Байболова Л. К., Абжанова Ш. А., Жаксылыкова Г. Н., Бердығалиұлы С


Сүттің механикалық әрекет еткендегі өзгеруі



Pdf көрінісі
бет58/96
Дата02.03.2022
өлшемі1.98 Mb.
#455902
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   96
Байболова Л.К. Ет және сүт өнімдерін.....

Сүттің механикалық әрекет еткендегі өзгеруі 
Сүттің тыныш күйінде май көпіршіктері бетіне көтеріледі (кілегейі 
тұнады). Бұл майдың тығыздығы (0,922) майлы түйіршіктер ерітілген сүттің 
майлы емес бөлігінің тығыздығынан (1,032) төмен екендігімен түсіндіріледі. 


101 
Май түйіршіктерін қозғалтатын көтергіш күші сүттің майлы емес бөлігі мен 
майдың тығыздығы арасындағы айырмашылыққа сәйкес келеді. Көтерілу 
жылдамдығы май көпіршіктерінің диаметріне және сұйықтықтың 
жабысқақтығына байланысты. 
Диаметрі 3 мкм май көпіршігі 1 сағатта 1 мм ғана көтеріледі. Іс жүзінде 
май әлдеқайда тез тұнады. Бұл май көпіршіктері түйірге айналып жабысады, 
ал олардың диаметрі әлдеқайда үлкен және сондықтан да майдың түну 
жылдамдығы күрт өседі. Май көпіршіктері өдерінің қабықшаларымен 
жабысады деген болжам бар. 
Сүтті сепаратордан өткізгенде май көпіршіктерінің қозғалу 
жылдамдығы тығыздықтарға тура пропорционал және жабысқықтыққа кері 
пропорционал. 40°С дейін қыздырылған сүтті сепаратордан өткізгенде, май 
көпіршіктерінің қозғалу жылдамдығы, сұйықтық жабысқақтығының 
төмендеуі мен майлы емес бөлігі мен май тығыздықтарының 
айырмашылығының артуы салдарынан, шамамен 4 есе артады. Сепаратордан 
өткізу тиімділігі артады. 
Сүтті сепаратор-сүттазалағыштарда тазалау, сорғылармен тарту
араластырғыштармен 
қыздырушы 
құрылғылардан 
өткізу 
кезіндегі 
механикалық әрекет етулер бағаның құрылуын тудырады. Сүт ауамен 
байытылады. Көбікте кірне күйінен гель күйіне ауысатын ақуыз жиналады. 
Сүттің коллоидты жүйесі өзгереді.
Аппараттар құрылымы мен олармен жұмыс істеу жағдайларына қарай 
механикалық әрекет ету кезінде сүттің ірі майлы көпіршіктері бөлшектенуі 
мүмкін немесе керісінше олар түйінделу немесе тіпті май түйіндері болуы 
мүмкін. 
Сүтті гомогендеу кезінде май көпіршіктері бөлшектеніп, шамамен 10 
есе кішірейеді, сондықтан тұну жылдамдығы шамамен 100 есе азаяды. 
Май көпіршіктерінің бөлшектенуінің нәтижесінде гомогендеу және 
басқа әрекет етулер кезінде олардың қабықшалары жарылады. Алайда, беттік 
ерілу күшінің әрекетінен бөлшектенген май көпіршіктері айналасында 
олардың қосылуына бөгет жасайтын жаңа адсорбциялық ақуызды қабықша 
түзіледі. 
Тасымалдаған кезде сүт пен кілегей салқындатылуы тиіс, ал құтылар 
немесе цистерналар майдың шайқалуын болдырмау үшін аузына дейін 
толтырылуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет