Байболова Л. К., Абжанова Ш. А., Жаксылыкова Г. Н., Бердығалиұлы С



Pdf көрінісі
бет11/96
Дата02.03.2022
өлшемі1.98 Mb.
#455902
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96
Байболова Л.К. Ет және сүт өнімдерін.....

Шеміршекті тіндер. Шеміршек және сүйек ұлпалары ағзада тек қана 
тіректік, механикалық функцияларды атқарып қана қоймайды, сонымен бірге 
минералды зат алмасуға қатысады. Шеміршек ұлпалары жасушалар 
(хондробластар мен хондроциттер) мен жасушааралық заттан (талшық пен 
аморфты зат) тұрады. Аморфты заттың 75% - су, құрғақ заттың 70%-ы 
коллаген, ал қалғаны гликозаминогликандар. Шеміршекте қан тамырлары 
жоқ, сондықтан шеміршек асты қалыптасқан сыртқы байланыстырушы ұлпа 
арқылы қоректенеді. Хондрогенді деп аталатын ішкі қабатындағы жасушалар 
хондробластар деп аталады, осылар арқылы сіңірлер еніне қарай өседі. Өсе 
келе тығыз консистенциясы бойынша жасушааралық затқа ұқсас 
хондроциттерге айналады. Хондроциттер митоздық бөліну кезінде (кейде 
амитозды бөліну) изогенді топтар түзеді (яғни бір кеңістікте жатқан 
жасушалар). Соңынан жасушааралық заттың бөлінуіне қарай жекелеген 
капсулалар түзеді.
Шеміршекті ұлпаның 3 түрі кездеседі:

Гиалинді 

Эластикалық 

Фиброзды 
Олар бір бірінен жасушааралық зат құрылымы бойынша ажыратылады. 
Гиалинді шеміршектің жасушааралық затында тек қана коллаген 
талшықтары кездеседі. Гиалинді (гректің гиалос — әйнек) шеміршек 
үлпасының ең көп тараган түрі. Адам мен сүтқоректілер үрығының канқасы 
шеміршектің осы түрінен түрады, ал ересек организмдерде гиалинді шеміршек 
сүйектердің буын беттерін қаптайды, кеңірдек пен ірі бронхтардың 
қабырғасында, қабырға үштарында, мүрын пернесінде кездеседі. 
Шеміршектердің ішіндегі қаттысы, гиалинді шеміршек жалпы шеміршек 
үлпасы сияқты хондриобластлар мен хондрициттер деп аталатын 
клеткалардан, клеткааралық аморфты және талшықты заттан түрады. 
Серпілмелі 
шеміршектің 
жасушааралық 
затында 
коллаген 
талшықтарымен қатар серпілмелі талшықтар бар. Серпілмелі шеміршек 
ұлпасы жануарлардың құлақ қалканшасында, сыртқы есту жолында, 
кемекей үсті шеміршекте және көмекейдің кейбір шеміршектерінде кездеседі. 
Айырмасы жасушааралык затында жіңішке коллагендік талшықтардан басқа 
жуан эластиндік талшықтардың торы болады. Серпілмелі шеміршек 
үлпасында гиалиндік шеміршекке карағанда жасушалардың изогендік 
топтары аз болады. Серпілмелі шеміршекте кальций тұздары байқалмайды. 
Сүйек үлпасы тірек функциясын атқарады, минералдық алмасуға 
катысады, ал сүйектін қызыл майы қапшық пішіндік элементтерінің 


23 
түзілетін орны. Сүйектердің тамыры мен майында макрофагтарға айнала 
алатын жасушалар болады. Осыған байланысты олар қорғаныш қызметін де 
атқарады. 
Сүйек ұлпаларыда жасушалардан (остеобластар, остеоциттер және 
остеокластар) және қатты жасушааралық заттан тұрады (80% - ы құрғақ 
қалдық). Жасушааралық зат коллаген талшықтарынан (байланыстырушы 
ұлпа сияқты 1 типті коллаген) және 70% - ы кальций және фосфордың 
минералды тұздарынан тұратын аморфты заттан тұрады.
Сүйек ұлпасы екі түрде кездеседі: ірі талшықты (көп мөлшердегі 
жасуша элементтерімен және жасушааралық заттағы талшықтардың ретсіз 
орналасуымен сипатталады) Жануардың өсіп, даму кезінде ірі талшықты 
сүйек кұрамында жіңішке параллель орналасқан коллагендік фибрилдер бар 
пластинкалардан түратын пластинкалық сүйекке айналады; жіңішке 
талшықты немесе пластиналы: бірдей қалыңдықтағы талшықтар бір біріне 
параллель жатыр, бір-бірімен жасушааралық матриксті пластиналарға 
жабыстырылған. Егерде пластиналар ретсіз орналасқан болса, онда ол сүйек 
губкалы, ал егер ретті жүйе құрай алатын болса – жинақты деп аталады.
Кемік немесе трабекулалық сүйек трабекула (көлденең шабақ) деп 
аталатын, бір-бірімен байланысып жататын жіңішке сүйек элементтерден 
түратын тор. Көлденең ша-бақтардың арасы майға толы болады. 
Трабекулалардың орналасуы сүйекке әсер ететін салмактың бағытына сәйкес 
келеді. Кемік сүйек ұрықтар мен өсуші ағзаға тән, ал ересек ағзада 
жіліктердің эпифиздерінде сақталады. Тығыз сүйекті қоршап орналасқан 
сүйек пластинкаларынан құралған көптеген цилиндрлерден түрады. Әрбір 
цилиндрдің ортасында Гаверс каналы деп аталатын канал болады. Осы 
каналдар аркылы қан тамырлары өтеді. Ортасында Гаверс каналы бар 
пластинкалардың барлық жүйесін Гаверс жүйесі немесе остеон дейді.
Шеміршекті тін жануар қаңқасының құрамына кіреді. Ол тірек және 
механикалық қызмет атқарады. Шеміршек серпімді және құрылымы қатты. 
Шеміршекті тіннің жасушааралық затына тығыз негізгі зат пен талшықша 
көп мөлшерде болады. Шеміршекті жасушалар жеке-жеке немесе топтасын 
орналасады (Сурет2.5). Шеміршек орындайтын қызметіне қарай, олардың 
құрылымы да әр түрлі. Гиалинді, талшықты және эластикалық шеміршек 
болып бөлінеді.
Гиалинді немесе шыны тәріздес шеміршек жартылай селдір, ашық 
көгілдір түсті. Сүйектердің буын бетінде, қабырға ұштарында, кеңсірікте, 
трахеяда орналасады. Гиалинді шеміршектің жасушааралық затына жасы 
ұлғайған сайын кальций тұздары жинала бастайды. 
Серпімді шеміршек ақшыл сары түсті, гиалинді секілді селдір емес. 
Құлақ жарғағы, өңеш құрамына кіреді. Оның жасушааралық затында 
серпімді талшықтар басым. 
Талшықты сіңір сіңірлердің гиалинді сіңірге ауысатын жерінде 
кездеседі. Талшықты сіңірдің жасушаралық затында коллагенді қатар 
түйіндерге біріккен талшықшалар бар.


24 
Сурет 2.5 – Сіңірлі тіннің сызбалық құрылымы: 1 – жасушаралық зат; 2 
– жасуша; 3 – ядро. 
Сіңірлік тіннің негізгі жасушаралық затында мукопротеид - 
хондромукоид - және мукополисахарид– хондроитинкүкірт қышқылының 
мөлшері көп. Хондроитинкүкірт қышқылының маңызды қасиеті әр түрлі 
ақуыздар: коллаген, альбумин мен басқа протеиндермен тұз тәріздес 
қосылыстар түзу қабылеттілігі болып табылады. Сіңірде мукополисахаридтер 
мен мукопротеидтердің едәуір көп болуы желатин алу кезінде оны өңдеуді 
қиындатады. Мукополисахаридтер мен мукопротеидтерді қыздыру кезінде 
коагуляцияламайды және тіннен толық алынбаған жағдайда олар ерітіндіге 
желатинмен бірге өтіп кетуі мүмкін. Олардың ерітіндіде болуы оның 
жабысқақтығын және сілікпенің беріктігін төмендетеді. Сондықтан 
сіңірлерден жоғары сапалы желатин мен желім алу қиын. 
Сүйек тіні 
Жануар етінің 20% сүйек тіні құрайды. сүйектің кемік тіні, жілікті тін 
мен табақшалы сүйек тіні болып бөлінеді. Сүйек сүйек қабығынан – 
сүйектің сыртқы бөлігі және оның астында тығыз сүйек тіні бар. Сүйектің 
ішінде сүйек кемігі, қан жолдары мен лимфа жолдары, нерв пен кейде 
шеміршек тіні бар. 
Сүйек тіні қатты, тығыз және серпімді болып сипатталуының себебі 
органикалық құрылымының суда ерімейтін минералды тұздармен өзінше 
үйлесуімен түсіндіріледі.
Сүйек тінінде 20-25% су, 75-80% құрғақ қалдық, соның ішінде 30% 
ақуыз бен 45% органикалық емес қосылыстар бар. 
Сүйек сүйек жасушаларынан (остеоциттер) және өнегізгі (аморфты) 
материал мен көптеген коллагенді талшықшалардан тұратын өте жақсы 
дамыған жасушаралық заттан тұрады (Сурет2.6). Коллагенді талшықшалар 
фибрилл 
түйіндерінен 
тұрады. 
Фибриллдер 
ішінде, 
коллаген 
молекулаларының бос орындарының арасында және фибрилл бетінде 


25 
фибриллдермен сутекті және ионды байланыстармен мықты біріккен 
минералды тұздардың кристаллдары бар. 
Сурет 2.6 – Сүйек тінінің сызбалық құрылымы:
1 – сүйек жасушалары – остециттер; 2 – ядро; 3 – жасушаралық зат. 
Сүйек тінінің негізгі затының мукопротеид, оксеомукоиді мен 
мукополисахаридтері фибриллдерді бір-бірімен байланыстырып, олардың 
арасындағы бос орындарды толтырады. Органикалық негіздің минералдық 
бөлігімен қосылуы сүйек тінінің айрықша қаттылығы мен серпімділігін 
түсіндіреді.
Сүйек тінін қышқылдармен (тұз қышқылы, фосфор қышқылы және 
басқалар) өңдегенде, минералды заттар ериді. Сүйек тінінің ақуызды бөлігі 
болып табылатын қалдық иілгіш, жұмсақ бола бастайды және оссеин деп 
аталады. Ол 93% коллагеннен тұрады, сонымен қатар оссеин құрамына басқа 
да ақуыздар: оксеомукоид, альбуминдер, глобулиндер мен т.б. кіреді. 
Органикалық қосылыстардан сүйек тінінің құрамына біршама мөлшерде 
липидтер бар, соның ішінде лецитин, лимон қышқылының тұздары мен 
басқалары бар.
Егер сүйекті отқа қатты қыздырса, онда ол органикалық негізін 
жоғалтады. Қалған минералдық бөлігі сүйек пішінін сақтайды, бірақ ол морт 
келіп, уқалаған кезде оңай ұнтаққа айналады. Минералды заттардың көп 
болуы (тін массасыныңы шамамен ½) сүйек тініне тән ерекшелік. Ондағы 
минералды заттар негізінен кальций фосфаттары түрінде кездесіп, 
гидроксилапатит кристаллдары Са
10
(РО
4
)
6
(ОН)

түрінде жиналады. 


26 
Кальций фосфаттарынан басқа, сүйекте кальций карбонаты көп
біршама магний, фторид фосфат, мен кальций хлориді, темір, натрий, калий 
мен көптеген микроэлементтер бар.
Кесте 2.4 – Төменде сүйек тініндегі минералды заттардың құрамы 
келтірілген. 
Сүйек тініндегі минералды заттар 
Мөлшері, % 
Са
3
(РО
4
)

85 
СаСО

10 
СаF

0,3 
CaCl

0,2 
Mg
3
(РО
4
)
2
1,5 
Жасы ұлғайған сайын минералды заттар мөлшерінің ұлғаюымен қатар, 
сүйек тінінде карбонаттар мөлшері артып, фосфаттар мөлшері кемиді. 
Осындай өзгеріс нәтижесінде сүйек созылымдығын жоғалтып, сынғыш бола 
бастайды. Сүйек қасиеттерінің өзгеруі тамақтанудағы белгілі бір мұздардың 
жетіспеушілігімен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, үйде семіртілетін 
малда кальций жетіспейді. Мұндай малды электрмен есінен тандыру 
омыртқаның және жамбас сүйегінің уатылуына алып келеді. Сүйектерді 
тағамдық мақсатта, сүйек кемігінде көп болатын май алу, желатин, желім 
және сүйек ұнын алу үшін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет