Байқаш Ж. Т. Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты



Дата25.02.2016
өлшемі122.58 Kb.
#20673
1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысының ҚР Президенті Мұрағатының басылымдық қызметінде көрініс табуы
Байқаш Ж.Т.

Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты

zhibek.baikash@mail.ru

Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағаты ретроспективті ақпаратты, мұрағатта сақталынып жатқан құжаттарды тарату, қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, әсіресе, жастарды отан сүйгіштікке үйретіп, тәрбилеу мақсатында мұрағат құжаттарын қолдана отырып, әртүрлі нысанда жұмыс істейді. ҚР Президенті Мұрағатының қызметкерлері осы бағытта сан алуан тақырыптар шеңберінде мақала, құжаттық жарияланым, құжат жинақтарын шығарады. Мұрағат қызметкерлері республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, дөңгелек үстелдерге қатысып, Отан тарихындағы проблемалары жөнінде баяндамалар мен хабарламалар жасайды, соның ішінде Ұлы Отан соғысына байланысты бірқатар мақалалар, жарияланымдар, құжат жинақтары жарияланды.

Мұрағаттың осы бағытта 2010 ж. «Рассекреченная война: «особые папки» ЦК КП (б) Казахстана. 1941–1945 гг.» құжаттаржинағының шығуы аса маңызды болып табылады, өйткені зертеушілердің және оқырмандардың назарына жарияланбаған аса құпия құжаттар: Ұлы Отан соғыс жылдарындағы ХКК және Қазақстанның ОК КП (б) қаулылары мен олардың қосымшалары ұсынылды. Соғыс жылдарындағы республиканың қиын-қыстау кезеңін өткізіп жатқанын куәландыратын, жан-жақты сипаттайтын әртүрлі мәселелерді қамтитын құжаттар берілген.

2004–2008 жж. ҚР Президенті Мұрағатының ұсынысы негізінде құжаттарды құпиясыздандыру жұмысы бойынша Ведомствоаралық комиссия құрылды, 1937–1991 жж. құжаттар жиынтығының көп бөлігін құпиясыздандыру жөнінде шешім қабылданды.

Комиссия қызметі аяқталған соң құрастырушылар ұжымы жинақты дайындауға мүмкіндік алды. Құжаттар 1941 ж. 23 маусымынан 1945 ж. 26 сәуірі аралығын қамтиды. Жинаққа 289 (7-інен басқасы) құпиясыздандырылған қаулылар мен шешімдер, және де оларға қатысты құжаттар енгізілді. Басылым көпұлтты кеңес халқының, соның ішінде қазақстандықтардың ерлігін: майдангерлердің және де тылда Жеңісті қамтамасыз еткен адамдардың ерлігін бейнелетін дерек көзі болып табылады, өйткені жинаққа республиканың әскери комиссариатының тұрғындарды соғыс жағдайына жаппай жұмылдыруға, әскер қатарына шақыру, дивизиялардың жасақталуы, Қазақстанда жұмыс атқарған госпитальдардың жұмысы, медициналық көмек көрсету, денсаулық сақтау жүйесінің жұмысы, эвакуация, қару-жарақ өндірісі, фабрика, завод, кен орындарының жұмысшылары, колхозшылары мен совхоз еңбекшілерінің, малшылардың Жеңіске қосқан үлестері және т. б. мәселелерді айқындайтын құжаттар енгізілген. Бірақ, бұл жинақты Ұлы Отан соғыс жылдарындағы Қазақстан тарихын толығымен бейнелейтін еңбек деп қарастыруға болмайды[1].

Ұлы Отан соғысының тарихын, адам өмірінің тағдырын бейнелейтін дерек ретінде сол сұрапыл жылдары жауынгерлердің жазған хаттары болып табылады. Осы хаттарға қызығушылық танытып, мұрағат қызметкерлері бірнеше мақалалар жазды. Ұлы Жеңістің 55 жылдығына орай 2000 ж. Р.Қ. Қанғожиева «Жеңісті жақындатқан хаттар» құжат жариялынымынұсынды. Бұл жарияланымның ерекшелігі оқырмандардың назарына ұсынылған бес хаттың төртеуінің түпнұсқалары тұңғыш рет жарияланды. Хаттар ҚР Президенті Мұрағатының қорларында сақталуда [2,16–17-п.].

2009 ж. Ұлы Жеңістің 65-жылдығына орай жарық көрген «Освободители, вызваліцели, азат етушілер. Воспоминания, очерки, статьи, документы, стихи» жинағына Е.М. Грибанованың «Братья солдаты» және «Жизнь, отданная за свободу» құжатты жарияланымдары кірді. Оның бірінші жарияланымы Ақтөбе қаласының тумалары туған ағайынды Козенковтарға арналған, олардың екеуі де Беларусьті қорғаған және де майданда қаза тапқан. Жарияланымда «Фронтовой привет тебе, Казахстан» кітабында жарияланған Василий Казенковтың өзі жазған хатардың үзінділері және ҚР Президенті Мұрағатында сақталынған оның майдандастарыныңхаттары, әкесінің ұлдары туралы естелігі, сонымен бірге, Василийдің маратпаттау қағазы ұсынылды. Е.М. Грибанованың екінші мақаласында Кеңес Одағының Батыры қазақстандық Ю.Н. Малаховтың өмірбаяны мен соғыстағы ерліктері туралы баяндады және оның жазған хаттарын ұсынды [3, 29–39-п.].

В.Н. Шепель «Солдаты Победы: письма с фронта» мақаласындасолдаттардың хаттары ең шынайы жәнешыншыл құжаттар, бұл хаттар қазақстандық солдаттардың моральды рухының жоғары болғанын, біздерді Отан, Отан алдындағы борышымыздың бар екеніне, адамдардың тағдыры туралы терең ойландырады деп атап өтті.Автор бұл мақалада ҚР Президенті Мұрағатының қорларында сақталып жатқан майдангерлердің хаттарынан үзінділір келтіріп, әрқайсысына қысқаша шолу жасады. Ең қызықты хаттардың бірі аға лейтенант Мұсайыновтың ОК жазғаны, ол оған жіберілген домбыра үшін алғыс айтып, сол аспапта ата-бабаларымыздың күйлерін шертіп, біздің жауынгерлердің жүрегіне жауды жеңуге батылдық беріп, туған жерлеріне сезімдерін асқақтай түсетінін жазған еді.[4, 10 б.].

В.Н. Шепельдің «Две судьбы – два подвига» мақаласында да ҚР Президенті Мұрағатында сақталған Ұлы Отан соғыс жылдарында жазылған хаттарға тоқталады. Автор мақалада екі хатты сипаттап, хаттардан үзінді келтірді.Біріншісі 1944 ж. 17 ақпанындағы әскери бөлімнің саясибөлімшенің бастығы подполковник В.И. Ефимов жазған хаты. Бұл хатта В.И. ЕфимовӘлия Молдағұлованың ерлігін баяндайды. Екінші хатты 1941 ж. 8 желтоқсанда Бауыржан Момышұлы жазған, ол Жалмұхамед Бозжановтың өлімін хабарлады және оның ерлікпен қайтыс болғанын сипаттады [5, 10 б.].

Бір топ мақалалар жеке тақырыптарға, яғни республиканың соғыс жылдарындағы қиын жағдайы мен әртүрлі мәселелерге арналған.

М.У. Маскеев «Миграция населения в Казахстан в условиях Великой Отечественной войны 1941–1945 гг.»мақаласында ҚР Президенті Мұрағат қорларында сақталған құжаттардың негізінде соғыс уақытында Қазақстанға халықты эвакуациялау үрдісін миграцияныңжеке құбылысы ретінде қарастырып, қоныс аудару динамикасын, эвакуацияланғандардың санын, олардың әлеуметтік, жыныстық, жастық құрамдарын, кеткен жері мен келген жерінанықтап, сонымен бірге олардың қоныстанған жерлерінде әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер келтірді[6, 23–28-п.].

А.С. Зұлқашева «Еңбек майданындағы еңбек әскерлері», «Трудовой фронт – неучтенные потери» мақалаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл жұмыстарын ұйымдастыру, соның ішінде жұмысшы колонналарындағы жұмысшылардың тұрмыстық жағдайы, орналастырылуы, өндірісте жұмыс істеу қиындықтары, оларға мединициналық көмек пен санитарлық қызмет көрсетуі жөніндегі мәселелерді қарастырады. Автор еңбекке шақырылғандардың жағдайы туралы жұмысшылардан келіп түскен көптеген арыз-шағымдар мен түрлі ресми құрылымдардың тексеру нәтижелері бұл тақырыпты жан-жақты әрі жеткілікті түрде зерттеуге мүмкіндік беретінін атап көрсетті. ҚР Президенті Мұрағатының құжаттары негізінде жазылған, әртүрлі статискалық мәліметтер берген[7, 41–44-п.].

Г.Н. Мырзағалиева «Батырдың хаты» ҚР Президенті Мұрағатының құжаттары негізінде жазылған құжаттар жарияланымында Алматыда жасақталған әйгілі 316 атқыштар дивизиясының (кейін 8 гвардиялық дивизия аталды) соғыстағы ерлігіжайында мәліметтер береді. Мақалада аталған дивизияның жады тізбегінің үзінділері, сонымен бірге, орыс тілінен қазақ тіліне аударылған «8-гвардиялық атқыштар дивизиясы 1-ші автоматшылар ротасының саяси жетекшісі М. Ғабдуллиннің Қазақстан КП (б) ОК-нің басшылары Н. Скворцов және Ж. Шаяхметовке хатын» оқырмандарға ұсынды [8,86–91-п.].

Е.В. Чиликова «Рассекреченная история» мақаласында [9, 1–3 б.]және «Я твердо и настойчиво буду испытывать новый образец…» 1942–1943 жж. М.Т. Калашниковтың пистолет-пулеметін дайындау жөніндегі ҚР ПМ құжаттары» жарияланымында [10, 97–105 б.]жақында құпиясыздандырылған ҚР Президенті Мұрағаты қорларында сақталған құжаттар негізінде Қазақстанда өмір сүрген Ұлы Отан соғысының қатысушысы, атақты Калашников қаруының конструкторы М.Т. Калашниковтың өмірбаянына қысқаша тоқталып, оның пистолет-пулеметінің жаңа моделін дайындағаны туралы мәліметтер беріп, оның өкімет өкілдерімен жазысқан хат алмасуыларын жариялады.

В.Н. Шепель «Алма-атинцы в годы войны: рассекреченная правда» мақаласында алматылықтардың патриоттық сезім мен ерен еңбегі арқасында Ұлы Жеңістің жақындауына көп үлес қосқаны жөнінде баяндалады. 1941–1945 жж. құжаттар негізінде әртүрлі статистикалық мәліметтер берілген. Мақалада автор қорғаныс өндірісінің дамуы жайында, әскери оқу, халықты тамақтандыруда карточкалық жүйенің енгізілуі, материалды-тұрмыстық қызмет көрсетуі, эвакуация жөнінде мәселелерді қозғады [11].

В.Н. Шепель «Начало войны: хроника без купюр» мақаласында 1941 ж. республиканың жағдайын анықтап, құжаттар негізінде әр түрлі статистикалық мәліметтер келтірді, республиканың соғыс жағдайына өтуі, дивизиялардың жасақталуы, майданға аттануы, еңбек майданы туралы мәселерді қозғады[12].Автор келесі «Рассекреченая война: эпизоды»мақаласын да соғыс жылдарына арнады:майданға қару-жарақ, оқ-дәрілерді жеткізу, Қазақстанда Калашников автоматыныңойлап табылуы, соғыс жылдарындағы Қазақстанның жастары, 8-ші гвардиялық дивизияның құрылғанының 2 жылдығын тойлау, соғыс жылдары республикада мекемелер мен кәсіпорындарды күзетутуралы мәселелерді ҚР Президенті Мұрағатында сақталынған құжаттар негізінде сипаттады [13]. Автор осы тақырып шеңберінде келесі мақаларды да жариялады: «Неизвестные страницы войны» [14], «Женщины Казахстана в военные годы»[15, 98–100 б.],«Война не сломила великий народ» [16],«Тайны Победы. Архив Президента раскрывает секретные документы о Великой Отечественной войне» [17] және т. б.

Р.Қ. Қанғожиева «9 мая 1945 года: «Говорит Алма-Ата» мақаласында радионың бір күндік эфиріне қысқаша тоқталып өтті. Таңғы 5-те халыққа Ұлы Жеңіске жеткенін, соғыстың аяқталғаны туралы хабарлаған қуаныш пен толғанысқа толы радио эфирін оқырмандарға жеткізуге тырысқан автор Қазақ радио дикторларының сөйлеген мәтіндерінің, Ұлы Отан соғысының қатысушылары Дмитрий Снегиннің өлең жолдарынан, Ахмедияр Хусаинов, Ш. Мұсабаев, Қаныш Сәтпаев, Латиф Хамидидің сұхбаттарынан үзінді келтірді [18, 1–4-п.].

Т. Ким «Музы не могли молчать..» мақаласында республиканың мәдениет және өнер саласындағы қайраткерлерінің Жеңісті жақындату үшін еңбегіне тоқталып өтті. Мақалада ҰОс жылдары әскерлердің рухын көтерген туындыларын анықтап, майданда солдаттардың алдында концерт, театрлық қойылымдардың ұйымдастырылуы туралы ақпарат берді. Автор 1941–1944 жж. Қазақстанның өнер саласының жұмысшылары майданға, госпитальдерге, әскерге алу пункттерінде, Қызыл әскердің тыл майданында 20 мыңға жуық концерт бергенін атап көрсетті, және де Күләш Бәйсейітованың үндеу-хатынан үзінділерді келтірді[19, 85-п.].

Е.В. Чиликова «Кто они, рядовые Великой войны» мақаласында қазіргі ҚР Президенті Мұрағатының ғимаратында Қазақстандық ғылыми-зерртеу марксизм-ленинизм институтының Ұлы Отан соғысында қаза тапқан қызметкерлерінің есімдері 1985 ж. орнатылған мемориалды тақтайшада мәңгілікке жазылған және де автор қолда бар деректер негізінде І. Жанаков, Ә. Каташев, А. Кимашев, П. Кочетков, К. Молдағалиевтар жөнінде қысқаша өмірбаяндық мәліметтер берді [20, 7–8-п.].

А.Ә. Сейсенбаева «Ұлы Отан соғысы: Қазақстандағы әскери өнертабыстар» мақаласында мұрағат құжаттары негізінде 1941 ж. құрылған Әскери өнертабыстар жөніндегі республикалық комиссия қарауында мақұлданып, орталық әскери ұйымдардан жоғары баға алған қару-жарақ түрлері және жауды жеңудің түрлі тәсілдерді авторларымен қоса талқыланды [21, 48–54 б.].

Мақалалардың бір бөлігі жеке тұлғалардың қызметіне, соның ішінде Ұлы Отан соғысының батырларына арналған.

Е.В. Чиликова 1995 ж. сәуірінің 30-да республикалық радиодағы хабарламасы [22, 57–63-п.], кейінірек «Арқа ажары»газетінде жарияланған «Рақымжан туралы аңыз» мақаласында «[…] 1945 ж. 30 сәуірде Қошқарбаев рейхстагқа шешуші шабуылда өзінің майдандасы Григорий Булатовпен бірге тәуекелге бел буып, рейхстагтың басты қақпасына алғашқылардың бірі болып жеңіс туын тігіп, қаһарман ерлік жасаған […]» Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі, Кеңестік дәуірде Кеңес Одағының Батыры атағының берілмеуі, 1999 ж. мамырда ҚР Президенті Н. Назарбаев Р. Қошқарбаевқа ерекшеліктің жоғарғы дәрежесі – 1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ержүректілігі мен батылдығы үшін «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлығы жөнінде сөз қозғады. Автордың бұл зерттеуі Р. Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы» атағының берілуіне, әділеттіліктің орнауына септігін тигізгенін атап айтқан жөн деп санаймын[23,18–22-п.]. Сонымен қатар, автор Мысль журналында «На нейтральной полосе» құжаттық жарияланымын да Р. Қошқарбаевқа арнап, оқырмандарға мұрағат құжаттарын ұсынды, Қазақстан ОК Компартиясының Р. Қошқарбаев және Г. Болатов жолдастарына Кеңес Одағының батыры атағын беру жөнінде қаулысы, Қазақстан ОК Компартиясының СОКП ОК жазбасы, Р. Кошқарбаевқа мінездемесі және бірнеше хаттар бар [23,57–61-п.].

Ә.Н. Ипмағамбетова «Бауыржан Момышұлы: ерен ерлікті мойындау», «Бауржан Момыш-улы: признание подвига» мақалаларында аты аңызға айналған, әскери ерліктері кеңінентанылған Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлының ерлігін мойындау, оғанКеңес Одағының Батыры атағын ұсыну жөнінде мәселелерді қозғады.Жарияланымдарда ҚР Президенті Мұрағат қорларында сақталып жатқан құпиясыздандырылған құжаттарды кеңінен пайдаланды. Бұл құжаттардың қатарында А. Нүсіпбековтың Ж. Шаяхметовқа Б. Момышұлы туралы жазған хаты, Б. Момышұлының мінездемесі, Қ. Қозыбаевтың Н.Ә. Назарбаевқа жазған хаты (1990 ж. 5 наурызы) және т. б. бар.Сонымен, автор 1990 ж. 11 желтоқсанда КСРО Президенті Жарлығымен 1941–1945 жж. Ұлы Отан соғысында неміс-фашист басқыншыларымен күресте көрсеткен батырлығы мен ержүректігі үшін полковник Б. Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы қайтыс болғаннан кейін берілгенін атап көрсетті [23, 31–43-п.].

А.Ә. Сейсенбаеваның «Қазақтың қайсар қызы» мақаласында Кеңес Одағының Батыры, майданда қаза тапқан Мәншүк Жеңсікәліқызы Мәметованың өмірбаяны мен соғыстағы ерлігі жайында баяндалады. [24, 32–33-п.].

Оқырмандардың қызығушылығын оятатын келесі жарияланымның авторы Е.М. Грибанова. Олоқырмандарға авторлық стилі сақталған «Ламсдорф» лагерінде (Польша) кеңестік әскери тұтқын Сергей Ворапаевтың күнделігінен үзінді ұсынды. С. Ворапаев күнделігін 1944 ж. наурызынан 1945 ж. наурызына дейін жазған, дәптер Сергейдің әкесінің және досының мекен-жайларымен аяқталды. Бұл күнделік 1947 ж. Қазақстанның ОК Компартиясының жанындағы Партия тарихы институты партиялық мұрағаттың секторына С. Ворапаевтың отбасы мүшелерінің кімнің әкелгені белгісіз, сол кезеңдегі ережеге сәйкес мұрағатшылар күнделікті қайта басып, түпнұсқасын жанұясына қайтарды. Күнделіктің көшірмесі мұрағат қорларына түспей қалды. Сонымен бірге, Е.М. Грибанова С. Ворапаевтың өмірбаянына қысқаша тоқталып өтті. [25, 44–51-п.].

Е.М. Грибанова «Специалист, хорошо знавший автотранспорт. Николай Фомичев, Министр автомобильного транспорта КазССР в 1964–1969 гг. мақаласында ҚСРО-ның Автомобильді транспортының министрі болған Николай Фомичевтің қызметі жайында жазса да, оның өмірбаянына қысқаша тоқталып өтеді, ол 1941 ж. шілдесінде соғысқа аттанып, 548 аэродромдық қызмет көрсету батальонының, 134–106-шы аэродромдық ротаның командирі болған [26, 62–63 б.].

Г.Н. Мырзағалиева «Қиянат көрген Қасым» мақаласында Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында-ақ майданда Панфилов дивизиясы 8 ротасының саяси жетекшісі, батальон комиссары, әскери тілші, бірқатар дивизиялық газеттердің редакторы болған Қасым Шәріповтың өмірі мен қызметін баяндайды.Автор оның майдандағы естеліктері «Братья по оружию», «Рядовой герой», «Мы – панфиловцы» кітаптарына енгенін атап өтті [27, 108–110 б.].

ҚР Президенті Мұрағаты бұл бағытта жұмысын жалғастыруда. «Екінші дүниежүзілік соғысының қазақстандық әскери тұтқындары: деректер, мәселелер, мәліметтер базасы»іздену-зерттеу жобасын іске асыру шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл жобақазақстандықтарға тұтқынға түскен және жат елде қалған өзінің туған туысқандарының тағдырын білуге және ақпарат табуға мүмкіндік береді.

Жобаның мақсаты әскери тұтқындар мәселесін зерттеу, қазақстандық әскери тұтқындартағдырларын анықтау,кеңес әскери тұтқындарының мәселелерін зерттеу, соның ішінде құқықтық және материалдық жағдайын айқындайтынкөпфункционалды ақпараттық жүйе құру. Осындай ақпараттық ресурсты жасау зерттеушілердің де, әскери тұтқын ұрпақтарының да бұл тақырып бойынша дереккөздерге және тарихнамалық материалдарға қол жеткізуін жеңілдетеді.

Патриоттық сезімді оятып, біздің отандастарымыздың Ұлы Отан соғыс жылдары жасаған ерліктері жастарымызға үлгі өнеге. ҚР Президенті Мұрағат қызметкерлерінің атқарған еңбегі –қазақстандықтардың майдандағы батырларымыздың ұлы ерліктерін танытса, тыл жұмыстарында Ұлы Жеңісті жақындатқан адамдардың еңбегін де ескеріп, паш етті деп ойлаймын, бұған мұрағат құжаттары негізінде жазылған мақалалар, құжатты жарияланымдар мен жинақтар куә.

Әдебиет:

1«Рассекреченная война: «особые папки» ЦК КП (б) Казахстана. 1941–1945 гг.», Құжаттар жинағы, Алматы, 2010.

2ҚР ПМ. 30–Н қ. 2 т. 230 іс.

3Сонда. 689 іс.

4В.Н. Шепель Солдаты Победы: письма с фронта// Комсомольская правда –9–16 мая 2013.

5В.Н. Шепель Две судьбы – два подвига // Комсомольская правда – 8–15 мая 2014.

6ҚР ПМ. 30–Н қ. 2 т. 239 іс.

7Сонда. 521 іс.

8 Сонда. 749 іс.

9 Е.В. Чиликова Рассекреченная история // Известия – 2010 – №71.

10Е.В. Чиликова «Я твердо и настойчиво буду испытывать новый образец….» Документы АП РК о разработке М.Т. Калашниковым пистолета-пулемета. 1942–1943 гг. // Отечественные архивы – 2010 – №2.

11В.Н. Шепель Алма-атинцы в годы войны: рассекреченная правда // Вечерний Алматы – 8 октября 2009.

12 В.Н. Шепель Начало войны: хроника без купюр // Казахстанская правда – 9 октября 2009.

13 В.Н. Шепель Рассекреченая война: эпизоды // Казахстанская правда – 23 октября 2009.

14 В.Н. Шепель Неизвестные страницы войны // Литер – 5 ноября 2009.

15 В.Н. Шепель Женщины Казахстана в военные годы // Мысль – 2010 – №3.

16 В.Н. Шепель Война не сломила великий народ // Казахстанская правда – 7 мая 2010.

17 В.Н. Шепель Тайны Победы. Архив Президента раскрывает секретные документы о Великой Отечественной войне // Литер – 22 июня 2011.

18ҚР ПМ. 30–Н қ. 2 т. 230 іс.

19Сонда. 749 іс.

20Сонда. 239 іс.

21 А.Ә. Сейсенбаева Ұлы Отан соғысы: Қазақстандағы әскери өнертабыстар// Ақпаратты-әдістемелік бюллетень – 2014 – №2 (18).

22ҚР ПМ. 30–Н қ. 2 т. 41 іс.

23Сонда. 239 іс.

24Сонда. 313 іс.

25Сонда. 469 іс.

26 Е.М. Грибанова Специалист, хорошо знавший автотранспорт. Николай Фомичев, Министр автомобильного транспорта КазССР в 1964–1969 гг. // Международные автомобильные перевозки Казахстана – 2006 – №3 (7).

27 Г.Н. Мырзағалиева Қиянат көрген Қасым// Ақиқат 2012 – №10.



Мақала «Великая Отечественная война: история, методология, соверемнное осмысление»: Материалы международной научно-практической конференции.- Усть-Кменогорск, 2015.- 160-170 б. жарияланған

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет