Пияздың құрғақ шірігі-қоздырғышы Sclerotium cepivprum. Ауру өсімдікте вегетация кезінде және қоймада сақтау кезінде байқалады. Жапырақ сарғаяды,ұшынан бастап қурай бастайды.Өсімдік түгелдей шіриді,тамырында қабығында ақ түсті жіпшумақ көрінеді. Жартылай сулы шіріктің үстінде топтасып жиналған ұсақ қара склероции қалыптасады.Ауру жылы және ылғалдылығы төмен ауада жақсы дамиды.
Сәбіздің фомозы-қоздырғышы-Poma rostrupii. Жапырақтың жүйкелерімен сағақтарында ұзынша сұрғылт қоңыр дақ пайда болады. Оларда ұсақ қара пикнидтер қалыптасады.Тамыр жемісінің жоғарғы ұшында қоңыр немесе сұрғылт қоңыр дақ өсіп шығады да біртіндеп тереңдей түседі. Дақтардың ішінде ақ жіпшумақ, ал жоғарғы бетінде ұсақ қара пикнидияны көруге болады. Ауру тамыржемістерді қоймада сақтағандада дами береді.Инфекция көзі өсімдік қалдықтарында, тұқымда, тамыржемісінде қыстап шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |