|
Мақсат 4.2.5.: Мемлекет пен ұлттардың бірлігін одан ары нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
|
|
Міндет 4.2.5.1. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту, жастарға мемлекеттік қолдау көрсетуді қамтамасыз ету
|
|
Мемлекеттік, әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу
|
есеп
|
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
|
2011-2015жж
|
2012 жылға мемлекеттік, әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуына 6 миллион теңге бөлініп, жастар қоғамдық бірлестіктерінің 9 әлеуметтік маңызды жобасы жүзеге асырылды. Маңызды жобалар аясында жоспарға сәйкес әртүрлі іс - шаралар ұйымдастырылды.
|
|
Жастар орталығының жұмысын қамтамасыз ету
|
есеп
|
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
|
2013-2015жж
|
Жастар саясаты мәселесінің әлеуметтік маңыздылығын ескере келе, олармен жұмыс жүргізуді үйлестіретін мекеме «Тараз жастар орталығы» ашылды және оның жұмысын жүргізуге 21 миллион 800 мың теңге бөлінді.
|
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін жастар арасында насихаттауға арналған іс-шаралар ұйымдастыру
|
есеп
|
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
|
2013-2015жж
|
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін жастар арасында насихаттауға байланысты жастар саясатын қолдауға қалалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен 500 теңге қарастырылды. Наурыз айында аталған қаржыны игеру мақсатында мемлекеттік сатып алу бойынша ашық байқау жарияланады. Байқау жеңімпазы жоспарға сәйкес жұмыс жүргізетін болады.
|
|
Жастар арасында құқық бұзушылық және қараусыз қалудың алдын алу бойынша психологиялық қызмет және сенім телефоны жұмыстарын ұйымдастыру
|
есеп
|
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
|
2012-2015жж
|
2012 жылы Тараз қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мақсатында қалалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен жастар арасындағы құқық бұзушылық және қараусыз қалудың алдын-алу бойынша психологиялық қызмет және сенім телефоны жұмыстарын ұйымдастыруға 1 000 000 теңге бөлінді. Аталған қаржыны игеру мақсатында мемлекеттік сатып алу бойынша ашық байқау жарияланып, үстіміздегі жылдың мамыр айында «Бақытты отбасы – Счастливая семья» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып танылды.
2012 жылғы 27 шілде күні Төле би даңғылы, № 48 мекен-жайында жасөспірімдер мен жастарға психологиялық көмек көрсету орталығының салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылып, сенім телефоны орнатылды. Жыл соңына дейін 25 жасөспірімге жеке кеңес беріліп, 834 жасөспіріммен топтық жұмыс жүргізіліп, 19 жасөспірімге сенім телефоны арқылы психологиялық көмек көрсетілді.
|
|
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру
|
есеп
|
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
|
2012-2015жж
|
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру мақсатында жастар саясатын іске асыру мақсатында қалалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 500 мың теңге қарастырылды. Аталған қаржыны игеру мақсатында мемлекеттік сатып алу бойынша ашық байқау жарияланып, үстіміздегі жылдың мамыр айында «Жастар авиациялық орталығы» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанып, жоспар бойынша жұмыстар жүргізді.
|
|
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу
|
есеп
|
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
|
2012-2015жж
|
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізу мақсатында жастар саясатын іске асыру мақсатында қалалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен 500 мың теңге қарастырылды. Аталған қаржыны игеру мақсатында мемлекеттік сатып алу бойынша ашық байқау жарияланып, үстіміздегі жылдың мамыр айында «Оңтүстік арылу» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз атанып, жоспар бойынша жұмыстар жүргізді.
|
|
Жастарды ұлттық құндылықтарға баулу және зиялы қауым мен жастар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған іс – шаралар ұйымдастыру
|
есеп
|
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
|
2013-2015жж
|
Жастарды ұлттық құндылықтарға баулу және зиялы қауым мен жастар арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған іс – шаралар ұйымдастыру мақсатында жастар саясатын қолдауға қалалық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен 500 теңге қарастырылды. Наурыз айында аталған қаржыны игеру мақсатында мемлекеттік сатып алу бойынша ашық байқау жарияланады. Байқау жеңімпазы жоспарға сәйкес жұмыс жүргізетін болады.
|
|
«Қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсету»
|
есеп
|
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
|
2012-2015 жж
|
2012 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілген тақырыпты іске асыру мақсатында 500 000 теңге қаражат қарастырылып бөлінген.
Аталған жобаны іске асыру барысында қала тұрғындарына құқықтық көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылып, 27 адамқа құқықтық кеңес берілген.
Бұдан басқа бірқатар еңбек ұжымдары мен аумақ тұрғындар арасында кездесулер ұйымдастырылған.
«Зағиптар қоғамы» ҚБ, «Тараз су» МКМ, «КазТрансГазАймак» АҚ, Сулейменов және Бөлтірік Шешен көшелерінің тұрғындары арасында. Плакат пен парақшалар дайындалып таратылды.
|
|
«Тараз қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру»
|
есеп
|
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
|
2012-2015 жж
|
2012 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілген тақырыпты іске асыру мақсатында 500 000 теңге қаражат қарастырылып бөлінген.
Аталған жобаны іске асыру барысында арнайы кабинет және сенім телефоны ашылған болатын.
Жүгінген қала тұрғындарына заңгерлік және психологтядық көмек берілді.
Жобаны іске асырудағы жұмысты жүйелі жоспарлау және қорытындысын талдау мақсатында тұрмыстық зорлық зомбылық тақырыбына 2 сауалнама арқылы әлеуметтік зерттеулер өткізілді.
Бұдан басқа да бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді, олар: кездесулер, «Дөңгелек үстел» отырыстары, семинарлар мен кеңестер, қайырымдылық акциялар т.б.
Плакат, парақшалар, стикерлер мен күнтізбеліктер дайындалып таратылды.
Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат БАҚ-да кеңінен жарияланды.
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің жылсайынғы Жолдауын түсіндіру және насихаттауға арналған мақсатты іс-шаралар ұйымдастыру
|
есеп
|
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
|
2011-2015 жж
|
2012 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілген тақырыпты іске асыру мақсатында 500 000 теңге қаражат қарастырылып бөлінген.
Аталған жобаны іске асыру мақсатында қаланың белсенді азаматтарынан, кварталдық комитеттердің басшыларынан құрылған ақпараттық-насихаттық топтар жұмыс атқарды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жылсайынғы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында қала тұрғындары арасында кездесулер, «Дені сау ұрпақ-Ел болашағы» спорттық іс-шарасы, «Жастар қолдайды» атты флеш-моб, «Қазақстан – 2020: бағыттары мен жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел.
|
|
Гендерлік теңшілікті күшейту
|
|
«Тараз қаласында Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік Стратегиясын іске асыру мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастыру»
|
есеп
|
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
|
2011-2015 жж
|
2012 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде көрсетілген тақырыпты іске асыру мақсатында 500 000 теңге қаражат қарастырылып бөлінген.
Аталған жобаны іске асыру барысында 4 дөңгелек үстел отырысы, 4 семинар, Балаларды қорғау күніне арналған 1 мерекелік іс-шара, 1 тренинг-парктикум, 1 спорттық іс-шара және әлеуметтік зерделеу жұмыстары жүргізілді.
|
|
БАҒЫТ 3. Сәулеттін, қалақұрылыстың, құрылыстың және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтың дамуы
|
|
Мақсат 4.3.1: Құрылысты дамыту
|
|
Тұрғын үй құрылысы жинақ банкісі арқылы пайдалануға берілетін 5,9 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз ету
|
|
Мемлекеттік қабылдап алу актісі
|
Тараз қаласы әкімімдігінің құрылыс бөлімі
|
5,994 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй пайдалануға берілді.
|
|
7,5 мың шаршы метр арендалық арналған тұрғын үйдің пайдалануға тапсырылуын қамтамасыз ету
|
|
Мемлекеттік қабылдап алу актісі
|
Тараз қаласы әкімімдігінің құрылыс бөлімі
|
8,7 мың шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға берілген.
|
|
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салу және (немесе) сатып алу
|
|
Мемлекеттік қабылдап алу актісі
|
Тараз қаласы әкімімдігінің құрылыс бөлімі
|
Бөлінген қаражат 99,1% орындалды. «Догду билд» ЖШС мердігердің кінәсінан Тараз қаласында «Бәйтерек» мөлтек ауданының ішкі кварталдық жылу трассасына бөлінген 14, 243млн. теңге игерілмеген.
|
|
Мақсат 4.3.2. Автомобиль жолдары және көлік инфрақұрылымын дамыту
|
|
Міндет 4.3.2.1. Жіргілікті мәндегі автомобиль жолдары
|
|
Күрделі жөндеу
|
Есеп беру
|
«Тараз қаласы әкімдігінің ТЖКШ, ЖК және АЖ бөлімі» КММ
|
2011-15 жж.
|
2012 жылы жол жөндеу жұмыстарына жалпы барлығы 1 827 101,88 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыға Төле би даңғылы (Тәуке хан көшесінен Сыпатай батыр көшесіне дейін) - 2,12 км, Жамбыл даңғылы (автобекеттен айналма жолға дейін) - 5,0 км, «Достық» алаңы, Абай даңғылына (Балуан Шолақ көшесінен Ы. Сүлейменов көшесіне дейін) күрделі жөндеуден өтркізілді. Сонымен қатар келесі көшелер бойынша орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді: Бөлтірік Шешен көшесі - 1,52 км., Қосы батыр көшесі (Ш. Руставели көшесінен Сәтпаев көшесіне дейін -1,469 км, Сухамбаев көшесі - 2,2 км, Жолаев көшесі - 1,3 км, Сорокин көшесі - 1,12 км, Байзақ батыр 1-ші бұрылысы - 1,133 км, Центральная 1-ші бұрылысының жалғасы - 1,56 км, Аппасов көшесі - 0,85 км, Маяковский көшесі - 1,72 км, Асқаров көшесінің кеңейту жұмыстары - 0,65 км, Лесная көшесі - 0,65 км, Пушкин көшесі - 1,2 км, Сеченов көшесі - 0,75 км, Талас көшесі – 2,5 км, Құлжабаев көшесі – 0,75 км, Рахмати көшесі - 1,05 км, Сырым Датұлы көшесі – 0,273 км. Барлығы жөндеу жұмыстарымен - 34,5 км. жолдар өалпына келтірілді. Сонымен қатар қала көшелерінің ағымды жөндеу жұмыстарына 59 000,00 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілі.
|
|
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасы етуді ұйымдастыру
|
Есеп беру
|
«Тараз қаласы әкімдігінің ТЖКШ, ЖК және АЖ бөлімі» КММ
|
2011-15 жж.
|
2012 жылы қалада 109 бағдаршам нысаны пайдаланылуда. Оларды техникалық қалыпты жағдайда ұстау үшін және жол көлік апаттарының салдарын жоюмен 4 бригада айналысады. 70 дана көліктік және 40 дана жаяу жүргіншілер лампалы бағдаршам нысандарына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп жарық диодтыларға ауыстырылып, уақытты кері есептейтін 10 дана таймерлер қосымша орнатылды. Жол полиция басқармасының тапсырмасымен қалада 371 жарық шағылыстырғыш жол белгілері орнатылды. Жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 1500 м. жолаушы қоршауы (перильное ограждение) жөнделіп қалпына келтірілді. Қаланың барлық көшелеріне 33 992,4 м2 көлемінде көлденең жол жолағы жасалынды. 100 м2 көлемінде суық пластиктан жүргіншілерге арналған жол өткелі орнатылған. 258,54 м. жасанды жол бөгеттері «лежачий полицейский» орнатылды
|