Бағдарламасын іске асыру барысы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі48.06 Kb.
#7537
түріБағдарламасы



Тұрақты комиссияның

2012 жылғы 26 сәуірдегі

қаулысы

«Бизнестің жол картасы - 2020»

бағдарламасын іске асыру

барысы туралы

Қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының және энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы» ақпаратын тыңдап және талқылап, қалада жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға қолайлы жағдайлар жасалып, кәсіпкерлік әлеуетін күшейтуге байланысты мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыруға республикалық бюджеттен 2010 жылы – 599 677 мың теңге бөлінді, игерілді – 332 176, 2011 жылы – 758 854 мың теңге, игерілді – 712 142 мың теңге, 93,8 пайыз. 2012 жылы 758,8 млн. теңге бөлінді, оның ішінде өндірістік инфрақұрылымға – 700,0, кепілдікті несие – 17,4 млн. теңге.

Астана қаласының әкімдігі жанындағы Астана қаласын жеделдетілген индустриалды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі кіші жәге орта бизнестің субъектілерін қолдау мақсатында 73 жобаны қарастырды және мақұлдады. Мақұлданған жобалардың ішінен барынша маңыздыларын өңдеуші өнеркәсіп қызметіне, асфальт-бетон зауытын жаңарту және қайта жөндеуге, жиһаз фабрикасына және есіктерді шығаруға, полиграфия, макарон өндірісіне, қоқыс өңдеу зауытына, жылытқыш-полистрирол өндірісіне, жылыжайға, сыртқы киімді тігуге, ірімшікті өндіруіне, денсаулық сақтау саласында – перинатальды профилактика орталығына, балаларды емдеу-диагностикалық орталығына, тіс емдеуге жүзеге асырады.

«Кәсіпкерлік әлеуетті қолдау» бағдарламасының бағытын іске асыру шеңберінде 2011 жылы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық емес қолдау көрсетілді. Топ-менеджмент бойынша «Назарбаев университеті» АҚ-да 6 басшы, «Іскери байланыстар» жобасы бойынша кәсіптік оқу мекемелері базасында жоғары және орта звеноның 70 басшысы оқытудан өтті. «Қолданыстағы бизнесті жүргізуді сервистік қолдау» бағыты бойынша жеке кәсіпкерліктің 3537 субъектісі консультациялық және консалтингтік қызметтер алды.

Есептік кезеңде Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық дамыту және сауда министрлігі арасында қол қойылған пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша келісімнің шеңберінде 27 несие бойынша жалпы сомасы 3 072,0 млн. теңгеге шарттарды жасасты, кепілдіктендіру бойынша бір жоба бойынша жалпы несиелік желіге 28,0 млн. теңгеге жасасты, 1 255 322,0 мың теңгеге өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымды жүргізу бойынша 8 жоба қаралды және мақұлданды, 655 746,1 мың теңге сомасына 5 жоба бойынша жұмыстар орындалды.

2011 жылдың қаңтар-ақпанында өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндірісінің жалпы көлемінде шикізаттық емес экспорттың үлесі жоспарлы 0,02 кезінде 65,7 пайызды құрады, өңдеуші өнеркәсіпке еңбек өнімділігі 2010 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 1,6 есе өсті. Бағдарламаға қатысатын кәсіпорындарда жұмыс орындарының саны жоспарлы 400 кезінде 1263 орынды құрады. Қосымша жоспарлы 200 адамның орнына 735 адамға жаңа жұмыс орындары құрылды.

«Өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымды жүргізу» бағыты бойынша энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына 672,5 млн. теңге бөлінді. Жылыжай кешені инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді, инженерлік желілер жүргізілді, ұзындығы 4,3 км кабель желісі салынды, 1000 кВА бір КТҚС және 630 кВА КСҚС орнатылды, ұзындығы 1,5 км жылу жолы салынды.

Индустриалды парк аумағында жиһаз фабрикасын жылумен жабдықтау үшін ұзындығы 720 метр жылу жолы салынды, 31,8 млн. теңге игерілді, «Корпорация Строй контракт» ЖШС және «Ақнұр» ЖШС өндірістік объектілеріне уақытша жылу жолдары құрылғысы» жобасы бойынша ұзындығы 140 метр жылу жолы салынды. 14,8 млн. теңге игерілді.

Тельман тұрғын алабында «Арлан» демалыс үйін жылумен жабдықтау мақсатында, ұзындығы 5,7 км су құбыры салынды.

Қалада тікұшақтарды жинастыру және оларға қызмет көрсету зауытына инженерлік желілердің құрылысы аяқталуда. Инженерлік желілердің жалпы ұзындығы 10,5 км-ды құрайды.

Бағдарламаны іске асыруға15 банк қатысып отыр: Еуразиялық банк, Цеснабанк, Халық банкі, АТФ банк және тағы басқалары.

Бағдарламаны іске асыру барысы туралы жұмысты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жандандыру мақсатында халыққа хабардар ету жүзеге асырылады. «Дөңгелек үстелдер», семинарлар, баспасөз конференциялар, ашық есік күндері өткізілді.

Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, шешілмеген проблемалар орын алады. Атап айтқанда, қаланың кәсіпкерлері аталған Бағдарламаға қатысуға белсенділігі жеткілікті деңгейде танытып отырған жоқ. Бағдарламаның басымды салаларының тізбесіне сауда, құрылыс, қызмет көрсету объектілері енгізілмеген, бұлар қаланың жалпы өңірлік өнімінің 60 пайызын құрайды.

Инвестициялық жобаларды қарастыру кезінде кепілдікті қамтамасыз ету құнын төмендету фактілері орын алады, шарттарға қол қою мерзімдері ұзаққа созылып кетеді.

Бағдарламаны іске асыруға банктердің мүдделілігінің болмауы келесі бағыттар бойынша қаражатты игеруде көрініс берді: пайыздық мөлшерлемені субсидиялау – 30 пайыз, кепілдікті несие – 2, бизнесті сервистік қолдау – 20,4 пайыз.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы» ақпараты назарға алынсын.

2. Бизнес-ахуалды жақсарту және инвестиция ағынын ынталандыру мақсатында кәсіпкерлік және өнеркәсіп, энергетика және коммуналдық шаруашылық, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына экономиканың шикізаттық емес секторларында инвестициялық жобаларды іске асыру үшін екінші деңгейлі банктерді, жеке сектордың қаражатын тарту бойынша жұмысты жандандыру ұсынылсын.

Индустриалды-инновациялық дамытуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жеке сектордың кәсіпорындары үшін қаржы құралдарының қолжетімділігін арттыру бойынша шараларды қабылдасын.

3. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына және энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына елорданың экономикасының тұрақты өсуіне қол жеткізу үшін отандық өндірісті дамыту мақсатында инновациялық технологияларды енгізетін ісін жаңадан бастаған бизнесмендерге тартымды жағдай жасау ұсынылсын.

Экономиканың басымды секторларын табысты дамыту және инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында шарттарды уақытылы жасасуға бақылауды күшейтсін.

4. Қаржа басқармасы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджеттік қаражатты уақытылы игеруге бақылауды жүзеге асырсын.

5. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру барысы туралы ақпаратты жыл сайын қалалық мәслихатқа ұсынсын.



Тұрақты комиссияның төрағасы У.М. Досаев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет