Бақылау: 2014ж. 05. 09. ҚР Әділет министрлігінде 2012 жылғы 12 қазанда №7996 тіркелді



Дата17.07.2016
өлшемі251.42 Kb.
#206083


Бақылау:

2014ж.05.09.
ҚР Әділет министрлігінде

2012 жылғы 12 қазанда № 7996 тіркелді



Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі




Национальный Банк

Республики Казахстан

________________________________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2012 жылғы 24 тамыз № 261





Алматы қ.


г. Алматы




Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің қызметшілерін

лауазымға тағайындау және олармен

еңбек шартын тоқтату қағидаларын

бекіту туралы


(Өзгерістер мен толықтырулар:

  1. ҚРҰБ БҚ № 109 26.04.2013ж. (тіркеу. № 3192)

  2. ҚРҰБ БҚ № 132 16.07.2014ж. (тіркеу. № 3351)


Тіркеу. № 3101

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы


30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 4 тамыздан бастап туындаған қатынастарда қолданылады.

Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

Бақылау:

2014ж.05.09.
ҚР Әділет министрлігінде

2012 жылы 12 қазанда № 7996 тіркелді
Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 24 тамыздағы

№ 261 қаулысымен

бекітілген
Тіркеу.№ 3101
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін

лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары

(Өзгерістер мен толықтырулар:


  1. ҚРҰБ БҚ № 109 26.04.2013ж. (тіркеу. № 3192)

  2. ҚРҰБ БҚ № 132 16.07.2014ж. (тіркеу. № 3351)


1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық Банк туралы заң) сәйкес әзірленді.

2. Қағидалардың нормалары тағайындалу тәртібі және босатылуы мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен реттелетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) саяси мемлекеттік қызметшілеріне қолданылмайды.



2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) талаптар – Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына орналасуға үміткер адамдарға олардың кәсіби дайындық деңгейін, құзыреттілігін және Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына сәйкестігін айқындау мақсатында Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес талаптар;

2) алынып тасталды;

3) кадр қызметі – Ұлттық Банктің кадрмен қамтамасыз ету бөлімшесі (филиалдарда – қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі маман);

4) кадр резерві – конкурстан ойдағыдай өткен және Ұлттық Банктің кадр резервіне есептеу үшін конкурстық комиссия ұсынған адамдарының тізімі;

5) конкурс – Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасу үшін жүргізілетін рәсімдер;

6) конкурстық комиссия – Ұлттық Банктің алқалы органы, ол конкурсқа қатысушылар тапсырған құжаттарды қарайды, кандидаттармен әңгімелесу жүргізеді және Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасуға кандидаттарды түпкілікті іріктеуді жүзеге асырады;

7) конкурсқа қатысушылар – конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін Ұлттық Банкке құжаттарын тапсырған адамдар;

8) құжаттар – конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың кадр қызметіне ұсынатын құжаттары;

9) мүдделі бөлімше – Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымы бар бөлімше;

10) Ұлттық Банк – Ұлттық Банктің орталық аппараты, филиалдары және өкілдігі;

11) Ұлттық Банктің қызметкерлері – саяси мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Ұлттық Банкте қызмет атқарып жүрген, еңбекақысы Ұлттық Банк бюджетінің (шығыстар сметасының) қаражаты есебінен төленетін адамдар;

12) Ұлттық Банктің қызметшілері – мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын, Ұлттық Банкте Ұлттық Банктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адамдар;

13) Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасуға кандидаттар (бұдан әрі - кандидаттар) – конкурстық комиссияның шешімі негізінде әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылар;

14) филиалдар – Ұлттық Банктің филиалдары.

3. Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасу
4. Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасу:

1) конкурстан тыс;

2) конкурс арқылы жүзеге асырылады.

5. Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына:

1) әрекетке қабілетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп танылған;

2) Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына тағайындалар алдында үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылыққа тартылған;

3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылған;

5) Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына орналасатын уақытта өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

 6) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталу нысанасына арнайы тексеруден өтпеген адамды тағайындауға болмайды.

6. Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына орналасу міндетті арнайы тексеруден өткеннен кейін және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген кірістер мен мүлік туралы декларацияны және мәліметтерді тұрған орны бойынша салық органдарына тапсырғаннан кейін жүзеге асырылады.

7. Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына конкурстан тыс мыналар орналасады:

1) Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына тиісті талаптармен ауысқан Ұлттық Банк қызметкерлері;

2) кадр резервінде тұрған тұлғалар;

3) Ұлттық Банк Магистратурасының түлектері;

4) жоғары біліктілігі бар тұлғалар (шет тілін білетін, ғылыми дәрежесі бар және (немесе) шетелдің жоғары оқу орындарында оқуды аяқтаған, және (немесе) қаржы нарығында және/немесе қаржы ұйымдарында жұмыс стажы және (немесе) талаптарға сәйкес нақты қызметтің функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс стажы бар).

8. Конкурсқа мынадай адамдар қатысады:

1) он сегіз жастан төмен емес;

2) талаптарға сәйкес.

9. Конкурсқа мынадай бір жүйедегі кезеңдер кіреді:

1) конкурс өткізу туралы хабарландыру;

2) конкурстық комиссияның құрамын бекіту;

3) құжаттар қабылдау;

4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау;

5) кандидаттармен әңгімелесу;

6) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы;

7) кадр резервін қалыптастыру.

10. Конкурсқа қатысушылар конкурсқа қатысу бойынша шығыстарды (әңгіме жүргізетін орынға бару-келу жолына, тұрғын үйді жалға алу, тұру, байланыс құралдары қызметінің барлық түрлерін пайдалану және басқалары) өз қаражаты есебінен төлейді.

11. Конкурс өткізу туралы хабарландыру Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылады (жарияланады).

12. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер болады:

1) Ұлттық Банктің атауы, орналасқан жері, почта мекенжайы, кадр қызметінің телефондары мен факсының нөмірлері (сыртқы конкурс жариялаған кезде);

2) негізгі функционалдық міндеттерін көрсете отырып Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымының атауы;

3) талаптар;

4) құжаттарды қабылдау мерзімі. Құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған (жарияланған) күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

5) конкурсты өткізу мерзімдері мен орны.

13. Конкурстық комиссияны Ұлттық Банк Төрағасы (филиалдарда – филиал басшысы) не оның орнындағы адам бекітеді.

14. Конкурстық комиссия конкурстық комиссияның төрағасынан, конкурстық комиссияның мүшелерінен және хатшысынан (кадр қызметінің өкілі) тұрады.

Конкурстық комиссияның құрамына кадр қызметінің басшысы (филиалдарда – филиалдың басшысы айқындаған тұлға), Ұлттық Банктің қызметшісі бос лауазымы бар бөлімшенің, сондай-ақ заң бөлімшесінің басшысы не оның орынбасарлары кіреді.

Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ саннан, кемінде үш адамнан тұрады. Конкурстық комиссияның төрағасы болмаған жағдайда, оның міндеттері конкурстық комиссия мүшелерінің біреуіне жүктеледі.

15. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде даусы болмайды.

16. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар кадр қызметіне мынадай құжаттарды ұсынады:

1) түйіндеме (нақты тұратын жерінің мекенжайын және телефондарын, оның ішінде байланыс телефондарын, білім, жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтерді көрсете отырып);

2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама;

4) білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

5) Еңбек кодексіне сәйкес нотариат растаған (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін), еңбек қызметін растайтын құжат;

6) алынып тасталды;

7) 3х4 өлшемді 1 (бір) фотография;

8) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

17. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар олардың біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, алдыңғы жұмыс орнынан мінездемелер, ұсынымдар) болса, оны ұсынады.

18. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар Қағидалардың 12-тармағында белгіленген құжаттарды қабылдау мерзімінен кешіктірмей ұсынған құжаттар қарау үшін қабылданады.

19. Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы конкурстық комиссияның құжаттарды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

20. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарауды конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін жүзеге асырады.

21. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың Қағидаларда ұсынылған талаптарға және талаптарға сәйкес келуін талдай отырып, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.

22. Әңгімелесуге жіберу туралы шешім хаттама түрінде ресімделеді және конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қол қояды.

23. Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылардың тізімі Ұлттық Банктің ақпарат стендінде, жалпыға бірдей көру үшін қолжетімді орында, құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастырылады.

24. Конкурсқа қатысушылардың, кандидаттардың құжаттары және конкурстық комиссияның материалдары конкурс өткен күннен бастап 1 (бір) жыл ішінде кадр қызметінде сақталады.

25. Әңгімелесудің мақсаты кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.

26. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар одан құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өтеді. Кандидаттарға әңгімелесу уақыты, күні және өткізілетін орны туралы кадр қызметі электрондық почта және/немесе телефон байланысының құралдары арқылы хабарлайды.

27. Кандидаттардың кәсіби және жеке қасиеттерін бағалау кезінде конкурстық комиссия талаптарды және Ұлттық Банк қызметшісінің тиісті бос лауазымының лауазымдық нұсқаулығын негізге алады.

28. Әрбір кандидатпен әңгімелесу барысы техникалық жазу құралдарының көмегімен тіркеледі. Жазбалардың тасымалдауыштары конкурстық комиссияның хатшысында сақталады. Конкурстық комиссияның техникалық жазу құралдарын қолдануы туралы белгі конкурстық комиссияның қорытынды отырысының хаттамасында жүргізіледі.

29. Әңгімелесуден өткен кандидаттардың құжаттарын конкурстық комиссия оның қорытынды отырысында қарайды.

30. Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы әңгімелесу өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей өткізіледі.

31. Конкурстық комиссия қорытынды отырысында кандидаттарды ұсынылған құжаттар, өткізілген әңгімелесу нәтижелері негізінде бағалайды және олардың арасынан Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасу үшін іріктейді.

32. Конкурстық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде 2/3 қатысса, өкілетті болады.

33. Кандидат, егер ол үшін конкурстық комиссияның құрамынан қатысқандардың көпшілігі дауыс берсе, оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған кезде конкурстық комиссияның төрағасының даусы шешуші болып табылады.

34. Конкурстық комиссияның шешімі конкурстық комиссияның қорытынды отырысының хаттамасы түрінде ресімделеді, оған конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелері және хатшысы қол қояды.

35. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған және кадр резервіне енгізілген кандидаттардың тізімі Ұлттық Банктің ақпарат стендінде, жалпыға бірдей көру үшін қолжетімді орында, конкурс өткеннен кейін жеті жұмыс күні ішінде орналастырылады.

36. Ұлттық Банк қызметшісінің лауазымына орналасу үшін конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттарды жұмысқа ресімдеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

37. Егер конкурс нәтижесінде конкурстық комиссия Ұлттық Банк қызметшілерінің ұсынылған бос лауазымдарына кандидаттарды анықтамаса, Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасу Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

38. Конкурстық комиссияның шешіміне Ұлттық Банк Төрағасының (филиалдарда – филиал басшысының) атына не оның орнындағы адамға, не сот тәртібінде шағымдануға болады.

39. Кадр резервіне конкурстық комиссияның шешімі негізінде әңгіме жүргізуден ойдағыдай өткен кандидаттар алынады.

40. Кадр резервіне алынған кандидаттардың тізімі конкурстық комиссияның қорытынды отырысының хаттамасында көрсетіледі.

41. Кадр резервіне алынған кандидаттар қайтадан конкурстық рәсімдерден өтпей жыл ішінде тең немесе төмен тұрған лауазымға тағайындалулары мүмкін.

42. Кадр резервінен кандидаттарды алып тастау мына:

1) кадр резервіне алынған кандидаттың Ұлттық Банктің қызметшісінің бос орнына орналасуы;

2) Қағидалардың 41-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған жағдайларда жүргізіледі.

43. Ұлттық Банктің кадр резервін қалыптастыру және одан алып тастау жөніндегі жұмыс кадр қызметіне жүктеледі.



4. Еңбек шартын тоқтату
44. Ұлттық Банктің қызметшілерімен еңбек шартын тоқтату Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен Ұлттық Банк туралы Заңда көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.

5. Қорытынды ережелер
45. Қағидаларда реттелмеген мәселелер Еңбек кодексіне және Ұлттық Банк туралы Заңға сәйкес шешіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен

еңбек шартын тоқтату қағидаларына

1-қосымша

Ұлттық Банктің қызметшісі лауазымына орналасуға

үміткер адамдарға қойылатын

талаптар

1. О2 тобы үшін – департамент директоры, департамент директоры-бас бухгалтер, Өкілдік Басшысы, дербес басқарманың бастығы.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде төрт жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Департамент директорының орынбасары, дербес басқарма бастығының орынбасары.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде үш жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (докторантура не магистратура).

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

2. О3 тобы үшін – департамент құрамындағы басқарма бастығы, Ұлттық Банк Төрағасының көмекшісі, кеңесшісі, консультант, баспасөз хатшысы, бөлім бастығы.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды (магистратура) немесе Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтаған кезде жұмыс стажы кемінде екі жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Департамент құрамындағы басқарма бастығының орынбасары.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды немесе Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтау.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

3. О4 тобы үшін – бас маман: экономист, дилер, талдаушы, дизайнер, сарапшы, заң кеңесшісі, тәуекел-менеджер, тәуекел-талдаушы, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, инженер-жүйе технигі, жүйе талдаушысы, жүйе басқарушысы, жоба менеджері, жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер, аудармашы, социолог, психолог, Басқарма хатшысы, Директорлар кеңесінің хатшысы және басқа да атаулар.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде бір жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жарым жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды немесе Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтау.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

4. О5 тобы үшін – жетекші маман: экономист, дилер, талдаушы, дизайнер, сарапшы, заң кеңесшісі, тәуекел-менеджер, тәуекел-талдаушы, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, инженер-жүйе технигі, жүйе талдаушысы, жүйе басқарушысы, жоба менеджері, жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер, аудармашы, социолог, психолог және басқа да атаулар.

Білімі – жоғары кәсіби.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

5. О6 тобы үшін – маман: экономист, дилер, талдаушы, дизайнер, сарапшы, заң кеңесшісі, тәуекел-менеджер, тәуекел-талдаушы, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, инженер-жүйе технигі, жүйе талдаушысы, жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженер, аудармашы, социолог, психолог және басқа да атаулар.

Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.

Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банкте кемінде бір жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

6. Ф1 тобы үшін – филиал директоры, Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының (филиалының) директоры.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде төрт жыл не осы топтың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (докторантура не магистратура).

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Филиал директорының орынбасары, филиал директорының орынбасары - бас инженер, филиал директорының режим және күзет жөніндегі орынбасары, Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы (филиалы) директорының орынбасары - бас бухгалтер.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде үш жыл не осы топтың нақты лауазымының тиісті функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (докторантура не магистратура).

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

7. Ф2 тобы үшін – аумақтық филиалдың бөлім бастығы - бас бухгалтері, Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығының (филиалының) бөлім бастығы – бас бухгалтерінің орынбасары, бөлімше меңгерушісі, құндылықтар қоймасының бастығы, бөлім бастығы.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл не басшы лауазымдарда кемінде бір жыл, не шетелдік жоғарғы оқу орындарында оқуды аяқтау (магистратура).

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Бөлім бастығының орынбасары.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банктке кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде екі жыл не басшы лауазымдарда кемінде бір жыл, не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды аяқтау (магистратура).

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

8. Ф3 тобы үшін – инкассация тобының бастығы, қойма (құндылықтар) меңгерушісі.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Касса (айналым кассасы, қайта есептеу кассасы және басқа да атаулар) меңгерушісі.

Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.

Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банкте кемінде екі жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

9. Ф4 тобы үшін – бас маман: экономист, заң кеңесшісі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі инженер, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, қауіпсіздік жүйелерін пайдалану жөніндегі инженер, байланыс жөніндегі инженер, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жөніндегі инженер, инженер-механик, инженер-энергетик, инженер-электрик, инженерлік жүйелерді пайдалану жөніндегі инженер, сантехникалық жүйелер жөніндегі инженер, сарапшы, сарапшы-геммолог, бақылаушы, аудармашы және басқа да атаулар.

Білімі – жоғары кәсіби.

Жұмыс стажы – Ұлттық Банкте кемінде бір жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бір жарым жыл не шетелдік жоғары оқу орындарында оқуды, не Ұлттық Банктің Магистратурасын аяқтау.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

10. Ф5 тобы үшін – жетекші маман: экономист, заң кеңесшісі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі инженер, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, қауіпсіздік жүйелерін пайдалану жөніндегі инженер, байланыс жөніндегі инженер, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жөніндегі инженер, инженер-механик, инженер-энергетик, инженер-электрик, инженерлік жүйелерді пайдалану жөніндегі инженер, сантехникалық жүйелер жөніндегі инженер, сарапшы, сарапшы-геммолог, бақылаушы, аудармашы және басқа да атаулар.

Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.

Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бір жарым жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде екі жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

11. Ф6 тобы үшін – маман: экономист, заң кеңесшісі, қызметкерлермен жұмыс жүргізу жөніндегі, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі инженер, инженер, инженер-программист, инженер-электроншы, қауіпсіздік жүйелерін пайдалану жөніндегі инженер, байланыс жөніндегі инженер, бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жөніндегі инженер, инженер-механик, инженер-энергетик, инженер-электрик, инженерлік жүйелерді пайдалану жөніндегі инженер, сантехникалық жүйелер жөніндегі инженер, сарапшы, сарапшы-геммолог, бақылаушы, аудармашы және басқа да атаулар.

Білімі – жоғары кәсіби, орта кәсіби білімге рұқсат етіледі.

Жұмыс стажы – орта кәсіби білімі болған кезде Ұлттық Банктегі жұмыс стажы кемінде бір жыл не осы топтың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салалардағы жұмыс стажы кемінде бір жыл.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, осы топтың нақты лауазымының мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу. Функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті басқа да білім.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

қызметшілерін лауазымға тағайындау және

олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларына

2-қосымша


Нысан

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

ӨТІНІШ
Маған Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына ___________________

_______________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________

(лауазымның, бөлімшенің атауы)

орналасу конкурсына қатысуға рұқсат беруді сұраймын.

Берілген құжаттардың түпнұсқалығына жауап беремін.

__________________ _______________________________

қолы Тегі мен инициалдары
20___ жылғы «_____» _____________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің

қызметшілерін лауазымға тағайындау және

олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларына

3-қосымша
Нысан

САУАЛНАМА



(өз қолымен толтырылады)
Тегі ___________________________________________________________________________

Аты ____________________________________________________________________________

Әкесінің аты_____________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген болса, себебін және қашан өзгертілгенін көрсетіңіз ____

_______________________________________________________________________________

Азаматтығы ____________________________________________________________________

Егер азаматтық өзгертілсе, қашан өзгертілгенін көрсетіңіз _____________________________

________________________________________________________________________________

Жеке куәлігінің/паспортының нөмірі және берілген күні _______________________________

Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін _______________________________________________

________________________________________________________________________________

Шетелде оқу не жұмыс істеу

Барған елі _____________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Болу уақыты ____________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Жұмыс немесе оқу орны __________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Сіз соттың күшіне енгізілген үкіміне сәйкес тиісті лауазымға орналасу немесе тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін __________________

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________

Сіз белгіленген мерзім ішінде мемлекеттік органда лауазымға орналасу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ______________________________________________

________________________________________________________________________________

Сіз белгіленген мерзім ішінде қаржы ұйымдарында лауазымға орналасу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін ______________________________________________

________________________________________________________________________________

Сіз Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлерімен жақын туыстық немесе жекжаттық (ата-ана, ерлі-зайыпты, аға-інілері, апа-сіңлілері, балалары, сондай-ақ ерлі зайыптылардың аға-інілері, апа-сіңлілері, ата-аналары және балалары) қатынастарда барсыз ба

________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________


20___ жылғы «_____» _________________ _________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет