Бағдарламасының іске асырылу барысы туралы



жүктеу 127.7 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі127.7 Kb.


Еңбекминінің хатына қосымша
Еңбек нарығы және жұмыспен қамту
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының іске асырылу барысы туралы

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысымен 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылатын Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасын бекітті.

Қайта қабылданған Бағдарлама дағдарысқа қарсы серпіліс, еңбек нарығын реттеудің тиімділігін арттыру, сонымен бірге еңбек нарығын бағдарлау және мониторингілеудің тетіктерін, табысы аз, жұмыссыз және өздігінен жұмыспен қамтылған халықты жұмыспен қамтылудың белсенді шараларына тартуды қамтиды.

Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1 Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.

2 Кәсіпкерлікті дамыту арқылы.

3 Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметтері бойынша ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 94,6 мың адам Бағдарламаға қатысу мәселесі бойынша әлеуметтік келісімшартқа қол қойды. Әлеуметтік келісімшартқа қол қойған Бағдарлама қатысушыларының қатарынан 59,6 мың адам (63,0%) жұмыссыз, 28,5 мың адам (30,1%) өз бетінше жұмыспен айналысады, 5,6 мың адам (5,9%) табысы аз адамдар және 899 адам (0,9%) ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы қызметкерлер болып табылады. Бұл ретте, 29 жасқа дейінгі жастардың саны 53,8%, әйелдердің үлесі 48,2% адамды құрайды.

Ағымдағы жылғы Бағдарлама қатысушылары мүгедектер (1045), балалар үйінің тәрбиленушілер (163 жетім балалар), және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін адамдар (1686 мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы) болып табылады.

Бірінші бағыт бойынша 2013 жылы 1740 жобаны іске асыру, 23,2 мың жұмыс орын құру қарастырылған.

2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жобаларда құрылған жұмыс орындарына 19 174 адам орналастырылды, оның ішінде 10 427 адам – Бағдарламаға қатысушылар, немесе орналастырылғандардың 54,4%, есепті кезеңге 922 жобаны іске асыру аяқталды.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 8 841 адам оқытылады. 8 559 адам микрокредит алды, олардың ішінен 5 962 адам жаңа ісін бастады.

Үшінші бағыт шеңберінде кәсіптік оқытумен 48 280 адам қамтылды.

2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 19 342 адам оқуды аяқтады, оның ішінде 13 042 адам жұмысқа орналастырылды.Әлеуметтік жұмыс орындарына 23 142 жұмысқа орналастырылды. Айлық еңбекақының орташа мөлшері 45,7 мың теңгені құрады. Жастар практикасына 21 884 адам бағытталған.



Жұмыс берушінің қажеттігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру

2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 960 үйдің (3408 пәтер) құрылысы аяқталды. Бағдарлама қатысушыларымен және олардың отбасы мүшелерімен 912 үй (3150 пәтер) немесе пайдалануға берілгендердің 95,0%-ы қоныстандырылды. Бүгінгі күні 262 үйдің (1279 пәтер) құрылысы жалғастырылып келеді және 94 үй (213 пәтер) бойынша құрылыс/сатып алу жылдың сонына дейін жоспарланған.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2013 жылы 104,9 млрд. теңге бөлінді.

Еңбек нарығындағы жағдай туралы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2013 жылғы 3-ші тоқсандағы жағдай бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрады (2012 жылғы - 5,2%). Жұмыспен қамтылғандардың саны 8 540,3 мың адамнан 8 607,7 мың адамға көбейді. Өз бетінше жұмыспен айналысатындардың жұмыспен қамтылған халықтың құрамындағы үлесі 31,6%-дан 30,5%-ға азайды.

Жастар практикасы бағдарламасының іске асырылуы мен әлеуметтік жұмыс орындарын құру жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне ықпал етті. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 2013 жылдың 3-ші тоқсанда 3,9% құрады.

Көші-қон процестерін реттеу (Министрліктің құзыреті бойынша)

Қазақстанның экономикасына шетелдік мамандарды тарту еңбек көші-қоны саласындағы мемлекет саясатының ең маңызды мәселелерінің бірі болып қалады.

Жергілікті атқарушы органдардың есептік деректеріне сәйкес шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілердің саны 2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 3032 бірлікті құрады. Сондай-ақ, аталған жұмыс берушілерде 398,1 мың қазақстандық азамат және 24,9 мың немесе 5,9 % (2012 жылдың осындай мезгілінде 6,2%) шетелдік азамат жұмыс істейді.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тарту үшін квота белгілейді. 2013 жылы республиканың экономикалық тұрғыдан белсендi халқына шаққанда квота 1,2% пайыз мөлшерiнде белгiлендi немесе 108,1 мың бірлікті құрады.

Шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелерінде басымдық жоғары білікті мамандарға беріледі. 2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шетелдік қызметкерлерді тартуға арналған 24 938 рұқсат қолданыста. Жылдың басынан бері шетелден 19 884 қызметкер тартылған, оның ішінде 17 755 қызметкер I - III санаттар бойынша.

Шетелдік жұмыс күшінің жалпы санының 64,5% - дан құрылыс және тау-кен өнеркәсібі жұмыстары үшін тартылды.

Еңбекші көшіп-қонушылардың шығатын мемлекеттері негізінен Қытай (24,2%) және Түркия (14,6%) болып табылады.

Ағымдағы жылы шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындары нәтижесінде ШЖК тарту тәртібін жетілдіру, оның сапалық құрамын жақсартуға қосымша шаралар қабылдады. Қазақстандық азаматтарға 16 417 жұмыс орын құрылды, 3640 адам қайта оқудан өтті, 11604 адамдардың біліктілігі жоғарылады және 2254 қазақстан азаматтарының кәсіптік даярлаудан өткен.

Шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық жұмыскерлермен ауыстыру саясаты жүргізілуде, 2013 жылдың басынан 278 шетелдік маман қазақстандық кадрлармен ауыстырылды.

Оралмандардың көшіп-қонуы

1991 жыл мен 2013 жылдың 1 қазаң аралығында тарихи отанына 250 803 отбасы немесе 933 386 этникалық қазақ, соның ішінде 2013 жылдың 9 айларында 10 219 отбасы немесе 21 949 этникалық қазақ, оралды және оралман мәртебесін алды. Жұмысқа жарамды жастағы адамдар саны 55,2% адам, 18 жасқа дейінгі балалар – 40,3% және зейнеткерлер – 4,5% құрайды.



Еңбек қатынастары

2012 жылы:

- Әлеуметтік шиеленісушіліктің алдын алу және әлеуметтік-еңбек дауларын шешу жөніндегі кешенді жоспар. Бүгінгі таңда, еңбек ұжымындағы еңбек дауларының туындау қатерін айқындауға мүмкіндік беретін критерилер мен жүйелі көрсеткіштер, іске асырылып жатқан жоспар шеңберінде әзірленді. Критерийлердің еңбек ұжымындағы еңбек дауларының туындау қатерін айқындайтын 2 компоненті көзделген: кәсіпорын деңгейінде және әкімшілік-аумақтық бірліктер деңгейінде. (2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 1295 ҚБПҮ ҚР ҮҚ );

- Ұйымдардағы еңбек ұжымына еңбек заңнамаларының негізідері бойынша тренингтер, еңбек дауларын реттеу және ымыраға келуге қол жеткізу келіссөздерін жүргізу дағдысын оқытудың кешенді жоспарын көздейтін азаматтарды Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамасы негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2013 – 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1581 ҚР ҮҚ)

- Балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою жөніндегі 2012 – 2014 жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспары қабылданып, іске асыруы жалғастыруда.

Қоғамдық келісім мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік әріптестік институты аясында белсенді ынтымақтастық жалғасуда. Барлық деңгейде үшжақты комиссия жұмыс істейді, 2012-2014 жылдарға арналған Бас келісім қабылданған, 22 салалық және 200 өңірлік келісімшарттар (облыс, қала, аудан) барлық деңгейде жұмыс істейді.

2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша ұжымдық шарт жүйесімен 58,4 мың кәсіпорын немесе жұмыс істейтін кәсіпкерліктің 35,7% қамтылған. Бұл ретте ірі және орта кәсіпорынның 87,7%-ында ұжымдық шарт жасалған.

Өндіріс жағдайларын (тәуекелді бағалау жүйесін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша халықаралық стандарттарды, кәсіпорындарды аттестациялауды енгізу) жақсарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

2013 жылы 1 қарашадағы жағдай бойынша өндірісте 1596 адам жарақат алды (2012 жылғы осы кезеңге олардың саны – 1781 болған). Бұл ретте адам өлімімен аяқталған өндірістік жарақаттану 232 адамды құрады (2012 жылдың осы кезеңінде – 217 адам).

Министрлік жалақы бойынша берешек сомасына апта сайын мониторинг жүргізеді және Бас прокуратурамен, өңірлік дағдарысқа қарсы штабтармен бірлесіп, олардың өтелуі бойынша шаралар қолданады.

Бұл өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,1 млрд. теңгеден 1,0 млрд. теңгеге дейін азайды.

Еңбек заңнамасының сақталуын бақылау 2010 жылдың басынан бері енгізілген қатерлерді бағалау жүйесінің (ҚБЖ) негізінде жүзеге асырылуда.

2013 жылғы 1 қарашадағы ахуал бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 11 064 тексеріс жүргізіп, 29,6 мың еңбек заңнамасының бұзылу фактісі анықталды.

Ұйымдардың заңды тұлғалары мен лауазымды тұлғаларына қатысты анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 387,6 млн. теңгеге 8,7 мың айыппұл салды (2012 жылғы 1 қарашада – 396,2 млн.теңге).


Халықтың әл-ауқатын арттыру

Мемлекеттің Конституциясында бекітілген әлеуметтік кепілдіктерді жүзеге асыруда табыс саясаты және халықты әлеуметтік қамсыздандырудың ұйымдастырылуының ерекше мәні бар.



Еңбекақы төлеу. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 18 660 теңге болып белгіленді, 2012 жылмен салыстырғанда 7 % өсті (2011 жылы –17 439 теңге).

Экономикалық қызмет түрі бойынша бір қызметкердің орташа номиналдық жалақысы 2013 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында республика бойынша 106 225 теңге құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,1% өсті. Нақты жалақы индексі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда республика бойынша 100,9%-ды құрады.



Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру.

Бүгінгі күні елімізде нарықтық экономика қағидаттарына сәйкес келетін және әлеуметтік қамсыздандыру жауапкершілігін мемлекет, жұмыс беруші мен қызметкер арасында бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандырудың көп деңгейлі моделі қызмет етеді.



Ынтымақты зейнетақы жүйесі бойынша

2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдері 9 пайызға артты.

Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 9330 теңге құрайды. 2013 жылы базалық зейнетақы төлемдерін ескергенде Қазақстан Республикасы зейнетақы төлемдерінің ең төмен мөлшері 28 396 теңге, ең жоғары мөлшері – 59 962 теңге құрады. Орташа мөлшері 41 583теңге құрайды.

2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерін алушылар саны 1,8 млн. адамды құрады.

2014 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 пайызға арттырылады, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 9 983 теңгені, ең төмен зейнетақы мөлшері (2014 жылы тағайындалатындар үшін) – 20 782 теңгені құрайды.

Жаңадан тағайындалатын зейнетақылардың мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс 2014 жылы 72 228 теңгені (39 АЕК), жаңадан тағайындалатын зейнетақының ең жоғары мөлшері 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 54171 теңгені (39 АЕК 75 %) құрайды.

Республикалық бюджетте осы мақсаттарға тиісті шығыстар көзделген.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша

Республиканың зейнетақы қызметтері нарығында 8 жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет атқарады.

2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының мөлшері 3,5 трлн. теңгеге жуық. Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жеке зейнетақы шоттарының саны 8,5 млн. бірлікті құрады.

Жыл басынан бері зейнетақы аннуитеті бойынша келісім шартқа сәйкес алушылардың зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымдарына 7,1 мың алушымен жалпы сомасы 20,7 млрд. теңгеге аударылды

Міндетті зейнетақы жарнасының инфляция деңгейін ескере отырып, сақталуына мемлекеттік кепілдік 2013 жылғы 1 қазанда 4,9 млрд. теңгені құрады.

Әлеуметтік қамсыздандыру

2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша №1 және №2 Тізімдер бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды (бұдан әрі - МАЖ) алушылар саны 37,5 мың адам болды. Жәрдемақының мөлшері 2013 жылы №1 және №2 Тізім бойынша тиісінше 15 579 теңге және 13 848 теңге құрады. Жәрдемақыларына төлеуге 5,8 млрд. теңге жұмсалады.

2013 жылы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының (МӘЖ) мөлшері 7% артты. 2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша МӘЖ-ді алушылар – 648,7 мың адам, оның ішінде мүгедектігі бойынша – 480,4 мың адам, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты – 157,8 мың адам, жасына байланысты – 10,5 мың адам. 2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша МӘЖ-дің орташа мөлшері: мүгедектігі бойынша – 18 933 теңге, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты - 18 309 теңге, жасына байланысты – 9 330 теңге құрады.

Әлеуметтік сақтандыру туралы

2013 жылғы тоғыз айларында 66,9 млрд. теңге сомада 462 мың алушыларға әлеуметтік төлемдер төлемді, бұл 2012 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 5,4% артық.

2005 жылы міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуімен ресми сектордың жұмысшылары 5 әлеуметтік қатер туындаған кезде қосымша нысанға ие болды.

Ағымдағы жылғы 9 айда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа көлемі 8191 теңгені, асыраушыдан айырылу бойынша 10833 теңгені құрады


Ана мен баланы әлеуметтік қолдау.

Заңнамаға сәйкес балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақының 4 түрі төленеді.

2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша:

- бала туғанда берілетін жәрдемақы 318,3 мың адамға берілді, бұл 2012 жылдың осы кезеңінен 1,4 % азайды. Бұл ретте жәрдемақыны төлеуге жұмсалған шығындар 17,9 млрд. теңге құрады.

- бала күтіміне берілетін жәрдемақымен 153,6 мың адам қамтылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,9% артық. Бұл орайда жәрдемақыны төлеуге жұмсалған шығындар 22,5 млрд. теңге құрады.

- табысы аз отбасылардағы 18 жасқа дейінгі балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақымен 554,8 мың бала қамтылып, 2012 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,5% азайды, бұл ретте тағайындалған соманың мөлшері 7,0 млрд. теңге құрады.

- мүгедек баланы тәрбиелеушіге берілетін жалпы сомасы 11,9 млрд. теңге жәрдемақыны 61,4 мың адам алды.
Халықтың әлжуаз санаттарын әлеуметтік қолдау.

Табысы ЕТКД төмен халықтың үлесі 2013 жылдың екінші тоқсанында 3,2 %-ды (қалалық жерде – 1,3%-ды, ауылдық жерде – 5,5%-ды) құрап, 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,9 пайыздық тармаққа (4,1%) азайды.



Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы

2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 1298 мың адам қамтылды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,7% артық.



Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)

АӘК 2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 58,8 мың табысы кедейлік шегінен төмен адамдарға тағайындалды. Тағайындалған сома қазіргі кезеңде 1155,4 млн. теңге құрайды.



Тұрғын үй көмегі

2013 жылдың 2 тоқсанда тұрғын үй көмегі 108,1 мың отбасына тағайындалды, бұл 2012 жылымен салыстырғанда 2,4% артық. Бұл орайда тағайындалған сома 2,1 млрд. теңге құрайды. Тұрғын үй көмегінің орташа мөлшері 2138,4 теңге құрады.



Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалау жүргізіліп жатыр, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттары кезең-кезеңмен енгізілуде.

Реформаның 1 кезеңіне 2009 – 2012 жылдары республикалық бюджеттен жұмсалған қаражаттың көлемі 19,2 млрд. астам теңге құрады.

Жылдың басындағы жағдай бойынша әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде:

-стационарлық үлгідегі 103 медициналық-әлеуметтік мекемеде 20 мыңнан астам қарт пен мүгедек, оның ішінде мүгедек бала;

- жартылай стационарлық үлгідегі 51 ұйымда 8 мың адам;

- қарттар мен мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арналған үйде әлеуметтік көмек көрсететін 506 бөлімшеде 52,8 мың адам қамтамасыз етілді;

- белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған 22 әлеуметтік бейімдеу орталығында 5,4 мың адам қамтамасыз етілді.

2012 жылы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша әлеуметтік тапсырыс 47 ҮЕҰ ішінен 12 өңірде 2,7 мың адамды қамти отырып, іске асырылды.

Стандарттарды іске асыруға 2013 жылы республикалық бюджеттен 2383,2 млн. теңге шығындалды, оның ішінде:

- медициналық-әлеуметтік мекемелерге стандарттар енгізуге – 1308,3 млн теңге;

- ҮЕҰ арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 653,4 млн. теңге;

- күндізгі бөлімшелер жүйесін дамытуға – 421,5 млн. теңге.

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы

Қазіргі уақытта Қазақстанда Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ конвенциясын ратификациялауға жағдай жасау жөнінде жұмыс жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін (2012 - 2013 жылдар) іске асыру аяқталып қалды:



  1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) әзірлеу жөніндегі жұмыс басталып кетті. Заң жобасының тұжырымдамасы ҚР Үкіметі жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясында қаралып, мақұлданды.

  2. Әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілерін паспорттау арқылы мүгедектердің негізгі тыныс-тіршілік салаларындағы объектілер мен қызметтерге қолжетімділіктің жай-күйін бағалау жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында 16,5 мың объектіге түгендеу жүргізілді, оның ішінде 12,7 мыңы бейімдеуге мұқтаж объекті ретінде танылды. Сондай-ақ, Министрлік жергілікті атқарушы органдарға:

  • Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне паспорттау жүргізу жөнінде әзірленген әдістемелік ұсынымдарды;

  • Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қолдауымен мүгедектердің негізгі тыныс-тіршілік салаларындағы объектілер мен қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер мен мемлекеттік нормативтердің 250 жинағын жіберді.

  1. Мүгедектердің проблемаларына қоғамның оң көзқарасын қалыптастыру бойынша жүйелік және мақсатты жұмыс қолға алынды:

  • жеке интернет-ресурста «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция» арнайы айдарын ашу жүргізілуде;

  • 2013 жылға арналған Медиа-жоспар жүзеге асырылуда, ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, мәдениет және ақпарат министрліктерінің бірлескен бұйрығымен қабылданды. Оны іске асыру нәтижесінде бұқаралық ақпарат құралдарында 1626 фоторепортаж, мақалалар жарияланды, телеарналарға 218 бейнеролик орналастырылды, телевизияларда 311 сөз сөйлеу ұйымдастырылды, 529 дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізілді, веб-сайттарда 346 жарияланым орналастырылды.

Іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңін іске асыру қорытындылары үстіміздегі жылы 24 мамырда Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысында және үстіміздегі жылы 28 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында тыңдалды.

Үстіміздегі жылы 7 маусымда еліміздің барлық өңірлерінде «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атты республикалық конкурс бастау алды, ол 25 қазанға дейін жалғасты, 6 мыңға жуық адам қатысуға ниет білдірді.

Конкурсқа 10 номинация бойынша 6 мен 45 жас аралығындағы мүмкіндіктері шектеулі адамдар, мүгедектер құрған жастар қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдар қатысты.

Ақтық тур үстіміздегі жылы 23-24 қазан күндері Астана қаласында өтті және 25 қазан күні гала-концерт ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.

Сондай-ақ, 25 қазанда «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобалар көрмесі» атты республикалық тәжірибелік конференция өтті, оған облыстардың, Алматы, Астана қалаларының әкімдіктері ұсынған 17 өңірлік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері өздерінің үздік әлеуметтік жобаларын таныстырды. Конференция жұмысына қатысқан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Сенаты мен Мәжіліс депутаттары, Азаматтық Альянс өкілдері, әлеуметтік әріптестер, халықаралық ұйымдар халықтың мұқтаж санатын әлеуметтік қорғау мәселесіндегі үкіметтік емес сектордың қызметін жоғары бағалады және жобалардың әлеуметтік маңыздылығын бірауыздан мойындады. Мәселен, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 7 жобаға қолдау білдірді және басқа да жобаларды қаржылық қолдау мәселесі қаралуды.

Еңбекмининің стратегиялық даму және

Халықаралық ынтымақтастык департаментінің

талдау және стратегиялық жоспарлау



басқармасының басшысы С.Б. Омарова




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет