Бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең 2012 жыл Іске асыру кезеңі



жүктеу 0.82 Mb.
бет5/6
Дата23.02.2016
өлшемі0.82 Mb.
1   2   3   4   5   6



3. Ведомствоаралық өзара қарым-қатынастықты талдау



Атауы

Өзара қарым-қатынастықты талдау

Бағыт 1. Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы

Мақсат 4.1.1.: Тараз қаласының өнеркәсіптік әлеуетін арттыру

Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игерудің нақты көлем индексі

Индикатор көмір өндіру 58,6%-ға, табиғи газ – 2,6%-ға, шикі мұнай - 1,4%-ға қысқаруы есебінен орындалмады.

Мақсат: 4.1.2. Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін құру

Ауыл шаруашылығының өнімін өндірудің НКИ

Ауыл шаруашылығының өнімін өндірудің НКИ 2,554,1 млн.тн. жетіп, 2011 жылмен салыстырғанда 139,2%-ға көтерілді.

Міндет: 4.1.2.1. Прогрессивті технологияларды енгізу негізінде агроөнеркәсіп кешені салаларының көрсеткіштерін тұрақты өсіру

Нәтиже көрсеткіші

Өсімдік шаруашылығының өнімін шығарудың (қызметінің) нақты көлем индексі

Өсімдік шаруашылығының өнімі 1,781,3 млн.тн. жетті.

Мал шаруашылығының өнімін шығарудың (қызметінің) нақты көлем индексі

Мал шаруашылығының өнімі 547,8 млн.тн. жетті.

Орындаушы орган

Тараз қаласы әкімдігінң кәсіпкелік және ауылшаруашылығы бөлімі

Мақсат 4.1.3.: ШОБ және сауданы дамыту

ШОБ субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі

Көрсеткіш техникалық себептерге байланысты орындалмады. Салықтық есептілік жинау жүйесі электрондық форматқа ауысуына байланысты СОНО және ИНИС ақпараттық құрылғылары арасында байланыс уақытша жоқ, осының салдарынан патент бойынша жұмыс істейтін және есептілікті ИНИС жүйесі бойынша қағазда тапсырған жеке кәсіпкерлер СОНО есептілігіне енгізілмеген.

Міндет 4.1.3.1. Сауданы дамыту

Нәтиже көрсеткіші

Бөлшек сауда айналымының көлемі

Сатудың барлық каналдары бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда жоспарлы көрсеткіш деңгейіне жетіп, орындалды. Жамбыл облысы статистика басқармасының мәліметтері бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,2%-ға артқан.

Орындаушы орган

Тараз қаласы әкімдігінң кәсіпкелік және ауылшаруашылығы бөлімі

БАҒЫТ 2. Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету

4.2. 3. Мәдениет және тілдерді дамыту

Нысаналы индикаторы: Мәдениет және өнер саласын жылдам дамытып, бәсекеге қабілеттілігін арттыру

Жоспарланған іс-шараға сәйкес

Бірге орындаушы мекемелер

«Қалалық мәдениет үйі» МКҚК

Нысаналы индикаторы : Мемлекеттік тілдің қажеттілік дәрежесін жоғарылату

Тілдерді қолдану мен дамытудың 2012 жылға арналған іс-шара жоспарын жүзеге асыру

Бірге орындаушы мекемелер

Облыстық тіл басқармасы, білім мекемелері



4. Сыртқы әсерді талдау


Сыртқы әсер ету факторлары және олардың көрсеткішке қол жеткізуге әсер етуі

Қабылданған іс-шаралар


Европалық экономикалық дағдарыс

«Казфосфат» ЖШС-нің 85%-дан астам химиялық өнімдері алыс және жақын шетелдерге экспортталады. Европа елдерінде дағдарыс әсерінен фосфор өнімдеріне сұраныс төмендеді, осыған байланысты оны өндіру және экспорттау көлемі азайды.

Жыл қорытындысы бойынша химия өнімдерінің нақты көлем индексі 96,3%-ды, химия өнімдерін экспорттау 5193,6 мың АҚШ долларын құрады.



Кеден баж салығы деңгейінің әсері

«Фабирка ПОШ Тараз» ЖШС-де облыста жуылған жүн өндіру үшін шикізаттың (ҰММ жүні) жетіспеушілігінен 2012 жылдың қорытындысы бойынша тоқыма өнеркәсібінің көлемі 58,1%-ға төмендегені байқалады. 2012 жылдың 25 мамырында ҚР Президентінің қатысуымен өткен №01-7.03 кеңес хаттамасына сәйкес Үкіметке бірінші кезекте отындық кәсіпорындарды жүн, ауылшаруашылығы малдарының терісін, мақта шикізатын өңдеу бойынша, оның ішінде аталмыш тауарлар экспортына кедендік баж салығын арттыру есебінен шаралар қабылдау тапсырылған.

Мақсат 4.2.2. Өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету

Өндірістің төмендеуі жұмыссыздықтың өсуі

Жаңадан құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырудағы жәрдем

Өндірістік күштердiң дамытуын және орналастыруын есепке алумен жұмыс орындарының құрылуы және олардың кадрлық қамтамасыз етуiн орындамауы аймақтық еңбек нарығында сұраным және ұсынымның дисбалансы

Сұраныс бойынша жұмыс орындарына жұмысқа орналастырудағы жәрдем

Экономикалық ахуалдың нашарлауы, жұмыссыздықтың өсуi ең төмен табысы бар тұрғындар үлесінің жоғарлауы

Маусымды және қосымша жұмыс орындарына жұмысқа орналастырудағы жәрдем

Экономикалық ахуалдың нашарлауы, әлеуметтiк шығындардың қысқаруы әлеуметтiк кернеулiктiң пайда болуы

Табысы аз және аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек және жәрдемақы төлеу

Жұмыссыздықтың өсуіне байланысты қоғамның аз қамтылған бөлігінен әлеуметтік көмек сұранушылардың өсуі мемлекеттік әлеуметтік көмек пен жұмысқа жәрдем қоғамның аз қамтылған бөлігінің өсуі

Табысы аз және аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек және жәрдемақы төлеу



5. Қаржылық қаражаттарды игеру, млн. теңге


р/с

Қаржыландыру көзі

2012 жылға

жоспар

2012 жылғы нақты

Игерілмеу себептері




Бағыт 1. Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы

1-ші бағыт бойынша қаражат қарастырылмаған




Бағыт 2. Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету




Мақсат: 4.2.1. Білім берудің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету




БАРЛЫҒЫ, оның ішінде:

11453,3

11452,9







республикалық бюджет

835,2

834,9




жергілікті бюджет

10618,1

10618,0




Мақсат: 4.2.2. Өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету




БАРЛЫҒЫ, оның ішінде:

221.8

221.8

.




республикалық бюджет










жергілікті бюджет

221.8

221.8




Мақсат 4.2.3: Мәдениетті және тілді дамыту




БАРЛЫҒЫ, оның ішінде:

88,6

88,6

Қаражат толық игерілді





жергілікті бюджет

88,6

88,6




Мақсат 4.2.4.: Бұқаралық спортты дамыту




Міндет 4.2.4.1. Бұқаралық спортты дамыту




БАРЛЫҒЫ, оның ішінде:

12.1

12.1

Қаражаттарды игеру 98,3% құрады. Игерілмеген 0,2 млн. теңге 2012 жылдың 13 желтоқсанындағы № 272 инкассалық өкімімен тыйым салынды.




жергілікті бюджет

12.1

12.1




Мақсат 4.2.5.: Мемлекет пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету




Міндет 4.2.5.1. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту, жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету




БАРЛЫҒЫ, оның ішінде:

10,0

9,5

Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген 6 миллион теңгенің 5,5 миллион теңгесі игерілді. Себебі «Мүгедек жастарға арналған әлеуметтік оңалту мәселелері бойынша мәдени-көпшілік шаралар өткізу. Соның ішінде 9 қазан мүгедектер күніне орай іс-шаралар өткізу» атты жобасына ұйымдастырылған мемлекеттік сатып алу бойынша ашық байқауға қоғамдық бірлестіктер қатысқан жоқ. Осыған байланысты, аталған лотқа бөлінген 500 мың теңге игерілген жоқ.




жергілікті бюджет

10,0

9,5




БАҒЫТ 3. Сәулеттін, қалақұрылыстың, құрылыстың және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтың дамуы




Мақсат 4.3.2: Құрылысты дамыту




БАРЛЫҒЫ, оның ішінде:

3050,0

3016,0







республикалық бюджет

1578,620

1564,377

«Догду билд» ЖШС мердігердің кінәсінан Тараз қаласында «Бәйтерек» мөлтек ауданының ішкі кварталдық жылу трассасына бөлінген 14, 243 млн. теңге игерілмеген.

Тараз қ. « Бурыл А,Б,В» алқабының су құбыры жүйелері жобаға түзету енгізілу керек, қосылатын нүктелері ескерілмеген. 2,5 млн. теңге игерілмеген.






жергілікті бюджет

1 470,695

1 450,852

Тараз қ. « Бурыл А,Б,В» алқабының су құбыры жүйелері жобаға түзету енгізілу керек, қосылатын нүктелері ескерілмеген. 0,2 млн. теңге игерілмеген.

РК-4 дан Бәйтерек мөлтек ауданына жылу трассасын тарту - 13,633 млн.теңге тендерлік үнемдеу.

ЖСҚ дайындау - 3,481 млн.теңге тендерлік үнемдеу.

Құрманғазы көшесіндегі балабақша – 0,5 орындалған актінің жоқтығы

9 қабатты 32 пәтерлі тұрғын үй (Астана м/а) -0,5 орындалған актінің жоқтығы

Жолаев көшесінің кәріз жүйесі -0,5 орындалған актінің жоқтығы-1,829 млн.теңге.






Мақсат 4.3.3. Автомобиль жолдарын және жолаушылар көлігін дамыту




Міндет 4.3.3.1. Автомобиль жолдарын дамыту




БАРЛЫҒЫ, оның ішінде:

2064,9

2064,9

Жоспарланған жұмыстар атқарылды




республикалық бюджет










жергілікті бюджет

2064,9

2064,9




ҚОРЫТЫНДЫСЫ, оның ішінде:

16900,7

16865,8







республикалық бюджет

2413,8

2399,9







жергілікті бюджет

14486,9

14465,9





6. Талдамалы жазбахат.
Мақсат 4.1.2. Прогрессивті технологияларды енгізу негізінде агроөнеркәсіп кешені салаларының көрсеткіштерін тұрақты өсіру

Ауыл шаруашылығының өнімін өндірудің НКИ 2,554,1 млн.тн. жетіп, 2011 жылмен салыстырғанда 139,2%-ға көтерілді.

Өсімдік шаруашылығының өнімі 1,781,3 млн.тн. жетті.

Мал шаруашылығының өнімі 547,8 млн.тн. жетті.



Мақсат 4.1.3. ШОБ және сауданы дамыту

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасында негізгі іс-шараларды іске асырудың нәтижесінде Тараз қаласында кәсіпкерлікті дамытуда бірталай жетістіктерге қол жетті.

Мәселен, 2012 жылдың желтоқсан айында статистика басқармасының есебі бойынша Тараз қаласында 3956 шағын (заңды тұлға) кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 2100 бірлік жұмыс жасаса, 1076 бірлік белсенді жұмыс жасайды, 122 орта кәсіпорын, 11739 жеке кәсіпкер, барлығы 12937 кәсіпкерлік тұлғалары тіркелген. Кәсіпкерлікпен қалада 42597 адам айналысады, оның ішінде 14400 адам шағын кәсіпорындарда, 11406 адам орта кәсіпорындарда, 16791 адам жеке кәсіпкерлікте жұмыс істейді. 1945 адам базарларда бір жолғы талонмен – мезеттік сипаттағы кәсіпкерлікпен айналысады 2012 жылы желтоқсан айында олармен бюджетке 25960,5 мың. тенге аударылды. 2012 жылдың желтоқсан айында болжам бойынша кәсіпкерлікте барлығы 91771,0 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, қызметі көрсетіліп, сауда айналымы жасалынды.

Мемлекеттік «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында, Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен Тараз қаласының кәсіпкерлеріне тұрақты түрде семинарлар, дөңгелек-үстелдер ұйымдастырылуда, сонымен қатар медиа-жоспарға сәйкес қала бойынша 4 билборд орналастырылып, теледидардан 3 бейне сюжет көрсетілді. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде:

2011 жылдың қорытындысы бойынша Тараз қаласынан 5189,7 млн.теңгеге 17 жоба іске асырылды.

2012 жылы Тараз қаласында 4306,8 млн. теңгеге 49 жоба қаржыландырылды. Жалпы Жамбыл облысы бойынша іске асырылып отырған жобалардың 85 % Тараз қаласына тиесілі.

2012 жылдың қаңтар-желтоқсанында бөлшек сауда айналымының көлемі 87,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,2%-ға өскен.

Мақсат 4.2.2. Өнімді жұмыспен қамтуға ықпал ету

2012 жылға жоспарланған іс-шаралар толығымен орындалды. Аталған іс-шараларды орындауға бөлінген қаражат 100% игерілді.



Мақсат: 4.2.3: Мәдениет және тілдерді дамыту

2012 жылы мәдениет бөлімімен іс-шаралар жоспары бойынша 279 187 қала тұрғындары қамтылған 401 мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді. Қаланың мәдениет саласын дамыту және қолдау мақсатында, жергілікті бюджеттен 79230,0 мың теңге бөлініп игерілді. Материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін Қалалық мәдениет үйіне 2012 жылға бөлінген 4758,0 мың теңгеге автокөлік, сахналық костюмдер, принтерлер, компьютерлер және видеокамера сатып алынды. 2012 жылы Қалалық мәдениет үйіне 5 штаттық бірлік бөлінген: мәдени ұйымдастырушы, фольклорлық ансамбль жетекшісі, Вокалдық топ жетекшісі, жастармен жұмыс істеу бөлімінің меңгерушісі, жастармен жұмыс істеу бөлімінің әдіскері. Бұл мәдениет саласының жұмысының артқандығын көрсетеді. Сахналық костюмдер сатып алу қала көлеміндегі мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу сапасының жақсаруына, сонымен қатар мәдени іс-шараларға қамтылған халық үлесінін артуына әкелді. 2012 жылы жыл сайын өткізілетін іс-шаралармен қоса, бірнеше байқаулар өткізілді:



«Менің Отаным - Қазақстан» атты патриоттық әндер байқауы, «Жас отбасы» атты қалалық байқауы, «Халқымның қасиетінен нәр алғанмын» атты қалалық жас ақындар айтысы, «Әнші балапан» байқауы, «Ел іші өнер кеніші» атты республикалық телевизиялық байқауының аясында өткен қол өнер шеберлерінің көрмесіне Аманқосов Қазым, Жексенбаев Мұрат, Сейткерім Момыш, Қоспақова Гүлнар, Бисенов Асан, Мұсаева Сәуле, Раупова Любовь, Мүгедектер қоғамы, Жамбыл гуманитарлық колледжі, Жамбыл политехникалық колледжінен суретшілер қатысты.

Сонымен қатар, Жас әнші Марат Думан - 2012 жылы - Испанияда Льорет-де- Мар қаласында өткен сегізінші Халықаралық «OPUS-2012» «Buen Viage» фестивалінде І орын алды, сол жылы Қазақ радиосы «Тамшылар» радиофестивалінің бас жүлдесіне ие болды.

Назым Нұрғазиева Турция мемлекетінде Анталия қаласында өткен Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасында фестиваль байқауға қатысып, академиялық вокал номинациясы бойынша жүлделі І орында иеленді. «Тайжарыс» байқауының жүлдегері ретінде Турция мемлекетінің Анталия қаласындағы гала концертке қатысты.

«Жас даурен» би тобы 2012 жылдың сәуір айында Росссияда Киров қаласында өткен Халықаралық «Вятская карусель» байқауында І орын алды. Осы жылдың ақпан айында Алматы қаласында өткен ІІІ Республикалық «Асыл мұра» байқауында Бас жүлде иеленді. Испанияда Барселона қаласында өткен VІІІ халықаралық жастар мен жасөспірімдер байқауында І орын алды.

«Камертон» вокал студиясының Украинада Одесса қаласында өткен «Данко-2012» байқауында Камертон квартеті І орын алды.

Шара Жиенқұлованың 100 жылдығына орай жеке бишілердің облыстық байқауына бас жүлдені Есенбекова Жанар (ТАРМУ), І орынды Мазур Милена (ТАРМПИ) жеңіп алды.

Мәдениет мекемелерінің бірнеше келелі мәселелері бар:


  • «Халықтық» және «Үлгілі» атақтарына ие болған ұжымдарға штат бірліктерінің жетіспеушілігі,

  • Жалпықалалық үлкен іс-шараларды (стадионда, ашық алаңдарда) жоғары деңгейде өткізу үшін дыбыс күшейткіш және жарықтандыру аппаратураларының сатып алу қажеттілігі.

Тілдерді дамыту:

2012 жылы Мәдениет бөлімімен «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» орындау мақсатында 17 іс-шара өткізіліп, 2300,0 мың теңге игерілді.

Мемлекеттік тілді игерген қала халқының саны көбейген, мемлекеттік мекемелердегі құжат айналымы (кіріс, шығыс хаттарымен) мемлекеттік тілде 99,5%-ға орындалды. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы бойынша мекемеде мемлекеттік тілдің орындалуын қадағалау үнемі бақылауда.

2011 жылы қала халқының 90,0 %-ы, ал 2012 жылы 95,0%-ы мемлекеттік тілді игергенін назарға ала отырып, тіл саясаты аймақта тұратын өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуіне жағдай жасауға бағытталған.

Тілдерді дамыту саласындағы келелі мәселе – мәдениет бөлімінде тіл мамандарының жетіспеушілігі.

Мақсат: 4.2.6. Мемлекет пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету

Тараз қаласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасына сәйкес Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі 2012 жылы жүйелі түрде жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда жастар саясаты мен үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында бөлінген қаржыны игеру мақсатында байқаулар ұйымдастырылып, жобалар жүзеге асырылды.

Ұйымдастырылған байқаудағы лоттар тақырыптары негізінен мемлекеттік жастар саясатынан туындайтын бағыттарды қамтыды. Жас азаматтарды мәдени, рухани тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жастардың тиімді демалысын ұйымдастыру, нашақорлықтың алдын алу, студенттік құрылыс отрядтары қозғалысын қолдау мен және т.б.

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі үкіметтік емес ұйымдар мен және қоғамдық бірлестіктермен бірігіп түрлі тақырыптарға бағытталған «дөңгелек үстелдер» мен семинарлар, акциялар мен конференциялар, лекциялар мен кездесулерді тұрақты түрде өткізді.

Бөлім бұл бағыттағы жұмыстарды биылғы жылы да жалғастыратын болады.

1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет