Электрондық күнтізбе. Бұл компьютердің желілік нұсқасын қолдануға тағы бір мүмкіндік береді. Басқарушының және басқа жұмысшылардың жұмыстық жоспарын сақтау үшін қажет. Менеджер немесе оның хатшысы кездесудің немесе басқа мейрамның күні мен уақытын белгілеп, жасалған жоспарды қарай алады және өзінің өзгертулерін жүргізеді. Электрондық күнтізбенің техникалық және бағдарламалық қамтамасыз етуі электронды поштаның аналогиялық компоненттеріне сәйкес келеді.
Электрондық күнтізбені қолдану әсіресе жұмыс күндері алдын ала жазылған жоғары деңгейлі басқарманың менеджерлері үшін қолайлы.
Компьютерлік конференция және телеконференция
Компьютерлік конференция белгілі мәселені шешетін топ мүшелері арасындағы ақпаратты алмастыру үшін компьютерлі желілерді қолданады. Бұл технологияға рұқсаты бар тұлғалар шектеулі.
Әдебиеттерде телеконференция терминін жиі кездестіруге болады. Телеконференцияның үш типі бар: аудио, видео, компьютерлік.
Видеомәтін. Ол мәтіндік және графиктік мәліметтерді монитор экранына, бейнеге шығаруына негізделген. Шешім қабылдайтын тұлға үшін, ақпаратты видеомәтін түрінде алу үшін үш мүмкіндік бар:
видеомәтіндік файлды өз компьютерінде құру;
кәсіпорын өндірген видеомәтінге рұқсат алатын маманданған кәсіпорынмен шартқа отыру. Бұндай сатуға арналған файлдар кәсіпорынның серверларында сақталуы мүмкін;
басқа кәсіпорынмен шартқа отыру олардың видеомәтіндік файлдарына рұқсат алу үшін.
Бейнелерді сақтау. Кез келген фирмаларда көптеген құжаттарды ұзақ уақыт сақтау қажет. Олардың саны көп болуы соншалықты, оларды файл түрінде сақтау да едәуір ауырлық туғызады. Сондықтан құжаттың өзін емес, оның образын (суретін) сақтау идеясы туды. Сонымен қатар, оны цифрлық түрде сақтау. Цифрлық формада сақталған сурет кез келген уақытта экранға немесе принтерге шығарыла алады. Суреттерді сақтау үшін үлкен сыйымдылық оптикалық дисктер қолданылады. Бес дюймдық оптикалық дискке 200 мың бетті жазуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |