Байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және радиоэлектронды



бет1/8
Дата28.06.2016
өлшемі1.14 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 21.04.2010 17:12:45
Байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және радиоэлектронды

құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі

Байланыс және ақпараттандыру жөніндегі комитет төрағасының

2003 жылғы 11 наурыздағы № 13-п бұйрығы

(2005.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



 

ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 13 шілдедегі № 295 Бұйрығымен күші жойылды



 

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2005.17.11. № 414-п бұйрығымен кіріспе өзгертілді  (бұр. ред. қара)

Байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу жөніндегі жұмыстарды ретке келтіру мақсатында және Қазақстан Республикасының "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 "Байланыс және xaбap тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері" қаулысымен және "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды сатып алудың (сатудың), тіркеудің, жобалаудың, салудың (орнатудың), пайдаланудың және шетелден әкелудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қазандағы № 1293 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 31.08.04 ж. N 181-п бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің аумақтық органдарының басшылары аумақтық органдардың қызметкерлерінің Ережені зерделеуін және қатаң сақтауын қамтамасыз етсін.



ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 31.08.04 ж. N 181-п бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары А.Қ. Жұмағалиевқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

Төраға

Қазақстан Республикасы



Көлік және коммуникациялар

министрлігінің

Байланыс және ақпараттандыру

жөніндегі комитеті Төрағасының

2003 жылғы 11 наурыздағы

N 13-п бұйрығымен бекітілген



Байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және

радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды

тіркеу ережесі

 

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 31.08.04 ж. N 181-п бұйрығымен мәтін бойынша сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)



1. Жалпы ережелер

1. Ереже байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеудің және радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеудің тәртібін белгілейді.

2. Байланыс саласындағы рұқсат құжаттарын ресімдеу және радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу жөніндегі материалдар ресімдеу және беру орны бойынша сақтауға жатады.

2. Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін



пайдалануға арналған рұқсат құжаттарын ресімдеу

3. Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін (бұдан әрі - РЖС) пайдалануға рұқсат не РЖС пайдалануға кеме станциясының (Қазақстан Республикасының туы астында жүзіп жүрген кемелер үшін) рұқсат/лицензиясын алу үшін заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрі - өтініш беруші) Байланыс саласындағы уәкілетті органның тиісті аумақтық органына (бұдан әрі Басқарма) РЖС пайдалану орны бойынша радиожиілікті спектрді меншіктеуге арналған (эфирде теле- радиохабарларын таратуды қоспағанда) өтінішін екі данада ұсынуы қажет.

4. Радиожиілікті меншіктеуге арналған өтінімге мынадай құжаттар қоса тапсырылуы тиіс:

1) белгіленген үлгідегі өтініш (1-қосымша);

2) байланыс саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға Байланыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган ) берген лицензиясының көшірмесі, радиожиілік спектрін өндірістік мақсаттарға пайдаланған жағдайда көрсетілген лицензия талап етілмейді;

3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі туралы куәлігінің көшірмесі немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) статистикалық карточкасының көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;

6) сұралып отырған жиіліктер белдеуінің (номиналдарының) негіздемесі келтірілетін, жоспарланып отырған радиожелінің (радиотораптардың) мақсаты мен сипаты, пайдаланылатын стандарттар мен хаттамалардың, радиоэлектронды құралдардың (РЭҚ) ерекшеліктері, байланыс түрі және ұйымдастыру сызбасы егжей-тегжейлі баяндалатын түсіндірме жазба;

7) байланыстың тиісті түріне белгіленген үлгідегі РЭҚ-қа арналып толтырылған сауалнама (2-9-қосымшалар);

8) радиобайланыстың мынадай түрлері үшін жер картасының көшірмелеуі: радиоэлектронды құралдарды орнату пункті мен болжамды қызмет көрсету аймағы қоса көрсетілген тіркелген сымсыз радио қол жеткізудің (ТСР), радиорелейлік байланыс желісінің (РРЖ), ультра-қысқа толқындар (УҚТ) ауқымының, координаттық аймақ (спутниктік байланыс үшін);

9) жиіліктер торы, халықаралық спутник ұйымымен (спутниктік байланыс үшін) келісілген транскомиссиялық жиілік жоспары;

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2005.17.11. № 414-п бұйрығымен 10) тармақшамен толықтырылды

10) жұмыс істеп тұрған және пайдалану жоспарланған азаматтық бағыттағы РЭҚ үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан уәкілеттігі бар ұйым берген РЭҚ электр магниттік үйлесімділігі сараптамасының қорытындысы (27-29 қосымшалар).

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2005.17.11. № 414-п бұйрығымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

5. Басқарма радиожиілік меншіктеуге арналған өтінімнің және оған қоса берілген құжаттардың ресімделу жинақылығы мен дұрыстығын тексереді.

Радиожиілік меншіктеуге өтінімді қарау мерзімі оның тіркелген күнінен бастап үш күннен аспауы тиіс.

Радиожиілік меншіктеуге сол сияқты берілген деректердің дәйексіздігі үшін өтінім ресімдеу жинақтылы немесе дұрыс болмағанда, Басқарма өтінім берушіге бас тартудың негізделген себептерін көрсете отырып, өтінімді қабылдаудан бас тартқаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

Радиожиілік меншіктеуге өтінім қайтадан тапсырылғанда, оны қарау мерзімі жаңадан есептеледі.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2005.17.11. № 414-п бұйрығымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

6. Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген рәсімдер аяқталғаннан кейін радиожиілік меншіктеуге өтінімнің бір данасы ілеспе хатпен бірге бір күндік мерзімде радиожиіліктер меншіктеу рәсімін жүзеге асыру үшін рәсімін жүзеге асыру уәкілетті органға жіберіледі, екінші данасы Басқармада қалады.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 31.08.04 ж. N 181-п бұйрығымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

7. Уәкілетті орган Басқармадан өтінім келіп түскеннен кейін радиожиіліктерді келісуді, үйлестіруді және белгіленген тәртіппен РЖС пайдалануға арналған рұқсат құжаттарын ресімдеуді қамтитын радиожиіліктер меншіктеу рәсімін жүргізеді.

Сұрау салынған радиожиіліктер бос болған, сондай-ақ радиожиіліктерді келісу және үйлестіру қажеттілігі болмаған жағдайда, Уәкілетті орган елу күндік мерзімде белгіленген нысандағы РЖС пайдалануға арналған рұқсатты (кеме станциялары үшін - осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес халықаралық үлгіде белгіленген нысандағы РЖС пайдалануға арналған кеме станциясының рұқсат/лицензиясын) ресімдейді. Өзге жағдайда Уәкілетті орган радиожиіліктерді Халықаралық электр байланысы одағының Радиобайланыс регламентіне сәйкес басқа негізгі пайдаланушылармен келістіру және радиожиіліктерді шекаралас мемлекеттермен (Қазақстан Республикасының шекара аймақтарында) үйлестіру рәсімін жүргізеді, бұл ретте өтінімді қарау мерзімі отыз күнге және төрт айға дейін ұзартылуы мүмкін. Радиожиіліктерді келістіру және үйлестіру қорытындылары бойынша не РЖС пайдалануға тиісті (кеме станциясының лицензиясы) рұқсат ресімделеді, не өтініш берушіге жазбаша дәлелді бас тарту беріледі.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2005.17.11. № 414-п бұйрығымен 7-1-тармақпен толықтырылды

7-1. Радиожиілік спектрін (РЖС) пайдалануға рұқсат беруге дәлелді қабыл алмау алған жағдайда өтініш беруші осы Ережелердің 4 тармағының 7)-10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тіркей отырып өтінімді қайтадан береді. Өтінім қайтадан берілгенде радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат осы Ережелердің 3, 5-7-тармақтарында белгіленген тәртіп бойынша беріледі.

8. Уәкілетті орган РЖС пайдалануға ресімделген рұқсатты немесе кеме станциясының рұқсат/лицензиясын (түпнұсқасын) өтініш берушінің тіркелген жеріндегі Басқармаға жібереді.

РЖС пайдалануға арналған рұқсаттың немесе кеме станциясының рұқсат/лицензиясының түпнұсқасын алған Басқарма үш күндік мерзім ішінде өтініш берушіге хабарлайды, сондай-ақ РЖС пайдалану үшін ақы сомасы (жылдық сомасы) көрсетілген белгіленген үлгідегі РЖС пайдалануға ақы төлеу хабарламасын жазып толтырады және береді.

9. Тиісті Басқарма өтініш беруші РЖС пайдалануға ақының бірінші бөлігі төленгенін растайтын құжатты көрсеткеннен кейін, РЖС пайдалануға рұқсатты (РЖС пайдалану орны бойынша), келесі жылдың 20 наурызына дейін қолдану мерзімін көрсете отырып, жыл сайын ұзартады.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2005.17.11. № 414-п бұйрығымен 9-1-тармақпен толықтырылды

9-1. Техникалық параметрлері, соның ішінде РЭҚ қондырғысы орналасқан жер өзгерген, жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы өзгерген, РЖС пайдаланушы ауысқан жағдайда, немесе байланыс саласындағы қызметіне лицензия алған (қайта ресімдеген) кезде РЖС пайдаланушы осы Ережелердің 3-7-тармақтарында белгіленген тәртіп бойынша РЖС пайдалануға рұқсатты алуы (қайта ресімдеуі) керек. Жұмыс істеп тұрған және пайдалану жоспарланған азаматтық бағыттағы РЭҚ үшін өзгертулердің техникалық сипаты болмаса РЭҚ электр магниттік үйлесімділігі сараптамасының қорытындысы талап етілмейді.

10. Телефон арнасының радиоұзартқыштарына, қуаты 2 Вт-қа дейінгі аз қуатты радиостанцияларға және 27 МГц ауқымдағы радиостанцияға РЖС пайдалануға рұқсат ресімделмейді. РЭҚ бұл түрлерін, РЖС пайдаланумен РЭҚ пайдалану құқығына кейіннен рұқсатты ресімдей отырып, Басқармада тіркеуге жатады.

3. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары

жиілікті құрылғыларды тіркеу

11. РЭҚ пен жоғары жиілікті құрылғыларды (бұдан әрі - ЖЖҚ) тіркеуді жүзеге асыру үшін өтініш берушінің РЭҚ пен ЖЖҚ пайдалану орны бойынша тиісті Басқармаға РЭҚ (ЖЖҚ) тиісті түрлеріне арналған сауалнамаларды (2-9, 13-15-қосымшалар) қоса бере отырып, белгіленген үлгідегі (12-қосымша) өтінішін ұсынуы қажет. Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген тәртіппен сертификатталған РЭҚ пен ЖЖҚ тіркеуге жатады.

12. Басқарма РЭҚ-қа (ЖЖҚ-ға) арналған сауалнамаларды толтырудың жинақылығы мен дұрыстығын тексереді. РЭҚ-қа (ЖЖҚ-ға) арналған сауалнамаларды толтыру жинақты немесе дұрыс болмағанда, Басқарма тіркеуден бас тартады.

Басқарма өтініш берушінің құжаттарын алғаннан кейін үш күннің ішінде оның құжаттарын қарайды.

Осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қайта тапсырған жағдайда, оларды қарау мерзімі жаңартылады.

13. Осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген рәсім аяқталғаннан кейін, Басқарма белгіленген нысандағы РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеудің куәлігін дайындайды (16-қосымша) және белгіленген нысандағы РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеудің журналын толтырады (17-қосымша).

РЭҚ пен ЖЖҚ-ны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік өтініш беруші РЭҚ пен ЖЖҚ мемлекеттік тіркеуі үшін ақы төлегенін растайтын құжатын көрсеткеннен кейін беріледі.

14. РЭҚ пен ЖЖҚ-ны тіркеу оның иесіне РЭҚ пен ЖЖҚ-ны пайдалану рұқсатынсыз пайдалануға енгізу құқығын бермейді.

4. РЭҚ пен ЖЖҚ пайдалануға арналған рұқсаттар ресімдеу

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2005.17.11. № 414-п бұйрығымен 15- тармақ өзгертілді  (бұр.ред.қара)

15. РЖС пайдалануға (РЭҚ үшін) және РЭҚ пен ЖЖҚ сатып алуға рұқсат алғаннан кейін өтініш беруші тиісті Басқармаға (РЭҚ пен ЖЖҚ орнату орны бойынша) РЭҚ (ЖЖҚ) пайдалануға өтінішін ұсынуы қажет.

Тапсырысқа мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

1) Басқарма бастығының атына жазылған белгіленген үлгідегі өтініш (18-қосымша);

2) РЖС пайдалануға (РЭҚ үшін) рұқсаттың көшірмесі;

3) РЭҚ-қа (2-9, 13-14-қосымшалар), ЖЖҚ-ға (15-қосымша) арналған сауалнама;

4) РЭҚ (ЖЖҚ) сатып алынған пунктті көрсете отырып, сатып алудың және шет елден әкелудің (шет елден әкелінген жағдайда) заңдылығын растайтын құжаттар;

5) санитарлық қадағалаудың уәкілетті органмен РЭҚ арналған келісуі;

6) белгіленген үлгідегі Қазақстан Республикасының сәйкестік сертификатының көшірмесі.

ЖЖҚ пайдалану үшін осы тармақтың 2), 5) және 6)-тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

27 МГц жиіліктер ауқымындағы РЭҚ пен телефон арнасының радиоұзартқыштарын пайдалануға рұқсаттар алуға арналған өтінімде осы тармақтың 1), 2), 3)-тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді, оның орнына белгігенген нысандағы сауалнама-өтініш (19-21 қосымша) қоса берілуі тиіс;



ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2005.17.11. № 414-п бұйрығымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) жұмыс істеп тұрған және пайдалану жоспарланған азаматтық бағыттағы РЭҚ үшін (орналасқан жерінің географиялық координаталары бар стационарлық РЭҚ үшін) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан уәкілеттігі бар ұйым берген РЭҚ электр магниттік үйлесімділігі сараптамасының қорытындысы (27-29 қосымшалар).

16. Басқарма РЭҚ (ЖЖҚ) пайдалануға рұқсат алуға арналған өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды ресімдеудің жинақылығы мен дұрыстығын тексереді.

Өтінім ресімдеу жинақты немесе дұрыс болмағанда, Басқарма өтініш берушіге үш күндік мерзімде өтінім қабылданбағаны туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

17. РЭҚ пен ЖЖҚ пайдалануға белгіленген нысандағы рұқсат (22, 23-қосымша) тек РЭҚ пен ЖЖҚ-ны белгіленген тәртіппен тіркегеннен кейін барып беріледі.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 31.08.04 ж. N 181-п бұйрығымен 18-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

18. ЖЖҚ пайдалану үшін белгіленген нысандағы ЖЖҚ-ға арналған сауалнама-рұқсатта (15-қосымша) "аумақтық органы рұқсаты" деген ІV бөлімі толтырылады және Басқарманың мөрі басылып, бастықтың қолы қойылады.

19. Егер РЭҚ пайдалануға рұқсат алуға берілген өтінім қабылданған жағдайда, тиісті Басқарма өтініш берушімен бірлесе отырып, он күндік мерзімде РЭҚ қабылдауды жүргізеді, оның нәтижелері бойынша пайдалануға енгізу актісі жасалады.

20. Телефон арнасының радиоұзартқышы (бұдан әрі - радиоұзартқыш) мен радиобайланыстың жылжымалы жүйелерін пайдалануға өтінім бергенде, Басқарма базалық (тұрақты) станцияны және жеке тасымалдаушы (ұтқыр) терминалды пайдалануға рұқсат ресімдейді, бұл ретте базалық станцияны пайдалануға рұқсатта оның орналасқан орны көрсетілуі тиіс.

21. Қазақстан Республикасының Радиожиіліктері жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының шешіміне сәйкес радиоұзартқыштың әрбір жиынтығы үшін РЭҚ техникалық параметрлеріне сәйкес арналардың белгілі саны бекітіледі.

22. РЭҚ пайдалануға рұқсат РЖС пайдалануға арналған рұқсат құжатының қолданылу мерзіміне беріледі (20 наурызға дейін), ЖЖҚ қолдануға рұқсат бір жыл мерзімге беріледі.

Пайдалануға рұқсаттарды ұзарту жыл сайын РЭҚ (ЖЖҚ) орнатылған орны бойынша РЭҚ (ЖЖҚ) пайдалануға бұрын алынған рұқсаттың және РЖС (РЭҚ үшін) пайдалануға рұқсат құжатының тиісті мерзімге ұзартылған көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші тиісті Басқармаға жазбаша нысанда өтініш жасағаннан кейін үш күннің ішінде рұқсатты жаңа мерзімге беру жолымен жүзеге асырылады.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2005.17.11. № 414-п бұйрығымен 22-1-тармақпен толықтырылды

22-1. РЭҚ қондырғысының техникалық параметрлері, орны өзгерген жағдайда РЭҚ иесі осы Ережелердің 15-17-тармақтарында белгіленген тәртіп бойынша РЭҚ пайдалануға рұқсатты қайтадан ресімдеуі керек.

 

5. РЭҚ пен ЖЖҚ сатып алуға (сатуға), жобалауға, салуға



(орнатуға) рұқсат құжаттарын ресімдеу

23. РЭҚ пен ЖЖҚ сатып алуға (сатуға), жобалауға, салуға (орнатуға) рұқсатты өтінімді алған сәттен бастап тиісті Басқарма сатып алу (сату) және/немесе жобалау, салу (орнату) орны бойынша үш күндік мерзім ішінде береді.

24. Өтініш беруші РЭҚ (ЖЖҚ) сатып алуға (сатуға) рұқсаттар алу үшін тиісті Басқармаға мынадай құжаттар тапсыруы қажет:

1) мынадай деректер көрсетілген өтініш-хат:

РЭҚ (ЖЖҚ) үлгісі;

саны;


сериялық нөмірі (сатылатын жағдайда);

қуаты;


жиіліктер ауқымы (номиналдары);

шетелден сатып алудың заңдылығын растайтын құжаттарды ұсынумен РЭҚ (ЖЖҚ) сатып алу пункті;

2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесі немесе жеке тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

3) Қазақстан Республикасының белгіленген үлгідегі сәйкестік сертификатының көшірмесі.

25. Белгіленген үлгідегі РЭҚ (ЖЖҚ) сатып алуға (сатуға) рұқсаттарды ресімдеу кезінде (24-қосымша) Басқарма РЭҚ (ЖЖҚ) көрсетілген түрлері параметрлерінің (қуаты, пайдаланылатын жиіліктер номиналдары және тағы басқа) Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген параметрлерге сәйкестігін, сондай-ақ РЭҚ (ЖЖҚ) санын, олардың сериялық нөмірлерін және тағы басқа тексереді.

26. Бұл ретте өтініш беруші сатып алынатын (сатылатын) РЭҚ (ЖЖҚ) техникалық параметрлерінің рұқсатта сатып алуға көрсетілген параметрлерге сәйкестігін, сондай-ақ көрсетілген параметрлерді өз бетінше өзгерту мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етеді.

27. Өтініш беруші сатып алуға берілген рұқсатты сақтауы және сатып алушыны (оның реквизиттерін), РЭҚ (ЖЖҚ) сериялық нөмірін және санын көрсете отырып, сатылған РЭҚ-ты (ЖЖҚ-ны) есепке алуды жүргізуі тиіс.

28. Сатылатын жабдықты әкелуге рұқсат бар болғанда не осы жабдықты әкелудің заңдылығын растайтын құжаттар бар болғанда (шет елден өндірген жағдайда) ғана жабдықты сатуға рұқсат береді.

29. Ғаламдық жылжымалы спутниктік байланысының (бұдан әрі - ҒЖСБ) терминалдарын сатып алуға (сатуға) рұқсат берілмейді. ҒЖСБ қызмет көрсетулерін ұсынатын лицензиат сатып алушыны (оның деректемелерін), терминалдардың сериялық нөмірін, санын көрсете отырып, сатылған терминалдарды есепке алуды жүргізеді.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2005.17.11. № 414-п бұйрығымен 30- тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



30. РЭҚ құрылысына (қондырғысына) рұқсат ресімделгенше Басқарма мыналарды жүргізеді:

1) жобаланып жатқан РЭҚ параметрлерінің ұлттық стандарттарға сәйкестігін тексеру;

2) жұмыс істеп тұрған және пайдалану жоспарланған азаматтық бағыттағы РЭҚ Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан уәкілеттігі бар ұйым берген РЭҚ электр магниттік үйлесімділігі сараптамасының қорытындысын (27-29 қосымшалар) есепке ала отырып жобалық құжаттаманы келісу.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2005.17.11. № 414-п бұйрығымен 31- тармақ жаңа редакцияда  (бұр.ред.қара)



31. Өтініш беруші РЭҚ құрылысына (қондырғысына) рұқсат (25 қосымша) алу үшін тиісті Басқармаға мына құжаттарды беруі керек:

1) хат-өтініш;

2) жұмыс істеп тұрған және пайдалану жоспарланған азаматтық бағыттағы РЭҚ Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан уәкілеттігі бар ұйым берген РЭҚ электр магниттік үйлесімділігі сараптамасының қорытындысы (
Каталог: images -> stories -> npa
npa -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы №318 және "Азаматтық авиация саласындағы
npa -> Жолаушылар тасымалдау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
npa -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларын бекiту туралы" 2011 жылғы 26 шiлдедегi
npa -> Қазақстан Республикасының Үкіметі өкімінің жобасына ТҮсіндірме жазба
npa -> "Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн авиамаршрутқа арналған конкурс өткiзу және авиамаршруттарға
npa -> "Авиация персоналының қолданыстағы куәлiгi бар ұшу құрамының, кабина экипажының адамдарына, ұшуды техникалық қамтамасыз ететiн инженерлiк-техникалық құрамға
npa -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 2 шiлдедегi
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет