Байланыс жүйелерінің негіздері


 дәріс. Коммутация технологиясы. Ашық жүйелер байланысының



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата17.05.2023
өлшемі1.3 Mb.
#473825
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
электрмен корек (1)

13 дәріс. Коммутация технологиясы. Ашық жүйелер байланысының 
эталлонды моделі
Дәріс мақсаты: коммутация технологиясы мен ашық жүйелер 
байланысының эталлонды моелін зерттеу 
Телекоммуникациялық жүйелерде коммутацияның әдістері: арналық 
(АК) коммутация, хабарламалық (ХК) коммутация және пакеттік (ПК) 
коммутация пайдаланады. АК кезінде (circuit switching) физикалық байланыс 
тарату және қабылдау құралдар арасында бекиді. Мысалы ТСОП телефондық 
желісі немесе ISDN желісі болып табылады. Желіде АК қабылданған 
өосылулар байланыстың соңына дейін сақталып, ақпарат таратылу – 
таратылмауына тәуелсіз соңғы құрылғылардың біреуіне байланысты 
тоқтатылады. АК әдiстiң қадiр-қасиеттерi оның қарапайымдылығы және 
қосылудың белгiлеуiнен кейiн ақпарат таратудың жанында iркiлiстердiң 
жоқтығы болып көрiнедi. Кемшiлiктерге шеткi құрылғылардың арасындағы 
ақпараттық ағыста уақытша үзiлiстердi бар болу, артынан канал қабiлеттiлiгi 
тиiмсiз пайдалануды және қосылудың белгiлеуiн сауалға мүмкiн желiнiң iстен 
шығуларын жатқызуға болады. Мұндай коммутация қазiргi жоғары 
жылдамдықты желiлердi құрылыста iс жүзiнде қолданылмайды (13.1 суретті 
қара). 
13.1 сурет –Коммутации әдістері 
ХК деп (message switching) соңғы құрылғыдан немесе толық 
хабарламаның ( файл, ақпараттар блогы) басқа түйіннен желі түйініне 
қабылданатын операциялар қосындысын, түйіннің жадысына қабылданған 


53 
құрылғыны айтады. Хабарлама әрбір түйінде қайта келіп,түйіндер тізбегімен 
қабылдау пунктіне келеді. Тарату станциясы (көзі) хабарламаны
қабылдаушының мекен жайымен (Destination Address, DA) және өзінің мекен 
жайымен (Source Address, SA) қамтамасыз етеді. Таратушы мен қабылдаушы 
арасындағы хабарлама желі бойынша әртүрлі жолдармен өтуі мүмкін. 
Келтірілген коммутация әдісіне - телеграфты желі жатады. Компьютерлі 
желілерде коммутацияның бұл түрі қолданылмайды.
ПК (packet switching) – коммутацияның бұл түрі компьютерлі желілерде 
негізгі болып табылады және ARPANET желілеріне енгізілген. Жіберілген 
хабарлама бірнеше қысқа бөлімдерге бөлінеді (пакеттерге), олардың 
әрқайсысы тақырыпшаға (қызметтік ақпарат) ие болады. Шамамен мұндай 
ақпаратта таратушы мен қабылдаушының мекен жайы болады (SA и DA).
Пакетте фиксацияланған максималды ұзындығы болмағандықтан, оны сақтау 
үшін дискілік жады керек емес, оперативті жадысының өзі жеткілікті. Пакетті 
коммутацияның екі әдісі бар: дейтаграммдарды тасу (datagram) және 
виртуалды арналар (virtual circuit) бойынша тарату. Дейтаграммды режимде 
тарату кезінде әрбір пакетте таратушы және қабылдаушының мекен жайы, 
өызметтік ақпарат және хабарламадағы пакеттің реттік номері болады. Бір 
хабарламаға тиесілі дейтаграммдар желіде бір біріне тәуелсіз таралады. 
Қабылдаушы құрылғы пакеттерден хабарламаны номерлері бойынша 
жинайды. Пакеттің ұзындығы айтарлықтай ұзын. Ақпараттармен алмасуды 
ұзын пакеттермен (Ethernet желілерінде қолданады) немесе қысқа пакеттермен 
(АТМ желілері) жүзеге асыруға болады. Өте ұзын пакеттер желіні 
хабарламаны коммутациялау желісіне әкеліп соқтырады. Желіде бөгелуі 
жоғарылап, желінің тиімділігі төмендейді. Тым қысқа пакеттер әрбір пакет 
тақырыпшаға ие болғандықтан қызметтік ақпарат санын (шығындар) 
ұлғайтады. Виртуалды арна бойынша таратұан кезде құрылғылар арасында 
логикалық қосылыс,яғни белгілі бір ақпарат ағынының пакетін тасуға желіде 
бағыт орнатылады. Байланыс таратушы мен қабылдаушы арасында қызметтік 
пакеттермен алмасу арқылы ақпаратты таратпай жатып орнатылып қояды. Ол 
жерде таратудың параметрлері (ақпараты бар пакеттің максималды көлемі, 
тарату 
жолы, 
тарату 
жылдамдығы, 
жеткізілу 
туралы 
мәлімет 
(acknowledgement), 
қателермен 
жұмыс 
және 
байланысты 
басқару 
процедуралары) болады. Логикалық байланыс уақытша (SVC, байланыстың 
бір сеансына сақталады) немесе тұрақты (PVC, ұзақ уақытқа сақталады, әдетте 
ол бірнеше ай) болуы мүмкін.
Ашық жүйелермен жұмыс жасаудың эталоныды моделі. Хабарламаны 
эелктр байланыс жолымен таратудың мәселесін шешуде бірнеше талап 
қойылады. Бұл талаптарды екі топқа бөлуге болады:хабарламаны тарату 
процесіне қойылатын талаптар және осы процесті жүзеге асыратын 
техникалық құралдарға қойылатын талаптар. Электрлік байланыстың 
техникалық құралдарға қойылатын талаптардың қатарына келесілерді 
жатқызуға болады:


54 
- байланыс жүйесі өз мүмкіндіктерін өсіре отырып, қолданылмайтын 
мүмкіндіктерді өшіре білу керек. Мұндай мүмкіндігі бар жүйелерді ашық деп 
атайды;

әртүрлі байланыс жүйелері эксплуатацияны және бағасын 
төмендететін стандартталған және уникалды құрылғыға ие болу керек;
- әртүрлі тағайындалған жүйе бір бірімен хабарлама алмасу 
мүмкіндігіне ие болу керек. 
Бұл талаптар байланыс жүйесін жобалаудағы бірыңғай идеологияны 
ұзартты.Халықаралық телефония және телеграф жөніндегі консультаттиивті 
комитет 80-жылдардың басында ашық жүйелер байланысының эталонды 
моделін ұсынды (ЭМВОС).
OSI (Open System Interconnect) эталонды моделі хабарлама тарату үшін 
негізгі архитектуралық моделі болды.Телекоммуникациялық жүйелер мен
OSI/ISO моделінің архитектурасын салыстыруға болады. Бұл модел заманауи 
байланыс технологиясын зерттеуде ең қолайлы құрал болып табылады.
Осы моделге сай байланыс жүйелерінде хабарламаны тарату процессі 
айрықшаланатын операцияларға бөлінеді. Әрбір операцияны өз деңгейіне 
жатқызады. Деңгейлер қатаң иерархия бойынша құрылады: жоғары деңгейде 
ақпарат көзі мен қабылдаушы-байланыс желісін қолданушы, төменгі деңгейде 
электромагнитті толқынды тарату аймағы орналасқан. Жоғарғы деңгей 
төменгі деңгейді басқарады. Әрбір деңгейдің өзіндік техникалық құралы 
немесе байланыс желісінің функционалды жұмысын қадағалайтын байланыс 
желісін қолданушы құрылымдық бірлігі немесе қызметтік адам. Кейбір 
байланыс жүйелерінде бұл құрылғылардың бөліктері болмауы мүмкін немесе 
кейбір деңгейдің барлық функцияларын орындамауы мумкін.
ЭМВОС негізгі жеті деңгейді ерекшелейді: қолданушы, өкілдік, 
сеансты, транспорттық, желілік, арналық, физикалық (13.2 суретті қара). Бір 
қолданушыдағы әрбір деңгейдегі операцияларды орындайтын барлық 
құрылғылардың қосындысын станция деп атайды [21].
Қолданушы деңгейде байланыс желісімен жіберілетін ақпаратты өңдеу 
процессі жүзеге асады. Бұл деңгей функциясын атқарушы адам немесе 
техникалық құрал (ЭВМ) болуы мүмкін.
Өкілдік деңгей құралдары хабарламаны қолданушыға көрсетуге 
ыңғайлы формадан жүйеге ыңғайлы формаға және кеісінше айстырады. Бұл 
деңгейде ақпараттар сығылады, себебібайланыс жүйесінде ақпараттың аз 
орны алғаны үнемі ыңғайлы.
Сеансты деңгей құралдары таратылатын хабарламаны таратудың 
топологиялық нұсқалары көп болатындай етіп қызметтік ақпаратпен өңдейді.


55 
13.2 сурет – Ашық жүйелер байланысының эталонды моделі
Ең 
тиімді 
нұсқаны 
таңдау 
төмендегі 
деңгейлермен 
іске 
асады.Осылайша, бұл деңгей байланыс сеансын құруға жауапты. 
Транспорттық деңгейде нақты хабарламны қолданушыға керекті байланыс 
желісінің деңгейінде жіберуге жауапты. Ол үшін желіаралық хабарлама 
мекенжайының есебі шешіліп,әртүрлі саладағы желі арасындағы хабарлама 
жіберу мәселесі шешіліп, олар шлюздау есебі деп аталады. Желілі деңгейде 
хабарламаны қолданушыға бір желі ішінде ең тиімді жолмен жеткізу мәселесі 
шешіледі. Ол үшін хабарлама қозғалыс бағыты анықталып, қолданушының 
желіішілік мекенжайыныі мәселесі шешілдеі. Арналық деңгей құралдары 
таралатын хабарламаны тарату кезінде сигнал параметрлерін өзгерткен кезде
туындайтын бұрмаланулардан сақтайды. Физикалық деңгей құралдары
таратылған хабарламаны сигналға түрлендіреді және керісінше.Бір 
станциядағы көршілес деңгейлердің байланысы интерфейс деп аталады.Әр 
станциядағы бірдей деңгейлердің байланысы протокол деп аталады. Олар бір 
желі ішіндегі жүйелердің жұмысын,әртүрлі өндірушіден шығатын,ақпаратты 
көрсету формасы, ақпаратты сақтау,желілік ресурстарды басқару,ақпарат 
қауіпсіздігі, программа диагностикасын және техникалық құралдармен 
қамтамасыз етеді.
OSI моделі ОС атқаратын желілі утилиттер, желілі аппаратты 
құралдардың байланысын сипаттайды.


56 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет