Бай әКЕ, кедей әКЕ



Pdf көрінісі
бет10/50
Дата04.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#479807
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50
Бай әке, кедей әке(1)

Сенбідегі кезек
Мен, онымен әңгімеге даяр едім. Менің ӛз әкемде қатты ренжулі 
еді. Ӛзім “кедей”, -деп есептейтін туған әкем, бай әке бала еңбегі 
туралы заңды бұзған, оны сотқа беру керек,- деп есептейді. Ол, маған 
атқарған еңбегіне сай, сағатына 25 центтен кем емес жалақыңды талап 
ет,- деп кеңес берді. “Егерде ол жалақыңды кӛтермесе, онда сен 
жұмыстан жедел кетуің керек“, -деді әкем.
- Мұндай сорлы жұмыстың саған қажеті қанша? -деді ол ашулы 
түрде.


35 
Сенбі күнгі таңғы 8-де менің алдымнан Майк үйінің сықырлауық 
есігі тағы ашылды. Мен есіктен кіргенде, Майктің әкесі: “Отыр және 
кезекті күт”, -деді. Ол бұрылды да, кішкене жұмыс бӛлмесіне кіріп 
кетті.
Мен жан-жағыма қарадым. Майк маңайда жоқ еді.
Мен ақырын ғана, осыдан 4 аптадан бұрын кездескен 2 әйелдің 
жанына отырдым. Олар күлімсіреп, орындарынан қозғалып, маған 
орын босатты.
45 минут уақыт етті, мен мазасыздана бастадым. Ол екі әйелді 
қабылдап, жібергеннен бері, тағы жарты сағат ӛтті. Олардан кейін 
тағы бір картаңдау адам келіп, 20 минуттай болып ол да кетті. Үй бос 
қалды, Гаваяның осындай бір тамаша күнінде, ӛзі сараң әрі балалар 
еңбегін қанаушының, қапа бӛлмесінде қабылдауын күтіп отырдым. 
Мен, оның кабинетінде қалай жүргенін, телефонмен сӛйлескенін бәрін 
естіп отырдым, алайда мені есіне алар емес. Мен тұрып кетуге даяр 
едім, дегенмен әліде болса орнымда отырдым. Бір уақытта тағыда 15 
минут ӛткеннен кейін, тура сағат 9-да кабинетінен үндемей шығып, 
маған қолымен ишарат етті.
Менің байқағаным, сен, егер жалақыны кӛтермесе, жұмысты 
тастайсың ғой, -деді бай әкем айналмалы орындығының үстінде 
ырғала отырып. 
-Сіз, шарттағы ӛз келісіміңізді орындамадыңыз ғой! деп айтып 
салдым мен, жыларман болып. 9 жасар балаға, үлкен адаммен айтысу, 
шындығында ӛте қиын.
- Егерде, мен Сізге жұмыс істесем, мені оқытамын, -деп айтып 
едіңіз ғой. Мен Сізге жұмыс істедім. Мен кӛп жұмыс атқардым. Сізге 
жұмыс істеу үшін, бейсболдан бас тарттым. Сіз, мені ештеңеге де 
үйреткен жоқсыз. Сіз алдаушысыз, қалада барлығыда Сізді солай 
атайды. Сіз тек қана ақшаны ойлайсыз, ал Сізге жұмыс істеп 
жүргендер туралы ойламайсыз. Мені кӛп күтуге мәжбүр еттіңіз және 
мені сыйламайсыз. Мен кішкентай баламын, бірақ маған дұрыс 
қарауға құқығым бар. Кӛз қарасы ӛткір еді.


36 
- Жаман емес,- деп жауап берді ол.
- Бір айға жетпей, менің кӛп жұмыскерлерім сияқты сӛйлесуге 
үйреніп қалыпсың.
- Не? -дедім мен таңданып. Мен, оның не айтқанын түсінбей, 
одан әрі шағымдануымды жалғастыра бердім.
- Мен, Сізді шарттағы ӛз уәдеңізді орындап, оқытады ғой,- деп 
ойладым. Соның есесіне енді мені қинағыңыз келді ме? Бұл 
қатыгездік.
- Дегенмен, мен сені оқытудамын ғой, -деді бай әкем баяу үнмен.
- Неменеге Сіз үйреттіңіз!
- Ештеңеге! -дедім назаланып. Мен Сізге тегін дерлік жұмыс 
істеуге келіскеннен бері, Сіз менімен бір ретте сӛйлескен жоқсыз.
- Сағатына 10 цент.
- Ха! Маған Сіз туралы тиісті орынға хабарлауым керек еді.
- Айтпақшы, біздің елде бала еңбегі туралы Заң бар. Сондай-ақ 
мені әкем мемлекетке қызмет етеді.
- Охо!-деп үн қатты бай әкем.
- Енді сен, менің бұрынғы кӛп жұмыскерлерім сияқты сӛйлейтін 
болдың. Оларды мен жұмыстан босаттым, немесе ӛздері кетті.
- Ия, енді сіз не айтқыныз келеді маған? -деп жалғастырдым мен.
Мен кішкентай балаға артықтау, ӛте батырланып кеттім. Сіз мені 
алдадыңыз. Мен Сізге жұмыс істедім. Сіз сӛзіңізде тұрмадыңыз. Сіз 
мені түкке үйреткен жоқсыз.
Ал, сені ешнәрсеге оқытпағанымды қайдан білдің? деді бай әке. 
шімірікпестен қызықтай қарап.
- Сіз, менімен бірде-бір рет сӛйлескен жоқсыз. Мен үш апта 
жұмыс істедім, ал Сіз ештеңеге үйреткен жоқсыз, -дедім мен 
бұртыйып.
- Ал оқытқанда міндетті түрде сӛйлеу немесе нотация оқу керек 
пе? деп сұрады бай әке. Әрине,- дедім мен.
Осылай сені тек қана мектепте оқытады, - деп жауап берді ол 
күлімсіреп.
- Бірақ, ӛмір олай оқытпайды, мен айтар едім: “ Ӛмір ең жақсы 


37 
ұстаз”. Ӛмір сенімен ешуақытта сӛйлеспейді. Ол сені тек қана соғады: 
бірде бір жағынан, бірде екінші жағынан. Әрбір соққы ол ӛмір. 
- "Оян. Мен, сенің бірдеңені түсінгеніңді қалаймын" -дейді ӛмір.
-Бұл не айтып отыр? ,-деп сұрадым ӛзімнен-ӛзім үндемей. Сонда, 
ӛмір мені соққылағанда, ол менімен сӛйлесе ме? Енді мен жұмысты 
тастау керектігіне кәміл сендім. Менімен сӛйлесіп отырған адамды, 
есуастар ауруханасына жіберу керек.
Егер Сен ӛмірден оқысаң, оның оқытқанын үйренсең онда сенде 
барлығы жақсы болады. Оған үйренбесең ол сені соққылауын 
жалғастыра береді. Адамдар жайшылықта екеудің біреуін істейді: ӛмір 
соққыларына мойын ұсынып, кӛндігеді немесе ызаланып және 
қарсылық білдіре бастайды. Бірақ, ӛкінішке орай, олар бастыққа 
жұмысқа, әйеліне немесе еріне қарсыласады. Олар соққылаушы 
осындай нақтылы тұлғалар емес, ӛмірдің ӛзі екенін түсінбейді. Мен 
түкке түсінбедім.
- Ӛмір бізді соққылайды. Кейбіреулері беріледі. Басқалары 
күреседі. Ал, енді біреулері, берілген сабақты игеріп, одан әрі 
қозғалады. Ондайлар ӛмір соққыларына қуанады. Олар үшін мұндай 
жағдайлар, жаңа бірдеңеге үйрену болып табылады. Қорытынды 
жасап, ілгері жүреді. Кӛпшілігі жәй беріле салады, ал сен сияқтылар-
күреседі. Бай әке орнынан тұрып, әлдеқашан жӛндеуді қажет еткен 
сықырлауық терезені жапты.
- Егер, сен осы сабақты игерсең, сауатты, бай және бақытты жігіт 
боласың. Егер бұлай болмаса, сен ғұмыр бойы ӛз басындағы 
қиыншылықтарды жұмыстан, жалақыдан немесе бастықтан кӛріп, 
кінәләйсың. Сен ӛмір бойы ақша тапшылығын, оны бір ғажайыр нәрсе 
шешіп беретіндей сенімде жүресің. Бай әке сен тыңдап отырсың ба 
дегендей, маған қарады. Кӛздеріміз бір-бірімен кезікті. Біз бір-
бірімізге карап, не ойлап отырғанымызды кӛздерімізден аңғардық. 
Оның айтқан ең соңғы сӛзін түсініп, мен кӛзімді басқа жаққа бұрдым. 
Мен түсіндім, оныкі шындық еді. Мен оны айыпқа бұйырдым, 
расында мені оқытқанды қалап едім. Мен күрестім.


38 
Бай әке әрі қарай жалғастырып:
- Сонымен, егерде сенде мықты тегеурін болмаса, ӛмір қысымын 
бастағанда, сен әр қашан беріле бастайсың. Сен осындай адам болсаң, 
ғұмыр бойы ереже бойынша ӛмір сүресің, бәрін дұрыс істейсің, 
дүниеде болмайтын бір жағдайларды күтіп, ӛзіңді сақтайсың. Содан 
кейін дәрменсіз шал болып, ӛмірден ӛтесің. Сенде кӛп достар болады, 
олар сені тамаша және іскер жігіт болғаның үшін жақсы кӛреді. Сен 
ӛмір бойы ережелер бойынша және қалыптасқан түрде қимыл 
жасайсың. Алайда, нақтылығында, сен ӛмір соққыларына үнемі мойын 
ұсынумен ғана боласың. Іштей тәуекелге басуға қорқасың. Рас, сен 
женгің келеді, бірақ жеңіліп калу қорқынышы, жеңіс қуанышыңнан 
басым болады. Мұндай шешімге келе алмағаныңды, сенің жан 
дүниеңнің ең түкпірінде жатқан сезімді, тек қана ӛзің білесің. Сен 
тәуекелге баспайтын, қимыл жасауға бейім боласың. Біздің кӛздеріміз 
тағы кездесті. Менің түсінгенімді, ол кӛргенше, 10 секундтей бір-
бірімізге қарап отырдық.
Онда Сіз, мені ӛмір сияқты соққыладыңыз ба? -деп сұрадым мен. 
Кейбірулер солай айтқан болар еді, -деді бай әке күліп. Мен, 
саған ӛмірдің не екенін кӛрсеттім, -деп айтуыма болады.
- Бұл калай? -дедім мен, әліде болса ашулы түрде, бірақ 
қызығушылықпен.
- Балалар, сендер, менен: “Ақшаны қалай жасауға болады?”деп 
сұраған ең бірінші адамсыңдар. Маған 150 ден астам адам жұмыс 
істейді, бірақ олардың бірде-біреуі еш уақытта менен ақша жӛнінде не 
білетінімді сұрап кӛрген емес. Оларға менен тек қана чек керек, ақша 
жӛніндегі білім емес. Сондықтан, олардың кӛпшілігі ӛмірлерінің ең 
жақсы кезеңдерінде ақша үшін жұмыс істеп, кімге және неменеге 
жұмыс істеп жүргендеріне түсінбей ӛтеді.
Мен оны үлкен ілтипатпен тындадым.
Маған, 
Майк, 
сендердің 
ақша 
жасауды 
үйренгілерің 
келетіндіктерің туралы айтқанда, мен нақтылы ӛмірге бейім,арнайы 
оқыту жүйесін ойластырдым. Мен сендерге кӛзім қарауытқанша 
айтқан болар едім, алайда сендер ештеңе ұқпаған болар едіңдер. 


39 
Сондықтан, ӛмір сендерге ӛз соққысын берсін, деп есептедім. Міне, 
сол себебтен, мен сендерге 10 центтен ғана тӛледім.
- Сонда, мен барлығы сағатына 10 цент үшін жұмыс істегенімнен 
қандай сабақ алып, қортынды шығаруым керек еді?- деп сұрадым мен. 
Сіз, ӛзі сараң, әрі балалар еңбегін қанаушы ретінде ме? Бай әке 
шалқалап тұрып, шек-сілесі қатқанша күлді. Содан кейін ол 
тынышталып, айтқаны;
- Дұрысы, саған қӛз қарасыңды ӛзгерту керек. Мені 
айыптай беруіңді тоқтат.
- Егер, сен барлық проблема менде десең, онда мені ӛзгертуге 
тура келеді. Ал проблемалар ӛз басыңда екенін түсінсең, ӛзіңді ӛзің 
ӛзгертуге тиіссің, сонда бір нәрсеге үйренесің және ой-ӛрісің еседі. 
Жұрттың кӛпшілігі әлемдегі барлық ӛзгерістерді ӛмірбақи күтумен 
болады, бірақ ӛздері ӛзгеріссіз қалады. Сондықтан, барлығының 
езгерілуін күткенше, ӛзіңді ӛзгерткен жеңіл болады,- деп айтар едім.
- Түсінбеймін, -деп үн қаттым.
- Дегенмен, Сіз маған 10-ақ цент тӛлейсіз ғой.
- Ол, сені неге үйретеді? -деп сұрады бай әке жымыйып.
- Сіздің сараң екеніңізді, -дедім мен кекесінмен.
- Міне, кӛрдің бе? сен барлық проблема менде деп есептейсің,- 
деді бай әке.
- Ол солай.
- Жәрәйді, егер сен әрі қарай осылай ойлайтын болсаң, ештеңеге 
үйренбейсің. Егер проблема менде десең, онда сенің қалауың қандай?
Әрине, егер Сіз маған кебірек тӛлемесеңіз, сыйластықпен 
қарамасаңыз және оқытпайтын болсаңыз, мен кетем. Жақсы айтылған 
сӛз,- деді бай әке.
Жұрттың кӛпшілігі нақ осылай істейді. Олар істеп жүрген 
орындарынан кетіп, барлық проблемаларды жақсы жұмыс пен үлкен 
жалақы шешеді, -деп ғұмыр бойы соны іздеумен болады. Дегенмен, 
мұндай жағдай кӛпшілігінде бола бермейді.
- Ал, сонда проблемаларды не шешеді? деп сұрадым мен. Мен 
осы сорлы 10 центті алып, қуануым керек пе? Бай әке күлді.


40 
- Ондай да адамдар бар. Олар ӛз отбасыларындағы ақша 
қиындықтарының болатынын біліп, амалсыздан чекті алады. Бұлай 
істейтіндері, олар жалақының кӛтерілуін күтеді, сӛйтіп барлық 
проблемалар шешіледі,- деп ойлайды. Кӛпшілігі осыған кӛнеді, 
кейбіреулері екінші жұмысқа барады, онда да азғантай жалақыға ие 
болып чек алады.
Мен тӛмен қараумен болдым. Байқаймын, бай әкенің маған 
қандай сабақ бере бастағанын түсінгендеймін. Ол мені ӛмірде болатын 
нақтылы жағдайлармен таныстырып отырғанын сездім. Мен басымды 
кӛтеріп, ӛз сұрағымды қайталадым:
- Дегенмен, проблемаларды не шешеді?
- Мынау, деді ол, саусағымен менің басымды жеңіл нұқып.
Сенің екі құлағыңның арасындағы зат.
Нақ осы сәтте, бұл кісінің, ӛз жұмыскерлері және менің кедей 
әкемнен қандай айырмашылықтары бар екенін кӛрсететін, ой-
пікірлерімен, тұжырымдарымен менімен бӛліскенін аңғардым. 
Осының нәтижесінде ол Гаваядағы ең бай адамдардың бірі болды, ал 
менің жоғары білімді кедей әкем ғұмыр бойы ақша проблемаларымен 
күресуде болды. Осы ұғым маған негізгі ӛзек болды. Бай әке осындай 
жәйлер туралы бірнеше рет қайталайтын. Бұл менің бірінші сабағым 
еді. 
“Кедейлер және орта класс ӛкілдері ақша үшін жұмыс істейді. 
Байлар 
ақшаны 
ӛздеріне 
жұмыс 
істеуге 
мәжбүр 
етеді”
Сол сенбі күнгі таңда, менің кедей әкемнің үйреткенінен үлкен 
айырмашылығы бар және ӛзекті жаңа ой-пікірдің бар екенін білдім. 9 
жастағы маған екі кісінің ӛз білімдерін бергілері келгендерін кӛрдім. 
Екеуіде менің оқығанымды қалады бірақ, әртүрлі мақсаттарға.
Менің жоғары білімді әкем, ӛзінің жолымен жүру кеңес ететін: 
“Балам, сенің ұқыпты оқып, жоғары бағада алып, содан кейін үлкен 
компанияда тұрақты жұмыс істетуіңді тілеймін. Бірақ, онда үлкен 
жеңілдіктер болу керек”,- дейтін.
Менің бай әкем, мен ақша принциптерін түсініп, оны ӛзіме қалай 


41 
жұмыс істетуге мәжбүр етушілікті біліп үйренуді қолдайтын. Бұл 
сабақты мен, оның басшылығымен түсіндім, бірақ класс бӛлмесінде 
емес.
Бай әкем ӛзінің бірінші сабағын жалғастыра берді. Сенің 
сағатына 10 центке бола, жұмыс істеткені үшін ызаланғаның мені 
қуантады. Егерде сен ренжімей жәй қуанышты түрде сол 10 центті 
үндемей ала салғанында, онд сені оқыта алмаймын,- деп айтуға тура 
келетін еді.
Нақтылы білім алу үшін: жігер, құштарлық, күшті талпыныс 
керектігін түсіну маңызды.
Ашу- бұл формуланың үлкен бір бӛлігі, себебі: құштарлық және 
ашу сүйіспеншіліктің тепе-теңдігі. Жұрттың кӛпшілігі ақша туралы 
сӛз кӛтерілгенде, босқа ұрынбауды қалайды, тәуекелдікке баспайды. 
Ӛйткені, оларды талпынушылық емес, үрей билейді.
- Сол себебтен, олар аз тӛлейтін жұмысқа бара ма?,- деп сұрадым 
мен.
- Ия, солай, -деді бай әке. Кейбіреулер мені адамдарды қанаушы 
дейді. Оның себебі: мен, қант плантациясы немесе мемлекет
тӛлеген кӛлемде, жалақы бермеймін. Керісінше, мен оларды ӛздерін-
ӛздері қанаушы,- деп есептеймін. Бұл олардың қорқақтығы, менікі 
емес.
- Дегенмен, оларға кӛбірек тӛлеуге болатындығын байқамайсыз 
ба?- деп сұрадым мен.
- Неге? Бәрібір кӛп ақша, олардың проблемаларын шешпейді. Ӛз 
әкеңе қарашы. Ол кӛп табыс табады, бірақ есеп-шоттарын уақытында 
жабуға үлгірмейді. Кӛп кісілер үлкен ақша таба отырып, қарызға 
белшесінен батумен болады.
- Бәсе, сондықтан маған сағатына 10 центтен ғана тӛлеген екенсіз 
ғой деп мен күлдім. Ол сабақтың бір бӛлігі ме?
- Дұрыс, -деді бай әке күлімсіреп.
- Түсінесің бе? Сенің әкең мектепте оқыды және тамаша білім 
алды, бұл оған жоғары ақылы жұмыс тауып алуына мүмкіндік берді. 
Ол, солай істеді де. Алайда, онда қашанда ақша проблемалары бар, 


42 
себебі: мектепте және университетте оны ақша жӛнінде ештеңеге 
оқытқан жоқ. Оның сыртында ол ақша үшін жұмыс істеу керек,- деп 
есептейді.
- Сіз, олай емес,- деп есептейсіз бе? -дедім мен.
- Ия, есептеймін, -деді бай әке. Егер, сен ақша үшін жұмыс 
істегің келсе, онда сол мектепте қал. Олар оған тамаша оқытады. Ал, 
егерде сен ақшаның ӛзің үшін, жұмыс атқаруға мәжбүр етуді білгің 
келсе, мен оған сені үйретем. Ал бұған кез келген адам үйренгісі 
келмей ме? -дедім мен таңданып.
- Жоқ, -деді бай әке.
- Ақша үшін жұмыс істеу жеңіл, әсіресе ақша жӛнінде әңгіме 
болғанда, сені бірінші кезекте үрей билейді.
- Түсінбедім,- дедім мен қабағымды түйіп.
- Әзір мұнымен басыңды ауыртпа. Есіңде болсын, жұрттың 
кӛпшілігі жұмыстарынан айырылып қалуға қорқады. Әр түрлі 
тӛлемдерді дер кезінде тӛлей алмай қаламыз,- деп үрейленеді. 
Жұмыстан шығарып жібереді,- деп сескенеді. Ақша жетпеушілігі 
жүйкелеріне тиеді. Бір қолайсыз жағдай болып қалса, қайтадан бастау 
керек,- деп түңіледі. Бұл, бір мамандық алып, ақша үшін жұмыс 
істеушіліктің, сол үшін олардың тарапынан тӛлеу ақысының құны 
болады. Кӛп адамдар ақшаның құлына айналады...сӛйтіп ӛз 
қожайындарына назалана бастайды.
- Ал, ақшаны ӛз игілігіне жұмыс атқаруға мәжбүр етуге 
үйренушілік.
- Бұл тіптен басқа ма?- деп сұрадым мен.
-Түбегейлі басқа,- деп жауап берді бай әке. Түбегейлік біз үнсіз 
отырдық. Сыртта Гаваяның тамаша сенбі күнінің таңғы кезеңі еді. 
Менің достарым осы уақытта бейсболдан кіші лиганың ойынын 
бастап еді. Бірақ, мен бір себебпен сағатына 10 центтен ғана жұмыс 
істеуге келіскеніме енді қуанышты едім. Менің достарымның 
мектепте біле алмайтындықтарының біразын, білуге үйренетінімді 
сезіндім.
- Оқуға даярсың ба? -деп сұрады бай әке.


43 
- Әлбетте,- дедім мен сиқырланып.
- Мен, ӛз сӛзімде тұрдым. Мен, сені алыстан бастап оқыта 
бастадым, деді бай әке. Сен тоғыз жасыңда ақша үшін, жұмыс істеудің 
қалай екенін сезіндің. Енді осы соңғы айды 50 жылға кӛбейт, сонда 
сен адамдардың кӛпшілігі ғұмыр бойы немен айналысатынын 
түсінесің.
- Түсінбеймін,- дедім мен.
- Кезекте болып, мен шақырғанға дейін, күтуде отырғанда, ӛзіңді 
қалай сезіндің? Бірінші рет- жұмысқа кіру үшін және екінші рет кӛп 
ақша сұрау үшін келгеніңде?
- Айтпаңыз,- дедім мен.
- Егер, сен ақша үшін жұмыс істесең, сенің ӛмірің де, кӛптеген 
адамдардікіндей болады, -деді бай әке.
-Ал, Мартин апай, саған 3 сағаттық жұмысың үшін 10 тиын 
бергенде, сен қалай сезіндің?
-Маған, бұл аз сияқты кӛрінді. Ол тіпті ештеңе емес еді. Мен 
түңілген едім.
- Кӛптеген жұмыскерлер, ӛз чектерін қолдарына алғанда нақ 
осылай сезінеді. Әсіресе, барлық салықтар мен тӛлемдерді ұстап 
қалғанда. Сен дегенмен 100 процент алдың ғой.
- Сонда, Сіздің айтуыңызша, жұмыскерлер ӛз жалақыларын 
толық алмай ма? -дедім мен танданып. Әрине! Алдымен мемлекет ӛз 
үлесін алады. Ол оны қалай істейді?
- Салықтар, -деп түсіндірді бай әке. Сен табыс тапқанда, сенен 
салық алады. Сен ақша жинасаңда, ӛлсеңде сенен қай уақытта 
болмасын салық алады.
- Онда жұрт мемлекетке мұны істеуге неге мұрсат береді?
- Байлар жібермейді, -деді бай әке күліп.
- Мұны жасауға кедей адамдар және орта класс ӛкілдері ықпал 
етеді. Мен сенің әкеңнен кӛп табыс табам, бірақ ол салықты кӛп 
тӛлейді, 
солай 
екендігіне 
мен 
бас 
тігуге 
даярмын. 
- Бұл қалай болады? Оны 9 жасар балаға түсіну тіптен қиын еді.
- Алайда, неге адамдар, Үкіметке солай істеуге мұрсат береді? 


44 
Бай әке үнсіз қалды. Шамасы, мен былшылға ұрынбай, әрі қарай 
тыңдасын деген болар.
Аяғында мен сабама түстім. Бірақ, естігенім маған ұнаған жоқ. 
Менің әкем соншама салық тӛлеуіне тура келетіндігі жӛнінде ылғи 
шағынатын, бірақ олар жӛнінде ештеңе істемейтін. Сонда оны ӛмір 
солай соққылаған ба? Бай әке маған үнсіз қарап, отырған 
орындығында ырғалумен болды.
- Оқуға даярсың ба?
- Мен үнсіз басымды изедім.
- Менің айтқанымдай, саған кӛп дүниеге үйренуге тура келеді. 
Ақшаны ӛзіне жұмыс істетуші тұлға бұған ғұмыр бойы оқиды. 
Жұрттың кӛпшілігі 4-жылдық колледжде оқиды да, сонымен олардың 
білім алуы тоқтатылады.
Менің түсінгенім, енді ӛзімнің барлық ӛмір жолымда ақшаны 
зерттеймін, себебі: білгенімнен, одан да артық білуге тырысуым 
қажет. Ал кӛпшілік мұнымен ешуақытта айналыспайды.
Олар жұмысқа барады, жалақы алады, тӛлемдерін тӛлейді 
сонымен іс бітеді. Содан кейін ақшаның жетпейтіндігіне таңданумен 
болады. Бұл қиындықтар, қолдарына кӛп ақша түскенде жойылады,- 
деп елес, арманда жүреді.
- Сондықтан да, менің әкемде салық проблемаларының болуы, 
оның ақшаның не екенін білмеуінен бе?- деп сұрадым мен таң қалып.
- Мынаны түсін,- деп жалғастырды сӛзін бай әке.Салық тӛлеу 
ақшаны ӛзіңе жұмыс атқаруға мәжбүр етуді үйренудің- бір кішігірім 
бӛлігі ғана. Бүгін сенен білейін дегенім: ақшаның не екенін білуге 
арналған, сенің ынталығың басылған жоқ па? Негізгі мәселе осында. 
Кӛпшілікте мұндай ынта жоқ. Олар оқығылары келеді, кӛп ақша табу 
үшін, ӛздеріне ыңғайлы және қызғылықты кәсіби мамандық алуға 
тырысады.
Күндердің күнінде олар ақша тапшылығын сезінеді, проблемалар 
туындай бастайды, міне, осыдан кейін ешуақытта жұмысты тастай 
алмайды. Сӛйтіп, олар тек қана ақша үшін жұмыс істеуді біледі, ал 
ақшаны ӛзіне қалай жұмыс істетуге болатындығы жӛнінде оқымайды, 


45 
ұмытылмайды, сондықтан бұл олардың ӛз сауатсыздықтары үшін 
тӛлеу бағасы, құны.
- Сен, әліде болса, осыларды игеріп, оқуды қалайсың ба?- деп 
сұрады бай әке. Мен басымды изедім.
- Жақсы,- деді бай әке. Онда жұмысқа бар. Енді саған ештеңе де 
тӛлемеймін..
- Не?- дедім мен таң қалып.
- Не естідің, сол түкте. Сен бұрынғыдай әр сенбі сайын жұмыс 
істейсің, бірақ сен енді 10 центті де алмайсың.
- Сен ақша үшін жұмыс істемеуге үйренгім келеді дегенсін, 
сондықтан мен саған ештеңе тӛлемеймін. Мен ӛз құлағыма сенбедім. 
- Мен, Майкпен бұл туралы сӛйлестім. Ол жұмыс істеуде: 
консервілердің шаңын сүртеді, қайтадан орындарына қояды, бәрін 
тегін істейді. Бар абдырамай қосып оған.
- Бұл әділетсіздік!- дедім мен ышқынып. Сіз бірдеңе тӛлеуіңіз 
керек.
- Сен, оқығым келеді дедің ғой. Егер сен бұған оқығың келмесе, 
келешекте жаңағы менің кабылдау бӛлмемде кезек күтіп отырған екі 
әйел мен мосқал еркектей боласың. Олар ақша үшін жұмыс істейді, 
мен оларды жұмыстан босатпайды,- деп сенеді.
- Немесе ӛз әкеңдей боласың, кӛп ақша табасың, қарызға 
белшеңнен батасың, барлық проблемалар ақшам кӛп болғанда 
шешіледі, деп армандаумен боласың.
- Егерде, сен осыны қаласаң, онда алғашқы шартқа, сағатына 10 
центтен тӛлеуге оралайық. Немесе, жұрттың кӛбі не істесе, солай істе. 
Аз тӛлейді, -деп арыздан, шағын, жұмыстан боса, жаңа жұмыс іздеуді 
баста.
- Онда, мен не істеуім керек?
Бай әке ақырын менің басымды нұқып, мынаны пайдалан деді ол. 
Егер, сен осыны пайдалануды үйренсең. Жақын уақытта менің 
сабағым үшін рахметіңді айтасың. Сен ӛсесің және бай адам боласың. 
Менің тағыда алцанғаны не сенерімді, не сенбесімді білмей, мықшиып 
тұрып қалдым. Мен жалақыны кӛбейтуді сұрағалы келгенімде, енді 


46 
тегін жұмыс істеуім керек.
Бай әке менің басымды нұқып: осыны пайдалан, бар жұмысыңды 
істе,- деді.
Мен ӛзімнің кедей әкеме, енді маған түкте тӛленбейтінін 
айтқаным жоқ. Ол оны түсінбеген де болар еді, ӛзім түсінбегенді оған 
түсіндіруге мен қмтылмадым.
Біз, Майк екеуіміз тағаша үш апта бойы, әр сенбі сайын 3 
сағаттан ақысыз жұмыс істедік. Жұмыс жеңіл еді, мен оған үйреніп те 
қалып едім. Ӛкініштісі сол, бейсбол ойындарына қатынаса алмауым, 
комикстерді енді сатып ала алмаушылығым болды.
Үшінші аптада, түске қарай бай әке дүкенге келді. Сыртта 
машина моторынын сӛндіріліп жатқан дыбысын естідік. Ол дүкенге 
кіріп, Мартин апаймен жылы амандасты. Жұмыстың мән-жәйін сұрап 
болғаннан кейін, ол ақшасын тӛлеп, мұздатқыштан 2 балмұздақ алып, 
Майк екеуімізді ӛзіне шақырды.
- Балалар жүріңдер бір азрақ серуендеп қайтайық. Біз кӛшеден 
ӛтіп, жасыл алаңда бейсбол ойнап жатқан ересектердің қасына келдік. 
Жайғасып отырғаннан соң, бізге балмұздақтарды беріп жатып, 
сұрағаны:
- Ия, халдерің қалай?
- Қалыпты,- деді Майк. Мен басымды изедім.
- Жаңа бір нәрсеге үйрендіңдер ме? Майк екеуіміз бір-бірімізге 
қарап, иықтарымызды қомдап, жоқ дегендей басымызды шайқадық.
- Ӛмірдің ең қатерлі дұзақтарына қалай килікпеуге болады?
- Енді, балалар, сендерге ойланатын уақыт келді .Сендердің 
алдарыңда, ӛмірдің ең бір маңызды сабағы тұр. Егерде, сендер осы 
сабақты игерсеңдер, онда бостандықта және тыныш ӛмір сүре 
аласыңдар.
- Игере алмасаңдар, онда Мартин апай және анау саябақта 
бейсбол ойнап жүргендердің кӛпшілігіндей боласыңдар. Олар 
жұмысты кӛп істейді, ақшаны аз табады. Тұрақты жұмыс сағымына 
ілесіп, жыл сайын берілетін 3 апталық демалысын шыдамсыздықпен 


47 
күтуде болады. Ақырында 45 жыл жұмыстан кейін, азғантай мӛлшерлі 
зейнетақысы бар зейнетке шығады.
- Олар жақсы және еңбекқор адамдар.
- Сіз, не оларға күлесіз бе?- деп жауап беруін сұрадым. Бай әке 
күлді.
- Мартин апай маған, шеше тәрізді. Мен, ол кісіге қалай 
озбырлық жасай алам?
- Мүмкін, бұл ащы шығатын шығар, бірақ мен барлық күшіммен 
сендерге ӛз тәжірбиемді кӛрсетуге тырысудамын. Мен сендердің 
маңайда не болып жатқанын кӛріп білу үшін, ой-ӛрістеріңді кеңейткім 
келеді. Бұл жағдайларды жәйшылықта жұрттың кӛбі кӛрмейді, 
аңғармайды, білмейді себебі: олардың кӛру, білу қаблеттіліктері 
шектелген. Жұрттың кӛпшілігі құрылған дұзаққа қалай түсіп 
қалғандарын сезбейді де.
Майк екеуіміз, оның айтқандарын түсінуге тырысып, үнсіз 
отырдық. Бұлар құлаққа жағымсыз еді, бірақ оның қайткенде де, 
біздің ӛмірлік мәні бар бірдеңені біліуімізді қалайтындығын кӛрдік.
- Бай әке күліп, былай деді:
- Ал, сендерге 25 цент сағатына тӛлеу, сендерше қалай, 
тартымды баға ма? Бұдан сендердің жүрек қағыстарың жиіленбей ме? 
Мен, басымды шайқап, жоқ,- дедім, дегенмен шынымды айтпап едім. 
Сағатына 25 цент, мен үшін кӛп ақша болған болар еді.
- Жәрәйді, мен сендерге сағатына 1 доллардан тӛлеймін,- деп 
жалғастырды бай әке, сиқырлы күлкімен.
Енді менің жүрегім жиі соға бастады. Іштей:
"Келіс келіс деп ӛзіме-ӛзім айғайлаумен болдым.
Мен ӛз құлағыма сенбедім. Бірақ үнсіз тұрдым.
- Жәрәйді, 2 доллардан сағатына. Менің, тоғыз жастағы баланың 
миымен жүрегі жарылып кете жаздады. Қалайда бұл 1956 жыл еді, 
сағатына 2 доллар жалақы, мені әлемдегі ең бай бала қылар еді. 
Мұндай жалақы аламын деп, ешуақытта ойлаған емеспін.
Мен, ия дегім келді. Мен келіскім келді. Кӛз алдыма: жаңа 


48 
велосипед, жаңа бейсбол қолғабы және достарымның таң қалушылық 
бейнелері елестей бастады. Осыдан кейін, Джимми және оның 
достары, енді мені кедей, деп айта алмайды.
Дегенмен, қасарысқан адам тәрізді әлі үнсіз тұрдым.
Мүмкін менің миым қайнап кеткен шығар, сондықтан бірде-бір 
сӛз айта алмадым. Алайда, тереңде жатқан пікірім, сағатына 2 
долларға келісім беру еді. Балмұздақ еріп болып, қолымызға ағып, 
исіне құмырсқалар қаптай бастады.
Бай әке осы сәтте, кӛздері бақырайып, бастарында ешқандай ой 
жоқ, ӛзінен кӛздерін алмай отырған екі балаға қарады. Ол бізді сынап 
отырғанын және оның ұсынысын қабылдауға, біз жартылай 
даяр 
болып қалғанымызды білді.
Ол әрбір адамның жан дүниесінде әлсіздік пен сараңдықтың бар 
екенін, солар арқылы оны сатып алуға болатынын білетін еді. Адамда 
осы екі сезімнің қайсы басым, мәселе сонда. Ол ӛз ӛмірінде мыңдаған 
адамдарды 
сынап 
кӛрді. 
Мұны 
ол 
әрқашан 
жұмысқа 
қабылданушылармен әңгімелескенде жүргізетін.
- Жәрәйді, 5 доллар сағатына.
Нақ осы сәтте, іштей бір ӛзгеріс болғандай, сабама түстім. 
Бірдеңе ӛзгерген сияқты. Ұсыныс орынсыз ӛте жоғары болды, 
сондықтан ол дӛрекі еді. Мендегі барлық аласапыран басылды. 1956 
жылы үлкен адамдардың некен-саяғы ғана сағатына 5 доллардан 
жалақы алатын қызығушылық жоғалды, салқынқандылықпен асықпай 
басымды бұрып, Майкке қарадым. Ол маған қарады. Менің жан 
дүниемнің әлсіз сараң жақтары үнсіз қалды. Сатып алуға кӛнбейтін 
түйсік бел алды. Менің басым мен жүрегімде тыныштық орнап, 
сенімділік пайда болды. Байқаймын, Майкте осындай құбылыс үстінде 
еді.
- Жақсы,- деді бай әке ақырын.
- Кӛп адамдардың ӛз бағасы бар. Ол адам баласының ішкі жан 
дүниесінің қорқыныш және сараңдық, -деп аталатын сезімдердің 
нәтижесінде туады. Алдымен ақшасыз қалу қатері бізді табанды 
жұмыс істеуге мәжбүр етеді, ал еңбекақы алғанда, сараңдық немесе 


49 
дүниеқоршылыққа, яғни ақшаға сатып алуға болатын, кӛптеген 
салтанатты мүліктер мен заттарға қол жеткізуге армандап 
итермелейді. Осыдан барып дәрменсіз жаман шеңбер пайда болады.
- Ол неғылған шеңбер? деп сұрадым мен.
- Олар азанда тұрады, жұмысқа барады, тӛлемдерін тӛлейді, тағы 
тұрады, тағы жұмысқа барады, тӛлемдерін тӛлейді.
Мұндай жағдайда, оларды екі сезім билейді: үрей және сараңдық. 
Оларға кӛп ақша ұстатып кӛріңізші, бәрібір ӛз шығындарын кӛбейте 
отырып, осы шеңбер айналымынан шықпайды. Мұны мен 
“егеуқұйрық жүгірісі” деймін.
- Ал, басқа жол бар ма? ,-деді Майк.
- Ия, бар-деді бай әке даусын созыңқырап.
- Ол қандай жол?- деп сұрады Майк қызыға.
- Оны менімен бірге жұмыс істей және оқи жүре, түсінесіңдер,- 
деп сенемін. Сондықтан, мен сендерге ақша тӛлеуді тоқтаттым.
- Онда, біз не істеуіміз керек, тым болмаса соны айт,- деді Майк.
- Білесең бе?- ӛзі ақысыз осыншама жұмыстан шаршадық.
- Жәрәйді, бірінші қадам- ол шындықты айту,- деді бай әке.
- Біз алдаған жоқпыз,- дедім мен. 
-Сендер алдадыңдар,- деп менде айтып отырғаным жоқ. Мен 
шындықты айту,-дедім.
- Не жӛніндегі шындық?
- Ол сендердің не ойлап тұрғандарың жӛнінде. Оны біреулерге 
айтудың қажеті жоқ. Тек қана ӛз-ӛздеріңе.
- Сонда Сіздің айтпағыңыз, мына парктегі адамдар, Сіздің 
қызметкерлеріңіз, Мартин апай олар оны жасамай ма? -дедім мен.
- Байқауымша, солай,- деді бай әке. Оның орнына олар ақша 
болмай қалады, деп қорқады. Бұл үреймен күресудің орнына, 
ойланбай қимыл жасайды.
- Олар ақылмен емес, эмоциямен қимыл жасайды,- деді бай әке 
біздің басымызды нұқып.
- Содан кейін олардың қолдарына тағы 2 доллар тигенде, оларды 
қайтадан қуаныш пен арман билейді, қайтадан ойланбай әрекет етеді.


50 
- Сонда оларды ақыл емес, сезім билейді екен ғой, -деді Майк. 
- Дұрыс, -деп жауап берді бай әке.
- Ӛздері не сезіп тұрғандары туралы шындықты мойындаудың 
орнына, сол сезімдердің ықпалымен, ойланбай қимыл жасайды. 
Оларды үрей сезімі билейді, содан барып жұмыс істейді, әр уақытта 
ақша 
болса, 
бұл 
сӛзім 
жойылады, деп 
ойлайды, 
бірақ 
ойлағандарындай болмайды. Ақша жетпеушілігі үрейі, оларды тағыда 
қудалай бастайды, жұмыс істеу мұқтаждығы одан әрі арта түседі, кӛп 
ақша мәселені шешеді,- деп ойлайды, алайда ӛзгеріс жоқ, бәрі баяғы 
қаз-қалпында.
Осындай үрей оларды дұзаққа айдап енгізеді: олар жұмыс 
істейді, ақша табады және бұл үрей қашан жоғалады деп күтуде 
болады.
Жұмысқа бару үшін таңертең орындарынан тұрады, олармен 
бірге баяғы үрей қоса оянады. Миллиондаған адамдар ақшаны ойлап 
түнімен ұйықтамайды алаңдаушылықпен тӛсегінде дӛнбекшумен 
болады. Жандарын күйзелткен, жүйкелерін тоздырған осы үрейді жою 
үшін, ақша табуға жұмысқа барады.
Сӛйтіп, олардың ӛмірін ақша билейді, дегенмен оны олар 
мойындағысы келмейді. Барлық сезімдерін ақша билейді, ал ол 
түгелімен жанын биледі деген соң, естігендерімізді қорыту үшін, бай 
әке біраз үнсіз қалды. Оның айтқандарын Майк екеуіміз түгел 
тыңдадық, бірақ толық түсіне алмадық.
Үлкен кісілер жұмысқа неге соншалықты асығады екен,- деп, жиі 
таңданатындығымды енді есіме түсірдім. Меніңше, жұмыс оларға аса 
ұнамайтын, одан бақытты да сияқты кӛрінбейтін. Әйтеуір бір нәрсе 
оларды жұмысқа асықтыратын. Шамамыз келгенше бірдеңе 
ұққанымызды байқаған бай әке былай деді:
-Балалар, 
мен 
сендердің 
осындай 
дұзақтарға 
түсіп 
қалмауларыңды қалаймын. Менің сендерді нақтылы үйретейін 
дегенімнің ӛзі осы еді. Жәй ғана бай атану үшін емес, себебі: байлық 
құр ӛзі бұл проблемаларды толық шешпейді.


51 
- Шешпейді?,- дедім мен таңданып.
-Жоқ, шешпейді. Мен сендерге әлі екінші сӛзім ынтызарлық 
(бірдемені қажетсіну) туралы ештеңе айтқаным жоқ. Кейбіреулер 
мұны сараңдық дейді, бірақ маған «ынтызарлық» деген кӛп ұнайды. 
Адам ӛзіне жақсы, әсем, қызғылықты бірдеңені қалаушылық ӛмірдегі 
қалыпты жағдай. Осы қалауларын қанағаттандыру мақсатында, 
адамдар ақша үшін жұмыс істейді. Оларды ақшаға сатып алып, 
орындауға болады деп ойлайды. Алайда, мұндай құмарлықтары қысқа 
мерзімді болып, қайтадан олардың орнына, одан да үлкен, жақсы 
тұрмыс құру, салтанатты үй болуы, жаңа машина және т.б.с.с. үлкен 
сұраныстар пайда болады. Сӛйтіп, әрі қарай жұмыс істеулерін 
жалғастыра береді. Күндердің күнінде кӛп ақша олардың жанын 
күйзелтіп жүрген үрей мен мұқтаждықты жояды деп сенеді. Алайда, 
ақша мұны істей алмайды.
- Сен бай адамдар жӛнінде де айтып отырсың ба?,- деп сұрады 
Майк.
-Ия, байлар жӛнінде де, -деп жауап берді бай әке! Дегенмен, кӛп 
бай адамдардың байуына ықпал еткен мұқтаждық емес, қорқыныш. 
Олар ақша кедейліктен құтқарады, деп есептейді, сондықтан кӛп ақша 
жинайды, бірақ үрей одан сайын күшейе түседі. Енді байлықтарын 
жоғалтып аламыз ба, -деп қорқады. Былай да жеткілікті ақшалары 
бола тұра, жұмыс істеуді тоқтатпаған менің достарым бар. Мен 
миллиондаған ақшалары бар адамдарды білем, олардың қазіргі үйлері, 
кедей кезіндегі үйлерінен әлдеқайда басым, содан үлкен зардап 
шегуде.
- Олар жинаған ақшаларын жоғалтып аламыз ба, -деп, ӛлердей 
қорқады. Баюға ықпал еткен қорқыныш күшейе түседі. Адам 
жанының қорқыныш және сараң сезімдері берекелерін алады. 
Ақшамен келген зәулім үйлерін, қымбат машиналарын, байлықты 
тұрмыстарын жоғалтқылары келмейді. Егер де барлық ақшаларын 
құртып алса, жұрт не дейді, деп толқиды.
Сырт кӛрініске бай және алаңсыз ӛмір сүріп жатқан адамдардай 
кӛрінгенімен жүйкелері тозып, іштерінде ит ӛлгендей қалыпта болып, 


52 
ауруға шалдығады.
- Онда, кедей адамдар бақытты ма?,-деп сұрадым мен.
- Олай ойламаймын,-деді бай әке.
-Ақшадан алшақтық оң іс емес, сондай-ақ оған аса табынушылық 
та абырой бермейді. Осы кезде әдейі ұйымдастырғандай, біздің 
жанымыздан қаланың бір мүсәпір шалы ӛтіп, қоқыс жиналған жерге 
барып, бірдеңелерді қопарыстыра бастады. Біз оның қимылын міз 
бақпай, танданып қарап отырдық, бұрын мұндайға мән бермейтінбіз. 
Бай әке әмиянынан 1 доллар ақша алып, ишаратпен шалды 
шақырды. Ол ақшаны кӛріп лезде жетіп келді, оны алып, кӛпке дейін 
рахметін айтып, тӛбесі кӛкке жеткендей болып шапшаң кетіп қалды. 
- Бұл кісінің менің кӛптеген жұмыскерлерімнен айырмашылығы 
шамалы,- деді бай әке.
- Мені ақша қызықтырмайды, дегенді жиі айтатын адамдарды 
кӛп кездестірдім. Дегенмен, сол ақша үшін, күніне 8 сағат ғұмыр бойы 
жұмыс істеуге даяр. Олар шындықты жасырады.
- Егерде оларға ақша қажет болмаса, онда неге жұмыс істейді? 
Мұндай пиғыл, ақшаны қапшықтап жинаушы адамның пиғылымымен 
салыстыруға келмейтін сорақылық еді. Бай әкенің сӛзін тындай 
отырып, ӛз әкемнің: “Мені ақша қызықтырмайды”,- деп жиі айта 
беретін бейнесі кӛз алдыма елестеумен болды. Оның тағы бір жиі 
айтатыны: "Менің жұмыс істейтін себебім, ӛз жұмысымды қатты 
ұнатамын" дейтін.
- Енді біз не істеуіміз керек?,- дедім мен. Онда біз үрей және 
сараңдық сезімдерінен арылғанша, ақша үшін жұмыс істемеуіміз 
керек пе?
-Жоқ. Бұл уақытты босқа ӛткізгендік болар еді,- деп жауап берді 
бай әке.
-Эмоциялар адам баласының бойындағы ерекше қозғау салатын 
құбылыс. Сондықтан ӛз эмоцияларыңды сезініңдер, салыстырыңдар 
және пайдаланыңдар, барлық ақыл-ойларыңды ӛз бастарына зиян 
келтірмей, игіліктеріне бағыттаңдар.
- Охо!- деді Майк.


53 
-Менің бар айтқандарым, сендерді әзір онша мазаландырмасын. 
Соңынан бұлар сендерге түсінікті болады.Ӛз эмоцияларыңды 
бақылаңдар, асығыс қимыл жасауға асықпандар. Жұрттың кӛпшілігі 
бір жағдайларда ақылға емес, эмоцияға жүгінеді. Эмоция 
эмоциялығымен, бірақ ойлануға үйрену керек.
- Сіз бұған мысал келтіре аласыз ба? -деп сұрадым мен.
- Әрине, Мысалы, адам: “Маған жұмыс тауып алу керек” дегенде 
оны эмоция билеп тұрады. Мұндай эмоция,онда ақша болмай 
қалушылық үрейін туғызады.
- Дегенмен, шындығында адамдарға ақша қажет емес пе, мысалы, 
уақытылы тӛлемдерін тӛлеуге?-дедім мен.
- Әрине қажет, -деп күлді бай әке. Менің айтып отырғаным, 
жайшылықта осындай сезімдердің оларға үрей туғызатындығы 
туралы.
- Түсінбеймін,- деді Майк ренішпен.
-Мысалы,- деп бастады бай әке. Оларды ақша жетпейді деген, 
үрейшілік сезімі билегенде, оны жою үшін бас салып, құны 2-ақ 
долларлық жұмыс іздегенше, ӛзіне мынандай жәй сұрақ қоюға бола 
ма: “Ал ұзақ мерзімді перспективалық тұрғыдан қарағанда жұмыс 
жақсы шешім болып табыла ма? 
- Мен, жоқ, -деп есептеймін. Әсіресе адам ӛмірін бір тұтас 
алғанда, жұмыс ұзақ мерзімді проблемаларды шешудің, тек қана 
қысқа жолы.
Бірақ, менің әкем үнемі: “Мектепте оқы, жақсы бағалар ал, 
түбінде тұрақты жұмыс табасың”, деуші дедім мен міңгірлеп: қалыпты 
жағдайдан шығып қалғандай сезініп.
- Ия, мен түсінемін, деп күлді бай әке. Мұндай кеңесті кӛп 
адамдардан естуге болады және ол кӛпшілігіне сәйкесте келеді. 
Дегенмен, мұндай кеңес, алдымен қорқыныш салдарынан беріледі.
- Онда менің әкем, мұндай кеңесті қорыққанынан айта ма?
- Ия,- деді бай әке. Ол, сен табыс таба алмай қаласың ба, сӛйтіп 
қоғамның бір белсенді мүшесі бола алмайсың ба, деп ӛте қорқады. 
Мені дұрыс түсін. Ол сені ӛте жақсы кӛреді және саған дүниедегі 


54 
барлық жақсылықты тілейді. Менің ойымша, оның қорқушылығы 
құптарлық жағдай. Білім мен жұмыс маңызды. Алайда, олар үрейді 
жеңуге кӛмектесе алмайды. Түсінесің бе, оның саған мектепті бітіруді 
нығыздап айта беруге мәжбүр ететін, ӛзін таңертең ерте жұмысқа 
куатын баяғы үрей сезімі.
- Ал, Сіз не кеңес бересіз?
- Мен, сендерді ақша күшін қалай меңгеру керек, соған үйреткім 
келеді. Бұл дүлей күштен қалай қорықпауға болады сол туралы. 
Мектепте бұған оқытпайды. Егерде сендер бұған үйренбесеңдер, онда 
ақшаның құлы боласыңдар.
Енді менің басымда бірдеңе айқындала бастаған сияқты. Оның 
шындығында, біз ақша проблемаларын кеңірек және толығырақ 
түсініуімізді қалайтыны кӛрініп тұрды.
Ол, Мартин апай, ӛз жұмыскерлерінің кӛпшілігінің, сонымен 
катар менің әкемнің де нені кӛрмейтіндіктерін, неменеге мән 
бермейтіндіктерін кӛрсеткісі келді. Ол бізге ӛте қатал амалдарды 
пайдаланды бірақ мен оларды ӛмір бойы ұмытқаным жоқ. Сол күні 
менің білім деңгейім біраз ӛсті, шындығында кӛптеген адамдардың 
алдарында қаншама жасырын дұзақтардың бар екенін түсіндім.
- Дегенмен, біздер қайткенде де біреуге қызмет етеміз. Мұны біз 
әртүрлі деңгейлерде жасаймыз, деп сӛзін жалғастырды бай әке.
- Балалар,мен сендерге баяғы сол үрей және ниет сӛзімдерінен 
туындайтын дұзақтардың шырмауына қалай түспей ӛтуге болатын 
мүмкіншілікті кӛрсету, менің парызым, деп есептеймін. Бұл сезімдерді 
ӛздеріңе зиян емес, пайда әкелетіндей ғылып жүгіндіру керек. Міне, 
сендерді осыған оқытқым келеді.
- Менің айтайын дегенім: ақшаны қайткенде қапшықтап табу 
жӛнінде емес. Ол бәрібір сендерді, үрей мен мұқтаждықтан 
құтқармайды. Егерде сендер ең алдымен осы түйсіктерді ауыздықтай 
алмасаңдар, бай болсаңдар да, онда тек қана жоғары тӛлемді құл 
боласыңдар.
- Онда бұл тұзақтан қалай құтылуға болады? -дедім мен.
Кедейлік пен қаржылық қиындықтардың негізгі себебтері: ол 


55 
үрей және надандық. Әрине, мұндай сезім экономикада, мемлекетте 
және байларда жоқ. Адамдар бұл дұзаққа үрей мен надандықтың 
сандарынан түседі, оның басты себебі ӛздері.
Сондықтан, 
балалар 
әзірше 
мектептегі 
оқуларыңды 
жалғастырыңдар және колледжде оқыңдар.
Ал, мен сендерді, Роберт менен нені сұрады, соған оқытам. 
Біртіндеп бұл бас қатырушылық ойлар бір салаға жиналып, біртұтас 
ұғымға айнала бастады. Менің әкем қызмет бабында үлкен лауазымға 
ие болды. Бірақ, мектепте оны ақшаны қалай қолдану керек және ӛз 
үрейіңмен қалай күресу керектігі туралы ешкімде оқытқан жоқ.
Енді мен екі әкеден біріне-бірі қарама-қарсылықты бірақ ӛте 
маңызды 
мәселелерді 
білетіндігім 
айқын 
түсінікті 
болды.
- Сонда сен, адамда ақша болмай қалған жағдайда туындайтын 
үрей туралы айттың ба? Ал, ақшаның қажеттілігі біздің сана-
сезімімізге қалай әсер етеді?-деп сұрады Майк.
- Мен сендерге жоғары баға ұсынғанымда, калай сезіндіңдер? 
Тілеулеріңнің бірден қалай ӛскенін сездіңдер ғой? Біз басымызды 
изедік.
- Сендер қызу қандылыққа баспадындар, ұстамдылық жасап және 
ойландыңдар. Бұл ӛте орынды. Біздің барлығымызда да, үрей мен 
сараңдық сезімдері бар. Бұл табиғи құбылыс. Осы сәттен бастап, 
осындай түйсіктерді ӛз игіліктеріне, ғұмыр бойы бейімдеуді игеру, аса 
маңызды шарт. Ӛз сезімдеріне, ӛздерін тәуелді болмай, оларды ақыл 
оймен басқаруға үйрену қажет. Жұрттың кӛпшілігі үрей мен 
сараңдық, ӛздеріне қарсы жұмыс істейтіндігін анғармайды осыдан 
барып надандық туады. Олардың кӛпшілігі үрей мен ішкі 
тілеушіліктің екпінді ықпалының салдарынан жалақыны, қосымша 
тӛлемақы және жеңілдіктерді ғұмыр бойы қуумен болады, ал мұндай 
пиғылдар қайда апарып соғатынын ӛздерінен сұрамайды.
Мұны, 
мынандай 
мысалмен 
салыстыруға 
болады.
Есек ӛз салмағынан бірнеше есе ауыр жүкті күнде сүйретеді, 
себебі: оның иесі онын тұмсығының алдынан таяқ үстінен ылғида 
қызыл сәбізді кӛрсетумен болады. Есек иесі қайда бара жатқанын ӛзі 


56 
біледі, ал есек сағымды қуушылықпен болады! Есекте ертең жаңа 
қызыл сәбіз тағы пайда болады.
- Сонда маған айтпағың, сол сәтте мен кӛз алдыма жаңа бейсбол 
қолғабын, кәмпиттерді, ойыншықтарды елестетіп отырғаным да, бұлар 
маған, есекке кӛрсеткен сәбіз сияқты болды ма? -деп сұрады Майк. 
- Ия. Ал, сен ӛскенде, сенің ойыншықтарың одан да қымбат
болады. Жолдастарыңның алдында мақтану үшін, саған жаңа машина, 
яхта, үлкен үй қажет болады, -деп күлді әкесі.
Үрей адамды есік сыртына шығарады, ал қажеттілік ӛз 
талаптарына үңілуді мәжбүр етеді. Содан барып оны тасқа соғады. 
Міне, қайда дұзақ.
- Онда не істеуіміз керек?- деді Майк.
- Үрей мен қажеттілік надандықпен арта түседі. Міне сондықтан, 
ақшасы кӛп бай адамдар байыған сайын, үлкен үрейдің құлы болады. 
Ақша- ол “сәбіз”, сағым. Егер, есек барлық жағдайларды сезіп, біліп 
отырса, ол ойласар еді де, сәбіздің соңынан жүгірмеген болар еді. 
Адам ӛмірі күрестен тұрады, деп қайта түсіндіре бастады бай әке. Бұл 
надандықтың біліммен күресі. Біз күн сайын, әр минут сайын шешім 
қабылдаймыз ӛмірде болып жатқан жаңа құбылыстарды, ой елегінен 
ӛткізіп, кӛңіл аударамыз ба, әлде мән бермей соқыр сезімнің 
ықпалында қаламыз ба? Әңгіме сонда. Адам ӛзіне терең үңіліп және 
жаңа ақпараттарды іздеушілікті тоқтатқан сәттен бастап, надан бола 
бастайды.
- Сендер, мынаны түсінуге тиіссіңдер. Мектепте оқу- аса 
маңызды іс. Сендер мектепке жақсы мамандық алу үшін және түбінде 
қоғамның саналы және сауатты азаматы болу үшін барасыңдар. Әрбір 
қоғамдық ӛмірге: мұғалімдер, дәрігерлер, механиктер, суретшілер, 
аспазшылар, бизнесмендер, полицейлер, ӛрт сӛндірушілер, солдаттар 
және т.б. керек. Біздің мәдениетіміз ӛркендеп гүлденуі үшін мектептер 
сендерді негізінен осыларға дайындайды Ӛкінішке орай, кӛптеген 
адамдар үшін, бұл бастау емес құлдырау болып шығады. Біраз 
уақытқа дейін үнсіздік орнады. Бай әке күлді. Сол күні оның барлық 
айтқандарын түсіндім. Ӛмірде бізді кӛп жылдар бойы оқытқан нағыз 


57 
ұстаздардың айтқан сӛздері, ӛздері дүниеден ӛтіп кетседе, ешуақытта 
маңызы жоғалмайтындай, бай әкенің айтқан сӛздері мен үшін осы 
уақытқа шейін аса маңызды.
- Мен сендерге бүгін қатал мәселелерді айттым, деді бай әке.
- Оған себебтер де баршылық Бұл әңгімені сендер ғұмыр бойы 
естеріңде сақтаңдар. Мартин апайды ұмытпаңдар. Сол сияқты есекті 
де. 
- Осыларды естеріңде ұстаңдар, себебі: егерде сендердің 
саналарыңды үрей мен сараңдық билеп кетсе, олар дұзаққа түсіруі 
ықтимал. Қаталдық менің айтқандығымда емес. Ғұмыр бойы,ӛз ӛмірін 
үрейде ӛткізіп, бірде-бір арманын орындай алмаушылық-барып тұрған 
қаталдық осы. Ӛмір бойы ақша табу үшін маңдай терді сыпырып, 
еңбек етіп, тапқан табысына керекті дүниені сатып алып, сӛйтіп, 
бақытты боламын деушілік, нақ осы қауіпті. Түн ортасында суық 
терден селт етіп оянып: “О, Құдай тӛлемдерімді, тӛлей алмай қалсам, 
не болам!” -деп ойлаушылық міне, ӛмір азабы.
Жалақының мӛлшерімен бағаланатын ӛмір- ол ӛмір емес. 
Жұмысты қауіпсіздік кілті, деп ойлайтындар, ӛз-ӛздерін алдайды. Бұл 
ӛте қорқынышты, сондықтан мен сендерді осындай дұзаққа түсіп 
қалмауларыңды қалаймын. Ақша адам ӛмірін қалай билейтінін, мен 
талай рет кӛрдім. Бұған ӛздеріңді жібермеңдер. Сендерден 
сұрайтыным: ӛз ӛмірлеріңді ақшаға билетпеңдер. Біз отырған столдың 
астына доп келіп түсті. Бай әке оны қолына алып, ойыншыларға қарай 
лақтырды.
-Ал, надандықтың, сараңдық және үреймен қандай байланысы 
бар?
-Үрей мен сараңдықтың пайда болуы, ол адамдардың ақша 
туралы дәнеңе де білмеушілігінен туындайтын қүбылыс. -деп жауап 
берді бай әке.
Мысалы, дәрігерді алайық. Оған отбасын қамтамасыз ету үшін, 
кӛп ақша керек, сондықтан ол ӛзі кӛрсететін қызметінің бағасын 
кӛтереді. Осыдан кейін дәрігерлік кӛмек барлықтары үшін қымбат 
болады.


58 
Бұл ең алдымен кедей адамдарға соққы болып тиеді. Одан кейін 
заңгерлер бағаны кӛтереді енді мұғалімдер де жалақының кӛтерілуін 
қолдайды.Сӛйтіп бізден кӛп салықтар алынады және т.с.с.
Ақырында, тез арада кедейлер мен байлардың арасында үлкен 
алшақтық пайда болады да, аяғы былыққа, қақтығыстарға әкеліп 
соқтырып, ӛркениетілікттің түбіне жетеді.
Міне, осындайлардың салдарынан, ӛмірде талай ӛркениеттілік 
(цивилизация) күйреген болатын.
Америкада осы жолға түсіп, тарихтың қайталанатындығын 
дәлелдеуде, себебі: біз тарихтан ешқандай қортынды шығармаймыз. 
Біз тек қана даталар мен адам есімдерін жадымызда сақтап, нақтылы 
материалды игермейміз.
-Ал бағалар кӛтерілмеуге тиісті ме?- дедім мен.
-Жоқ, егерде ақылды үкіметімен ӛркениетті қоғам болса,
бағалар керек болса тӛмендеуге тиісті. Әрине, бұл жалпы теория 
ретінде болады. Бағалардың қашанда кӛтерілуін үрей мен 
сараңдықтың салдарынан шығын нандандықтың керсеткіші болады.
Егерде мектептерде, ақшаның не екенін түсіндірсек мемлекетте 
ақша кӛп болып, баға тӛмен болар еді, бірақ мектептер ақша үшін 
жұмыс істеуге оқытады, керісінше ақшаның күшін пайдалану үшін 
емес.
-Ал, бизнес колледждері ше? -деп таңданды Майк. Сонда сен, 
менің бизнес колледжді аяқтап, диплом алуымды, құптамайсың ба?
-Рас, бизнес-колледждер бар,-деді бай әке.
Бірақ, олар әрдайым ақша санау машинкасынан айырмашылығы 
шамалы мамандарды ғана дайындаумен болады. Мұндай маманның 
компания басқаруынан. Құдай сақтасын!
Олар тек қана, цифрларды бағаналық тәртіппен жазып, 
қызметкерлерді жұмыстан босатып, компанияны банкроттыққа 
ұшыратуды біледі.
Мен, мұны жақсы білемін, себебі: менде мұндай мамандарда 
жұмыс істейді. Олар шығындарды азайтып, бағаны кӛтеруден басқаны 
білмейді.


59 
Ал, бұл керісінше жаңа проблемаларды тудырады. Ақшаның 
есебін жүргізу ӛте маңызды іс, мұны білетіндер аса кӛп емес, бәрі-бір 
ол жағдайды толық суреттей алмайды.
-Ал осыдан шығар амал бар ма?-деп сұрады Майк. Бар, деді бай 
әке.
-Ӛз сезімдеріңді ойлану үшін, пайдалануға үйреніңдер. Керісінше 
асығыс сезімдер негізінде ойлану үшін емес, деді. Сендер бірінші 
ретте, ӛз сезімдеріңді билей отырып, құны тегінге жуық жұмыс істеуге 
келісімдеріңді бергенде, мен сендердің дәрменсіз емес екендіктерінді 
байқағанмын.Ал, мен сендерге кӛп ақша ұсынғанымда да, 
қызуқанлылыққа ұрынған жоқсыңдар, сезімге берілмей тағыда 
ойландыңдар.
-Бұл бірінші қадам.
-Ал, бұл қадам неге сонша маңызды?-дедім мен.
-Мұны, ӛздерің білуге тура келеді. Егерде оқығыларың келсе, 
сендерді топ шеңгелге апарам.
-Ол жерден барлығы да қашқақтап жүреді. Сендер жұрт 
жуымайтын жерге барасыңдар.
-
Егер сендер менімен болсаңдар, ақша үшін жұмыс істеу 
пыйғылынан айырыласыңдар, сӛйтіп ақшаның ӛздерің үшін, жұмыс 
істетуге үйренесіңдер.
-Ал, бізге не болады, егер біз Сізбен болсақ? Сізден оқуға 
келіссек? Біз не аламыз?-деп сұрадым мен. Қоянның не алғанын, 
аласыңдар-деді бай әке.
-Ол қарамай қуыршақтан бас тарттық.
-Ал, ӛмірдің топ шеңгелі барма?-дедім мен.
-Ия, - деді бай әке.
-Топ шеңгел-ол біздің қорқынышымыз және сараңдығымыз.
Шығу жолы-ӛзіңнің үрейіңді талдап, білу. Сӛйтіп ӛзіңнің 
әлсіздігіңмен күресуге үйрене білу. Мұндай шығу жолы ақылмен, 
терең ой-пікірді таңдаумен, салыстырумен табылады.
-Ойды таңдаумен бе?- деп сұрады Майк салмақтылықпен. 
-Ия. Ойды таңдау арқылы, бас салып сезімге ұрынбай. 


60 
Тӛлемдерді уақытында тӛлей алмай қалам-ау деген үрей, сені бозала 
таңнан 
тұрғызып, 
ақша 
үшін 
жүмыс 
істеуге 
қуалайды.
Ал, ойланушылық ӛзіңе, бір мәселелер бойынша жан-жақты 
салыстырып, зерттеп бір шешімге келуіне мүмкіндік береді. Мысалы, 
мына мәселе бойынша: «Проблемаларды шешуде-жұмыс ең жақсы 
түрі бола ала ма?» Жұрттың кӛпшілігі, оларды үрей билейтіндігі 
жӛніндегі шыңдықты мойындамайды, сондықтан терең ойлау 
қабілеттілігінен айырылады да, үрейлікпен жүмысқа жүгіреді. Солай, 
қарамай қуыршақтың тұтқынында болады. Ӛз ойларыңды таңдап 
алуларың керек дегенімде, осыны ескерген едім.
-Оны қалай істеуге болады? -деді Майк.
-Міне, бұған мен сендерді үйретем. Мен, сендерге, таңертең ерте 
асығыс кофе ішіп, жұмысқа жүгірушілік асығыс сезіміне ұрынбай, кӛп 
ойлардың ішінен қайсысын қалап алуды, таңдауды үйретем.
Естерінде болсын, қайталап айтам: жұмыс ұзақ мерзімді 
проблемаларды шешудегі барып тұрған ең қысқа жол. Жұрттың 
кӛпшілігінің басында бір-ақ проблема, оның ӛзі қысқа мерзімді. Ол 
айдың аяғында, тӛлемдерді тӛлеу-бұл олардың қарамай қуыршағы. 
Олардың ӛмірін ақша билейді. Немесе дәлірек айтсақ, үрей және 
ақшаның мәнін түсінбеушілік. Олар ӛздерінің ата-аналарының 
істегендерін қайталап: күнде тұрып, ақша үшін жұмысқа кетеді. 
Ӛздеріне мынандай: «Басқа тәсіл бар ма?» - деген сұрақ қоюға 
уақыттары жоқ. Олардың ойларын эмоциялар билеген, ақын емес.
-Ал эмоциялар ықпалымен пайда болған ойларды, ақылмен 
пішкен ойлардан қалай айыруға болады? - деп қызықтады Майк.
-Ӛте оңай. Кейбір адамдар мұндай ойларды жиі қайталайды, - 
деді бай әке.
-Мысалы: «Heci 6ap, біз бәрімізде жұмыс істеуіміз керек» немесе 
«Барлық байларды соттау керек» және «Мен басқа жұмысқа кетемін», 
«Менің жалақымнын ӛсірілуінеқақым бар, маған бұлай қарауға 
ешікімді де тырп еткізбеймін» немесе «Маған бұл жұмыс ұнайды, 
себебі ол тұрақты» деген сияқтылар, ал керісінше «Мен мүмкін 
бірдеңені түсінбейтін шығармын?» - дегенді, олар айтпайды.


61 
Нақ осы сұрақ, эмоцияларға біздің ойымызды билеп кетуге 
тосқауыл болады және байыпты, әрі жан-жақты ойлауға уақыт береді.
Мойындауымыз керек, сол күні бізге маңызды сабақ берілді. Бұл, 
адамдардың сӛйлеуі немесе іс-қимылы эмоциялардың ықпалымен бе, 
әлде ой елегінің ықпалымен болып тұр ма?-соны қалай ажыратып білу 
сабағы еді. Осы сабақ маған ӛмір бойы пайдасын тигізді, әсіресе 
ӛзімді ақыл емес, эмоциялар билеп тұрғандарын сезінгенімде.
Біз қайтадан дүкенге кеттік. Жолшыбай бай әке. Байлардың 
шындығында «ақша жасайтындығын» түсіндірді. Олар ақша үшін 
жүмыс істемейді. Біз, Майк екеуіміз, жезден бес центтік ақша 
жасағанымызда, біздің ойымыз, байлардың ойына ӛте жақын еді. 
Мұның проблемасы-тек қана заң жүзінде рұқсат етілмеуі еді. Оны 
банктер мен мемлекет қана жасай алады, бірақ біз емес. Ол ақша 
жасаудың заңды да, заңсыз да жолдары бар екенін түсіндірді.
Содан кейін айтқаны: байлар ақшаның-қиял, сағым екенін біледі. 
Яғни есекке кӛрсеткен сәбіз секілді теңеу-деді.
Миллиондаған адамдар ақшаны ақиқат, деп есептейді және 
олардың үрейлері мен сараңдықтары осы қиялды қандайды. 
Шындығында, ақша-бұл жалған. Ол ойын картасынан жасалған үй 
тәрізді оның құламай түрған себебі: оған кӛпшілік сенеді.
-Ал шындығында, деді ол «сәбіз» құны, ақшадан жоғары. Ол 
Американың алтын стандарты туралы және әрбір долларлық банкнот-
күміс сертификаты екенін айтты. Бір кӛздерде, біздің алтын стандарты 
құнсызданып және доллар сертификаты болуын тоқтатады,-деген 
есек-аяң оны қатты мазалайтын.
-Егерде, балалар, бұл бір кезде болатын болса, нағыз ақырзаман 
сонда басталады-деді.
Әсіресе, кедейлер, орта класс ӛкілдері және хабары жоқтар 
мұның құрмалдықтары болады себебі: олар ақшаның ақиқаттылығына 
сенушілікті жалғастыра береді және үкімет пен компаниялар, ӛздеріне 
қамқорлық жасайды, -деп сенеді.
Сол кезде, оның айтқандарын толық түсіне алмадық бірақ 
жылдар ӛткен сайын, оның айтқан сӛздері біз үшін, үлкен терең 


62 
ақиқатқа айналған еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет