БАҒдарламасына «жыл бойғы мерекелер»



бет1/3
Дата15.06.2016
өлшемі350.5 Kb.
#137521
түріБағдарламасы
  1   2   3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ




«БІЗ МЕКТЕПКЕ БАРАМЫЗ» МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНА «ЖЫЛ БОЙҒЫ МЕРЕКЕЛЕР»

(5 жастан 6 жасқа дейін)
________________________________________________________________________________

Сценарийлер жинағы

Астана

2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген

Пікір жазғандар:

А. И. Омарбекова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Г. Жанулина, №1 «Байтерек» балабақшасының музыка жетекшісі

«Біз мектепке барамыз» мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасына «Жыл бойғы мерекелер» (5 жастан 6 жасқа дейін): сценарийлер жинағы. – Астана, 2013. – 49 б.
Әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен музыка жетекшілеріне мектеп жасына дейінгі ересек жастағы (5-6 жас) балалармен мерекелерді ұйымдастыру және өткізу үшін арналған. Әдістемелік және практикалық материалдар мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен музыка жетекшілеріне арналған.

«Мектепке дейінгі балалық шақ»

республикалық орталығы, 2013

КІРІСПЕ

Эстетикалық тәрбие жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Бұл бағытта негізгі жүктеме музыкалық жанрлар, ұлы композиторлар өмірбаяны, музыкалық сауаттылық туралы балаға түсінік беретін музыка сабағы болып табылады.

Музыка бала өмірінде жетекшілік етеді, балалар ойын іс-әрекет кезінде немесе серуендеуге шығарда киім киіп жатқанда, сонымен қатар сурет салу үдерісінде немесе түскі ас ішерде қол жуғанда, ұйқыға уақытынан тұрғанда немесе ата-анасымен үйге қайтқанда ән айтады.

Мерекелер негізгі бағдарламалық талаптарды іске асырудан басқа, мерекелік көңіл-күй сыйлайды, оқушыларға психологиялық жағдайына оң әсер етеді, музыкалық іс-әрекеттерге қызығушылығын арттырады, әрбір баланың жеке қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді.

Балалар мерекесі – бала өмірінің маңызды бөлігі, ол көңіл көтеруге, ұмытылуға және күнделікті сабақтан демалуға мүмкіндік береді. Мерекелер мен көңіл көтеру баланы рухани тұрғыда байытады, оның қоршаған орта туралы білімін кеңейтеді, ескі дәстүрлерді қалпына келтіруге және шығармашылыққа баулуға көмектеседі.

Мереке – балаларды, тәрбиешілер мен ата-аналарды біріктіретін мейрам. Мектепке дейінгі ұйымның әрбір тәрбиешісі қоршаған ортаны тани отыра, барынша жарқын әсер және жақсы эмоциялар алуына ұмтылуы керек. Балалардың өздері ойындарға, байқауларға, театрлық қойылымдарға қатысуы оқу-тәрбиелік үдерістің бірінші баспалдағы болуы қажет және балаға таным шынайы қуаныш сыйлауы керек.

Мерекелердің негізгі міндеті бала ұжымының біртұтастығын құру, баланың өз сезімдері мен эмоциясын білдіру үшін бала әлеуетін қолдану және ата-аналарды баланың мерекелік іс-әрекетіне ата-аналарды тарту болып табылады.

Біздің мақсатымыз 5-6 жастағы балалар үшін мерекелерді дайындау және ұйымдастыру жөнінде ұсынымдары бар әдістемелік жинақ дайындау.

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Заңнамалық-нормативтік қамтамасыз ету
Осы құралдың құқықтық негізі Бала құқықтары туралы Конвенция және бала құқықтарының Декларациясы, ҚР Конституциясы, 2007 жылғы 27 шілдеден Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы, Мемлекет Басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (2012 ж.), Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар болып табылады.

Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілеріне «Біз мектепке барамыз» (5 жастан 6 жасқа дейін) мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасына «Жыл бойғы мерекелер» сценарийлер құруына әдістемелік көмек көрсету.

Міндеттері:


  • мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілерінің педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың озық тәжірибелерін игеру.

  • ересек жастағы балаларды би және музыкаға оқытуда мектепке дейін ұйымдардың музыка жетекшілерінің іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастырудың заманауи әдістері мен нысандарын жалпылау және жүйелендіру.

− «біз мектепке барамыз» (5 жастан 6 жасқа дейін) мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасына «Жыл бойғы мерекелер» сценарийлерін іріктеу және жүйелендіру.

Құрал құрылымы:

  1. Кіріспе (өзектілігі, негіздемесі, дайындау қажеттілігі);

  2. Негізгі бөлім:

  • Мектепке дейінгі ұйымдардың музыка жетекшілерінің педагогикалық үдерісті ұйымдастыру және олардың ерекшеліктері;

  • Ересек жастағы балаларды би және музыкаға оқытуда мектепке дейін ұйымдардың музыка жетекшілерінің іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастырудың заманауи әдістері мен нысандары.

  • «біз мектепке барамыз» (5 жастан 6 жасқа дейін) мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасына сценарийлер дайындау.

Күтілетін нәтижелер:

Музыка жетекшілерінің педагогикалық шеберлігін мен кәсіби құзыреттілігін мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру қызметін ұсыну сапасын арттыру.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ МУЗЫКА ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық үдерістің ерекшеліктерін, оның дамуының заманауи үрдістерін қарастырайық.

Баланың музыкалық даму үдерісі жалпы педагогикалық үдерістен біршама оқшау жүреді. Бұл балаларды музыкалық дамытуы арнайы педагогпен (музыка жетекшісі) арнайы бөлмеде (музыка залы) атқарылуымен байланысты. Мұндай ұйымдастырудың артықшылықтары ерекше. Алайда, бұл тәжірибеде баланың музыкалық дамытудың мақсатты үдерісі музыкалық ойындар мен сабақтар үшін арнайы бөлменің табалдырығын аттаған кезде аяқталуына алып келеді.

Сондықтан, балалардың музыкалық дамыту және тәрбиелеу үдерісін жаңарту және жаңғырту келешегі біртұтас педагогикалық үдеріс логикасында оның орын алу заңдылықтарын қарастырумен байланысты.

Педагогикалық үдеріс дегеніміз не?

Заманауи педагогикалық ғылымда педагогикалық үдерістің мәнін ұғынудың әртүрлі көзқарастары бар. Жалпы мағынада, педагогикалық үдеріс – білім беру, тәрбиелеу, оқытудың алға қойылған мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған балалар мен педагогтардың белгілі бір білім беру үдерісі мен уақыт шеңберінде дамитын арнайы ұйымдастырылған өзара әрекеті.


  1. Жағдайды талдау, педагогикалық міндеттерді айқындау, шешім нұсқаларын жобалау және іске асырудың оңтайлы шарттарын таңдау кезеңдері.

  2. Педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара әрекеті мен іс-әрекетін ұйымдастыруын қарастыратын міндеттерді шешу жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру кезеңі.

  3. Алға қойылған міндеттерді шешу нәтижелерін талдау кезеңі.

Барлық балаларда музыкалық қабілеттілік әртүрлі пайда болады. Кейбір балаларда бір жасында барлық үш негізгі қабілеттіліктер айқын көрінеді, жылдам және оңай дамиды. Бұл баланың музыкаға деген қабілеттілігін көрсетеді. Ал кейбір балаларда мұндай қабілеттілік кейінірек байқалып, қиындықпен дамиды. Балаларда музыкалық - есту қабілеті - әнді дауыспен айту қабілеті немесе әнді естуі бойынша музыкалық аспапқа салу қабілеті барынша қиынырақ дамиды.

Мектеп жасына дейінгі көптеген балаларда бұл қабілеттілік бес жасқа қарай дамиды. Б.М.Теплов пікірінше, қабілеттіліктің болмауын немесе әлсіз көрсеткіші болып табылмайды.

Бала өсетін (әсіресе, өмірінің бірінші жылында) ортасының маңызы зор. Музыкалық қабілеттіліктердің ерте жастан қалыптасуы жеткілікті музыкалық әсер алған балаларда байқалады.

Егер қандай да бір қабілеттіліктің дамуы кешеуілдесе, басқа қабілеттіліктердің дамуын тежейді. Сондықтан, музыкалық қабілеттіліктердің динамикалығы мен дамуын мойындай отыра, бір реттік сынақ жүргізіп, олардың нәтижесінде баланың музыкалық болашағын болжау орынсыз. Л. С. Выготскийдің пікірінше, балалардың дамуына үнемі диагностика жүргізу қажет. Жылына 1-2 рет жүргізілетін музыкалық қабілеттіліктер диагностикасы әрбір баланың өзіндік даму және тиісінше сабақ мазмұнын түзету туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Музыкалық тәрбиелеу бойынша жұмыстарды жоспарлау мен есебіне балалардың бағдарламалық дағдылары мен қабілеттерін игеруіне бақылау ғана кіреді. Оқыту дамытушы сипатта болуы үшін дағдылар мен қабілеттерді игеруіне ғана емес, бірінші кезекте балалардың музыкалық қабілеттіліктерін бақылау қажет.

Музыкалық-дидактикалық ойындар мен құралдар арқылы мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың музыкалық-сенсорлық қабілеттерін дамыту.

Мектеп жасына дейінгі балалардың музыканы интонациялық қабылдау негізінде олардың музыкалық-сенсорлық қабілеттіліктерін дамыту.

Белгілі ғалымдардың, педагогтардың зерттеуі баланың есте сақтау, ойлау, көз алдына елестету қабілеттіліктерін ерте жастан қалыптасуы қажеттілігі мен мүмкіндігін дәлелдеді.

Музыка әрқашан қоғамда ерекше орын алады. Көне ғасырларда музыкалық-медициналық орталықтар адамдарды жүйке жүйелерінің бұзылуынан, уайымнан, жүрек-тамыр жүйелерінің ауруынан емдеген. Музыка адамның ой-өрісіне жауап беретін жасушалардың өсуін жылдамда отырып, интеллектуалды дамуына әсер етеді. Музыка арқылы адамның эмоционалдық хал-жағдайына әсер етуге болады.

Адамның есту сезімталдығы жоғары болғанда үйлесімді дыбыстардың эмоционалдық әсері күшейе түседі. Дамыған музыкалық есту оған қойылатын талаптарға одан да жоғары талапты қажет етеді. Сезімтал есту қабілеті эмоционалдық күйзелістерін жарқын түске бояйды.

Музыкалық қабілеттіліктерді дамыту үшін барынша қолайлы жағдай болып табылады. Бала кезінде музыкалық талғамды, эмоционалдық ықыластылықты дамыту «болашақта адамның жалпы рухани мәдениетінің бөлігі ретінде оның музыкалық мәдениетінің іргетасы» қаланады.

Педагог-музыканттар әр баланың бойында музыкалық іс-әрекетке деген негізгі қабілеттері болатындығы туралы пікірге келді. Олар музыкалық қабілеттіліктердің негізін құрайды.

Музыкалық қабілеттілік мәселелерін зерттеу саласындағы мамандар мен ғалымдар пікірінше, «дамымайтын қабілеттілік» ұғымы ақылға қонбайтын болып табылады.

Баланың музыкалық дамуы үшін туылғанынан барлық қажетті жағдайлар жасалса, онда оның музыкалық қабілеттіліктерін қалыптастыруда едәуір нәтиже беретіндігі дәлелденген. Табиғат адамға қоршаған ортаны көру, сезу үшін барлық дерлік мүмкіндіктерді берген: жоғары дыбысты есту, ырғақ сезімі. Әрбір баланың бойында осы қабілеттердің болуы еститін музыканы жаңа мазмұнмен толтырады. Музыкалық қабілеттіліктердің дамуы – балаларды музыкалық тәрбиелеудің басты міндеттердің бірі болып табылады. Педагогика үшін музыкалық қабілеттіліктердің табиғаты туралы түбегейлі мәселе олар адамның бойында тумысынан бар немесе оқыту мен тәрбиелеудің қоршаған ортасының әсер ету нәтижесінде дамитындығы болып табылады.

Музыкалық педагогика мен психология қалыптасуының әртүрлі тарихи сатысында және қазіргі таңда теориялық әзірлемелерде, тиісінше, музыкалық қабілеттіліктерді дамыту мәселесінің тәжірибелік аспектіде әртүрлі тұрғылар бар.

Б. М. Теплов өз еңбектерінде музыкалық қабілеттіліктердің даму мәселесіне терең жан-жақты зерттеу жүргізді. Музыкалық қабілеттіліктердің туа біткендігі туралы мәселеде өз позициясын нақты айқындады. Музыкалық іс-әрекетті табысты жүзеге асыру үшін қажетті музыкалық қабілеттіліктер, Теплов пікірінше, «музыкалылық» түсінігіне бірігеді. Ал музыкалылық «бұл музыкалық іс-әрекеттің кез келген түрімен байланысты музыкалық іс-әрекет сабағы үшін қажетті қабілеттіліктердің кешені».

Музыка – музыкалық ладпен (мажор, минор) белгілі бір түрде ұйымдастырылған тембр, динамика, жоғарылығы әртүрлі болатын түрлі дыбыстардың қозғалысы. Музыкалық мазмұнды тереңірек қабылдау үшін адам есту қабілеті арқылы қозғалатын дыбыстардың саралануы, ырғақтың мәнерлігін айыра алатын қабілеті болуы керек.

Музыкалық дыбыстардың әртүрлі қасиеттері бар, олардың тембрі, динамикасы, ұзақтығы, жоғарылығы болады. Оларды жеке дыбыстарға ажырату қарапайым сенсорлық музыкалық дыбыстарды құрайды.

Дыбыс ұзақтығы музыкалық ырғақтың негізінде жатыр. Эмоционалдық мәнерлілік, музыкалық ырғақ сезімі адамның музыкалық қабілеттіліктерінің бірін музыкалық-ырғақ сезімді құраса, жоғарылық, тембр және динамика тиісінше жоғары дыбысты, тембрлі және динамикалық естудің негізін құрайды.

Лад сезімі, музыкалық-есту және ырғақ сезімі музыкалылықтың түйінін құрайтын үш негізгі музыкалық қабілеттіліктерді құрайды.

Лад сезімі – бұл эмоционалдық күйзеліс, эмоционалдық қабілеттілік. Сонымен қатар, лад сезімінде музыкалылықтың эмоционалдық және есту жақтарының бірлестігі байқалады. Ладтың жеті сатысының бірі тұрақты, біреуі тұрақсыз дыбысталады. Осыдан туындайтыны, лад сезімі – музыкада көрсетілген музыканың жалпы сипаттамасын ғана емес, тұрақты, аяқталмаған және аяқтауды талап ететін дыбыстар арасындағы белгілі бір қатынастарды ажырата білу. Лад сезімі музыканы эмоционалдық күйзеліс, «сезімталдық қабылдау» ретінде қабылдау кезінде байқалады. Теплов Б. М. оны «музыкалық естудің естілім, эмоционалдық компонент» деп атайды. Ол музыканы таныған кезде, дыбыстардың ладын айқындау кезінде байқалуы мүмкін. Мектепке дейінгі жаста лад сезімінің даму көрсеткіштері музыкаға деген қызығушылық пен сүйіспеншілігі болып табылады.



Музыкалық есту қабілеті

Әуенді дауыспен айту үшін немесе музыкалық аспапқа салу үшін дыбыстардың қалай қозғалатындығы (жоғары, төмен, бірқалыпты) туралы түсінігі болуы тиіс. Әуенді естігені бойынша қайта айту үшін оны есте сақтау қажет. Сондықтан музыкалық есту қабілетіне жады мен елестету кіреді. Музыкалық есту қабілеті олардың ықтиярлылық деңгейі бойынша ерекшеленеді. Ықтиярлы музыкалық есту қабілеті ішкі есту қабілетінің дамуымен байланысты. Ішкі есту – музыкалық дыбыстарды ойша елестету қабілеті ғана емес, музыкалық есту қабілетімен ықтиярлы әрекет жасау.

Эксперименттік бақылау әуенді ықтиярлы көрсету үшін көптеген адамдар ішкі ән айтуға жүгінеді, фортепианода ойнауды үйренетін бала әуенді клавиатурада саусақ қимылдарымен бірге алып жүреді. Бұл музыкалық есту қабілетінің моторикамен байланысын дәлелдейді, адам әуенді ықтиярлы есте сақтау және оның есте ұстап қалуы қажет кезде бұл байланыс тығыз болады.

Осы бақылаудан туындайтын педагогикалық қорытынды – музыкалық есту қабілетін дамыту үшін вокалдық моторикасы (ән айту) немесе музыкалық аспапта ойнауға тарту мүмкіндігі.

Музыкалық есту қабілеті – әуенді естуі бойынша қайта жаңғыртуында туындайтын қабілеттілік. Ол музыкалық естудің есту немесе репродуктивті компоненті деп аталады.

Ырғақ сезімі – музыкадағы уақыт қатынасын қабылдау және қайта жаңғырту. Бақылау және көптеген эксперименттер көрсеткендей, музыканы қабылдау кезінде адам музыканың ырғағына сәйкес айқын немесе байқаусыз қозғалыстар жасайды. Бұл бас, аяқ, қол қимылдары, сонымен қатар сөйлеу, дем алу аппараттарының байқаусыз қозғалыстары. Олар әдетте ойланбастан, өздігінен туындайды. Осы қозғалыстарды тоқтатуға ұмтылу олар басқа түрде пайда болады, немесе ырғақтың тоқтауына алып келеді. Бұл қозғалыс реакцияларының ырғақтың қабылдауымен терең байланысын, музыкалық ырғақтың моторлы табиғатын көрсетеді. Алайда музыкалық ырғақ сезімі моторлықпен қатар, эмоционалдық табиғаты болады. Музыканың мазмұны эмоционалдық болады. Ырғақ – оның көмегімен музыканың мазмұны берілетін музыканың көрнекі құралдарының бірі. Сондықтан ырғақ сезімі лад сезімі секілді музыкаға деген эмоционалдық ықыластылығы негізін құрайды.

Ырғақ сезімі – музыканы белсенді (қозғалыспен) сезіну, музыкалық ырғақты

сезіну және оны тура қайта жаңғырту қабілеті.

Мәселен, музыкаға эмоционалдық ықыластылық музыкалық іс-әрекеттің барлық түрінде дамуы мүмкін: қабылдау, орындау, шығармашылық, себебі ол музыкалық мазмұнын сезіну және түсіну үшін қажет.

Музыкаға эмоционалдық ықыластылық балаларда өте ерте жастан, өмірінің алғашқы айларында пайда бола бастауы мүмкін. Бала көңілді әуен дыбыстарына белсенді әсер етеді, ал тыныш музыканы бар ынтасымен тыңдайды. Бірте-бірте қозғалыс реакциялары барынша ықтиярлы, музыкамен үйлесімді, ырғақпен ұйымдастырылған бола бастады.

Лад сезімі ән айту барысында дамуы мүмкін, балалар өзін, бір-бірін тыңдайтын болса, есту арқылы интонацияның дұрыстығын бақылай алады.

Музыкалық есту қабілеті есту бойынша әуенді ажырата алуды және қайта жаңғыртуды қажет ететін іс-әрекет түрінде дамиды. Бұл қабілет, ең алдымен, ән айтуда, жоғары дыбысты музыкалық аспаптар қолданылатын ойындарда дамиды.

Ырғақ сезімі, ең алдымен, музыканың эмоционалдық бояу сипаттамасы бойынша сәйкес келетін музыкалық-ырғақты қозғалыстарда дамиды.

Тембрлі және динамикалық есту – музыканың айқын, бояу құралдарын толығымен тыңдауға мүмкіндік беретін музыкалық естудің бір түрі. Музыкалық естудің негізгі қасиеті – жоғарылығы бойынша дыбыстарды ажырату. Тембрлі және динамикалық есту жоғары дыбыс негізінде қалыптасады. Тембрлі және динамикалық есту бала орындауының көрнекілігін, музыканы қабылдаудың толықтығына көмектеседі. Балалар музыкалық аспаптарының тембрін тани бастайды, динамиканы музыканың суреттеу құралы ретінде ажыратады. Музыкалық-дидактикалық ойындар көмегімен музыкалық дыбыстардың жоғары дыбысты, тембрлі және динамикалық қасиеттері модельденеді.



ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ БИ ЖӘНЕ МУЗЫКАҒА ОҚЫТУДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ МУЗЫКА ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ
Бабанский Ю. К оқыту әдістерінің үш негізгі тобын атап көрсетеді:

− оқу-тәрбие іс-әрекетін ұйымдастырудың әдістері;

− оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістері;

− оқу-танымдық іс-әрекетінің тиімділігіне бақылау әдістері.

Бірінші топта мыналар қолданылады: көрнекі әдістер (музыкалық шығармаларды немесе оның үзіндісін орындау, суретшілер картинасының көшірмесін жасау және т.б.); ауызша тәсіл (музыка, композиторлар, музыкалық шығармашылардың туындау тарихы туралы әңгімелесу және т.б.); музыкалық іс-әрекеттің әртүрлі түрлерінде қолданылатын қандай да бір тәсілдерді орындауда жаттығудың практикалық әдістері. Бұл әдістер педагогтың ақпаратты беру және белсенді қабылдауға, балалардың меңгеруіне бағытталған.

Музыканың танымдық және коммуникативтік функцияларын іске асыруда жетекші рөл атқаратын музыкалық іс-әрекеттің негізгі түрі – оны қабылдау және талдау.

Музыканы тыңдау – музыканы белсенді қабылдау қабілеті үшін жұмыстың және оның әртүрлі ерекшеліктеріне зейін салып тыңдаудың ең жақсы нысандарының бірі. Сонымен қатар, музыка тыңдау барысында балалар өздері орындайтын әуенге қарағанда, барынша күрделі музыкамен танысуға мүмкіндік береді. Балалар жоғары вокалды, аспапты, оркестрлік туындыларды тыңдау мүмкіндігін алады. Тыңдау әртүрлі жанрдағы, формадағы, стильдегі музыканы тыңдауға, танымал орындаушылар мен композиторлардың орындау дәуірімен танысуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда кең ауқымда дамыған концерт, музыканы шығаратын (Радио, теледидар, магнитофон, кино және т.б.) әртүрлі дамыған техникалық құралдар арқылы халықтың өнермен танысуының қолжетімді нысаны бола бастады. Музыкалық ақпарат ағыны шексіз дерлік. Бақылау көрсеткендей, балаларды музыканы белсенді тыңдауға үйрету – күрделі іс. Тыңдау үдерісі белсенді, шығармашылық болуы басты міндет. Тыңдау алдында және шығарманы туындау үдерісінде балаларға қойылатын сұрақтар мен тапсырмалардың рөлі ерекше. Музыканы тыңдау барысында плакат түрінде тақтаға іліп сұрақтар қоюға болады. Сұрақтар мен тапсырмалардың үш негізгі түрін атап көрсетуге болады: музыканың идеялық эмоционалдық мазмұны бойынша; көрнекі құралдары бойынша; себептерді анықтау бойынша. Мұндай сұрақтар мазмұны мен формасының өзара байланысын, музыкалық өнердің шынайылығын айқын түсіну мақсатымен қойылады.

Музыканы қабылдау және оның көрнекі құралдарын талдау қабілеті көптеген басқа тәсілдер мен әдістерінің маңызын арта түседі. Олардың ішінде туындыларды салыстырудың маңызы зор: қарама-қайшылықтарын айқындау, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Сондықтан, екі немесе үш туындыдан тыңдауды ұсынуға болады.

Бір туынды негізгі болса, талдау кезінде оған барынша көңіл аударылады, ал басқалары салыстыру үшін қолданылады, осы арқылы алға қойылған мәселені шешуге көмектеседі.

Балалар туындының жеке бөліктерін ажырата алу қабілетін оңай тексеруге болады. Тыңдау үдерісінде сұраққа жауапты білетін бала қолды көтеру секілді нақты тапсырма беріледі. Мұндай қарапайым тапсырма арқылы балалардың жұмысын барынша нақты бақылауға, музыканы белсенді тыңдауға болады, себебі олар жауап іздеуде музыкалық шығарманы барынша мұқият тыңдауы керек. Бұл тапсырманың қолайлығы материалдарды меңгеру деңгейін оқыту үдерісінде тексеруге болатындығында болып табылады.

Тыңдалған музыкамен байланысты балаларға білімді тексеру және бекітуге арналған жазбаша жұмыстарды берген пайдалы. Әдетте балалар қандай шығарма орындалды және оның авторын табу секілді тапсырмалар алады. Кейде қандай да бір шығарманы талдауы ұсынылады (бұл жерде бағыттаушы тапсырмалар беруге болады). Тыңдалған музыканың сипаттамасын талдай отырып, балалар мағынасы бойынша ұқсас сөздерді табу үшін кестелерді қолдануға болады. Кестені жұмыстың бастапқы сатысында қолданған жөн. Музыканы тыңдағаннан кейін балаларға шығармашылық тапсырма беруге болады: естігендерін қағазға, яғни тыңдалған музыкалық шығармаға сәйкес келетін сурет салу.

Музыканы қабылдаудың басты сәті оған деген эмоционалдық әсері, мазмұнын ұғыну болып қала береді. Осы мәселені шешу мыналарды шешумен байланысты:



  • Музыкалық репертуарды және онымен жұмыс жасаудың әдістерін арнайы таңдау;

  • Сабақта балалардың басқа да музыкалық іс-әрекет түрлерін қолдану;

  • Музыкалық қозғалыс, ән айту, оркестрде ойнау, дирижерлік ету;

− Сабақта өнердің басқа түрлерінің туындыларын, ең алдымен, бейнелеу және көркем әдебиеттерді қолдану.

Мұндай тәсілдер музыкалық қабылдауды жоғары деңгейге көтереді, музыканы белсенді талдаудың тәсілі болып табылады.

Тыңдау үшін шығармаларды іріктеу кезінде олар екі жетекші қағидатқа сәйкес келуі керектігіне сүйенуі керек – жоғары көркемдік және қолжетімділік. Сол кезде балалардың музыкаға қызығушылығы мен жағымды эмоция тудырады.

Балаларды музыкаға тартудың басқа бір формасы әртүрлі түрде жүзеге асырылатын (музыкалық аспапта ойнау, оркестрге қатысу, би және ырғақты қозғалыс және т.б.) шығармашылық орындау іс-әрекеті болып табылады.

Балалардың көп бөлігін қамтуға қабілетті белсенді музыкалық іс-әрекеттің түрлерінен хормен ән айтуды атап көрсетуге болады.

Ән айту. «Ән айтудың адамгершілікке әсері екі аспектіде орын алады».

Бір жағынан, әндерде оның белгілі бір мазмұны беріледі; екінші жағынан, ән айту әндерде көрініс тапқан көңіл-күйді, басқа адамның рухани жағдайын сезіну қабілетін тудырады. Хормен ән айту эстетикалық талғаммен қатар, балалардың шығармашылық қабілетін, бастамасын тәрбиелеудің ең тиімді құралы болып табылады, ол музыкалық қабілеттіліктің дамуына (ырғақ сезімі, музыкалық жады, ән салу дауысы), ән айту дағдыларын дамытуға, музыкаға деген қызығушылықтың өсуіне, эмоционалдық және вокалды-хор мәдениетін арттыруға себін тигізеді.

Хормен ән айту оқушылардың дүниетанымын қалыптастыра отырып, балаларға адамның іс-әрекетіндегі ұжымның рөлін түсінуге көмектеседі, достық, ұжымшылдықты тәрбиелейді.

Әндік материалдарын дұрыс іріктеу балаларда патриотизм, интернационалдық рухта тәрбиелеуге, олардың дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Осы шартты сақтау балалардың әндерді орындауға қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

Ән айту өнері вокалды-хор қабілетінің болуын талап етеді. Алайда вокалды-хор қабілетімен жұмыс жасау таза техникалық болып табылмайды және туындының көркемдік бейнесімен жұмыс жасауымен байланысты болуы тиіс.

Вокалды және хор техникасы әндік материалдардың мазмұны мен әртүрлі формасы бойынша жүйелі, қажырлы еңбек нәтижесінде жетілдіреді.

Музыкалық туындымен жұмыс жасау қуаныш алып келуі үшін оның белсенді және қызықты өткізген жөн. Шығармашылық атмосфера балаға вокалды-хор өнерінің құпияларын түсінуге және оның сезімдері мен күйзелісін шынайы еркін беруге мүмкіндік береді, бұл қандай да бір дағдыны жылдам меңгеруге және бекітуге жол ашады. «Ақылдың эмоционалдық оянуы балалармен жұмыс жасаудың оң нәтижелерін береді», - деп В. А. Сухомлинский атап көрсетті.

Хормен ән айту бала тұлғасының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Оған хор өнерінде музыка мен сөздер бірігуі әсер етеді. Бұл факт баланың психикасына, оның көркемдік дамуына, елестету мен зеректілігіне әсерін күшейтеді. Хор туындысын меңгеру үдерісі әрқашан көркемдік-орындау немесе техникалық қиындықты еңсеру бойынша көп еңбек етумен байланысты, сондықтан балаларды еңбекқорлығын тәрбиелейді, олардың жеке мүдделерін ұжымның мүдделеріне бағындыруға мәжбүрлейді. Бұл міндеттер әртүрлі репертуарларды меңгеру бойынша мақсатты жұмысы арқылы берік ұйымдастырылған хорда шешіледі. Хормен ән айту өнер ретінде балаларда өзінің Отанына деген шынайы махаббат сезімін жаппай тәрбиелейді, шығармашылық қабілеттіліктердің жан-жақты дамуына көмектеседі. Бұл форманың келесідей артықшылықтары бар:

Хормен ән айту – муызкалық орындаудың ең қолжетімді түрі. Дауыс аппараты – адамның өсуімен, оның дамуымен бірге жетілдіріледі. Әндік дағдыларды тәрбиелеу біруақытта адам сезімдері мен эмоцияларын тәрбиелеуді білдіреді.



Балалардың вокалды-хор дағдыларын қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері, тапсырманы шешуде оларды қолдану тиімділігі.

Баланың алты жасындағы жалпы дамуы, жоғары жүйке жүйесі үдерістерінің жетілдірілуі оның дауыс аппаратының қалыптасуына және «есту белсенділігін» дамытуға оң әсер етеді. Алайда дауыс аппараты нәзіктігімен ерекшеленеді. Дауыс желбезегі бар көмей жеткілікті дамымаған. Желбезек қысқа. Дыбыс өте әлсіз. Ол резонатормен күшейеді. Кеуде (төмен) резонатор бас (жоғары) қарағанда әлсіз дамыған, сондықтан 6 жасар баланың дауысы әлсіз, кейде ұяң болады. Дыбысты тездетудің қажет жоқ, себебі балалардың дабысты жылдамдату кезінде төмен, оларға тән емес дыбыс дамитын болады.

Бұл жастағы балалар біршама кеңірек диапазонда ән айта алады (ре 1 октавалар – ре 2 октавалар). Төмен дыбыстар біршама қиындықпен шығады, сондықтан балалармен жұмыс жасауда қолайлы тесситуралы әндерді, яғни жоғары дыбыстар жиірек кездесетін, ал төмендері өткінші болып келетін әндерді пайдалану керек. 6 жастағы балалар үшін қолайлы (примарлы) дыбыстарға көбіне (ми) фа – си 1 октавалар жатады. Дәл осы диапазонда дыбысталу біршама жеңіл, табиғи болып келеді, бірінші октаваға дейінгі дыбыс ауыр, қиын естіледі, сондықтан оны айналып өту керек.

Бес жасында балалардың музыкалық дамуының белгілі бір іргетасы болуы керек, олар музыка сабақтарында белсенділік көрсетіп, өзіндік музыкалық қызметінде бастама көрсете білулері қажет.

Хормен ән салу – ұжымдық орындаушылық түрлерінің бірі. Ол балалардың ән салу мәдениетінің дамуына, олардың жалпы және музыкалық дамуына, рухани әлемінің дамуына, олардың дүниетанымының қалыптасуына, болашақ тұлғасының қалыптасуына жағдай жасайды. Музыкалық тәрбие міндеттерін шешу балалардың музыкалық шығармаларды көркем орындауына қол жеткізу шартында ғана мүмкін.

Шығармаларды көркем орындау сезімге толы болуы керек, мұнда музыкалық білімді тереңінен түсіну сезілуі керек. Сондықтан көркем орындау вокалдық, хорлық қабілеттер мен дарынды талап етеді.

Әнмен жұмыс жасау – зеріктіретін жаттау және тәрбиешіге механикалық еліктеу емес, бұл биікке шығудың тұрақты және сатылы қызықты үдерісі. Тәрбиеші балалардың санасына әрбір, тіпті, ең қарапайым әнмен де көп жұмыс жасау керектігін жеткізеді.

Хормен ән салу – мектепке дейінгі балалардың ең қолжетімді ән салу түрі. Жас ерекшеліктері мен дауыстың қалыптасу заңдылықтарын есепке ала отырып, дұрыс ән салуды дамыту, дауыс аппаратының дұрыс қалыптасуына жағдай жасайды.

Мектепке дейінгі балаларды ән салуға баулу олардың музыкалық мәдениетінің қалыптасуының маңызды шарты екендігін айта кету керек.

Жұмыстың табыстылығы тәрбиешінің қабілетіне, бала дауысының жас ерекшеліктерін білуі мен есепке алуына, балалардың ән салу қабілеттерін қалыптастыру кезінде әртүрлі тәсілдерді пайдалануына, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға тәуелді болады.

Хор музыкасы сөзбен тығыз байланысты, бұл музыкалық шығармалардың мазмұнын нақты түсінуге жол ашады. Хор музыкасы әрқашан жарқын бағдарламаларға толы. Оның мазмұны сөз арқылы, ақындық мәтін мен музыкалық интонация, саз арқылы ашылады. Сондықтан, хор музыкасының идеялық-эмоционалдық мәні екі еселенеді.

Хормен ән салудың ұжымдық сипатын айта кету керек.

Хормен ән салу бастапқы музыкалық сезімдерді қамтамасыз етеді, «музыкалық сөзді» иемденуге жағдай жасайды, бұл музыкалық қабілеттерді нақты және терең анықтауға мүмкіндік береді.

Сәйкесінше, ән салу сабақтарында тәрбиелеу тәсілдері жалпылық, демократизм, өнер қағидаларын көрсетуі керек.



Балалардың музыка тыңдау және ән салу, шығармашылық қызметтері музыкалық-танымдық қызметтермен байланысты. Музыкалық қабылдаудың көптеген нысандары ноталық сауаттылықты білуге баулиды, музыкалық тілді игеру заңдылықтарына, музыканы сезіну және орындауға үйретеді.

Мұның барлығы оқушылардың таным өрісін кеңейтіп, орындаушылығының көкжиегін кеңейтеді, орындаушылық қабілетінің деңгейін елеулі түрде арттыруға, балалардың музыкалық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету жеке сипатта жүзеге асады. Балалармен жұмыс жасауда түрлі музыкалық аспаптар пайдаланылады. Олардың түрлі қондырғылары болады, олардың анық мүмкіндіктері дыбысты алу тәсілдеріне тәуелді болады.

Қандай да бір аспапта ойнауды үйретуді жеке қарастырмастан, жалпы аспаптарда ойнауды талқыласақ. Әрбір музыкалық аспап үшін осы аспапта ойнау әдістемесі және басқалары жасалынғаны түсінікті. Музыкалық орындаушылықтың осы түрі балалардың музыкалық сезімдерін байытады, олардың музыкалық қабілеттерін дамытады: лад сезім, музыкалық-есту түсініктері мен ритмді сезіну. Ең бастысы, музыкалық аспапта ойнау арқылы бала өзін-өзі көрсетіп, таниды.

Бірақ қызметтің мұндай түрі қажетті орындаушылық, техникалық қабілеттерді дамыту үшін төзімділік, зейінділікті талап етеді. Сәйкесінше, музыкалық аспаптарда ойнау еріктілік, мақсатқа жетуге ұмтылу, сана-сезімді жетілдіреді.

Музыкалық аспаптарда ойнаудың екі тәсілі бар: нота бойынша және есту бойынша. Аспапта ойнауға үйрету музыкалық сауаттылықты игерумен қатар жүруі керек. Үйретудің ең дамытушы әсері есту бойынша қол жеткізіледі. Бұл тәсіл терең есту даярлығын талап етеді. Есту бойынша іріктеу үшін бастапқы сатысында тек жақсы таныс саз әуендері қолданылады. Саз қозғалысының бағытын жақсырақ түсінуге көмектеседі, әуенді айтудың музыкалық-есту түсініктерін дамытады.

Ән айтумен қатар, аспапта ойнау дауыстың аспап дыбысына біртіндеп лайықталуына әсер етеді. Бірге пайда болатын унисонды сезіну баламен жақсы қабылданады. Есту − вокалдық үйлесім қалыптастырылып, бекітіледі.

Бала аспаптың анық мүмкіндіктерін сезініп, оның тембрлік бояуларының түрлілігін қолдануға үйренуі маңызды.

Музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету музыкалық шығармаларды ансамбльде, оркестрмен орындау үшін негізгі болып табылады.



Ритмика музыкалық-теориялық дисциплинасының оқу пәндерінің бірі ретінде ерекше орынға ие. Музыкалық-теориялық білімді игеру шығарманы қабылдау үдерісінде жүреді, ал оның эмоционалдық-бейнелік мазмұны балалар қозғалысында тікелей көрініс табады. Басқаша айтқанда, қозғалыс музыкалық қабылдауды белсендірудің, музыкаға эмоциялық сезімталдықтың дамуының тәсілі ретінде пайдаланылады.

Ритмиканың тағы бір маңызды сипатына музыканың сипатын көрсететін қозғалыс жатады. Барлық қозғалыстарға ортақ нәрсе анықтылық пен ритмикалық болуы керек.

Ритмика балалардық қозғалысқа қажеттілігін қанағаттандырып ғана қоймай, музыканы эмоционалды қабылдауды да дамытады. Т.С. Бабаджан ритмика сабақтарын «музыкалық тірек» ретінде, қозғалысты «музыкалық бейнемен байланысты эмоцияны анықтау» ретінде қарастырады.

Сонымен, ритмика сабақтарында басты роль музыкаға, екінші дәрежелік роль қозғалысқа беріледі, бірақ тек музыкамен қозғалыстың органикалық байланысы ғана балаларды толыққанды музыкалық-ритмикалық тәрбиеленуін қамтамасыз етеді.



Ритмика сабақтарында келесі міндеттер орындалуы керек:

1. Музыкалық қабілеттерді дамыту;

2. Музыкалық жанрларды анықтау, қарапайым музыкалық түсініктерді ажырату қабілеттері;

3. Түзу арқаны қалыптастыру, көркем қозғалыстарды үйрету;

4. Шығармашылық қабілеттерді дамыту.

Музыка мен қозғалыстың арақатынасы эмоционалды-руханилық пен нақты-физикалық арасында көпір орнатады. Музыкалық-ритмикалық жаттығулар балаға өз денесін игеруге, басқа балалардың қозғалысымен келістіре отырып қозғалысын үйлестіруге көмектеседі, кеңістіктік бағытталуға үйретеді, қозғалыстың негізгі түрлерін бекітеді, би, ойын элементтерін игеруге әсер етеді, түрлі заттармен жұмыс жасауды тереңдетеді.

Музыкалық қызметтің кез-келген нысанын игере отырып, келесі қағидаларды есте ұстау қажет:

− музыкалық тәрбиенің негізгі міндеттерін кешенді орындау;

− жүйелілік;

− сатылылық;

− реттілік;

− қайталану;

Музыкалық қызметтің жоғарыда аталған барлық нысандары музыканы белсенді қабылдауды қалыптастыруға көмектеседі, балалардың музыкалық тәжірибесін байытады, білім береді, мұның барлығы жалпы алғанда балалардың музыкалық қабілетінің баюының негізгі алғышарты болып табылады. Музыкалық қабылдаудың түрлі нысандарының үдерісіне балап музыкалық тілдік заңдылықтарын біледі, түсінеді және игереді, музыканы сезініп, орындауды үйренеді, өздерін ноталық сауаттылыққа баулиды. Мұның барлығы балалардың таным өрісін кеңейтіп, орындаушылық қабілетін елеулі түрде арттыруға, балалардың музыкалық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН СЦЕНАРИЙЛЕР
Іске асыру тетіктері: алдын ала жоспарлау, мерекенің пайда болу тарихымен алдын ала танысу, сценариймен жұмыс жасау; мерекені дайындау, мейрамды өткізу бойынша балалар мен ата-аналармен жеке жұмыс жасау;


Тақырыбы: «Менің Қазақстаным!»

Мақсаты: Балалардың өз болашағын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету.

Барысы: 

1. Ән бөлімі

2. Би жанры (топтық 2 жеке би-1)

3. Драмалық көрініс. (3)

4. Мәнерлеп оқу

5. Сурет салу

6. Қолданбалы өнер өткізу

 

Жүргізуші: Тәуелсіздік – азаттық мәңгілік,

Соны жырла, соны шырқа ән қылып.

Соны ғана әсперттеуге арналып,

Барша дәстүр, барша өнер, барша ғұрып.

Көз салып қараңызшы бойыңызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға

Қош келіпсіз, ұстаздар мен ата-ана!

Айгөлектің шашу атқан тойына – дей отырып ұлағатты ұстаздар, құрметті қонақтар, ата-аналар мен балалар, бүгінгі «Ботақан» тобындағы «Айгөлек» балалар шығармашылық байқауына қош келдіңіздер!
Ердің жырын жырлаған,

Қайғысын да толғаған.

Домбырасыз ешқашен,

Жүрекке ем қонбаған.

Естіген жан тамсанған.

Алдарыңызда --------------- орындауында «Жігіттер» әнімен қарсы алыңыздар.


Абай, Жамбыл, Біржан сал

Таң қалдырып ән салған.

Жүрегіңді жандырған,

Естіген жан тамсанған

Ортада «Қошақаным» әнімен -------қарсы алыңыздар
Қошеметтеп отырайық.
Қазақстан – айтылар жаз әнім,

Қазақстан – керемет ғажап үн

Қазақстан − ғаламға әуен,

Қазақстан атыңды мен жазамын.


Алдарыңызда «Солдат болам мен ертең» әнімен болашақ сарбаздарды қарсы алыңыздар!
Домбырасыз ән қайда,

Домбырасыз сән қайда.

Ән мен күй бар өмірде,

От та лаулап жаңбай ма?


Ортада бүлдіршініміз «Ананың тілі» әнімен. Қошеметтеп қарсы алыңыздар!
Ән жоқ шығар арналмаған,

Жан жоқ шығар толғанбаған.

Айналайын батаменен

Бақыт болып қонған маған.


Сіздердің қошеметтеріңізбен, «Мұғаліміміз ол біздің» әнін қарсы алыңыздар!
Өмірге мынау талпындым,

Әуенмен танды қарсы алдым.

Әлемді әуен тербетіп,

Бұлбұлмен бірге ән салдым – дей келіп, кішкентай бүлдіршіннің орындауында «Жау, жау жаңбыр» әнін қабыл алыңыздар!


Мекен ғой бұл ел көшкен қия – құздан,

Қара тастан жас тамып, күй ағызған.

Жақсыны да, жаманды да көрген дала,

Кеңділігінен нәзік үн үзіп алған – дей отырып, алдарыңызда ең кішкентай сүйкімді де, әдемі қыздарыңыздың орындауында «Ойыншықтар» әнін қошеметпен қарсы алыңыздар!


Қуанамын мен күнде,

Бұлбұл құстың үніне.

Бейбіт елге мол шуақ,

Төгіп тұрған күніне, – демекші «Ел қорғауға әзірміз» әнімен бір топ балаларды

қошеметпен қарсы алайық!
Мекен ғой бұл тұлпардың ізі қалған,

Көкжиекті жүріпті жүзіп арман,

Домбырадан бір мезгіл күй шалықтап,

Ән айтылса, Арулардан нәзік үн үзіп алған, – дей отырып, ортада бөбегімізді «Ана тілін сүйеміз» асқақтаған әнімен қарсы алыңыздар!


ІІ. Би жанры

Мың бұралып билеу неткен құдірет,

Сұлулық пен әсемдік тұр үлбіреп.

Ырғақпенен көп нәрсені аңғартқан,

Оны көріп бұлқынады жас жүрек, – дей отырып, ортада «Қуыршақтар» биімен кішкентай қыздар.
Құрметіне кәне, достар,

Шаттық жыр шалқысын.

Аққу қаздар, сұлу қыздар.

Би билесін, балқысын, – дей отырып, «Шөжелерім» биімен бір топ ару қыздар.


Би «Маусымжан» – бір топ қыздардың орындауында.
Еңбекпен ер жеткен

Отан даңқын өрлеткен

Туған жерді гүлдентіп

Шаттық бимен тербеткен- дей отырып ортада «Қазақ биімен» балапанды қарсы алыңыздар.


ІІІ. Драмалық көрініс.

«Шұбар тауық», «Бауырсақ» , «Шалқан» ертегілерінен көріністер тамашалау.


ІV. Мәнерлеп оқу.

«Тәуелсіз Қазақстанға балалардың арнауы»
V. Қолданбалы өнер.

Өзің сен, өзіңнің күшіңе сен

Қос қолыңмен істеген ісіңе сен.

Алысың да сыйлайды, жақының да

Өзіңді-өзің төменге түсірмесең.
VІ. Аяқтау.

Хор: «Елім менің», «Әрқашан күн сөнбесін!»



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет