Байболова Л. К., Абжанова Ш. А., Жаксылыкова Г. Н., Бердығалиұлы С


Тамақ өнімдерін электрстатикалық өріспен өңдеу



Pdf көрінісі
бет18/96
Дата02.03.2022
өлшемі1.98 Mb.
#455902
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   96
Байболова Л.К. Ет және сүт өнімдерін.....

Тамақ өнімдерін электрстатикалық өріспен өңдеу. Бұл жағдайда 
разряд электродтар арасындағы кернеудің жоғары мәндерінде пайда болады. 
Разрядты кернеуліктер электродтар арасындағы қашықтық, электр өрісінің 
пішінен, кернеудің әсер ету ұзақтығына, электродтар полярлығына, 
ылғалдылық, қысым мен басқаларына байланысты. Разрядты кернеулікке 
газдарда болатын жүзгіндердің концентрациясы мен құрамы үлкен әсерін 
тигізеді. Осылайша, электрөткізгіш қоспалардың жоғары концентрациясы 
электр кернеулікті күрт төмендетеді.
Электрайыру. Электр өтікізгішіті әр түрлі 
көпіршіктенген 
газбөлшектерді электрлік әдістермен бөлуге мүмкіндік бар. 
Электрмен қақтау. Әр түрлі тамақ өнімдеріндегі қақтау түтіні 
компоненттерінің электрфоретикалық тұнуын электрмен қақтау процессі деп 
атаймыз. Бұл әдіс өздігінен иондану құбылысына да негізделген. Түтін өнім 
бетінде тұну және оның компоненттерінің өнім ішіне ену нәтижесінде өнім 
беті қоңыр-сары түске боялады, өнімнің ерекше ыс иісі мен дәмі пайда 
болады, сондай-ақ бактериялық және тотығуға қарсы әсерлер болады. 
Түтін тығыздығы орташа болатын электрмен қақтау процессі өте тез (2-
5 мин) жүреді. Алайда бұл ретте өнім кеппейді, осыған орай оны әдеттегі 
жылумен қақтаумен салыстырмалы бағалауға қиынға соғады. Өнімді кептіру 
үшін инфрақызыл сәулелендіруді қолдану салыстырмалы нәтижелер алуға 
мүмкіндік береді
Электрмен қақтаудың бірқатар үлгілері бар. Электрмен қақтаудың 
принциптік үлгілері өте қарапайым. Өздігінен иондануды тұрақтандыру үшін 
күрт біркелкі емес электр өрісін пайдаланады, мысалы сым мен тегіс 
пластина арасында. Бірінші үлгі дәл осы мақсатта қолданылады. Сонда 
электрстатикалық өріс алдын ала біркелкі емес, ол өнім өлшеміне тәуелді 
емес-дерлік болады. Жиекті (белсенді)электрод оң зарядталған пластинамен 
бірге (пассивті электрод) біркелкі емес электр өрісін тудырады. Электр 
өрісінің барынша көп кернеулігінің нәтижесінде белсенді электродта жиек 
пайда болады және оның айналасында астынан берілетін қақтау түтіні 
компоненттерінің белсенді иондануы жүреді. Жиектеу ретінде теріс 
электродты алады, себебі теріс иондардың қозғалғыштығы оң иондарға 
қарағанда жоғары. Жиек жанын түзілген иондар түтін бөлшектерінде 
сіңіріліп, оларды зарядтайды және солардың әсерінен олар электр өрісінде 
бағытталған қозғалыс алады. Өніммен жанасқанның нәтижесінде зарядталған 
бөлшектер оның бетіне тұнады. Қақтау түтінінің зарядталған компоненттері 
қозғалғанда бейтарап элементтер қозғалысқа тартылуы мүмкін [9, 16], ал бұл 
бу фазасына әсіресе маңызды. Электрстатикалық өрістің түтіннің құрамдас 
бөліктеріне таңдамалы әрекетіне байланысты электр қақтау және кәдімгі 


34 
қондырғыларда қақталған өнімдердің иісі мен дәмінде біршама 
айырмашылық болуы мүмкін. Бірақ өріс кернеулігін [4, 6] өзгерте және 
түтінді өңдеудің арнайы тәсілдерін қолдана отырып, әдеттегі өнімдерден еш 
айырмашылығы жоқ өнімдер алуға болады.
Екінші үлгі бойынша өнімді пассивті электрод ретінде қолданады және 
жиектеуші электродтар оның екі жағынан орналасқан. Бұл жағдайда 
электрстатикалық өріс біріншідегідей тұрақты біртекті болмайды және бұл 
кері жиектің пайда болуына және өнімнің үшкір бұрыштарында артық 
қақтаушы заттардың қара жиектерінің пайда болуына алып келуі мүмкін.
Электрмен қақтау процессі күрдеі, әсіресе оны физика-химтялық мәні. 
Ол көптеген факторларға байланысты: кернеулік, электродтар арасындағы 
қашықтық, түтіннің жылжу жылдамдығы, түтін концентрациясы, түтін 
құрамы мен басқалары. Сондықтан мұндай тұрақты емес факторлардың саны 
үшін сараптамалық тәуелдлікті алу қиынға соғып отыр. Кейбір 
факторлардың электрмен қақтау процессіне әсер етуінің тәжірибелік 
тәуелділіктері келтірілген. Өнімнің қақталғандығының критерийі ретінде 
түтіннің оптикалық тығыздығы түріндегі фенолдар концентрациясы алынған. 
Электродтар арасындағы қашықтық 70-85 мм оптимумында кернеулік 
неғұрлым жоғары болса, электрмен қақтау жылдамдығы соғұрлым жоғары 
болады. 
Кейбір зерттеушілері өріс кернеуінің дайын өнімнің органолептикалық 
көрсеткіштеріне әсер етуін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет