313
Терісаққан). Жау тиген, айқай-ұйқай, үріккен жылқы, Долданған дуанасы шайқы-бұрқы.
Толқытқан тұңғиықты долы дауыл, Дүлейі көл Балқаштың ұйқы-тұйқы (І.Жансүгіров,
Күй).
988.
ШАЙЛАУ сын.
Шадыр мінезді шайпау, ащы тілді. Тілі ащы болса керек. Шайлау әйел
жылқы шетінде жүрген Жанқара байға шаптығып: Мұнша
малды неңе жетпей жиып
жүрсің деп ашуланыпты (Албан-Жарты ата).
989.
ШАЙПАУ МІНЕЗДІ [ТІЛДІ] Тілі ащы, мінезі шатақ, шәлкес қылықты адам. Дәл осы
жақында, екі жұмадай бұрын тілі шыға бастаған шайпау мінезді тоқалға (М.Әуезов, Шығ.).
990.
ШАЙПАУ сын.
Шадыр мінезді, тілі ащы, ашушаң. Бала
кезінде қабаған ит қапқан
баланың өскен кезде тілі ащы, шайпау, ит мінезді болады (Б.Қанарбаева, Қазақтың наным
сенімдері). Сақып кемпір шайпау тілімен келінін бетінен алып тастады (Н.Ғабдуллин, Сар.
жапырақ). Әлгінде ғана қызметкерлерін шыжықтай шыжғырған шайпау мінез шайдай
ашылды (М.Рашев, Бетің қисық.).
991.
ШАҚАР сын.
Ашуы қатты, ызақор, бірбет. – Бұл
аңдар сұрша ғана мақар екен,
Ғайратлы һәм хәйләлі шақар екен (М.Дулатов, Шығ.). Ойпырмай, кішкентай болып алып,
өзі бір шақар неме көрінеді ғой (Б.Соқпақбаев, Өлгендер.). Шақар мінезімен көп адамға
жақпайды да, өзі де көпшілікке үйір емес (С.Сарғасқаев, Біз төртеу.). Шаймұрат шақарға
ерегіскенде бүгінше бүркеніп жата тұрайық деп едім (Қ.Сатыбалдин, Қараторғай).
992.
Достарыңызбен бөлісу: