33
АЖБ кезінде модуляцияның екі әдісі қолданылады:
- амплитуда бойынша модуляция (АМ), сымды байланыс жүйелерінде
қолданылады;
- жиілік бойынша модуляция (ЖМ), радиобайланыспен жұмыс кезінде
қолданылады.
Санды байланыс жүйелерінде үздіксіз (аналогты) сигналды цифрлық
кодқа түрлендіру үшін импульсті – кодалық модуляция қолданады.
АЖБ кезінде байланыс арналары қабылданатын
арналардың жиілік
диапазоны бірдей болмайтындай сигнал спектріне түрлену арқылы пайда
болады. Әр арнаның кірісіне келетін сигналға тасушы жиілік деп аталатын
(сөйлесу жиілігінен он есе жоғары) өзіндік жоғары жиілігі белгіленеді.
Модуляция кезінде тасушы жиілктің жанынан сигналдың амплитуда, жиілік
және фазасын сақтай отырып, әрқайсысы сигнал туралы толық ақпарат
таситын екі бүйір жиілік пайда болады. Байланыс жолына тарату үшін бір
бүйір жиіліктің өзі жеткілікті. 8.3 суретте АК/АҚ- ақпарат көзі/қабылдағышы;
М/Д – модулятор/демодулятор; ТМ/ТД – топтық модулятор/демодулятор; Ф –
фильтр; БЖ- байланыс жолы деген
қысқартулар келтірілген АЖБ
функционалды сұлбасы көрсетілген.
8.3 сурет – АЖБ функционалды сұлбасы
АЖБ бойынша кең жолақты арналарды құру үшін тарату жолдарындағы
топтама 8.1 кестеде келтірілген.
8.1 кесте - Тарату жолдарындағы топтама
Топтың аты
Арналар саны
Таратылатын жиілік жолағы, кГц
Суббіріншілік
3
12-24
Біріншілік
12
60-108
Екіншілік
60
312-552
Үшіншілік
300
812-2044
Аталған арналардан басқа тарту жолдарында жүргізу арнасы және
телевидение (жүргізу дыбысымен) арнасы қалыптасады.
34
Біріншілік сигналдар арна бойынша таратылмастан бұрын түрлену
керек. Бұл түрленулердің мақсаты олардың параметрлері мен арналардың
параметрлері сәйкес келу керек. Себебі арналар жолақты фильтрі бар
төртполюсникті ұсынғандықтан сигналдардың спектрі мен арналардың өткізу
жолағын сәйкестендіру қажет.
АУБ көпарналы жүйелер аналогты және дискретті ақпаратты таратуда
қолданылады. Арналардың уақыт бойынша бірігуін тарату және қабылдау
жағында синхронды айналатын бөлушілермен түсіндіруге болады (8.4 суретті
қара)
8.4 сурет – АУБ
қарапайым блок-схемасы
Аналогты сигналдардың N көзінен ақпарат сәйкесінше жеке импульсті
модулятор АИМ (ЕИМ, ФИМ) кірісне келеді.Құрылған сигналдар бірінші
импульсті модулятор шығысында (ИМ) және екінші импульсті модулятор
шығысында бірдей интервалмен, бірақ бір бірін жаппайтындай уақыт
жылжуымен алынады.
Шын мәнінде, уақыт бойынша тығыздайтын
аппаратура тура сол
функцияны атқаратын электронды бөлгіштермен алмастырылған мехникалық
бөлгіштерсіз жұмыс жасайды (8.5суретті қара).
8.5 сурет – АУБ көпарналы байланыс сұлбасы
35
Коммутацияланатын импульстердің бөлу қызметін атқаратын барлық
импульсты модуляторлардың шығысы «өздерінің» кілттеріне қосылған. Өз
кезегінде бөлгіш тактілі импульстер генераторынан қосылады.
Қабылданған топтық радиосигнал топтық демодуляторда топтық
импульсті видеотізбекке түрленіп, синхросигнал бөлгішінің және арналық
электронды коммутатор кірістеріне бір уақытта келеді.
Уақыт бойынша бөлу процессі екі этапқа бөлінеді. Бірінші этапта –
жүйенің синхронизмге ену кезінде синхронизация сигналдарын іздеу,табу
және белгілеу жүреді, содан соң арналық коммутацияланатын
импульстер
бөлгіші іске асырылады. Бөлгіш өз шығысында әр арна интервалында сәйкес
арнаға байланысты тек бір ғана электронды коммутатор ашылатын керекті
ұзақтықтағы және кезектіліктегі импульстерді құрады. Екінші этапта –
қабылданатын арна сигналдары аналогты ақпарат қабылдағышына келіп, әр
арналық импульстың демодуляциясы жүреді.
Арналарды уақыт бойынша бөлу кезінде ең маңызды рольді жұмыс
алгоритмі импульсті модуляция әдісіне байланысты, арналарды уақыт
бойынша қосу, синхронизация сигналының структурасы және т.б.
қабылданатын синхронизация жүйесі атқарады.
Байланыстың алшақтығын қамтамасыздандыру. АЖБ және АУБ
МСП – бұл өзіне соңғы пунктте (СП) орнатылатын соңғы аппаратураны,
қызмет көрсетілетін күшейткіш пункт немесе қызмет көрсетілмейтін
күшейткіш пункттерде орнатылатын аралық аппаратураны, сонымен қатар
байланыс жолын қосатын техникалық құралдардың күрделі комплексі (8.6
сурет).
Аналогты жүйелерге қарағанда уақыттық (сандық) жүйелерде қызмет
көрсетілетін және қызмет көрсетілмейтін пункттерінде
сызықты тракттың
импульсті сигналдарын қалпына келтіретін (регенерация) аппаратура
қолданылады. Осыдан бұл жүйедегі қызмет көрсетілетін және қызмет
көрсетілмейтін пункттерді (ҚКП, ҚКМП) регенерациялық деп атарйды. Санды
тарату жүйелері келесі стандартты кеңжолақты арналарды құруға мүмкіндік
береді:
- негізгі санды арна (НСА), 64 кбит/с жылдамдықтағы 1арна;
- суббіріншілік санды арна (ССА), 7 арна – 480 кбит/с;
- біріншілік санды арна (БСА), 30 арна – 2048 кбит/с;
- екіншілік санды арна (ЕСА), 120 арна – 8448 кбит/с;
- үшіншілік санды арна (ҮСА), 480 арна – 34368 кбит/с;
- төртіншілік санды арна (ТСА), 139264 кбит/с жылдамдықтағы 1920
арна.
Достарыңызбен бөлісу: