Бағдарламасының (Syllabus) пму ұс н 18. 2/06 Титульдык парағы



жүктеу 153.46 Kb.
Дата17.06.2016
өлшемі153.46 Kb.


Пәні бойынша Нысан

Бағдарламасының (Syllabus) ПМУ ҰС Н 7.18.2/06

Титульдык парағы



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия, машина жасау көлік факультеті
Көлік техникасы және логистика кафедрасы

5В080200 – «Зоотехния» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған

«Мал шаруашылығы өнімдерін өндеруді механикаландыру»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Павлодар
Мал шаруашылығын Нысан

механикаландыру және ПМУ ҰС Н 7.18.1/08

электлендіру пәннің (Syllabus)

бекіту парағы
БЕКІТЕМІН

ОЖ-ның проректоры

__________ Н. Э. Пфейфер

«__» _________ 20__ж.

Құрастырушы: аға оқытушы С. М. Шамгунов

«Көліктік техника және логистика» кафедрасы


5В080200 – «Зоотехния» мамандығының оқу нысандарға студенттерге арналған

«Мал шаруашылығы өнімдерін өндеруді механикаландыру» пәні бойынша


пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама «____» _________,20__ж. Бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20__ж. «___»________________ Кафедра отырысында ұсынылған №_____хаттама
Кафедра менгерушісі_______________Е. К. Ордабаев «__» ______ 20__ ж.

ОӘК төрағасы ___________ Ж.Е.Ахметов.



Пәннің оқу процесінде алатын орны, мақсаттары мен міндеттері
Пәннің мақсаты: студенттерге «көлік құралдарының қауіпсіздігі» пәні көлік құралдарының құрылымдық қауіпсіздігі түрлері, мәні жайлы түсінік береді. Көлік құралдарының қоршаған ортаға кері әсерін зерттеп, зиянын азайту арқылы экологиялық проблемаларды шешу жолдарын және «Көлік- қоғам- қоршаған орта» жүйесінде өзара әсерлесу заңдылықтары негіздерін үйретеді. Пәнді оқыту мақсаты – студенттерде автомобильдердің конструктивті қауіпсіздігі саласында ғылыми жүйелер мен кәсіби білімдер және дағдылар қалыптастыру. Пән көлік құралдарының қауіпсіздігін, оларды пайдалану кезінде қамтамасыз ететін конструктивтік және пайдаланушылық кешенін аша түседі.
Пәнді оқыту міндеттері

«Көлік құралдарының қауіпсіздігі» пәні 050901 «Көлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша инженерлер дайындауда кәсіби пәндердің біріне жатады.

Ол шетелдегі автомобиль өндірісінің жалпы тәжірибесіне, жоғары оқу орындары мен ғылыми – зерттеу институттарының ғылыми - әдістемелік жұмыстарына және де іс жүзіндегі нормативтік құжаттарға негізделген.

Пәнді оқытуда шешілетін мәселелер 050901 «Көлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының біліктілік сипаттамасында қарастырылған талаптарға сәйкес анықталған. Пәнді оқыту нәтижесінде студент автомобильдің активтік, пассивтік, апаттан соңғы және экологиялық қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін көлік құралдарының конструктивтік ерекшеліктерін, қауіпсіздікке байланысты жылжымалы құрамның даму тенденцияларын, құралдар мен құрылғылардың қауіпсіздікке байланысты инжеренлік есептеулерін, берілген саладағы алдыңғы қатарлы тәжірибе мен нормативті құжаттарды білуі тиіс.

Курстың негізгі қарастыратын мәселелері ретінде шет елдік және ресейлік мамандардың ғылыми зерттеулері, халықаралық және отандық нормативтік документтер, сонымен қоса Қазақстан Республикасы ІІМ-нің жол полициясы басқармасында жинақталған практикалық тәжірибелері пайдаланылады. Курсты оқыту 050901 «Көлікті пайдалану және жол қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығының оқу жоспарына кіретін арнайы пәндері мен жалпы инженерлік курсқа негізделген.
Пәннің пререквизиттері

Жоғары математика, автокөліктер құрылысы, көлік ағынының сипаттамалары, көлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігі,автомобиль жолдары.



Пәннің тақырыптық жоспары




Ф СО ПГУ 7.18.2/07

ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ


п/п


Тақырып атауалары

Сағат саны

Дәріс

Тәж

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Кіріспе

1







2

Автомобильдің белсенді қауіпсіздігі

1

1

6

3

Автомобильдің жалпы құрастырғыш компоненттері

1

1

6

4

Автомобильдің динамикасы

1

11

6

5

Орнықтылық, басқарылғыштық және автомобиль жүрісінің жайлылығы. Аударылу және сырғанап ауытқу шарттарындағы шекті жылдамдық

2

1

6

6

Автомобиль шиналары

1




6

7

Автомобильдің ақпараттылығы

1




6

8

Жүргізушінің жұмыс орны

2




6

9

Автомобильдің ырықсыз қауіпсіздік

2

1

6

10

Апаттан кейінгі қауіпсіздік

1




4

11

Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігі

1




4

12

Қауіпсіз автомобильдің тәжірибелік құрылысы

1




4

Барлығы:

15

15

60


Дәріс сабақтарының мазмұны
Тақырып 1 Кіріспе.

Курстың талабы мен мақсаты. Курстың практикалық бағыты және оның басқа пәндермен байланысы. Автомобиль көлігіндегі апаттылық. Жол көлік оқиғалары жайлы түсінік және оның фазалары. Көлік құралдарының құрылымдық қауіпсіздігі, оның ғылыми техникалық жетістіктерімен байланысы және жол қозғалысы қауіпсіздігі проблемаларындағы алатын орны. Нормативті документтер, автомобильдердің құрылымдық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.



Тақырып 2 Қауіпсіздіктің түрлері. Автомобильдің негізгі эксплуатациялық қасиеттері. Автомобиль көлік ағынының негізгі элементі.

Автомобиль – көлік ағынының негізгі элементі. Автомомбильдің қауіпсізідігін анықтайтын қауіпсіздіктің кешенді бағалануының қажеттілігі. Автомобиль көлік ағынының негізгі элементі.



Тақырып 3 Автомобильдің жалпы құрастырғыш компоненттері

Автомобильдің геометриялық және құрасьырушылық параметрлері (габариттік өлшемдер, база, бұрылыс радиусы) және олардың қозғалыс қауіпсіздігіне әсері. Автомобильдің салмақтық парометрлері (жеке және жалпы салмақ, салмақтың көпірлер бойынша таралымы), ауырлық центрінің биіктігі және олардың қозғалыс қауіпсіздігіне әсері, жол жамылғысының жұмыс істеу мерзімі. Оське түсетін жүктемелерге бақылау жасау.



Тақырып 4 Автомобиль динамикасы.

Тартымдылығы, максимал орташа жылдамдық, үдеуі, басып озу жолы, уақытының қозғалыс қауіпсіздігіндегі мәні. Басып озудағы қауіпсіздік. Тежеу динамикасы. Маталуға қарсы жүйелер. Тезникалық күйінің қауіпсіздікке әсері. Тарту және тежеу динамикасын арттыру жолдары. Автомобильдің тартымдық динамикалылығы және оның қозғалыс қауіпсіздігі үшін маңызы. Автомобильдің максимал орташа жылдамдығы, үдеуі, басып озу жолы және уақыты. Басып озу кезіндегі қауіпсіздігі және оның классификациясы. Аяқталған және аяқталмаған басып озулар. Автомобильдің тежеулік динамикалары және оның қауіпсіздігі үшін маңызы. Тежеу динамикалылығының өлшегіштері мен көрсеткіштері. Максимал және орташа баяулатқыш, автомобильдің тежеу және тоқтау жолдары. Тежеу тиімділігінің нормативтері. Максимал қауіпсіздік арақашықтығы. Тежеу күшінің өзара бөлінуі. Сулы немесе тайғақ бетте тежеуді іске асыру. Шиналарды аквапландау процесі. Мұздағы тежеу. Автомобильдің тежеу күштерін автоматтық реттеу. Тежеудің техникалық жағдайының қауіпсіздікке әсері. Тартымдық және тежеу динамикалылығын арттыру жолдары.



Тақырып 5 Орнықтылық, басқарылғыштық және автомобиль жүрісінің жайлылығы.

Автомобиль орнықтылығы және оның қауіпсіздік үшін маңызы. Орнықтылықтың өлшеуіштері мен көрсеткіштері. Автомобильдің басқарымдылығы және оның қауіпсіздік үшін маңызы. Басқарымдылықтың өлшеуіштері мен көрсеткіштері. Бүйірлік жел әсеріндегі орнықтылық пен басқарымдылық. Автомобильдің бірқалыпты жай жүрісі және оның қауіпсіздік үшін маңызы, оның өлшеуіштері мен көрсеткіштері. Жол бетінен доңғалақтардың ажырау шарттары. Автомобильдің техникалық жағдайының орнықтылыққа, басқарымдылыққа және бірқалыпты жүруінің әсері және осы қасиеттерді арттыру жолдары.



Тақырып 6 Автомобиль шиналары.

Шиналардың негізгі конструктивті параметрлері және олардың қауіпсіздікке әсері. Пайдалану кезінде шиналардың пайдаланушылық қасиеттерінің өзгеруі. Шиналардың қауіпсіздігін арттыру үшін жасалатын конструктивтік шаралар. Сырғанауға қарсы жасалған шиналарды пайдалану.



Тақырып 7 Автомобильдің ақпараттылығы.

«Жүргізуші – автомобиль - жол» жүйесіндегі ақпарат көздері және қабылдағыштар. Ақпараттық автомобильдің активтік қауіпсіздігінің бір элементі есебінде. Ішкі шолушы ақпараттылық. Жарық қайтарғыштар және олардың сипаттамасын нормалау. Автомобильді автономды жарықтандыру жүйесі. Бас фаралардың жарық – техникалық сипаттамаларын нормалау. Қашық жарық. Жылдам жарық. Тұманға қарсы жарық. Қала жарығы, автомобильдің артқы жүрісінің жарығы. Бас фаралардың құрылысы. Жарық көздері. Автомобильді автономды жарықтандыру жүйесіне қойылатын пайдалану – техникалық талаптар. Автомобильдің сыртқы жарық беру жүйелері.


Тақырып 8 Жүргізушінің жұмыс орны.

Жүргізушінің жұмыс орнының параметрлері және олардың қозғалыс қауіпсіздігі үшін маңызы. Бақылау - өлшеу аспаптары, оларға қойылатын талаптар, осы талаптарды реттеп отыратын құжаттар. Автомобильдің көрініміділігі және оны анықтау әдістері. Жүргізуші орнынан айқын көрішілікке қойылатын талаптарды анықтайтын құжаттар. Автомобиль әйнектерін үрлеу және тазалау жүйелері. Артқы жақтағы әйнектер, олардың саны және орналастыру орны. Автомобиль орындығы. Жүргізушінің жайлы отыруының жұмыс қабілеттілікке және шаршауға әсері. Әртүрлі типтегі автомобиль орнықтылығына қойылатын талаптар. Басқару органдары және оларға қойылатын талаптар. Жүргізуші орнының микроклиматы (температура, ылғалдылық, шу, діріл, газдану дәрежесі т.б.). Автомобильдің техникалық жағдайының жүргізуші жұмысына әсері. Жүргізушінің жұмыс орны параметрлерін жаңарту жолдары.



Тақырып 9 Автомобильдің пассивтік қауіпсіздігі.

Автомобильдің пассивтік қауіпсіздігі және оның өошеуіштері мен көрсеткіштері. ЖКО кезінде қозғалысқа қатысушылардың жарақат алуы және автомобильдің зақымдалуы. Соқтығысулар классификациясы. Соққы түрлері. ЖКО кезінде жарақат түрлері және олардың шығу көздері. Пассивтік қауіпсіздік жүйесінің классификациясы. Автомобильдің ішкі пассивтік қауіпсіздігі. Өмір сүру кеңістігі. Антропометрия және толеранттық, ұстап тұратын қорғау құралдары және оларға қойылатын талаптар. Қауіпсіздік белдігі және қауіпсіздік жастығы, қауіпсіз орындықтар. Салон ішіндегі жарақатқа қауіпті бөлшектерді жою. Қауіпсіз рульдік басқарулар. Автомобильдің сыртқы пассивтік қауіпсіздігі. Жүк және жеңіл машиналардың соқтығысуы. Жаяуларды басып кету. Автомобильдің типі мен кузов формасының жаяулардың жарақат алу деңгейіне әсері. Автомобильдің сыртқы пассивтік қауіысіздігін арттырудың конструктивті шаралары. Энергия жұтқыш бамперлер және олардың құрылысы. Пассивтік қауіпсіздікке сынақтар өткізу. Автомобильдің техникалық жағдайының пассивтік қауіпсіздікке әсері және пассивтік қауіпсіздігін арттыру жолдары.



Тақырып 10 Автомобильдің апаттан соңғы қауіпсіздігі.

ЖКО-дан соң автомобильден адамдарды эвакуациялау. Автомобиль кузовы конструкциясының эвакуациялауға әсері. Автомобильдің өртке қарсы қауіпсіздігі. Өрт сөндірудің автоматтандырылған жүйелері. Автомобильдің конструкциясына арнайы қауіпсіз материалдарды қолдану. Суға кеткен автомобильден адамдарды эвакуациялау. Автомобильдің техникалық жабдығының апаттан соңғы қауіпсіздікке әсері және оны арттыру жолдары.



Тақырып 11 Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігі.

Адамның қоршаған ортасына автомобильдің әсері. Қалалардағы шудың адамға әсер етуінің классификациясы. Шу сипаты және олардың нормалау принциптері. Автомобильдің шу сипаттамаларына қойылатын талаптарды реттейтін құжаттары. Шу сипаттамаларын анықтау әдістері. Автомобиль шуымен күресудің негізгі бағыттары. Зиянды заттардың шектеулі рұқсат етілетін концентрациясы. Автомобильдегі теле және радиокедергілер және оларды жою жолдары. Автомобильдің техникалық жағдайының экологиялық қауіпсіздікке әсері және оны арттыру жолдары.



Тақырып 12 Экспериментті қауіпсіз автомобильдің құрылымы.

Қауіпсіз автомобиль жасаудың негізгі бағыттары. Активтік қауіпсіздіктк арттыратын автоматтық құрылғылар. Қауіпсіз қашықтықты сақтап отыруға әсер ететін радиолокациялық жүйелер. Тұрақты белгілі бір жылдамдықты сақтап отыратын автоматтық құрылғылар. Пассивтік қауіпсіздікті арттыратын автоматтық құрылғылар. Қауіпсіз автомобильдер құрылымының үлгілері.


Тәжірибелік сабақтардың мазмұны
Тақырып 2 Қауіпсіздіктің түрлері. Автомобильдің негізгі эксплуатациялық қасиеттері. Автомобиль көлік ағынының негізгі элементі.

Тәжірибелік жұмыс №1 Белсенді қауіпсіздік.



Тақырып 3 Автомобильдің жалпы құрастырғыш компоненттері

Тәжірибелік жұмыс №2 Автомобильдің салмақтық параметірін анықтау.



Тақырып 4 Автомобиль динамикасы.

Тәжірибелік жұмыс №3 Соқтығысу жылдамдығына тәуелді есептеу автомобильінің деформациясын есептеу.

Тәжірибелік жұмыс №4 Соқтығысу жылдамдығына тәуелді есептеу автомобильінің деформациялану уақытың есептеу.

Тәжірибелік жұмыс №5 Уақыт ішінде есептеу автомобильінің деформацияның өзгерісін есептеу.

Тәжірибелік жұмыс №6 Уақыт ішінде есептеу автомобильінің жылдамдық өзгерісін есептеу.

Тәжірибелік жұмыс №7 Уақыт ішінде есептеу автомобильінің бәсендеуін есептеу.

Тәжірибелік жұмыс №8 Есептеу автомобильінің бәсендеу жылдамдығын есептеу.

Тәжірибелік жұмыс №9 Бәсендеу өзгерісіне тәуелді есептеу автомобильінің деформациясын есептеу.

Тәжірибелік жұмыс №10 V* = 0 кезінде соқтығысу жылдамдығына тәуелді адамның орын өзгертуін есептеу.

Тәжірибелік жұмыс №11. Уақыт ішінде адамның орын өзгертуін есептеу.

Тәжірибелік жұмыс №12 Адамның орын өзгертуі жылдамдығын есептеу.

Тәжірибелік жұмыс №13 Адамның орын өзгертуі кезінде бәсендеуді есептеу. Адамның орын өзгертуі кезінде бәсендеу жылдамдығын есептеу.



Тақырып 5 Орнықтылық, басқарылғыштық және автомобиль жүрісінің жайлылығы.

Тәжірибелік жұмыс №14 Автомобильдің басқарулығын есептеу.



Тақырып 9 Автомобильдің пассивтік қауіпсіздігі.

Тәжірибелік жұмыс №15 Ырықсыз қауіпсіздік. Автомобильдер соқтығысу процесін анализдеу.



Студенттердің өздік жұмыстарының мазмұны

Тақырып 2 Қауіпсіздіктің түрлері. Автомобильдің негізгі эксплуатациялық қасиеттері. Автомобиль көлік ағынының негізгі элементі.

Тапсырма 1 Автомобиль – көлік ағынының негізгі элементі.[1] [3] [9]



Тақырып 3 Автомобильдің жалпы құрастырғыш компоненттері

Тапсырма 2 Жол бетінен доңғалақтардың ажырау шарттары. Автомобильдің техникалық жағдайының орнықтылыққа, басқарымдылыққа және бірқалыпты жүруінің әсері және осы қасиеттерді арттыру жолдары.[1] [5] [6] [7]



Тақырып 4 Автомобиль динамикасы.

Тапсырма 3 Тежеудің техникалық жағдайының қауіпсіздікке әсері. [1] [6] [7]



Тақырып 5 Орнықтылық, басқарылғыштық және автомобиль жүрісінің жайлылығы.

Тапсырма 4 Автомобиль орнықтылығы және оның қауіпсіздік үшін маңызы. [6] [7]



Тақырып 6 Автомобиль шиналары.

Тапсырма 5 Шиналардың қауіпсіздігін арттыру үшін жасалатын конструктивтік шаралар.[1] [5] [7]



Тақырып 7 Автомобильдің ақпараттылығы.

Тапсырма 6 Автомобильдің сыртқы жарық беру жүйелері. [1] [4]



Тақырып 8 Жүргізушінің жұмыс орны.

Тапсырма 7 Жүргізуші орнынан айқын көрішілікке қойылатын талаптарды анықтайтын құжаттар. [1] [6] [7] [9]



Тақырып 9 Автомобильдің пассивтік қауіпсіздігі.

Тапсырма 8 Қауіпсіздік белдігі және қауіпсіздік жастығы, қауіпсіз орындықтар.[1] [2] [8]



Тақырып 10 Автомобильдің апаттан соңғы қауіпсіздігі.

Тапсырма 9 Автомобильдің техникалық жабдығының апаттан соңғы қауіпсіздікке әсері және оны арттыру жолдары [1] [4] [6] [8]



Тақырып 11 Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігі.

Тапсырма 10 Автомобильдің техникалық жағдайының экологиялық қауіпсіздікке әсері және оны арттыру жолдары.[1] [5] [8]



Тақырып 12 Экспериментті қауіпсіз автомобильдің құрылымы.

Тапсырма 11 Активтік қауіпсіздіктк арттыратын автоматтық құрылғылар. [1] [8]




Мамандықтың оқу жұмыс жоспарынан көшірме



Нұсқа

Ф СО ПГУ 7.18.1/10



Мамандықтың оқу жұмыс жоспарының көшірмесі

050901“Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру”



Пәні: «Көлік құралдарының қауіпсіздігі»




Оқу түрі

Бақылау түрі

Оқушылардың жұмыс көлемі,(сағ)

Курстар және семестрлер бойынша сағ.бөлу

емт

барлығы

дәріс

зерт

СӨЖ

бар

Ауд

СОӨЖ

СӨЖ

1

Күндізгі оқу базасында

4

90

30

30

60

4 семестр

15

15

60



Әдебиеттер

Негізгі:

1 Афанасьев Л.И., Дьяков А.Б., Илларионов В.А. Конструктивная безопасность автомобиля.–М: Машиностроение, 1983.–216с.

2 Иванов В.Н., Лялин В.А. Пассивная безопасность автомобилей.– М: Транспорт, 1984.–304с.

3 Клинковштейн Г.И. Организация дорожного движения. М: Транспорт, 1997.–240с.

4 Илларионов В.А. Экспертиза дорожно–транспортных происшествий.–М: Транспорт, 1989.– 304с.

5 Техническая эксплуатация автомобилей. Изд.3–е Под ред. Кузнецова Е.С. –М: Транспорт, 1991.– 416с.


Қосымша:

6 Вишняков Н.Н. и др. Автомобиль (основы конструкции). – М: Машиностроение, 1989.–307с.

7 Осепчугов В.В., Фрумкин А.К. Автомобиль (анализ конструкции). М: Машиностроение, 1989.– 304с.

8 Талиций И.И., Чугуев Ю.Ф. Безопасность движения на автомобильном транспорте. Справочник. – М: Транспорт, 1988.– 160с.



9 Коноплянко В.И. Организация дорожного движения. – М: Транспорт, 1990.–212с.



©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет