Байланыс туралы 2004 жылғы 5 шілдедегі №567-ii


Заңымен  15-бап жаңа редакцияда (қолданысқа енетін мерзімін



бет4/5
Дата17.07.2016
өлшемі0.89 Mb.
1   2   3   4   5
Заңымен  15-бап жаңа редакцияда (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 178-ІV ҚР Заңымен  15-бап өзгертілді   (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15-бап. Байланыс операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимылы

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



1. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын байланыс операторлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, байланыс желілерінде жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға барлық байланыс желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің ұйымдастырушылық және техникалық мүмкіндіктерін, абоненттер туралы қызметтік ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ аталған іс-шараларды жүргізу нысандары мен әдістерінің жария болуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсаттары үшін байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының телекоммуникация желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыратын органдардың және ұйымдардың өзара іс-әрекет жасасу қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Байланыс операторлары байланыс желілерінде қажетті техникалық құралдарды орнатуға, өз жабдықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен абоненттер туралы қызметтік ақпаратты екі жыл бойы жинау мен сақтауды жүзеге асыруға міндетті.

2. Ұялы байланыс операторлары өз желілерінде жұмыс істейтін абоненттік құрылғылардың сәйкестендіру кодтарының тізілімін жүргізуге міндетті.



Желіде сәйкестендіру кодтары бірдей бірнеше абоненттік құрылғы байқалған жағдайда, ұялы байланыс операторы бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын тиісті органдарды хабардар етуге міндетті.

3. Байланыс құралдары жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған жағдайда, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кез келген байланыс желілері мен құралдарының қызметін тоқтата тұруға құқылы.

4. Байланыс операторларының жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасы осы Заңға және Қазақстан Республикасының жедел-іздестіру қызметі туралы заңнамасына сәйкес реттеледі.

5. Ұялы байланыс операторлары абоненттік құрылғы иесінің өтініші бойынша өз желісіндегі абоненттік құрылғының жұмысын сәйкестендіру коды бойынша тоқтата тұруға не оны қайта бастауға міндетті.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



16-бап. Техникалық байланыс құралдарының сәйкестігін растау

Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісінде пайдаланылатын техникалық байланыс құралдары электромагниттік сәулелену көздері болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар, почта байланысының техникалық құралдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сәйкестігі расталуға тиіс.

 

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



17-бап. Байланыс саласындағы қызметті лицензиялау

Байланыс саласындағы қызметті лицензиялауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



18-бап. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды конкурстық негiзде бөлу

1. Байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды пайдалану құқығы мынадай жағдайда, егер:

1) радиожиiлiк спектрi көлемiнiң жеткілiксiз болуы себептi байланыс қызметi Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы белгiлi бiр аумақта жұмыс iстейтiн байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеу ұсынған ауқымдағы радиожиiлiктi пайдалана отырып көрсетiлетiн болса;

2) белгiлi бiр географиялық аумақта ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінiң желiлiк қол жеткізу ресурстары шектеулi болып, соған байланысты уәкiлеттi орган осы аумақта жұмыс iстейтiн байланыс операторларының ықтимал саны бойынша шектеулер белгiлейтiн болса, конкурстық негiзде берiледi.

2. Конкурс (немесе аукцион) өткізу туралы шешiмдi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Радиожиiлiктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдарын ескере отырып, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қабылдайды.

Конкурс (немесе аукцион) осындай шешiм қабылданғаннан кейiн алты айдан кешiктiрiлмейтiн мерзімде өткiзiледi.

3. Радиожиiлiктердi пайдалану құқығын конкурстың қорытындысы бойынша алған кезде жеңiмпаз мемлекеттік бюджетке Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде бiржолғы төлемақы енгiзедi.

4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптарға, конкурс (немесе аукцион) өткізу ережелерiне сай келетiн жеке және заңды тұлғалар конкурстарға (немесе аукциондарға) қатысуға жiберiледi.

 

2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



19-бап. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен  20-бап жаңа редакцияда  (бұр. ред. қара)



20-бап. Байланыс қызметтеріне арналған тарифтер

1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, байланыс операторлары байланыс қызметтеріне арналған тарифтерді негізделген шығындарды негізге ала отырып дербес белгілейді.

2. Уәкілетті орган:



1) телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне;

2) телекоммуникация және почта байланысының жалпыға қолжетімді қызметі саласындағы табиғи монополиялар аясында тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекітеді;

Осы тармақта аталған қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



3. Телекоммуникация және почта байланысы саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілері тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

4. Байланыс операторлары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен байланыс қызметтерін пайдаланушыларға шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авариялық, анықтамалық қызметтерді және тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басқа да қызметтерді тегін жалғауды қамтамасыз етеді.

 

3-тарау. Байланыс желілері



 

21-бап. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісі

1. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникация желісі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және мынадай санаттардағы телекоммуникация желілерінен:

1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнен;

2) телекоммуникацияның ведомстволық желiлерiнен;

3) телекоммуникацияның, бөлектелген желiлерiнен;

4) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерiнен;

5) корпорациялық және ақпаратты электромагниттiк сигналдар арқылы беретін басқа да желiлерден тұратын телекоммуникация желісі болып табылады.

2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен   (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2-тармақ өзгертілді  

2. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желiлерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісі болып табылатын желiлер үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) әрекеттестiктiң бiрыңғай тәртібін, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ұйымдастыру-техникалық iс-шаралар кешенiн, басқарылатын параметрлердi қалыптастыруды және олардың орындалуын бақылауды қамтитын телекоммуникация желiлерiн орталықтандырылған басқаруды айқындайды;

2) телекоммуникация желісінің санатына байланысты телекоммуникация желiлерiн құру, басқару, нөмiрлеудi пайдалану, олардың жұмыс iстеуiн, тұрақтылығын және ақпараттық қауіпсіздігін ұйымдастыру-техникалық тұрғыдан қамтамасыз eту, радиожиілік спектрiн пайдалану, трафиктi өткізу тәртібі, желiлердің әрекеттестiк шарттары, телекоммуникация қызметтерiн көрсету жөніндегі талаптарды белгілейді.

3) арналарды коммутациялау технологияларын хабар беру мен коммутациялаудың пакеттік технологияларымен ауыстыруға негізделген ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды аяқтағанға дейін техникалық қажеттілік туындаса, қызметтер көрсетуді ұйымдастырудың өздері таңдаған тәсіліне қарай тіркелген телефон байланысы қызметтерін көрсететін байланыс операторлары желілерінің қосылу және өзара әрекет жасау шарттарына қойылатын талаптарды белгілейді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Қазақстан Республикасының бiрыңғай телекоммуникация желісіне кiретін барлық санаттағы желiлердің байланыс операторлары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен әрекеттестiктiң бiрыңғай тәртібінің талаптарын қанағаттандыратын өз желiлерiн басқару жүйелерiн құруға мiндеттi.

Телекоммуникация желiлерiн құру кезiнде байланыс операторлары желiлер жабдықтарының жедел-iздестiру iс-шараларының жүргiзiлуiн қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгiлейтiн мемлекеттік стандарттарға технологиялық тұрғыдан сәйкес келуiн қамтамасыз етедi.

4. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық пайдаланушыларға телекоммуникация қызметтерiн көрсетуге арналған телекоммуникацияның өзара байланысты желiлерiнің кешенi болып табылады.

Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі:

1) қызмет көрсетiлетiн аумақ пен нөмiрлеу ресурсы аясында географиялық тұрғыда (телекоммуникацияның жергiлiкті желiлерi);

2) Қазақстан Республикасының шегiнде белгiлi бiр географиялық аумақпен және нөмiрлеу ресурсымен байланыспаған, географиялық емес тұрғыда;

3) пайдаланушыға көрсетiлетiн байланыс қызметтерiн iске асыру әдiсi (бекітілген және жылжымалы) бойынша айқындалатын телекоммуникация желiлерi болып бөлiнедi.

Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi шет мемлекеттердің ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiмен әрекеттестік жасайды.

Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерiн пайдаланушылардың мүдделерiн, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiнің құрамына кiретiн телекоммуникация желiлерiнiң сенiмдi жұмыс iстеуін қамтамасыз ету мақсатында олар бiрыңғай мемлекеттік нормативтiк-техникалық реттеуге жатады. Нормативтiк-техникалық талаптардан тыс телекоммуникацияның осы желiлерiнiң жұмыс iстеу және оларды пайдалану тәртібін, телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі қызмет үшiн осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, байланыс желiлерiнiң меншік иелерi дербес айқындайды.

5. Телекоммуникацияның ведомстволық желiлерi мемлекеттік органдар мен жергiлiкті өзiн-өзi басқару органдарының басқарушылық және ұйымдастырушылық мақсаттарын өз өкілеттіліктеріне сәйкес iске асыруын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар мен мекемелердiң өндiрiстік және басқарушылық мақсаттарды қамтамасыз етуiн iске асыруға арналған.

Телекоммуникацияның ведомстволық желiлерi ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосылады.

Бұл ретте телекоммуникацияның ведомстволық желiлерiн осы тармақта көзделмеген өзге мақсаттар үшiн пайдалануға жол берiлмейдi.

2008.21.11 № 89-ІV ҚР Заңымен  6-тармақ өзгертілді   (бұр. ред. қара)

6. Телекоммуникацияның бөлектелген желiлерi телекоммуникация желiлерiнің дербес санаты болып табылады және пайдаланушылардың шектеулi тобына телекоммуникация (электрлi байланыс) қызметтерiн көрсетуге арналған және:

1) әрекеттесе алады, бiрақ Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне немесе ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосылған кез келген басқа желiлерге, сондай-ақ шет мемлекеттердiң ортақ пайдаланылатын телекоммуникация (электрлi байланыс) желiлерiне қосылмайды;

2) егер ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің жұмыс iстеуiн регламенттейтiн талаптарға сәйкес келсе, оларды ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiсінің санатына ауыстыра отырып, ортақ танылатын телекоммуникация желiлерiне қосуға болады. Бұл ретте осы бөлектелген желiге  бұрын  берiлген географиялық емес код алып тасталады;



3) осы телекоммуникация желілері операторларының байланыс қызметін көрсетуі лицензияның негізінде жүзеге асырылады.

Бөлектелген желілерді ұйымдастыру үшін қолданылатын байланыс технологиялары мен құралдарын, сондай-ақ құру принциптері мен нөмірлеу жүйесін осы желілердің иелері белгілейді. Желілердің осы санатына ұлттық ресурстан нөмірлер (географиялық емес код) бөлінбейді.

ҚР 2012.23.04. № 14-V Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



7. Арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін негіз ретінде пайдаланатын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттерін қамтамасыз етуге арналған.

Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілері өтеулі байланыс қызметтерін көрсету үшін пайдаланылмайды.

8. Телекомммукацияның корпорациялық желiлерi заңды тұлғалардың басқару және ішкі өндiрiстiк мақсаттарын iске асыруды қамтамасыз етуге арналған.

Телекоммуникацияның корпорациялық желiлерi:

1) егер олар тиiстi нөмiрлеу ресурсын бөлектей отырып, желінің түрлі әкімшілік аумақтар бойынша бөлiнген учаскелерiн бiрiктiретiн болса, әкiмшілік аумақ шеңберiнде мекемелiк коммутациялық станция арқылы корпорациялық клиент ретiнде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық коммутация орталығының транзиттік торабы деңгейiнде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосылуы;

2) осы Заңның 17-бабына cәйкес кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыруға лицензия алған жағдайда байланыс қызметтерiн өтеулі көрсету үшiн (егер олардың қолданылу аймағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерi операторларының желiлерi болмаса) пайдаланылуы мүмкін.

9. Телевизия және радио хабарларын тарату желiлерi бiрыңғай телекоммуникация желісінің құрамдас бөлiгi болып табылады және Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердiң аумағына телевизия және радио бағдарламаларын тарату әрi трансляциялау үшiн пайдаланылатын, жердегi және жерсеріктік хабар тарату жүйелерiнiң бiртұтас өндiрiстік-технологиялық кешенiн құрайды. Жердегi жүйелерге мемлекеттік және коммерциялық бағдарламаларды трансляциялауға арналған радиорелелi және кәбiлдi байланыс желiлерi, қуаты әртүрлі радиотаратқыштар мен басқа да құралдар кiредi. Жерсеріктік жүйелерге халықаралық жерсерiктік ұйымдарға, жекелеген мемлекеттерге тиесiлі орбиталық байланыс жерсерiктерi мен жердегi таратушы және қабылдаушы станциялар кiредi.

10. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

11. 2012.18.01. № 546-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк отыз күн өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

22-бап. Фельдъегерлік және арнаулы байланыс



1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметi мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ете отырып, үкiметтiк курьерлік байланысты жүзеге асыратын қызмет болып табылады. Қазақстан Республикасы фельдъегерлiк қызметiнiң жеке құрамы iшкi iстер органдарының кадрларында тұрады, жедел қызметтік міндеттерді шешу үшін жауынгерлік атыс қол қаруымен, арнаулы қорғану және байланыс құралдарымен, сондай-ақ нысанды киiм-кешекпен қамтамасыз етiледi.

2. Арнаулы байланыс қызметi арнаулы байланыс арналары бойынша арнаулы жөнелтiмдердi жiберген кезде мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердi қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ерекше жарғылық міндеттердi орындайды.

Арнаулы байланыс қызметi Қазақстан Республикасы Ұлттық почта операторының бiрыңғай құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнаулы байланыс қызметiн көрсетедi.

Арнаулы байланыс қызметінің жеке құрамы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес нысанды киiммен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметтiк қарумен, арнаулы қорғану және байланыс құралдарымен қамтамасыз етiледi.

3. Фельдъегерлiк және арнаулы байланыс қызметтерiн ұйымдастыру қызметін, сондай-ақ фельдъегерлiк және арнаулы байланыс қызметтерiн көрсету тәртібі мен оларды пайдаланушылардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайды.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4. Қазақстан Республикасы почта байланысы ұйымдарының, фельдъегерлiк және арнаулы байланыс қызметтерiнiң, Қарулы Күштерiнiң фельдъегерлiк-почта байланысының өзара қатынастары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында регламенттеледi.

5. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, фельдъегерлiк және арнаулы байланыс қызметкерлерi тасымалдайтын арнаулы жөнелтiмдер тексеруге және кідіртiлуге жатпайды.

 

23-бап. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттеріне арналған байланыс желілері



ҚР 2012.23.04. № 14-V Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Үкіметтік байланысты Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін тәртіппен Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органы қамтамасыз етеді.

Байланыс операторлары үкіметтік байланыстың техникалық мүмкіндіктері мен жарақтандырылуын ескеріп, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды және дамытуды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органымен келісе отырып жүргізеді.

Үкіметтік байланыс жүйесі, шифрланған, құпияландырылған және кодталған байланыс Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қамтамасыз етіледі.

ҚР 2012.23.04. № 14-V




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет