Добавить
комментарий
Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены
*
Комментарий
бір-ақ қарғып мініп алып:
– Жібер аттың басын! — дейді.
Желкілдектің тақымы тигенін күрең ат білген соң, Алла пана берсін, көрген көрді, көрмеген көре алмай қалды. Көкке ұшты ма, жерге кірді ме дегендей
қалды. Бір араға тышқан айғырдың боғындай үйіліп, Телегейдің ел-жұрты қала берді. Желкілдек қызды алып, аман-есен шешесінікіне келді.
Қызды сонда қойды да, өзі күрең атқа мініп, қайтадан Телегейдің жұртына келді. Күнікей, Тінікей — екі қызды іздеп жүр. Келсе, Тінікей өлген екен, Күні
басында жылап отыр екен. Тінікей өлгеніне үш күн болған екен. Күнікей соны қайтерін білмей отыр екен. Желкілдек келді де, Күнікейге айтты:
– Мен Сарыарқа деген жерден, Қазақ деген елден іздеп келген бауырыңмын, апатай, Сарыбайдың баласымын. Атым — Желкілдек,- дейді. Сол жерде тү
құшақтасып көрісті.
– Айналайын, қарағым, сенен де айналайын, артымыздан бізді іздер сендей ұл туғызған Құдайдан да айналайын! — деп, жылап, мауқын басқан соң, өл
ақ жуып, арулап, терең қазып, тепкілеп көмді де, тірі қалған Күнікейді алып, шешесінікіне келді.
Өзі күрең атқа мінді, семсерін қолына алды. Телегейдің шаһарына барды. Кәпір басы -Телегейдің шаһарын шапты. Бір жан тастаған жоқ, бәрін қырды.
басы — Телегейді ұстап алды. Мұрнын тесті, тесігінен жіп байлады. Алып келді, жетектеп шешесінікіне келді. Апасын алып жүрді. Телегейдің қызын алд
болып жеріне келді. Өзтемірге келді, амандасты, есендесті.
– А, құдай, көрсететұғын күнің бар екен! — дейді.
Той қылды, Өзтемір іні қылды.
– Қарындасымды ап келді, жауды мұқатты. Кәпір басы — Телегейді жеңіп алып келді!
– Міне, Телегей: «Ағаңдай қылып, сыртынан жарып, өтін алсын өз қолымен!» — деп алып келдім! — деп, Өзтемірдің қолына берді.
– Ой, бұған не қылсақ та, обал жоқ еді. Сен маған іні болдың. Мұнан туған қыз маған келін болды. Құдайға да разымын, інім, саған да разымын! Тап сен
қатыннан айналайын! Мұның қасықтай қанын, шыбындай жанын келінімді, сені есен көрген қуанышым үшін байладым.Ал, мені өлтіріп кетсең де, ерік
ықтиярды өзіңе бердім! -деп, қол-аяғын босатып, мұрнынан жібін алды.
Телегей айтты:
– Мұнан да мені өлтіріп тастағандарың жақсы еді. Енді мен не деп жүзі қара болып, қалған ел-жұрттың бетін көремін. Тірі жүрсем, татар несібем, өлсем
топырағым осы жақтан бұйырған екен, — дейді.
Өзтемір айтты:
– Айтысқан сөзіміз бар еді: «Қашпаймын!» — дескен, қаштым. Оның үшін төбемізден оқ атысайық.
Желкілдек айтты:
– Атпа, — дейді, — Құдай кешсе, мен кештім! — дейді.
Өзтемір айтты:
– Жоқ, болмайды. Атысайық төбемізден.
Желкілдек айтты:
– Қой, аға!
Болмады, қоймады, айтқан тілді алмады. Төбесінен оқ атысты. Өзтемір айтты:
– Інім, сен бұрын ат!
Желкілдек айтты:
– Жоқ, сен ат, ат!- дейді.
Өзтемір өз төбесінен өзі оқ атты. Оқ төбесіне келе жатыр еді, Желкілдек оқты қағып жіберді. Оқ барып жерге түсті. Енді Желкілдек өзінің төбесінен өзі а
келді де, жерге түсті. Өзтемір айтты:
– Кел, тағы атысайық!
Желкілдек айтты:
– Қой,болар осы атысқанымыз, болар. Екеуміз де ақ екенбіз.
Өзтемір сөзін алмады:
– Атысамыз! — деп айтты. Желкілдек:
– Атыспаймыз,- дейді. — Әлгіде мен болмасам, оқ төбеңе тиетұғын еді. Мен оқты қағып жерге жібердім!
Өзтемір:
– Мен Құдайға жалғаншы болып, жалған дүниеде жүргенімнен өлгенім артық. Өзімді-өзім Құдайға бергенім!- деп, оқты атты басынан. Оқ келді, тиді. Өз
қалды. Желкілдек жылады. Өзтемірді жерге көмді. Кәпір басы — Телегей айтты:
– Мен өлген Өзтемірден де разымын. Желкілдек, сенен де разымын! Қызым, сенен де разымын! Сен болмағанда, Нұрманбетке не қылсам, маған Өзтем
қылса керек еді. Сыртымнан жарып өтімді алса керек еді. Енді мен де өзімді-өзім Құдайға беремін. Жалған дүниеде пенде кешкенмен, онда барғанда, Қ
кешпесе, жалған дүниенің не керегі бар?-деп, ұшып түрегеліп, төбесінен оқ атты. Төбесінен оқ келді, тиді. Желкілдек тәрбиелеп көмді. Телегейдің қызы
қылды, некесін қидырды. Күнікей апасын төренің баласына берді. Өз жеріне қайтты. Жеріне келді. Сарыбай әкесі тірі екен, шешесі тірі екен. Жалғыз қа
Топай құл алған екен. Той қылып жатыр екен. Әкесі, шешесі қартайыпты. Желкілдек Топай құлға ашуланды:
– Құл болып, менің қарындасымды неге алдың?! — деп, Топай құлдың басын алды. Әкесінің жерінде тұрған малын, бәрін де өзі алды. Өзі хан болып ел
биледі. Барша мұрат басына жетті.
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
Қоржын
,
Ұстаз