Бағдарламасы Түсіндірме жазбаБалалық шақ мейрамы
Өзін-өзі тану 4 сынып (34 сағат, аптасына 1 сағат)
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Өзін-өзі тану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. Біртұтас үдеріс ретіндегі өзін-өзі танудың объектісі физикалық, психикалық және рухани табиғаты қырлары аспектісінде қарастырылатын адам болып табылады. Адамның осы қырларының біртұтастығы оның өзін-өзі жігерлендіруін, өзін-өзі жүзеге асыруын және өзін-өзі жетілдіруін қамтитын үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді. Бұл өзін-өзі танудың пәндік аясын анықтайды, сол сияқты оқу пәнінің танымдық, дамытушылық және тәрбиелік қызметін нақтылайды. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу үдерісінің басты міндеті: тұлғаның құндылықтар жүйесін, қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шығармашылықпен шешудің іс жүзіндегі дағдыларын анықтау; оқушылардың әлеуметтік мәнді бағдарларын, яғни адамның өзіне, қоршаған әлемге, жалпы адамзатқа қатысына себепші болатын адамгершілік тәртіп негіздерін қалыптастыру; жас ерекшеліктеріне қарай, жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі ретінде дамыта отырып, әрбір адамның табиғатына салынған жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару. «Өзін-өзі тану» пәнінің мазмұны төмендегі дидактикалық негіздемелерге сәйкес іріктелді: рухани-адамгершілік білім берудің адамның дене, психикалық, рухани әлеуеттерін үйлесімді ашуға және оның қабілеттіліктерін дамытуға бағытталған жалпы мақсаты; «Өзін-өзін тану» пәнінің жалпы мәдениетті, ұлттық және әлемдік рухани мұра шығармаларын білуді, ізгілік психологиясы негіздерін, жағымды ойлау мен терең ойлау және жақсылық пен жамандықты, мәңгілік пен уақытшаны ажырата білу іскерлігін дамытуға бағдарланған білімдік мақсаты; «Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді орындауға бағытталып, білім берудің базалық мазмұнын анықтайды. Пән мазмұнының логикалық құрылымы жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесімен, төмендегілерді тануға мүмкіндік беретіндей анықталған: адамзаттың рухани мұрасы: ақиқат, адамзаттың рухани-адамгершілік мұрасы, әлем халықтары мәдени дәстүрлерінің негізі ретіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар; отбасындағы сүйіспеншілік: үйдегі, мектептегі, көшедегі дұрыс қарым-қатынас; денсаулық, бақыт, еңбек, тыныштық, тән мен рухтың үйлесімі; қоғамдағы сүйіспеншілік: қоғамдағы дұрыс қарым-қатынас; патриотизм, азаматтық, теңдік, бауырластық, сұхбат, өзара түсіністік, ынтымақтастық; адамзаттың бірлігі: жер – адамзатық ортақ үйі ретінде; көптүрліліктегі бірлік; шабытты шығармашылық, қиянат жасамау әлеммен үйлесімнің негізі ретінде, табиғатқа сүйіспеншілік. Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағыты болып табылады, өйткені олар адам өмірінің мақсатына, жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне толықтай сәйкес келеді және жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуіне айтарлықтай мүмкіндік береді. Бұл тараулар мектептің түрлі сатыларындағы оқыту мазмұнын, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, нақты бірізділікпен құрылған. Бағдарламада сыныптар бойынша жалпыадамзаттық құндылықтардың негізгі ұғымдарын дамытудағы және орта білім беру деңгейлеріндегі сабақтастық қарастырылған. Сыныптан сыныпқа ауысқан сайын әр бөлім ішіндегі тақырыптар, ұғымдардың түрлі үйлесімділігін қалай да бір қырынан ашу бағытында құрылған. Бұл ретте тақырыптардың мазмұны және олардың орналасуынан әр бөлімнің негізгі идеяларын ашу логикасы көрінеді. «Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мақсаты – оқушыларды рухани-адамгершілік дамыту; оларға жалпыадамзаттық құндылыөтар туралы білімді игерту; оқушылардың әлеуметтік-маңызды тұлғалық қасиеттерін және өмірлік дағдыларын қалыптастыру. «Өзін-өзі тану» оқу пәнінің міндеттері: өзіне, адамдарға және қоршаған шындыққа құндылықтық қатынасты ашу; айналасындағыларға риясыз сүйіспеншілік пен тілектестік қабілеттілігін таныту, оларға қамқорлық жасау; өзін-өзі тануға, өмірлік мақсаты мен өзінің мұратын түсінуге уәждемелерді дамыту; өзіндік қадір-қасиетін сезінуін, өзіне сенімділікті, өз ойына, сөзіне және әрекеттеріне жауапкершілікті дамыту; адамның ішкі және сыртқы әлемінің өзара байланысын түсіну қабілетін, оның табиғатпен бірлігін, физикалық, психикалық және рухани жағынан денсаулығының өзара тәуелділігін; салауатты өмір салтын ендірудің негізі ретінде өзіндік физикалық және психикалық күйін реттеуді дамыту; әлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің алуан түрлілігі тұрғысында жағымды ойлау және өзінің әрекеттері мен тәртібін реттеу мүмкіндіктерін ұғыну қабілеттілігін дамыту; дұрыс өмір сүру үшін білім, іскерлік және дағдыларын қолдану қабілеттерін ашу; әртүрлі өмірлік жағдаяттарды бағалау кезінде өзінің ар-ұжданына жүгіну; жалпыадамзаттық құндылықтарға қайшы келмейтін шешімдер қабылдау; өзіне және басқаларға қиянат жасамастан, адамгершілік нормаларға сәйкес келетін міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымда ынтымақтасу, сондай-ақ топта, командада жұмыс істеу іскерліктерін дамыту. 5-9-сыныптардағы «Өзін-өзі тану» базалық мазмұны төрт тарауды қамтиды: «Таным қуанышы», «Адам болам десеңіз ...», «Адам және әлем», «Адамзаттың рухани тәжірибесі». жүктеу/скачать 88.35 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |