Байболова Л. К., Абжанова Ш. А., Жаксылыкова Г. Н., Бердығалиұлы С



Pdf көрінісі
бет3/96
Дата02.03.2022
өлшемі1.98 Mb.
#455902
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байболова Л.К. Ет және сүт өнімдерін.....

Қанның құрамы мен қасиеті. Қанның құрамы біркелкі емес – ол 
сұйық плазмадан және жасуша элементінен тұрады. Егер қанның ұюының 
алдын алса, яғни лимонқышқылды натрий қосса, онда пробиркадағы қан 2 
қабатқа бөлінеді, 1 қабаты плазма, 2 қабаты қызыл тұнба – формалы 
элементтер. Плазма 60%, ал формалы элементтер 40% ды құрайды.
Басқа тіндер секілді қан жасушалардан – пішінді элементтер 
(эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттер) және жасушаралық заттар – 
қанның 60 % құрайтын плазмадан тұрады. Қан плазмасы билирубин мен 
каратиноидтардың сары пигментінің болуымен байланысты сары түске 
боялған. 
Қанның химиялық құрамы жануарлардың түріне, жасына, семіздігіне 
және оларды сояр алдында ұстау жағдайларына байланысты. 



Қанның құрғақ қалдығындағы ақуыздар үлесі 90 % жетеді. Ақуызды 
емес органикалық заттардың көп бөлігі липидтерге келеді, осында сонымен 
бірге азотты және азотты емес экстрактивті заттар кіреді. 
Қанның органикалық емес компоненттері минералды қосылыстар 
түрінде 
және 
гемоглобин, 
трансферрин, 
перулоплаузмин 
сияқты 
ақуыздармен органикалық байланысқан пішінде болады. 
Қанда А дәрумені, В тобының дәрумендері, сондай-ақ С, D, Е және К 
дәрумендері бар. 
Қанның химиялық құрамы, % 

су 79-80; 

ақуыз 16,5-19; 

липиды 03-04; 

холестирин 0,04-01; 

басқа органикалық заттар 0,03-0,67; 

минералды заттар 0,8-0,9. 
Қан плазмасы. Қан плазмасында90-91% су мен 9-10% құрғақ зат 
болады. Құрғақ заттың ең көп бөлігін ақуыздар құрайды, ал қалған бөлігін – 
азотты және азотты емес экстрактивті заттар, липидтер, көмірсулар мен 
минералды тұздар құрайды. Қан плазмасының негізгі ақуыздары сарысулы 
альбуминдер, сарысулы глобулиндер мен фибриногендер болып табылады. 
Альбуминдер мен глобулиндер зат алмасуға қатысады, ағза қажеттіліктеріне 
тез жұмсалады және тап солай тез қалпына келеді. Әр түрлі жануарлардың 
қан плазмасындағы ақуызды фракциялардың мөлшері бірдей емес (кесте 1). 
Фибриноген қанның ұюына қатысатын негізгі компонент болып 
табылады. Ол суда ерімейді, бірақ бейтарап тұздардың араластырылған 
ерітінділері мен сілтілерде жақсы ериді, күкіртқышқылды магний мен натрий 
хлоридімен тұнбаланады. 
Кесте 1.1 - Әр түрлі жануарлардың қан плазмасындағы ақуыздардың 
мөлшері 
Жануарлар 
Қан плазмасындағы мөлшері, % 
Плазматикалық 
Фибриноген 
альбуминдер 
глобулиндер 
Ірі қара мал 
3,61 
3,83 
4,42 
Ұсақ мал 
2,90 
3,00 
2,96 
Шошқалар 
0,60 
0,46 
0,65 
Сарысулы альбуминдер әр түрлі жануарларда өздерінің биологиялық 
және физика-химиялық қасиеттері жағынан ұқсас. Изоэлектрлік нүкте рН 4,6 
болады. Сарысулы альбуминдер метаболиттерді ауыстыруда маңызды рөл 
атқарады. Олар көмірсулармен, липидтермен және басқа осылыстармен 
байланысады. Физика-химиялық қасиеттері бойынша сарысулы альбуминдер 
типтік альбуминдер болып табылады – су мен концентрациясы ортша тұзды 



ерітінділерде ериді. Сарысулы альбумин – толыққанды және жақсы сіңімді 
ақуыз. 
Сарысулы глобулиндер құрылымы әр түрлі ақуыздар тобы болып 
табылады. қан глобулиндері α-, β- және γ-глобулиндері фракциялары болып 
бөлінеді. Олардың жануарлардың қан плазмасындағы мөлшері кесте 2- де 
келтірілген. 
Кесте 1.2 – Глобулиндік фракциялардың жануарлардың қан плазмасындағы 
мөлшері 
Жануарлар 
Мөлшері, % ақуыздың жалпы мөлшеріне 
а-
глобүлиндер 
Р-
глобулиндер 
ү-
глобулиндер 
Ірі қара мал 
17,5 
18,2 
21,6 
Ұсақ мал (қойлар) 
6,4 
16,8 
27,5 
Ешкілер
13,6 
16,0 
32,4 
Шошқалар
19,9 
16,4 
32,2 
Жылқылар
17,5 
18,2 
21,6 
Көптеген γ-глобулиндер антиденелер болып табылады. Глобулиндердің 
изоиондық күйі рН 5,1 мен 6,2 болады. Сарысулы глобулиндер сондай-ақ әр 
түрлі заттарды тасымалдауға қатысады. Мысалы, α- және β-глобулиндер 
көмірсуларды, холестерол, фосфатидтерді, дәрумендерді, гормондар мен 
минералды иондарды кешендерге топтастырады. Глобулиндер толыққанды 
және жеңіл сіңімді ақуыздар болып табылады. 
Глобулиндер құрамына кіретін көптеген антиденелер γ-глобулиндер 
болып табылады, бұл антиденелерді иммунглобулиндер деп атайды. 
Фибриноген қасиеттері жағынан глобулиндерге жақын, ол жақсы ериді 
және толыққанды, қан плазмасының жеңіл сіңімді ақуызы болып табылады. 
Фибриногеннің изоэлектрлік нүктесі рН 5,5 болады. Фибриноген қанның 
ұюын қамтамасыз етеді, ал қан плазмасы сарысу деп аталады. 
Плазма ақуыздарына көптеген ферменттер жатады: амилаза, фосфатаза, 
липаза, протеазалар, қанның ұюына қатысатын ферменттер мен 
оксидредуктазалар (каталазалар, пероксидазалар мен дисмутазалар) жатады.
Қан плазмасындаақуызды алмасудың ақырғы өнімі болып табылатын, 
төменмолекулалы азотты заттардың біршама мөлшері болады: несепнәр, 
несеп қышқылы, аммонийлі тұздар, креатин, креатинин, билирубин, 
биливердин, мен кейбір басқалары. Бұл заттар тіндерде түзліп, қанға келеді, 
содан кейін бүйрек арқылы несепке түседі. 
Ақуызды алмасудың ақырғы өнімдеріне басқа қанда ақуыздардың 
ыдырауының аралық өнімдері мен нуклеин қышқылдары болады: амин 
қышқылдары, 
пептидтер, 
пурин 
және 
пиримидинді 
негіздер.қан 
плазмасының ақуызды емес азоттың ең көп мөлшері несепнәрдің үлесіне көп 
келеді. Ақуызды емес азотты заттардың мөлшері қанның және қайта өңдеу 
өнімдерінің жаңа екендігінің көрсеткіші бола алады. Еттегі ақуызды емес 
азоттың пайыздық мөлшерінің артуы ақуыздардың шіріп бұзылуын білдіреді.



Қан плазмасындағы азотсыз қосылыстарға кейбір қоректі заттар мен 
олардың өзгеруінің аралық өнімдері жатады: глюкоза, сүт қышқылы, 
триглициридтер, бос майлы қышқылдар мен минералды тұздар. Кейбір 
жануарлардың қан плазмасындағы глюкоза мөлшері кесте 3 - те келтірілген. 
Кесте 1.3 – Жануарлардың қан плазмасындағы глюкоза мөлшері 
Жануарлар 
Мөлшері, мг% 
Ірі қара мал 
40-100 
Ұсақ мал (қойлар) 
20-65 
Ешкілер
40-65 
Шошқалар
40-250 
Жылқылар
60-110 
Сонымен 
бірге 
қан 
плазмасында 
кешенді 
байланысқан 
полисахаридтердің біршама мөлшері мен көмірсулардың аралық алмасу 
өнімдері бар: сүт, пирожүзім, α-кетоглутарлы, шайыртас пен басқа 
қышқылдар. Бұлшықеттің қатты жұмыс істеуінің нәтижесінде гликогеннің 
ыдырауының қарқындауы қандағы сүт қышқылының мөлшерінің артуына 
алып келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет