғарыш денелерін сипаттау;
4.4.2.2 Жердегі тіршілікке ғарыштың әсерін анықтау
|
4.3 Кеңістік және уақыт
|
4.4.3.1 Жердің орбиталық айналуының салдарын түсіндіру;
4.4.3.2 жыл маусымдарын сипаттау
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
4.1.2.1 зерттеу әдістерінің (бақылау мен эксперимент) артықшылықтары және кемшіліктері негізінде таңдау себебін түсіндіру;
4.1.2.2 алынған нәтижелерді оқушы таңдаған формада ұсыну
|
4-тоқсан
|
5-бөлім. Табиғат физикасы («Ғарышқа саяхат» және «Болашаққа саяхат» ортақ тақырыптары аясында)
|
5.1 Күш және қозғалыс
|
4.5.1.1 Архимед күшін сипаттау және оның білінуіне мысал келтіру;
4.5.1.2 судағы әр түрлі денелерге әсер ететін Архимед күшін бақылау және болжау
|
5.2 Жарық
|
4.5.2.1 көлеңкенің кедергі өлшеміне және жарық көзінен кедергіге дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу және түсіндіру;
4.5.2.2 жарықтың шағылысуы, жұтылуы сияқты қасиеттерін зерттеу және түсіндіру
|
5.3 Дыбыс
|
4.5.3.1 белгілі бір кедергілердің дыбыстың қаттылығы мен таралуына әсерін зерттеу және түсіндіру
|
5.4 Жылу
|
4.5.4.1 түрлі материалдардың жылуөткізгіштігін зерттеу
|
5.5 Электрлік
|
4.5.5.1 әртүрлі материалдардың электрөткізгіштігін зерттеу
|
1.2 Табиғатты тану әдістері
|
4.1.2.1 зерттеу әдістерінің (бақылау мен эксперимент) артықшылықтары және кемшіліктері негізінде таңдау себебін түсіндіру;
4.1.2.2 алынған нәтижелерді оқушы таңдаған формада ұсыну
|
Достарыңызбен бөлісу: |