Багратион ауылдық округі әкімінің 2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі



Дата24.02.2016
өлшемі43.27 Kb.
#14383
Багратион ауылдық округі әкімінің

2013 жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі


  1. 2013 жылға көзделген бюджет қаражаты 100 пайыз меңгерілді

  2. Аудан Әкімінің тапсырмасына сәйкес 26 қыркүйек пен 26 қазан аралығында ауылдық округті санитарлық тұрғыдан тазарту және аймақты жақсарту айлығы өткізілді. Ең басты міндет әрбір тұрғын үйдің,ауланың, мекемелер мен ұйымдардың жанын тазарту болды. Аптаның әрбір бейсенбісі «Таза бейсенбі» болып жарияланды.Санитарлық тазалау шарасына ауылдық әкімшіліктің қызметкерлері, мектеп, бала бақша қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен аймақтың шаруа қожалығының мүшелері, ауылдық дәрігерлік амбулатория қызметкерлері мен Ардагерлер Кеңесі, Әйелдер Кеңесінің мүшелері атсалысты. 2013 жылы Привольное ауылында жаңа су құбыры салынып, іске қосылды. Су көлемі 300 куб. Жаңадан 6 жұмыс орыны ашылды.

  3. Мал сою цехы «Багратион-2» шаруа қожалығы жанында жұмыс істейді. Сою цехының қызметін қажеттіліктеріне байланысты ауыл жұртшылығы пайдаланады.

Сондай-ақ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Багратион-2» ШҚ-ның басшысымен 0,8 шақырым болатын «Привольное-Митрофановка» жолын жөндеу мемарандумы бекітілді. Жоба құны-6 000 000 теңге, сараптама-1 000 000 теңге, жалпы құны 7 000 000 теңге, сонымен қатар ауылдық аймақта әртүрлі іс шараларды өткізуге жалпы құны 4 000 000 теңгенің мемарандумы бекітілді.

  1. 2013 жылдың 26 желтоқсанына «Багратион-2» шаруа қожалығының ірі қара мал басы-3241, жеке тұрғындарда-1579 бас, олардың ішінде сиыр саны-700, ұсақ мал басы-2115, жылқы саны-364, шошқа-127.

  2. 2013 жылы 173516 теңгенің мүлік салығы жиналды, бұл дегеніміз жоспар 100 пайызға орындалды деген сөз.

  3. Ауыл тұрғындарына 5 медициналық қызметкер қызмет көрсетеді, оның құрамында 1 дәрігер және 4 орта медициналық персонал бар.2 медициналық мекеме бар: 1 ауылдық дәрігерлік амбулатория, және Митрофановка ауылында 1 фельдшерлік мекеме. Дәрігерлік амбулаторияда бір санитарлық көлік бар. 2013 жылы медициналық көмекке 1400 адам жүгінген, олардың 284-не үйде көмек көрсетіліп,16 науқасқа жедел медициналық көмек шақыртылған.2013 жылы сәбилер өлімі тіркелмеген. Науқастардан медицина қызметкерлерінің жұмыстарына шағым жоқ. Өткен жылда ауылдық аймақта 19 сәби дүниеге келсе, 15 адам қайтыс болған. 2013 жылы Привольное ауылында медициналық-құтқару нүктесі ашылды.

  4. Ауыл аймағында 2 жол бойындағы дәмхана бар, «Мұқбал» және «Адина». 15 дүкен, 4 қайта өңдеу цехы бар.

  5. Лут атындағы орта мектепте 61 оқушы білім алады, мектепалды даярлық тобында-6 бала, шағын орталықта-17 бүлдіршін тәрбиеленуде. 2012-2013 оқу жылында ҰБТ сапасы-72 пайызды құрады. Привольное орта мектебінде 181 оқушы білім алуда, олардың 21-і мектепалды даярлық тобында. «Колосок» бала бақшасында 2-5 жас аралығында 75 бүлдіршін тәрбиеленуде. 180 орындық жаңа мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілуде. ҰБТ көрсеткіші-57 пайыз.

  6. Шаруа субъектілерімен инфляцияны тұрақтандыру мақсатында тауарларға он пайыздық қосылым жасауға мемарандум бекітілді. Әкімшілік мамандары күнделікті халық тұтынатын қажетті тауарлар бағаларының мониторингі жүргізіліп отырылады.

  7. Мал басы есеп құжаттарына 100 пайыз сәкес келеді.

  8. Привольное ауылында барлық санитарлық талаптарға сай тіркелген мал жерлеу орыны бар.

  9. 1 қаңтар мен 1 шілде 2013 жылға электронды шаруашылық кітаптары толтырылған-500 парақ (Привольное-381, Митрофановка-119). Енгізілген- 24 ш/қ. Қазіргі уақытта шаруашылық кітапқа енгізу мақсатында 1 қаңтар 2014 жылға барлық тұрғын аулаларын аралаудамыз.

  10. 2014 жылы ауылдық аймақта жерлерді түгендеу жұмыстары жалғастырылады.

  11. Қылмыстың алдын алуға және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ауылда 1 учаскелік инспектор жұмыс істейді. Полиция инспекторы Е.Макановтың қарамағына Привольное, Митрофановка ауылдық аймақтары енеді. Қызмет сапасын жақсарту мақсатында полиция инспекторына ауылдық әкімшілік ғимаратынан бөлме берілген, қызмет телефоны: 31-1-77.Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес ауылдық аймақта бюджеттік мекеме қызметкерлерінің кешкі уақытта көшені аралау ұйымдастырылған. Аймақ әкімінінің бекітілген көше аралау кестесі құрылған. 2013 жыл көлемінде 12 қылмыс жасалған, олардың 8 ашылған.115 әкімшілік протокол құрылды, 1 адам ішкіліктен емделуге жіберілді.

  12. 2013 жылдың 12 ай көлемінде ауыл әкімдігіне 14 тұрғын арызданды және 9 заңды тұлғадан әртүрлі арыздар келіп түскен. Осы арыздар көбінде тұрғын мәселелері мен жер және жерді пайдалану мәселелері төңірегінде болды.

  13. Аймақта шаруа қожалықтарының басшыларымен қожалықтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында түсіндірмелі жұмыстар атқарылады.

«Бағдарлама-2020» бағдарламасы арқылы Привольное ауылында 2 тұлға несие алды:

  1. мал басын көбейтуге-2 млн.теңге (Мажрабаев Құмаржан) 6 сиыр, 1 бұқа сатылып алынды

  2. ара өсіруге-1 млн. теңге (Майер Александр) 25 аралар тобы сатылып алынған.

  1. Барлық шаруа қожалықтарының басшыларында жердің мемлекеттік актілері бар.

  2. 2013 жылы тұрғындарды қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығында есепте 14 адам тұрған. Жыл көлемінде қоғамдық жұмыстарға 13 адам тартылды. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша-1 адам. 6 адам жұмысқа орналастырылды. Мемлекеттік әлеуметтік көмек 1 отбасына көрсетілді –бұл 1 бала. 18 жасқа дейінгі балаларға көмек алу үшін 5 отбасы (12 бала) арызданды.2013 жылы тұрмыс көмегін 47 отбасы алды.

Жалғызбасты азаматтарға әлеуметтік көмекті 3 әлеуметтік қызметкер көрсетеді. Олар 18 зейнеткерлерге көмек көрсетеді. Азық түліктер, дәрі- дәрмектер жеткізіп, құжаттарды рәсімдеу, коммуналдық төлемдерді жасау, сенімхат арқылы зейнетақыларын алу сияқты қызмет түрлерін көрсетеді. Дәрігерлік амбулаториямен тығыз байланыс орнаған,сонымен қатар мектептің 5-10 сынып оқушыларынан жасақталған Тимур командасымен жұмыла жұмыс атқарылады. Жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүгедек жандарға көмек көрсетіледі. 2013 жыл көлемінде Бахмутская Екатерина Алексеевна, Северина Галина Андреевна, Скрипченко Анна Ивановна, Савельева Клавдия Трофимовна, Шварнева Матрена Дмитриевна, Коробова Мария Петровна деген зейнеткерлерге және басқа да ауыл тұрғындарына қардан аулаларын тазарту, отын-суларын тасып беру, отын жару сияқты көмек көрсетілді.

  1. «Привольное, Митрофановка ауылдарының көшелерін жарықтандыру жұмыстарына сметалық құжаттар жасалған » жоба 2014 жылға жоспарланды. Привольное ауылындағы саябақ пен балалар алаңының құрылысының құны-67 490 000 теңге, Митрофановка ауылындағы балалар алаңының құрылысының құны-28 750 000 теңгені құрайды.

  2. Аймақта газет-журналдар және басқа да баспа басылымдарына жазылу бойынша жұмыстар атқарылуда. 2014 жылдың 1 жартысында аймақ тұрғындары «Ұлан таңы» газетіне 107 дана жазылды, жоспар бойынша-144 (75 пайыз), «Кенді Алтай» газетіне 43 дана жазылған, жоспар бойынша-45 дана (105 пайыз), «Дидар» газетіне 19 данажазылған, жоспар бойынша-30, (64 пайыз), «Казахстанская правда» газетіне 19 дана жазылған, жоспар бойынша-17 дана (112 пайыз), «Егемен Қазақстан» газетіне-16 данажазылған, жоспар бойынша-30, (53 пайыз).


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет