115
Сүт қантының өзгеруі.Пастерленген сүттен алынған ірімшіктегі
микрофлораның негізгі көзі бактериялық ашытқы болып табылады. қазіргі
уақыттасүтқышқылды бактериялардың әр түрлерінен аралас ашытқы
дайындайды. Бір топқа тек сүт қышқылын түзетін сүт
қантын ашытатын
гомоферментті бактериялар кіреді.бұған сүтқышқылды стрептококктар мен
сүтқышқылды таяқшалар жатады. Басқа топқа сүт қантын сүт қышқылына
және жанама өнімдер – ұшқыш қышқылдар, эфирлер, спирт, диацетил,
көмірқышқыл газы мен кейбір басқа заттарға айналдыратын гетероферментті
бактериялар жатады. Бұл топқа иіс түзуші сүтқышқылды бактериялар
жатады. Сүт қантының сүт қышқылына
айналу процессінің химизмі
жоғарыда қарастырылған. Жана өнімдердің түзілу реакциялары күрделі,
олардың формулалары мұнда келтірілмеген. Иіс түзуші бактериялар сүтте
болатын лимон қышқылын да ашытады, ыдыраудың көптеген өнімдерін
түзеді.
Сүтқышқылды процесс сүтке бактериялы ашытқыны қосқанда
басталады. Ашытқыны мәйекті ферментпен бірге немесе одан бұрынырақ
қосады. Түзілетін сүт қышқылы сүттің мәйекті ұюын белсендендіреді.
Сүтқышқылды микрофлораның қарқынды көбеюі өндірістің келесі
кезеңдерінде жалғасады. Технологиямен қарастырылғандай ұйынды, түйірді
өңдегенде және сығымдаған кезде сарысудың
қышқылдылығының біршама
артуы осы операцияларды сәтті өткізу үшін қажет. Қышқылдылық артқан
сайынмәйекті ұйындының синерезисі күшейеді. Сарысу қышқылдылығының
өзгеруі сүт қантының ашу қарқындылығының көрсеткіші болып табылады.
қышқылдылықтың өсу динамикасы сүт қасиеттеріне, температура мен
ашытқыдағы сүтқышқылды стрептококктар мен таяқшалар – күшті
қышқылтүзгіштердің арақатынасына байланысты. Сүт қышқылы пастерлеу
немесе екінші қайтара тұқымдануының жеткіліксіз тиімділігі жағдайларында
ірімшікте қалып қойған бөтен микрофлораны ығыстырады.
Екінші қайтара қыздырылған температурасы бар жаңадан өндірілген
ірімшікте (голлан, костромалық, ярослав мен басқалары) сүт қанты 2% дейін,
ал тұздаған кезде оның мөлшері 0,7-1% дейін төмендейді.
Одан әрі қарай
температураның төмендеуіне байланысты ашу баяулайды, бірақ сүт қанты
әдетте 5-10, кейде 15 тәулікке дейін толығымен қолданылады. Қанттың ашу
жылдамдығы
түрлі
алуан
түрлі
ірімшіктердегі
бірдей
емес
микробиологиялық
процесстің
жылдамдығына
сәйкес
келеді;
ол
технологиялық режім мен ашытқы құрамымен реттеледі.
Сүтқышқылды
бактериялар
тіршілігін
ортаның
белсенді
қышқылдылығы белгілі бір шекке дейін жеткенде тоқтатады. Сүтқышқылды
стрептококктар үшін мұндай шек, мысалы рН 4,0—4,6 (рН сыра 5,0—5,9).
Ірімшік массасының буферлік сыйымдылығы, сүт қышқылының ақуызд-
армен және кейбір тұздармен байланысуы
рНтөмендеуін тежейді және
осылайша микрофлораның тіршілік етуіне және сүт қантының ашуына
қолайлы.
116
Сүт қышқылы ірімшік қышқылдылығын (титрленетін және рН)
өзгертеді, тотығу-тотықсыздану әлеуетін төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: