Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет1/4
Дата30.06.2016
өлшемі403.5 Kb.
#167153
түріБағдарламасы
  1   2   3   4




Музыка. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (1-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін байқау нұсқасы). – Астана, 2015. – 27 б.

Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған.


Мазмұны

3 Үштiлділік саясатын жүзеге асыру 6

4 «Музыка» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар 6


Ι Жалпы мәлімет



1 «Музыка» пәнінің маңыздылығы
Музыка адамның жеке тұлғалық қасиеттерін білдіруге мүмкіндік беретін бірден-бір тиімді құрал мен қарым-қатынас тілі. «Музыка» пәні оқушының шығармашылық қабілеттерін, эмоционалды-сезімдік аясын, музыкалық-есту және бейнелі көркем қиял-елестерін қалыптастыруға бағытталған. Түрлі музыкалық іс-әрекеттерге қатысу (әндету, музыкалық аспаптарда ойнау, музыкалық - ырғақтық іс-әрекеттер, шағын қарапайым музыка түрлерін ойластыруғару, оған суырып-салма, өндеу жасаудың алғашқы қадамдары) оқушылардың эстетикалық-көркем талғамын, музыкалық мәдениетінің дамуына, креативті ойлауын, қиялын, елесін, музыкалық есте сақтау және есту қабілетін, назарын арттыруына мүмкіндік береді.

«Музыка» пәнін оқыту:

  • оқушылардың эмоционалды-бейнелік, рухани-адамгершілік және эстетикалық мәдениетін қалыптастырады;

  • оқушының тұлға ретінде одан әрі дамуына, өзінің музыкалық шығармалары мен жобаларындағы басты идея мен ой-пікірлер арқылы қоршаған ортадағы өзінің рөлі мен өзін-өзі түсінуіне көмектеседі;

  • қарым-қатынас тілінің бірі ретінде музыканың рөлін, ұлттық музыка үлгілері мен Қазақстан, әлем мәдениеті композиторларының музыкалық шығармаларының маңызын түсінуге ықпал етеді;

  • музыкалық қабілеттерін білімі мен дағдыларын дамыту арқылы қалыптастырады;

  • жеке тәжірибесін түрлі тәсілдер арқылы шығармашылықпен көрсетуіне және жасампаздық іс-әрекет жасауына мүмкіндік туғызады;

  • шығармашыл тұлғаның маңызды қалыптастырушысы ретінде өзінің жеке қасиеттерін, ойын білдіруге және өзін-өзі жетілдірқабілеттерін дамытады;

  • оқушылардың ой-өрісін жан-жақты кеңейтуге ықпал етеді;

  • өзіндік бағалауын арттыру арқылы жағымды дүниетанымын қалыптастырады;

  • пәнаралық дағдылардың кең ауқымын дамытып, жаңа шығармашылық шешімдер мен өзара оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндігін тудырады


2 «Музыка» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
«Музыка» пәні бағдарламасының мақсаты – жеке тұлғаның шығармашылық тұрғыда өзін-өзі таныту құралы ретінде музыкалық білімінің негізін қалау және қарапайым орындаушылық дағдыларын дамыту, және оқушылардың музыкалық мәдениетін дамыта отырып қалыптастыру.

«Музыка» пәні бағдарламасы:

  • өнер түрлерін кіріктіріп оқыту і арқылы музыкалық білімдері мен дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға;

  • қарапайым орындаушылық және негізгі вокалды-хормен ән айту дағдыларын (соның ішінде әртүрлі музыкалық компьютерлік технологиялар мен АКТ-ны қолдану арқылы) дамытуға;

  • түрлі тәжірибелік дағдыларды музыкалық-шығармашылық іс-әрекеттерде қолдануға;

  • оқушылардың шығармашылық, жеке даралық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін түрлі музыкалық іс-әрекеттер (музыканы тыңдау, әндету, музыкалық аспаптарда ойнау, суырып-салмалық және т.б.) арқылы дамытуға;

  • ұлттық және әлемдік музыка мәдениетіндегі композиторлардың шығармаларымен танысу арқылы құндылық бағдарлауы мен музыкалық көркемдік талғамын қалыптастыруға;

  • оқушылардың өмірлік тәжірибесі негізінде эмоционалдық кеңістігін , адамгершілік-эстетикалық сезімдерін, ассоциативтік және бейнелі түйсінуін ; дыбыс тілі арқылы қоршаған ортаға деген өз көзқарасын жеткізуге бағытталған.


«Музыка» пәнін оқу арқылы оқушылар:

  • қазақ халқының және әлем халықтары музыкасының негізгі стильдері мен жанрларын, өнер туындыларындағы сезімдер мен эмоцияларын, бейнелігі мен көңіл-күйін зерттеп, ажырата отырып талдайды;

  • музыкалық аспаптарда орындау, әндету, сонымен қатар музыкалық суырып-салмалықтар мен өңдеулерді жазу үшін музыкалық сауаттылықтың негізін біледі;

  • музыкалық аспаптардың жіктемесін біледі, халық аспаптары мен классикалық аспап түрлерін ажыратады;

  • шығармалардағы көңіл-күйді, эмоция мен сезімдерін сипаттау үшін музыкалық терминологияларды қолдана отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес музыкалық пьесаларды тыңдайды және талдайды;

  • музыкалық шулы аспаптар көмегімен қарапайым вокалдық және аспаптық шығармаларды орындайды;

  • музыкалық әртүрлі іс-әрекетке қойылған міндеттерді зерттеп, креативтік шешімдер табады;

  • би қимылдары және басқа да музыкалық қойылымдар мен суырып салмалар көмегімен музыка сипаттын жеткізе алады;

  • музыкалық шығармалар құру үшін, сонымен қатар АКТ құралдарын пайдалана отырып білім мен дағдыларды қолдану;

  • қарапайым, шағын музыкалық шығармаларды жеке және ансамбльмен орындауда өзінің және өзге орындаушылардың рөлін, сонымен қатар көрермендер алдында орындаушылық мәдениеті мен маңызындылығын түсінеді;

  • өз жұмысына түсіндірме бере білу, өзінің және басқалардың жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар енгізеді.



3 Үштiлділік саясатын жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мақсатымен коммуникативтік құзыреттіліктің негізін қалыптастырады.

Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары үштілділік саясатын 1-сыныптан қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту арқылы жүзеге асырады.

Үш тілді оқыту сөйлеу әрекетінің төрт түрін (тындалым, айтылым, оқылым және жазылым) дамыту арқылы коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

«Музыка» пәні мектептің білім беру тілінде оқытылады. Мектептердің үш тілді оқыту бағыты тілдерді оқыту әдіс-тәсілдерін, тілдік пәндердің және өзге пән мұғалімдерінің рөлдерін анықтайды.

Үштілділік саясатының жүзеге асырылуы «Музыка» пәні бағдарламасының келесі бөлімдерінде көрсетілген:



  • «Музыка» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тармағында (5-тармақ) пәнді меңгеруге қажетті тиімді оқыту әдіс-тісілдері ұсынылған.

  • «Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту» тармағында (8-тармақ), мұғалімдердің, пән арқылы ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалай дамытатыны көрсетілген.

  • «Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы» тармағында (9- тармақ) бағалау тілі, моделі және түрлері белгіленген.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет