Бағдарламасының мазмұнын іске асыруда өтпелі тақырыптар бойынша ортаңғы тобының перспективалық жоспары



бет32/40
Дата04.12.2023
өлшемі132.63 Kb.
#485414
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40
3-4 жас ПЕРСПИКТИВА

І апта


«Аялайық гүлдерді»



Дене шынықтыру-3
1. Топпен бірқалыпты жүреді
және жүгіреді. Гимнастикалық қабырға бойымен жоғары және төмен кезектестірілген адыммен өрмелейді. Отыру қалпында допты бастан асыра алысқа лақтырады.
2. Еденге салынған тақтай бойымен тапсырманы орындай жүреді — тақтайдың екі басынан бастап жүріп келе жатып, ортасына келгенде бұрылып кейін жүреді. Көлбеу тақтай бойымен жоғары қарай еңбектеуде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіреді.
3. Қолдарын беліне ұстап бірқалыпты жүреді, жүгіреді. Көлбеу тақтай бойымен жоғары қарай еңбектеуде қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіреді. Бір шеңберден екінші шеңберге екі аяғымен бірмезгілде екпінмен итеріліп біртіндеп секіреді және ақырындап бүгілген аяқпен жерге түседі.

Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Гүлдер біздің сәніміз»
Мақсаты: Гүлдердің түр – түстерін ажырата білуге үйренеді. Өсімдіктердін күту ережелерімен танысады.


Көркем әдебиет
Тақырыбы: Б.Османов «Гүлдердің таласы» ертегі
Мақсаты:Ертегінің мазмұнымен , кейіпкерлерімен танысады, ертегіні тыңдауға, ертегі бойынша сұрақтарға жауап беруге үйренеді.



Математика негіздері
Тақырыбы: «Көрікті гүлзар»
Мақсаты:Гүлзардағы көбелектер мен гүлдерді санауға үйренеді.


Жаратылыстану
Тақырыбы:
«Өсімдіктер әлемі»
Мақсаты:Көктем мезгілін дегі өсімдіктердің тіршілі гі туралы, орманда, бақшада, далада өсетін өсімдіктер туралы түсінеді.



Музыка

Педагог жоспары бойынша


Сурет салу
Тақырыбы: «Көктем гүлдері»
Мақсаты: Балалар көктем туралы түсінеді, гүлдердің аттарын ажырата біледі. Дәстүрден тыс әдісті қолдана отырып, сурет салуға үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет