3DS MAX жарық қайнарларының типтері
3DS MAX сахна жарықтандырушысының бес типі бар:
Әр жаққа бағытталған (Omnі)
Нысана және еркін бағытталған қайнарлары (Target Dіrectіonal and Free Dіrectіonal)
Нысана және еркін прожекторлар (Target Spot and Free Spot)
Әр жаққа бағытталған жарықтандырғыш – шам сияқты, бір нүктеден барлық бағыттарға тең жарық сәулелерін жіберетін қайнары. Әр жаққа бағытталған қайнар көлеңкелерді түсіріп, кәдімгі слайдтардың проекторы сияқты, сахна объектілердің беттеріне бейнелер проекторы ретінде бола алады.
Нысана қайнары - әр жаққа бағытталған қайнар сияқты, шексіз үлкен қашықтыққа параллель сәуле шоғырын жібереді. Бұндай шоғырда реттелген өлшемдері бар дөңгелек немесе шаршы қималар болуы мүмкін. Нысана қайнарының мысалы ретінде, күнді алуға болады.
Прожектор - нысана қайнарынан айырмашылығы, оның сәулелері параллель емес, қайнар тұратын нүктеден конустық немесе пирамидалық шоғырымен бағытталады. Оған автомобиль фаралары, қалта фонаригі, театр софирі және кәдімгі прожекторды жатқызуға болады. Сәуле шоғырының шығару бұрышы оңай реттеледі.
Ерікті жарық қайнарлар - сәулелерінің бағыты шоғыр өсінің реттелуімен анықталады. Оны өзгерту үшін, қайнарға бұрыштық өзгертуді қолдану керек.
Нысана жарық қайнарлары еріктілерден нысана бар болуымен ерекшелінеді. Нысана (Target) - қайнар сәулелерінің шоғыры нысанаған қуыс объекті. Нысананың орнын ауыстырғанда, жарық қайнары автоматты түрде өз бағытын өзгереді. Бұл қасиет объектілерді жарықтандырылған аймақтардан жібермей, олардың анимациясын жасауға көмектеседі.
Сахна құрамына бірде-бір жарықтандырылғыш орнатылмаса, оған стандартты түрде өзгертуге болмайтын реттелген параметрлі орнатылған орнатылған жарық қайнарлары қолданылады. Сахнаның жарығы, қайнары болмайтын барлық объектілердің жарықталғандық бастапқы деңгейінің біртекті өзгеруімен бақыланатын көмескі жарыққа да байланысты. Көмескі жарықтың реттелуі Envіronment (сыртқы орта) диалог терезесінде өтеді.
Ескертуінсіз, сахна құрамына бір орнатылған жарық қайнары енгізілген. Ол сахнаны байқаушының артынан жарықтандырып тұр. Бұндай жарық суретте көрсетілгендей, өте контрастты және табиғи емес болып көрінеді (1-сурет). Бірақ оның артықшылығы, терезе проекциясын қайта салу жоғары жылдамдығында жатыр. Екі орнатылған қайнарды пайдаланғанда, олардың біреуі, сәулелері объектіге сахнаның алдыңғы сол жақ жоғары бұрыштан, ал екіншісінің - артқы оң жақ төменгі бұрыштан түсіп жатыр. Ондай жарық, суретте көрсетілгендей, жұмсақтау және нақтылау болып көрінеді. Бірақ оның қайта салу процессі төменгі жылдамдықта өтеді. Орнатылған қайнарлары объектілерден көлеңкелерді түсірткізбейді, сондықтан да олардан түсірілген жарық ешқашан да табиғи болып көрінбейді. Олардың негізгі міндеті, сахна геометриясын орнату кезінде абсолютті қараңғы үшөлшемді виртуальды әлемдегі нәрселердің көрінуін қамтамасыз етуде.
Көмескі жарық (Ambіent Lіghtіng) – бұл барлық объектілер беттерін бытыраңқы жарықпен жарықтандыруы. Көмескі жарықтың деңгейі жоғары болғанмен, объектілер беттерінің түстері ашық болады. Ескертуінсіз, көмескі жарық 3DS MAX-тың орнатылған немесе сыртқы қайнарларымен жарықтандырылатын барлық сахналарында бар.
Достарыңызбен бөлісу: |