Бағдарламасы Түсіндірме жазба



бет150/188
Дата30.05.2023
өлшемі0.84 Mb.
#474520
түріБағдарламасы
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   188
үлгілік ОҚУ бағдарламасы 2022 қосымша

5-параграф. 1-жартыжылдық

49. Сөйлеуді дамыту.


Оқыту және тәрбиелеу міндеттері.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:
1) бар дыбыстарды дұрыс айтқызу;
2) сөздердің буындық құрылымын қалыптастыру;
3) фонемалық қабылдауды дамыту.
Сөздік қор:
1) заттардың атаулары мен әрекеттері арқылы енжар және белсенді сөз қорын кеңейтуді жалғастыру;
2) әр түрлі тұрмыстық заттардың мақсатын, олардың қызметін түсіндіру.
Тілдің грамматикалық құрылымы:
1) қарапайым фразаны құру кезінде сөйлемдегі сөздерді сәйкестендіруді үйрету;
2) «ішінде», «үстінде», «астында» шылауларының мағынасын түсінуге үйрету.
Байланыстырып сөйлеу тілі:
1) оқылған немесе айтылған мәтінді тыңдауға және түсінуге, оқылған мәтін туралы сұрақтарға жауап беруге, жақсы таныс ертегілерді қайталауға үйрету;
2) қысқа өлеңдерді, рифмдерді жаттау дағдысын қалыптастыру.
Жұмыс мазмұны:
1) балалардың ересектермен және құрдастарымен тілдік қатынасқа түсу, сұрақтарға жауап беру, өз өтініштерін білдіру ниетін қолдау;
2) сөйлеу тілін одан әрі түсіну жұмысын жалғастыру, ойын және оқу жағдайын жасай отырып, балалардың енжар және белсенді сөз қорын кеңейту;
3) лексикалық тақырыптарға сүйене отырып, балалардың сөздігіне тұрмыстық заттардың, балалардың жақын ортасының, жанды және жансыз табиғат заттарының, табиғи құбылыстар мен жылдың әртүрлі уақытындағы өзгерістер мен әртүрлі заттардың әрекеттерін білдіретін зат есімдерді енгізу;
4) көру арқылы қарапайым сөйлемдерді өз бетінше құруға және сөйлемдердегі сөздерді үйлестіруге үйрету;
5) ойын әрекетінде дұрыс сөйлеу тынысын қалыптастыру, артикуляцияны дамытуға арналған жаттығуларды таңдау;
6) дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдысын жетілдіру, өлеңдерді, рифмдерді жаттау арқылы сөздердің буындық құрылымын қалыптастыру;
7) сабақта сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту үшін түрлі дидактикалық ойындарды қолдану;
8) көрнекі материалда және ашық ойындар кезінде көпше зат есімдерді аяқталуымен түсінуге үйрету;
9) көрнекі және дидактикалық материалдарды қолдана отырып, «ішінде», «үстінде», «астында» шылауларының мағынасын түсінуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
ересектермен және құрдастарымен ауызша байланысқа түседі;
зат есімдер мен етістіктерді сөйлеу кезінде қолданады, заттардың атаулары мен іс-әрекеттерін түсінеді;
барлық бөліктерді үйлестіре отырып, қарапайым сөйлемдер құрастырады;
бар дыбыстардың дұрыс айтылуын қамтамасыз ете отырып, қарапайым буын құрылымы бар сөздерді дұрыс айтады;
«лар, лер, дар, дер, тар, тер» жалғауларына аяқталатын көпше зат есімдердің мағынасын түсінеді;
«ішінде», «үстінде», «астында» шылауларының мағынасын түсінеді.
50. Көркем әдебиет.
Оқыту және тәрбиелеу міндеттері:
1) сәйкес суреттерді, иллюстрацияларды және басқа да көрнекіліктерді пайдалана отырып, құрдастар тобымен бірге айтылымдарды, ертегілерді, қысқа авторлық туындыларды (өлеңдер, әңгімелер, мәтіндер) тыңдай білуді жалғастыру;
2) адамдар мен жануарлардың іс-әрекеттерін сипаттайтын қысқа ертегілерді, ертегілерді, қысқа авторлық туындыларды (өлеңдер, әңгімелер, мәтіндер) тыңдау кезінде балалардың эмоционалды қабылдауын қалыптастыруды жалғастыру;
3) балаларға кітаптардағы иллюстрацияларды қарастыруға, кейіпкерлердің пайда болуын, олардың өзара әрекеттесуін байқауға үйрету;
4) оқитын әдеби шығармаларды және олардың кейіпкерлерін оқу және айту кезінде балаларды тануға үйрету;
5) мазмұны мерекелермен байланысты өлеңдер, қысқа өлеңдер (2-4 жол) жатқа білу.
Жұмыс мазмұны:
1) балаларды шығармалармен таныстыру, түрлі бейнесюжеттерді (мультфильмдер, ертегілер) қарау кезінде кейіпкерлердің мазмұны мен бейнелерін бекіту;
2) сәйкес суреттерді, иллюстрацияларды және басқа да көрнекіліктерді пайдалана отырып, құрдастар тобымен бірге айтылымдарды, ертегілерді, қысқа авторлық туындыларды (өлеңдер, әңгімелер, мәтіндер) тыңдау білігін дамыту;
3) әр түрлі әдістер арқылы адамдар мен жануарлардың іс-әрекеттерін сипаттайтын әдеби шығармаларға эмоционалды қатынасты қалыптастыруға ықпал етуді жалғастыру;
4) әдеби шығармалардың иллюстрацияларымен таныстыру;
5) балалармен мазмұны мерекелермен байланысты өлеңдер, қысқа өлеңдер (2-4 жол) жаттау.
Күтілетін нәтижелер:
құрдастар тобымен бірге қысқа ертегілерді, ертегілерді, қысқа авторлық шығармаларды (өлеңдер, әңгімелер, мәтіндер) кейіпкерлерді, тиісті суреттерді, иллюстрацияларды және басқа да көрнекіліктерді пайдалана отырып тыңдайды;
қуанышты сезінеді, әдеби шығармаларға эмоционалды жауап береді;
әдеби шығармалардың иллюстрацияларын қарастырады, мәтін мазмұнына иллюстрацияларды таңдайды, олардан кейіпкерлерді табады;
мазмұны мерекелермен байланысты өлеңдер, қысқа өлеңдер (2-4 жол) жатқа айтады.
51. Орыс тілі.
Тілдің дыбыстық мәдениеті.
Балаларды орыс тілінде айтылған сөздер мен сөйлемдерді мұқият тыңдауға, оны есте сақтауға және дұрыс айтуға үйрету. Артикуляциялық аппаратты дамыту. Орыс тіліндегі күнделікті өмірде кездесетін сөздерді үйрету (салем, сау бол; туыстық қарым-қатынасқа байланысты: ана-әке, ата-апа).
Тілдің грамматикалық құрылымы:
1) туыстық байланысты білдіретін сөздерді (әке, ана, ата, әже, апа және т.б.) түсіну және дұрыс айтуға үйрету;
2) қарапайым сұрақтарға жауап беру (Бұл кім? Бұл не?).
Сөздік қор:
1) туыстық байланысты білдіретін сөздерді (әке, ана, ата, әже, апа және т.б.) түсіну және дұрыс айту;
2) ойыншықтардың, кейбір тұрмыстық заттардың, көкіністер мен жемістердің, жануарлардың атауларын дұрыс айтуға және оның мәнін түсінуге дағдыландыру;
3) тәрбиешінің қарапайым өтініштерін (әкел, бер, ал) орындау, сөздік қорларын молайту;
4) жақын ортадағы кейбір заттардың атауын (есік, орындық, парта және т.б) білу.
Байланыстырып сөйлеу:
1) қарапайым сұрақтар қоюға және оларға жауап беруге, жай сөйлемдер құрауға, қоршаған ортадағы заттарды, ойыншықтарды, жемістерді 2-3 сөйлеммен қысқаша сипаттауға үйрету;
2) тыңдауға және түсінуге үйрету, қарапайым мәтіндерді қысқаша мазмұндау.
Күтілетін нәтижелер:
айтылған сөзді тыңдайды және түсінеді;
туыстық байланысты білдіретін сөздерді (әке, ана, ата, әже, апа және т.б.) түсінеді және дұрыс айтады;
қарапайым сұрақтарды түсінеді және оларға қазақ тілінде қысқа сөйлемдермен дұрыс жауап бере алады;
тәрбиешінің қарапайым өтініштерін орындайды (әкел, бер, ал);
күнделікті өмірде қолданылатын сөздерді дұрыс айтуға және оның мәнін түсінеді (Сәлеметсіз бе? Сау болыңыз? Сенің атын кім?).

6-параграф. 2-жартыжылдық


52. Сөйлеуді дамыту.


Оқыту және тәрбиелеу міндеттері.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті:
1) бар дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту, айтылымды бақылау дағдысын дамыту;
2) сөйлеу тілінің буындық құрылымын және фонемалық қабылдау дағдыларын қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру;
3) дауыс жаттығуларын орындау кезінде дұрыс сөйлеу, тыныс алу дағдыларын бекіту.
Сөздік қор:
1) тақырып және етістік сөздігін одан әрі байыту бойынша жұмысты жалғастыру;
2) балаларды заттардың (мөлшерін, пішінін және түсін білдіретін) негізгі белгілерімен таныстыру;
3) әртүрлі заттарды тағайындау және пайдалану дағдыларын бекіту.
Тілдің грамматикалық құрылымы:
1) балаларға сөйлемдегі сөздерді дұрыс үйлестіруге үйретуді жалғастыру;
2) көпше зат есімдерді өз бетінше құруға және атауға үйрету;
3) өз бетінше сөйлеуде «ішінде», «үстінде», «астында» шылауларын қолдануға үйрету;
4) «менің» тәуелді есімдігін дұрыс қолдануға үйрету және осы есімдікті зат есімдермен сәйкестендіру.
Байланыстырып сөйлеу тілі:
1) оқылған мәтінді тыңдауға және түсінуге, сұрақтарға жауап беруге, таныс ертегілерді айтуға үйретуді жалғастыру;
2) үлгі бойынша фразаны құруды үйретуді жалғастыру;
3) баланы кішігірім рифмдерді, өлеңдер мен әзілдерді жаттауға ынталандыруды жалғастыру.
Жұмыс мазмұны:
1) сабақ барысында балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуын және сөздердің буындық құрылымын сақтауды бақылау, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
2) дұрыс сөйлеу тынысын, ауа ағынының күшін және дауысты дамытуға арналған дидактикалық ойындарды таңдау;
3) көрнекі материалды пайдалана отырып, балалардың белсенді және енжар сөз қорын кеңейтуге, заттың ерекше қасиеттерін (түсін, пішінін, өлшемін) айқындайтын белгілері ұғымдарын енгізу;
4) балаларды ойын арқылы әртүрлі заттарды мақсатына сай пайдалануға үйрету;
5) «лар, лер, дар, дер, тар, тер» жалғауларына аяқталатын көпше зат есімдерді қолдана отырып, келісілген фразаны өз бетінше құруға үйрету;
6) балаларға «ішінде», «үстінде», «астында» шылауларын дұрыс түсінуге және пайдалануға үйрете отырып, тұрмыстық жағдайда жаттығулар мен тапсырмаларды таңдау;
7) «менің» есімдігін дұрыс қолдана білу қабілетін қалыптастыру және дидактикалық материалды таңдау арқылы оны зат есімдермен үйлестіру.
Күтілетін нәтижелер:
бар дыбыстарды дұрыс айтады, өзін басқаруға тырысады;
айтылу кезінде мұғалім ұсынған сөздердің буындық құрылымын сақтайды;
дауыс жаттығуларын орындайды және дұрыс сөйлеу тыныс алу дағдысын бекітеді;
заттар мен заттардың әрекеттерін білдіретін әртүрлі сөздердің мағынасын түсінеді;
заттың негізгі белгілері (түсі, пішіні, өлшемі) жөніндегі біліміне сүйене отырып, қандай зат туралы сөйлесетінін анықтай алады;
сөйлемдегі сөздерді дұрыс үйлестіреді;
сөйлеу тілінде «лар, лер, дар, дер, тар, тер» жалғаулары бар көпше зат есімдерді құрайды және қолданады;
«ішінде», «үстінде», «астында» шылауларымен сөз тіркесін құрастырады;
«менің» есімдігін дұрыс қолданады;
оқылған мәтінді түсінеді, сұрақтарға жауап береді, таныс ертегіні немесе әңгімені айтады;
үлгі бойынша фразаны құрастырады;
шағын өлеңдерді, рифмдерді үйренеді.
Лексикалық тақырыптар және үлгі сөздік:
қыркүйек:
1-2 апта. Балабақша, ойыншықтар (доп, қуыршақ, машина, текше (лер), аю, ойнау, жинау, тамақтандыру, салу, жүктеу, шомылу, домалату);
3-4 апта. Күз. Күздің белгілері (жапырақтары, жаңбыр, бұлт, күз, күн, түсіп, келе жатыр, келді, жарқырамайды);
қазан:
1-2 апта. Жемістер (алма, алмұрт, қара өрік, өрік, банан, піскен, жиналған, өсетін);
3-4 апта. Көкөністер (қызанақ, қияр, картоп, сәбіз, көкөністер, бүктеу, қазу);
қараша:
1-2 апта. Адам және дене бөліктері. Гигиена заттары (бас, қол, аяқ, іш, арқа, көз, ауыз, мұрын, шаш), сабын, щетка, тарақ, сүлгі, жуу, сүрту, тарау, тазалау);
3-4 апта. Киім-кешек. Аяқ киім (кофта, шалбар, көйлек, колготки (күртеше, бөрік), бәтеңке (етік), сандали, киім, аяқ киім, шешу, кию);
желтоқсан:
1-2 апта. Қыс. Қысқы көңіл (қар, шана, төбешік, қар, қыс, серуендеу, ойнау, сырғанау, салу);
3-4 апта. Жаңа жыл. Шырша мерекесі (мереке, шырша, сыйлықтар, қол ұстасып әндетіп ойын ойнау, Аяз Ата, Ақшақар, киіну, тойлау (қарсы алу), әкелу, жүргізу);
қаңтар:
1-2 апта. Үй жануарлары (мысық, ит, сиыр, жылқы, қой (қошқар), жануарлар, мекендейді, күту, тамақтандыру, суару);
3-4 апта. Үй құстары (тауық, қораз, үйрек, қаз, құс, айқайлау, тістеу, жүзу);
ақпан:
1-2 апта. Жабайы жануарлар (қасқыр, түлкі, қоян, аю, сарай, секіру, ұйықтау, аулау, жүгіру);
3-4 апта. Ыдыс-аяқ және тамақ өнімдері (нан, ботқа, сорпа, компот, шай, котлет, печенье, табақ, қасық, шанышқы, шыныаяқ, (табақ, шәйнек), тамақтану, құю, кесу, қолдану, жуу, сүрту, сындыру);
наурыз:
1-2 апта. Менің отбасым. Ананың мерекесі (анасы, әкесі, әжесі, атасы (әпкесі, ағасы, тәтесі, ағасы), немересі, гүлдері, сыйлығы, жақсы көреді, қайнатады, оқиды, тоқиды, жұмыс істейді, жуады, үтіктейді, серуендейді, ойнайды, сыйлайды, қуанады);
3-4 апта. Менің үйім. Жиһаз (үй, ас үй, жатын бөлме, қонақ бөлме, үстел, орындық, шкаф, төсек, диван, тұру, ұйықтау, отыру, қою, іліп қою);
сәуір:
1-2 апта. Менің қалам. Көлік (елді мекеннің атауы, қала, автобус, көлік, көше, саябақ, аталады, жүреді, тұрады);
3-4 апта. Көктем (көктем, бүршіктер, шұңқыр, аспан, гүлдер, құстар, гүлдейді, пайда болады, ериді, ұшады, ән айтады);
мамыр:
1-2 апта. Гүлдер. Жәндіктер (гүлдер, бақбақ, раушан, қызғалдақ, жұпаргүл, шыбын, көбелек, ара, қоңыз, маса, гүлдену, жұлу, иіскеу, аңқиды, ұшу, жинау, ызылдау, тістеу);
3-4 апта. Жаз (жаз, күн, демалыс (демалыс), жағажай, демалу, шомылу, жарқырау).
Балалардың жасы мен мүмкіндіктері, әр аймақтың климаттық және мектепке дейінгі ұйымның басқа да ерекшеліктері ескеріледі.
53. Көркем әдебиет.
Оқыту және тәрбиелеу міндеттері:
1) балаларға ертегілердің, әңгімелердің, өлеңдердің мазмұнын түсінуге және іс-әрекеттің дамуын бақылауға үйрету;
2) балаларды әдеби шығармалардың мазмұны бойынша тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге үйрету;
3) таныс ертегілерді ойнау кезінде балаларға мәтінге сәйкес ойын әрекеттерін орындауға үйретуді жалғастыру;
4) балаларды тәрбиешімен бірге таныс шығармаларды айтуға, оларды драматизациялауға тарту;
5) мазмұны мерекелермен байланысты өлеңдерді, қысқа өлеңдерді (4-6 жол) жатқа білу.
Жұмыс мазмұны:
1) балаларда ертегілердің, әңгімелердің, өлеңдердің мазмұны туралы түсінік қалыптастыру және іс-әрекеттің дамуын қадағалау;
2) әдеби шығармалардың иллюстрацияларымен таныстыру, мәтін мазмұнына иллюстрацияларды таңдау, олардан кейіпкерлерді табу;
3) балаларды әдеби шығармалардың мазмұны бойынша тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге ынталандыру;
4) мазмұны мерекелермен байланысты балаларға арналған өлеңдер, қысқа өлеңдер (4-6 жол) жаттау;
5) балаларды таныс ертегілерді бірге айтуға, оларды ойнауға, мәтінге сәйкес ойын әрекеттерін орындауға үйрету;
6) балалардың кітапқа деген ұқыпты көзқарасын қалыптастыру.
Күтілетін нәтижелер:
ертегілердің, қысқа авторлық әңгімелердің, өлеңдердің мазмұнын түсінеді;
әдеби шығармалардың иллюстрацияларын қарастырады, мәтін мазмұнына иллюстрацияларды таңдайды, олардан кейіпкерлерді табады;
әдеби шығармалардың мазмұны бойынша тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді;
тәрбиешімен таныс ертегілерді ойнауға және айтуға бірлесіп қатысу кезінде мәтінге сәйкес келетін ойын әрекеттерін орындайды;
мазмұны мерекелермен байланысты өлеңдерді, қысқа өлеңдерді (4-6 жол) жатқа айтады;
кітапқа ұқыпты қарайды.
Оқуға арналған үлгі шығармалар. Өлеңдер: «Ботақан» (А. Әленов), «Мен тәртіпті баламын» (Ө. Тұрманжанов), «Өрік» (Р. Қунақова), «Қыс»
(Н. Аманжолов), «Балбұлақ» (Н. Жанаев), «Көктем» (А. Асылбеков). Қысқа авторлық шығармалар (әңгімелер, ертегілер): «Атасының ақылы»
(С. Сейтенов), «Екі қаз, бір бақа» (ертегі), «Арыстан мен тышқан» (ертегі), «Қасқыр мен жеті лақ» (ертегі).
54. Орыс тілі.
Тілдің дыбыстық мәдениеті.
Орыс тілінде айтылатын сөздерді мұқият тыңдай білуге, сонымен қатар бұл сөздерді дұрыс айтып, есте сақтауға үйрету. Дауысты дыбыстарды дұрыс айтуды үйрету: а, о, у, е, и, ы, е, ю, я. Артикуляциялық аппаратты дамыту жұмыстарын жалғастыру.
Тілдің грамматикалық құрылымы:
1) ересектердің үлгісі бойынша жақын ортадағы заттарды, ойыншықтарды, жемістерді сипаттау бойынша жай сөйлемдер құрастыру;
2) сөйлеу тілінде зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану.
Сөздік қор:
1) жақын ортадағы кейбір тұрмыстық заттардың атауларын, заттардың көлемі мен түсін білдіретін қазақ тіліндегі сөздерді айтуды;
2) қарапайым сұрақтарды түсінуді және оларға қысқа сөйлем түрінде жауап беруді қалыптастыру.
Байланыстырып сөйлеу:
1) қарапайым сұрақтар қоюға және оларға жауап беруге, жай сөйлемдер құруға үйрету;
2) қоршаған ортадағы заттарды, ойыншықтарды, жемістерді 2-3 сөйлеммен қысқаша сипаттауға үйрету;
3) тыңдауға және түсінуге үйрету, қарапайым мәтіндерді қысқаша мазмұндау.
Күтілетін нәтижелер:
сөздерді дұрыс айтады, олардың айтылуын тыңдайды;
дауысты дыбыстарды дұрыс айту: а, о, у, е, и, ы, е, ю, я;
ересектердің орыс тіліндегі қоршаған ортаға қатысты сұрақтарына жауап береді;
шағын тақпақтарды жатқа оқиды;
таныс ойыншықтарды, жемістерді, көкөністерді 2-3 сөзден тұратын жай сөйлеммен сипаттай алады;
жақын ортадағы кейбір тұрмыстық заттардың атауларын, заттардың көлемі мен түсін білдіретін сөздерді айтады.

7-параграф. "Таным" білім беру саласы


55. "Таным" білім беру саласының базалық мазмұны математика негіздері, құрастыру, жаратылыстану ұйымдастырылған оқу қызметінде іске асырылады.


56. Мақсаты ойын және өнімді іс-әрекетте заттардың қасиеттері мен сапаларын қабылдауға жағдай жасау, балаларды әртүрлі жиындарды, жиын элементтерін салыстыруға, арасындағы сәйкестіктерді орнатуға үйрету, құрылыс материалдарымен ойындарға және құрастыру процесіне оң көзқарас пен қызығушылықты қалыптастыру, қоршаған болмыс ақиқатқа эмоционалды-танымдық қызығушылықты дамыту болып табылады.
57. Міндеттері:
балалардың түрлі заттармен және үздіксіз жиындармен практикалық әрекеттерін ұйымдастыруды жалғастыру;
бағдарлаудың ізденіс амалдарын қалыптастыру: практикалық міндеттерін шешуде сынап көру, өлшеп көру, шақтау;
жиындарды сандық сипаты бойынша салыстыруды, тең немесе тең еместігін анықтай білуді үйрету;
тексерудің беттестіру және тұстастыру әдістерін қолданып, санын өзгертетін және сақтайтын жиындарды турлендіруді үйрету;
3-ке дейін заттарды санау және жиындармен әртүрлі амалдарды (салыстыру, біріктіру және бөлу) орындауға үйрету;
геометриялық фигуралар туралы түсініктерді қалыптастыру;
заттардың шамасы туралы түсініктерді қалыптастыру;
кеңістік және уақыттық түсініктерін қалыптастыру;
үлгі бойынша қарапайым құрылыстарды жасауды үйрету, ересектің әрекетіне еліктеу арқылы құрылыстармен ойнау;
құрылыстарды тану және шынайы объектілірмен сәйкестендіруді үйрету;
табиғат құбылыстары, жыл мезгілдері туралы түсініктерді қалыптастыру;
көкеністер, жемістер, ағаштар, жануарлар, құстар туралы білімдерін қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   188




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет