8- сынып
І. Әлеуметтік-тұрмыстық ая
Мен ата-анама көмектесемін.
Лексика - грамматикалық тест № 812
Керекті қосымшаны жалғаңдар.Пісір...
A) -гіз
B)-қыз
C)-ғыз
D)-кіз
E) –сыз
2. Салалас құрмаластың түрін табыңдар. Ана – өмір нұрын себуші және ақ жол нұсқаушы.
A) ыңғайлас
B)қарсылықты
C)себеп-салдар
D)түсіндірмелі
E) шаррты
3. Салалас құрмаластың неше түрі бар?
A) 3
B)4
C)5
D)6
E) 7
4. Берілген сөйлемдегі етістің түрін анықтаңдар. Анасы баласына үй жинатқызды.
A) өздік
B)өзгелік
C)ырықсыз
D)ортақ
E) етістіктің райлары
5. Сөздерді аударыңдар. Жезде, жиен
A) зять, племянник
B)брат, племянник
C)сноха, зять
D)зять, сестра
E) бабушка, племянник
6. Салалас құрмалас сөйлем.
А)Мен үйге келсем, сен жоқсын.
В) Ұстаз
С) Аспанды бұлт басты да, жаңбыр жауды.
D) Ағам-студент.
Е) Мен келдім.
7. Сөйлемнің түрін анықтаңыз. Күн батты, тауды қара көлеңке басты.
А) Сабақтас құрмалас сөйцлем
В) жай сөйлем
С) толымды сөйлем
D) салалас құрмалас сөйлем
Е) аралас құрмалас сөйлем
8. Пысықтауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
А) Ұлы жібек жолы – сауда жолы.
В) Ұлы жібек жолы өтті.
С) Қытайдың жібегі осы жолмен тасымалданған.
D) Ұлы жібек жолы қазақтың кең даласын басып өтті.
Е) Ұлы жібек жолында талай сауда көздері ашылды.
9. Ортақ етістің жұрнақтарын көрсетіңдер
A) – ыл, - іл, -л
B) - ыс, -іс, -с
C) - ын, -ін, -н
D) - ын, - іс
Е) -с, - ыл
10. Бір отбасындағы 2 ұл бала бір-біріне кім болатынын табыңыз.
А) Қарындас
В) Нағашы
С) Апалы-сіңлілі
D) Ата-әже
Е) Ағалы-інілі
11. Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.
А) Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.
В) Төле би 17 ғасырда өмір сүрген.
С) Үй іші жым-жырт.
D) Мен мұғаліммен бірге құрбыма бардым.
Е) Раушанның қалаға келгеніне үшінші күн болғанда, жиналыс ашылды.
12. Мақалды жалғастырыңыз. Ас атасы - ...
А) ет
В) бидай
С) сүт
D) нан
Е) қаймақ
13. Берілген сөйлем салаластың қай түрі? Ол тілалғыш бала, өйткені ол ата-анасына көмектеседі.
A) ыңғайлас
B)қарсылықты
C)себеп-салдар
D)түсіндірмелі
E) талғаулы
14. Анасының тілін алатын сонша – кез келген уақытта жүгіріп кете береді. Салаластың қай түрі?
A) түсіндірмелі
B)ыңғайластық
C)себеп
D)кезектес
E) талғаулы
15.Сөзді дұрыс аударыңдар. «көмектесу»
A) подарить
B) помогать
C) учиться
D)отдыхать
E) гулять
16. Сызбаға сәйкес сөз тіркесін табыңыз: Сын сім + зат есім
А) нан әкелді
В) дәмді тағам
С) тәттілер сатылады
D) бес шелпек
E) әжемнің айраны
17. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойыңдар. Ағам... бала...
A) - да, -ны
B) - ның, -сы
C) - на, -ның
D) - сы, -ның
E) - сы, - ның
18. Баяндауыш қай сөз табынан жасалған?
Өнер алды – қызыл тіл.
A) Етістік
B) Үстеу
C) Зат есім
D) Есімдік
E) Сын есім
19. Жайылма сөйлемді табыңдар.
A) Айнадай тұнық сулы көл
B) Асқар – білімді инженер
C) Зор денелі Асқар үйге алдымен кірді.
D) Балалар – болашағымыз.
E) Мал өсті.
20. Осы шақ есімше тұлғасында тұрған етістікті табыңдар
A) жазатынмын
B) жазармын
C) жазғанмын
C) жазып отыр
E) келді
Достарыңызбен бөлісу: |