Байболова Л. К., Абжанова Ш. А., Жаксылыкова Г. Н., Бердығалиұлы С


Тамақ өнімдерінің электрфизикалық қасиеттері



Pdf көрінісі
бет15/96
Дата02.03.2022
өлшемі1.98 Mb.
#455902
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   96
Байболова Л.К. Ет және сүт өнімдерін.....

Тамақ өнімдерінің электрфизикалық қасиеттері 
Электр өрісі векторлы шама болып табылады және Е (В/м) 
кернеулігімен сипатталады және ол кеңістіктің қарастырылып отырған 
нүктесіне орналастырылған бірлік зарядқа әрекет ететін өрістің күш болып 
табылады. Магнит өрісі де векторлы шама болып табылады, бұл ретте магнит 
өрісінің кернеулігі Я (А/м) деп қарастырылып отырған нүктеге орналас-
тырылған тоқ элементіне өріспен әрекет ететін күшті айтады. Электр және 
магнит өрістері бір-бірімен байланысты және бірі екіншісіне айнала алады. 
Өнеркәсіптік мақсатта қолданылатын электрмагнитті спектр аясы 75 
кестеде келтірілген (А.С. Пресман бойынша; белгілер қазіргі уақытта 
жалпыға бірдей қабылданған және бұдан бұрын қолданылған деп берілген). 
Материалдық электрфизикалық қасиеттерін екі шамамен сипаттауға болады. 
Тамақ өнімдерін өңдеудің электртүйіспелі әдістері 
Электртүйіспелі 
қыздырудың 
ерекше 
айырмашылығы 
бар. 
Температураның материалдың бүкіл көлемі бойынша тез жоғарылауы жаңа 
аралық процесс – электрокоагуляция – диэлектрлік пішінде 50—70° С 
температураға дейін өнімді қысқа уақытты қыздыру (15-60 с) жасауға болады 
(мысалы, шұжықты жентек). Алынған өнімдердің консистенциясы 
созылымды және одан әрі қарай өңдегенде пішінін жақсы сақтайды.
Электртүйіспелі қыздырудың мәні – қарысуы бар электр тоғы өнімнен 
өте отырып оны қыздырады. Шұжық өнімдерін алу мақсатында ет жентегін 
электртүйіспелі қыздыру кезіндегі электролиттің процесстерді зерттеуге 
арналған еңбектер қызығушылық тудырады [23]. Жиілігі жоғары 9-14 кГц 
тоқты пайдалану мәселесімен байланысты зерттеулер жүргізілді. Темпера-
тураның жентектің әр түрлі нүктелеріндегі, кернеулік пен тоқтың уақытқа 
тәуелділігі белгіленген. Зауыт жентегіне ағын су мен тазартылмаған хлорлы 
натриймен бірге келіп түсетін Fe
+++
иондарын болдырмау үшін химиялық 
таза хлорлы натрий пайдалана отырып, дистильденген сумен дайындалған 14 
кГц жиілігіндегі термиялық өңдеу кезінде электролиз іздерін таба алмадық. 
Өңделген жентектегі Fe
+++
иондарының болуын талдау теріс нәтиже берді 
[22]. Электртүйіспелі дәсті одан әрі қарай зерттеулер аталған қыздыруда 
қолданылатын жиіліктер диапазонында өнімнің сапасын нашарлатуға алып 
келе алатын өнімдегі қайтымсыз химиялық өзгерістерді тек электрхимиялық 
поляризациялау ғана тудыра алатын секілді. Поляризациялаудың басқа 
түрлері өнімнің химиялық құрамы мен құрылымына қатты әсер ете алмайды 
[13, 23, 138]. Су ерітінділеріндегі электрхимиялық реакциялары су 
электролизі мен ондағы еріген тұздармен бірге жүреді. Бұл ретте газдық фаза 
түзіліп, сандық қатынаста электролиз тереңдігін сипаттайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет