245
сауатсыз, иманын біліммен кәмілдемеген. Уағызын мешіттен тысқа шығара алмай, басқа
діндердің жымысқы әрекеттеріне демократияға қайшы деп заңды тегеурін қоя алмай
тұрған қоғамда дін басындағыларға айтарымыз: «Үмметім үшін білімсіз, азғын имамдар
тажалдан да қорқыныштырақ», – деген пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөзі (Ахмад ибн Ханбал)
(«Жас Алаш»). Білімдіге білімсіз бағынбай ма? Іздесе, пендеге жол табылмай ма? Ақты
қойып, арамды әдет етсек, Денеміз дозаққа өзі жағылмай ма? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 5.
Ғылым мен техника жетістігінсіз, арнайы мамандандырылған оқусыз. Біздің бөлім бұл
бастаманы
қуана қостап, қолма-қол атсалысты. Соның барысында бір-бірімізді жете
білісіп, етене араласып кеттік. Бірі – өткен ғасырдың 30-шы жылдары авиация әлі дамымай
тұрғанда Атлант мұхиты арқылы қонбай ұшқан америкалық ұшқыш Чарльз Линдберг те,
екіншісі құнары жоқ айдалада ғылым, білімсіз, қиялдан асып өнім алған Шығанақ Берсиев
туралы пьеса жазу мақсат болған («Егемен Қазақстан»). 6. ауыс.
Жабайы, тағы. Жар
салып, жасақ жияр білімді Алик, білімсіз
хұзарлардан алмаққа кек, Қаласын, егіндерін
ызасы үшін, От пенен қойған арнап қылышқа деп (А.Байтұрсынов, Шығ.).
244.
БІРБЕТ сын. жағымсыз.
Сыңаржақ, қыңыр, басқамен санаспайтын. Бұл төсектен
қайта тұра алмасына көзі әбден жеткен тәрізді. Жайшылықта бірбет,
ожар Исабек
тағдырына мүлде өшігіп апты (Д.Әбілев, Арман.). Орданың қадірлеуінен бе, әлде
жаратылысы солай ма,
Ақпан мінезі жағынан бірбет, қыңыр болған (С.Мұқанов, Аққан
жұлд.). Несіне жылайсың, жақсы болған екен, сен өзің кеше ғана Таймасов маған көнбейді,
бірбет өзімшіл деп арыз айттың емес пе? (С.Бақбергенов, Алтынемел.).
245.
БІРЕЗУ сын.
Бірбет, сыңаржақ, қыңыр. Байғұс, осы-ақ бірезу болады да жүреді (Қаз.
тілі. фраз. сөздігі). Дұрыс деме құр ойлап, Ақылға сынат, сабыр қыл. Жығылмайтын дәлел
тап, Бірезу болма, өзімшіл (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
246.
Достарыңызбен бөлісу: