Байланыс қызметтерімен қоса орын-жайларды жалға алу қызметтерін бойынша бір көзден тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама



Дата25.02.2016
өлшемі46 Kb.
#25632
Байланыс қызметтерімен қоса орын-жайларды жалға алу қызметтерін бойынша бір көзден тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттама

Астана қаласы  

Бейбітшілік көшесі, 11            сағ. 12-00            2015 жылғы 26 ақпан

 

1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 11) байланыс қызметтерімен қоса орын-жайларды жалға алу жөніндегі қызметтерді бойынша бір көзден тәсілімен сатып алуды өткізді.



2. Сатып алу үшін 2015 жылға бөлінген сома 41 339 285 (қырық бір миллион үш жүз отыз тоғыз мың екі жүз сексен бес) теңге 71 тиын (ҚҚС есептемегенде).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303-III Заңының 32-бабының 2) тармақшасының негізінде (2015 жылғы 26 ақпандағы № 23 шешім).

4. «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС Заңның 8-бабында қарастырылған біліктілік талаптарға келесі құжаттар негізінде сәйкес келеді:

- жолдама хат;

- сатып алынатын қызметтердің тізбесі;

- біліктілігі туралы мәліметтер;

- бағалардың кестесі;

- техникалық ерекшеліктері;

- 2015 жылғы 19 ақпандағы жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің 2015 жылғы 19 ақпанда нотариалды куәландырылған көшірмесі (25.06.2012 ж., № 838-1901-01-ЖШС);

- қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің 2015 жылғы 19 ақпанда нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- 2015 жылғы 26 ақпандағы жағдай бойынша «Цеснабанк» АҚ берешектің жоқтығы туралы 2015 жылғы 19 ақпандағы № 3997 анықтамасы;

- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ 2015 жылғы 23 ақпандағы жағдай бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтамасы;

- 2015 жылғы 26 ақпандағы мүлікті сенімді басқару шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу процесіне байланысты шектеулердің жоқтығын растайтын хат;

- қосалқы мердігер туралы мәліметтер;

- бағаның негіздемелері;

- 2015 жылғы 26 ақпанда нотариалды куәландырылған қайта ұйымдастыру туралы қаулының көшірмесі;

- шарттың жобасы.

5. Жеткізушінің атауы және мекен-жайы: «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11), шарттың жалпы сомасы – 46 300 000 (қырық алты миллион үш жүз мың) теңге (ҚҚС есебімен).

6. Сарапшы(лар) тартылған жоқ.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы бір көзден тәсілімен сатып алудың нәтижесі бойынша мынаны ШЕШТІ:

1) «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС-дан (Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі, 11) кеңселік орын-жайларды жалға алу жөніндегі қызметтер сатып алынды.

2) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы және тапсырыс беруші «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ:

- осы хаттаманың мәтінін интернет-ресурсына жіберсін;

- 2015 жылдың 27 ақпанына дейін «Астананың шаруашылық басқармасы» ЖШС-мен шарт жасассын.


 
Астана қаласының Экономика

және бюджеттік жоспарлау

басқармасының басшысы Ж. Нұрпейісов

Ұйымдастырушының уәкілетті өкілі Ғ.Ұ.Асылбек





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет