Бай әКЕ, кедей әКЕ


 Бір мақсатқа үңілуді білушілік



Pdf көрінісі
бет43/50
Дата04.10.2023
өлшемі1.29 Mb.
#479807
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50
Бай әке, кедей әке(1)

8. Бір мақсатқа үңілуді білушілік.
Салтанатты заттар активтер арқылы сатып алынуы керек. Менің 
бір жолдасымның баласының жаман дағдысы бар еді- ол ақшаны 
жӛнсіз оңды солды жұмсау. Ол 16-ақ жаста еді, ӛзінің жеке 
машинасының болғанын жақсы кӛреді. Бұл қылығын, ол: «менің 
достарыма әке-шешелері машина алып берді», деп дәлелдейді. Ӛзінің 
жинағандарын, қолма-қол ақша ретінде пайдаланғысы келеді. Сол 
уақытта әкесі маған телефон соқты.
-Қалай, -деп ойлайсың? Мұны жасауға рұқсат берейін бе, әлде 
басқа ата-аналар сияқты машина алып берейін бе?
-Мүмкін, бұл біруақытта проблеманы шешер, ал ұзақ мерзімді 
тұрғыдан келсек, оны неменеге үйретесің, -дедім мен. Баланың ӛз 
машинасы болғаны аңсауын, оны бірдеңеге үйренуге ынталандыру 
үшін пайдалансақ қайтеді? Менің досымда бір идея пайда болды да, 
ол үйіне кетті. Екі айдан соң, мен онымен тағы жолықтым.
-Қалай, балаң машина алды ма? -деп сұрадым мен.
-Жоқ. Бірақ, мен ол үшін 3 мың доллар ақша бердім- деді ол. 
Мен, оған осы берген ақшаны пайдалан, ал сенің оқуың үшін жинаған 
ақшаны жұмсама дедім.
- Үлкен жомарттық жасаған екенсің.
- Жоқ, олай емес. Ақшаны мен, оған бір шарт қойып бердім. Мен, 
сенің ақылың бойынша, оның машина алғысы келгенін бірдеңеге 
үйренуге бағыттауға тырыстым.
- Сонда, қойған шартың не? -дедім қызық кӛріп.
- Алдымен, сенің «егеуқұйрық жүгірісі» ойынын ойнадық. Содан 


190 
кейін, ақшаны ақылмен қалай жұмсауға болатындығы жӛнінде 
әңгімелестік. Сосын, мен оған "Wall Street Journal" басылымын және 
құнды қағаздар нарығы туралы бірнеше кітаптарды сыйға тарттым. 
- Ал, содан кейінше? Шарттың мәні неде?
- Менің балама айтқаным: бұл 3 мың доллар сенікі, бірақ оған 
машина сатып алма. Бұл ақшаға: брокер тауып акциялар сатып алуға 
болады, ол оны 6 мыңға жеткізгенде, 3 мыңын машинаға, қалған 3 
мыңын оқуға жұмсауға болады дедім.
- Ия, одан не шықты?
- Алдымен оған сәті түсті. Бірақ, бірнеше күннен соң, барлық 
ұтқандарынан айырылды. Ол одан сайын қызыға түсті. Қазір, ол 2 мың 
долларды жоғалтқан тәрізді, бірақ қызығушылығы бәсеңдеген жоқ. 
Мен берген кітаптардың бәрін оқып шықты, жаңаларын оқу 
үшін кітапханаға барады. Ол «Wall Street Journal» журналының 
барлық нӛмірлерін оқып шықты, тағы басқа пайдалы ақпараттарды 
іздестіруде. Теледидардан «Эм-ти-ви»дің орнына «Эн-би-си»-ді 
қарайды. Қазір оның 1000-ақ доллар ақшасы қалды, дегенмен жаңа 
білім алуға ынтасы орасан зор. Егерде, ол осы ақшасынан айырылып 
қалса, тағыда 2 жыл жаяу жүретінін біледі. Оны бұл қынжылтпайтын 
сияқты. Машинаны ойлауды тоқтатқан тәрізді, себебі: ол ӛзі үшін 
жаңа бірдеңені кӛрді, жаңа ойынды білді.
- Ал, барлық ақшасынан айырылып қалғанда не болады?- деп 
сұрадым мен.
- Сонда кӛрерміз. Жоғалтса қазір жоғалтсын, біздің жасымызға 
келгенде емес, -деді ол. Оның сыртында мен, оның оқуына 3 мың 
долларды ұлымды пайдаландым,-деп есептеймін. Оның қазіргі білгені, 
оған ғұмыр бойы азық болады. Ол енді ақшаға басқа кӛзқараспен 
қарайтын болды, оны орынсыз шашуды тоқтатты.
Мен айтқанымдай, егер адамның ішкі тәртібі жоқ болса, онда 
оған бай болуға ұмтылушылықтың қажеті жоқ. Себебі: активтер 
колонкасынан ақша ағымы теориялық тұрғыдан аса күрделі 
болмағанмен, ақша жұмсаудағы ӛзіңнің беріктілігіңді тәрбиелеу ӛте 
қиын. Қазіргі кезеңдегі дүниеге қызығушылық, салтанатты тұрмыс-


191 
салтқа ұмтылушылық, ақшаны пассивтер қолонкасы арқылы жұмсап 
жіберу оңай. Егерде Сізде іштей беріктілік болмаса, ақшаңыз ӛзіңіздің 
тарапыңыздан қарсылықсыз оңды-солды жұмсалумен болады. Бұл 
кедейліктің, сонымен қатар қаржылық тапқырлықтың жоқтығының 
белгісі және сылтаулары.
Тӛмендегі мына мысалда: қаржылық тапқырлықтың цифрлармен 
белгіленуге кӛрсетілген, яғни бұл жағдайда ақшаны оданда кӛп ақша 
әкелу үшін, пайдалану қаблеттілігі кӛрсетілген.
Егерде, жылдың басында, біз 100 адамға 10 мың доллардан 
берсек, менің ойымша, жылдың аяғында 80-інде ештеңеде қалмайды, 
кейбіреулері жаңа қарыздар алады, себебі: олар ақшаларын машина
мұздатқыш, теледидар, бейнемагнитофон немесе саяхатқа қолма-қол 
ақшамен жұмсап жіберген; 16-нда бұл ақша 5-10 процентке ӛскен; 4-
інде бұл ақша, 20 мың немесе 1 миллион долларға айналған.
Біз мектепке, түбінде бір мамандық алып, сосын ақша үшін 
жұмыс істеуге, оқуға барамыз.
Менің ойымша: ақшаны ӛзіне жұмыс істетуге мәжбүр етушілікке 
оқу, қай оқудан болса да маңызы кем емес. Мені де басқалар сияқты 
салтанатты тұрмыс қызықтырады.
Айырмашылығы сол: кейбіреулер мұны кредитке алады. Бұл 
"кӛршімнен кем болмаймын" деген қызғаныш тұзағы. Мен «Порше» 
машинасын сатып алуға шешкенімде, ӛз банкиріме телефон соғып
маған кредит алу оңай еді. Бірақ, мен пассивтер колонкасын (бӛлігін) 
ӛсіргеннің орнына, активтерге назарымды аудардым. Бұл іске барлық 
қаржылық тапқырлығымды жұмылдыра білдім. Қазіргі кезеңде, біз 
ақшаны қалай жасауды ойланудың орнына, қарыз алғанды жақсы 
кӛреміз. Бұл қысқа мерзімді тұрғыдан жеңіл, ал ұзақ мерзімді 
тұрғыдан- түбі жаман. Бұл жаман дағды, алдымен адамдарда пайда 
болып, артынан тұтастай мемлекеттерге де ауысқан.
Есіңізде болсын: кей жағдайларда жеңіл жол- ауырға, ал ауыр 
жол-жеңілге айналады. Неғұрлым ӛзіңізді және жақындарыңызды ӛз 
ақшаларына қожайын болуларын тезірек үйретсеңіз, соғұрлым жеңіл 
болады.


192 
Ақша- бұл ғаламат күш. Ӛкінішке орай, бұл күшті жұрттың 
кӛпшілігі ӛздеріне қарсы пайдаланады. Егерде, Сіздің қаржылық 
тапқырлығыңыз жоқ болса, ақша Сізді басып жаншып кетеді. Ол, 
Сізден «ақылды»болады. Ал, егер ол Сізден ақылды болса, онда Сізге 
ол үшін, ғұмыр бойы жұмыс істеуге тура келеді.
Ақшаның қожайыны болу үшін, одан ақылды болу керек. Ол 
сонда Сізді тыңдайды. Ақшаға құл болудың орнына, Сіз оны 
басқарасыз. Бұл да қаржылық тапқырлық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   50




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет