САЛУАЛЫ сын. жерг. Ақыл иесі, байсалды, үлгілі. Ол салуалы адам, ондай
ақымақшылық істемейді (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі)
532.
САРАПШЫЛ сын. Жақсылап саралайтын, сыншыл. Төрт жырауды елдің
сарапшыл шалдары лепірісіп тыңдады (А.Тоқмағамбетов, Жыр.).
533.
САРДАРЛЫ сын. жерг. 1. Байсалды, салмақты. Мұқаң келісті тұлғасы бар,
салмақты да сардарлы жайсаң адам көрінеді (Ғ.Сыланов, Замана.). Оның әр қимылы
сардарлы, сараң, бірақ сондай сенімді, мығьм келеді (Т.Ахтанов, Қаһарлы күн.).
534.
САУДЫР-САДАҚ сын. Ақкөңіл, аңқылдаған, салдырлақ. Саудыр-садақ ақ пейіл
Тоқығандай ер екен Айтқан сөзді миына. Шамаласам көрінді Қонаққа ақылы тереңдей.
Қатын-бала баршасы Алтын-күміс зереңдей (Кердері Әбубәкір, Қазағым.).
535.
САУЫСҚАННАН САҚ. Өтесергек, абайлағыш. Атқа міндік аздан соң, Алыста
жатыр арманым. «Сауысқаннан сақ бол» деп, Ақыл айтты алғаным (О.Шипин, Дастан.).
Жаман жолдан жырақ бол, Сауысқаннан сақ келін! Шын пейіліңмен қызмет қып, Ат-
енеңе жақ, келін! (Ә. Найманбаев, Шығ.).
536.
САХАБИ ар сын. ескі кіт. Жомарт, қайырымды. Сіз болып Исламның
хадимінен сахаби болып тұрсыз, зор мұхаббат (М.Дулатұлы, Шығ.).
537.
САХАУАТТЫ ар сын. ескі. кіт. Жомарт, қайырымды. Бұ күнде ишан бар ма,
қожа бар ма, Нәпсісі сахауатты таза бар ма? (Дастандар). Бұл патшаның қуаты Күннен-
күнге артылған. Сахауатты тәңірі-ай, Дұшпанның оты қау жанып, Бұқарамыз
шарпылған (Кердері Әбубәкір, Қазағым.).
538.
САХИ сын. Жомарт, мырза. Болат қолында болса, сахи ғой (Экспед. мат.)
539.
САЯСАТҚА ЖҮЙРІК. Айлалы, өз дегеніне оңай жететін. Әр нәрсенің қыбын
ақылмен тауып, аптықпай пішетін, саясатқа жүйрік бай осы тұста сең соққандай қатты
алдырып қалды (С.Жүнісов, Ақан сері).
540.
СӘЛЕМШІЛ сын. Сәлем бергіш. Желігі басылмай жүрген неткен жан!
Сәлемшілін қара өзінің! (С.Бақбергенов). Оғалай қомму ссалам, доңызым-ай, сәлемшіл
сау-саламат болыңыз-ай, дәретке тұрмағалы үш күн болды, ажалдың азабы көп, жолы
ұзын-ай, – деді молда шошқаға (І.Жансүгіров, Шығ.).
541.
СӘЛЕМІ ТҮЗУ Көңілі, ықыласы адал, діті дұрыс. Атамқұл сол жолы ерлі-
зайыпты малшыларды тырып кеткен. Содан бері Әлімқожаның сәлемі түзу («Қаз.
әдеб.»).
542.
Достарыңызбен бөлісу: |