Байқошқар ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі



Дата04.07.2016
өлшемі36.27 Kb.
#178586
Байқошқар ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы атқарған

жұмыстары туралы есебі
Өздеріңізге мәлім,Елбасының биылғы жылғы «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол»атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мәселелері жан-жақты талқылануда. Елімізді экономикалық дағдарыстан қиындықтарға ұрындырмай алып шығудың нақты жолдарын айқындап,басым бағыттарды белгілеп берді. Көліктік-логистикалық инфрақұрылымдарды, индустриялық инфрақұрылымдарды,энергетикалық инфрақұрылымдарды, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту,тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық пен су және жылумен қамтамасыз ету желілері инфрақұрылымдарын жаңғырту,шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау бойынша жұмыстарды жалғастыру міндеті қойылды.

Байқошқар ауылдық округі әкімі аппараты - Қазақстан Республикасы Заңдары мен Қаулыларын және Аягөз ауданы әкімі бекіткен Мемлекеттік Мекеме Ережесін басшылыққа ала отырып жұмыс жасауда. Бұл бағытта әр түрлі ұйымдастыру шараларын жүргізіліп, жоғары тұрған әкімшілік органдарының өкімдері мен қаулыларын жүзеге асыру басты мақсатымыз болып саналады. Осыған байланысты іс-шаралар жасалынып, ауыл әкімінің міндеттері айқындалады. Алдымен «Байқошқар ауылы әкімі аппаратының 2014-2017 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспары» жасалынып,жұмыстар жүргізілуде.

Ауылдық округте 172902 га.жер бар, оның 57764 га. шаруа қожалықтарының иелігінде. Сондай-ақ 30727 га.жерді Баршатас ауылының тұрғындарынан 22 шаруа қожалықтарын ашып, жұмыс жасап отыр.2015 жылы әр ауылдық округ жер салығы,мүлік салығы,көлік салығы,кәсіпкерлік салықтары берілсе,қаншама мал салықтары кірістелмей қалу қаупі бар.

Байқошқар ауылдық округі бойынша 112 отбасында 500 адам тұрады. Соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер-3 . «Алтын Алқа», «Күміс алқа» иегерлері-27 адам. Жасына байланысты 72 зейнеткерлер, асыраушысынан айрылған және мүгедектігіне байланысты 25 адам бар.

Округте 31 шаруа қожалығы тіркелген, сондай-ақ 1 орта мектеп, дәрігерлік амбулатория,пошта-байланыс, ауылдық клуб,кітапхана тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Ұйымдастыру,ішкі мәселелер бағыты бойынша ауылдық округтің барлық іс-қағаздары қазақ тілінде стандартқа сай жүргізілуі –басты талап. Шаруашылық кітаптары жылына 2 рет толтырылып,толығып отырады. Онда ауылдағы әр отбасының дербес шоты бойынша жан саны,мал саны,жері,егістігі,қора-үй жайлары,техникалары т.б.қосымша мәліметтері кітап бойынша және электронды кітап жазбасы бойынша уақытында толтырылды. Мал басының нақты саны мен түрі малдәрігерінің есебімен сәйкестендірілді. Биылғы жылы әр шаруашылық бойынша мал басының жігі анықталынып, 200 бас ірі қара,оның 213-і аналық басқа артты.Асыл тұқымды 2 бас бұқа сатып алынды.

Байқошқар ауылдық усадьбаларды дамыту бағдарламасы бойынша 2014 ж. іс –шара жоспары бойынша 7 жобаға берілген 19.500.0 теңгенің 17.000.0 теңгесі толықтай игерілген, қалған сомасы ауылдың Бас жоспары жасалынып, атқарылды.

«Демеу-Қаржы» орталығы арқылы 4 адам несие алып,нәтижесінде 51 бас ірі қара малдары сатылып алынды. Бұл жұмыс алдағы жылы да жалғасып, 5 адамға несие берілмек.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруда ауылдың шаруа қожалықтарымен 1млн.255.0 теңгенің меморандумы жасалынып,толықтай орындалды. Оның 280.0 теңге ауыл мектебіне беріліп, нәтижесінде оқушыларға аптасына 2 уақыт сүт берілді. 25 оқушы мектеп жанындағы тынығу лагерінде демалса, 15 оқушы Жидебайдағы Абай мұражайы мен Шәкәрімнің құдығы басына апарып саяхаттап келді.

Тасқын апатына ұшыраған Қарағанды облысы,Көкпекті ауданының тұрғындарына 10 бас тоқты көмек берілді.

Биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер ауылда мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырып, 500.0 теңгенің көмегін көрсетті.Сондай-ақ 2014 ж.алғаш мектепке баратын 7 балаға сыйлық жасап,балалар ойын алаңының жерін рәсімдеп берді.

«Ұлыларға-тағзым» аясында мемлекеттік акт алу үшін ауыл территориясындағы Бегеш шешен мен Нұралы Батыр кесенелерінің суреттері түсіріліп, аумағы өлшенді. Қажетті құжаттар аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөліміне берілді.

Мектепте Шұбартау өңірі мектептері оқушылары арасында шағын футболдан жарыс өткізіліп, командаларға 100.0 теңгенің бағалы сыйлықтары тапсырылды.

Байқошқар ауылы аудандық байқауларға үнемі қатысып отырады. Аудандық «Жігіт сұлтаны» байқауында 1 орынға ие болса,жыр мүшайрасында да 1 орынға ие болып,бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қарттар күнінде ауылдағы 70-тен асқан 18 аналарға бағалы сыйлықтар жасалып, 35 қартқа мерекелік дастархан ұйымдастырылды.

«Туған жерге-тағзым» акциясы негізінде ауыл әкімшілігінің,мекемелердің жұмысшы-қызметкерлері ауылдық мешіт үйінің сыртын темір шарбақпен қоршап,жарықтандыру жұмыстарын аяқтады.

Аудан әкімінің көмегімен ауылдық әкімшілік апппартының ғимараты қазіргі заманға сай жөндеуден өтті. Ауыл көшесін күл-қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді. Алайда мектепке алыну керек деген 15 куб тақтай мен әскери даярлық сыныбына АК-74 автоматы алынбай қалды. Мектепке мультикабинет жабдықтауға берілген 5 млн.541.0 теңге игерілмегендіктен кері қайтарылды.

Меншік малдардан қан алып,егу жұмыстарының қажеттілігіне қарай раскол жасау үшін 50 столб сұраған өтінішімізді Казтелеком бөлімі қанағаттандырмай отыр.

Ауылда 2015 ж.газет-журналдарға жазылу толық жоспармен аяқталды.

Ауыл тұрғындарына әлеуметтік қордан 25 тонна/500 мөшек/ ұн әкелініп,3 мың теңгеден сатылды.



Былтыр туған жас нәрестелерге ауыл әкімінің сыйлықтары тапсырылды.

Алдағы жылы аудан әкімінен,мәслихат депутатраынан ауыл тұрғындары атынан сұрайтынымыз : 2019 ж. Байқошқар ауылының құрылғанына 80 жыл толады. Осыған дейін ауыл тұрғындарын таза ауыз-сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбырлары тартылса және ауыл жастары мен мектеп оқушылары үшін шағын спорт залы салынса деген тілек-өтінішіміз бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет