Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет138/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   348
18.08.2023 dis

КӨНДІМБАЙ сын. қарап. Көне беретін, көнгіш, көнбес. ...Маңдайға бітпеген 
бақ. Дәулетке саламат дейтін көндімбай кейіп көрсете, ыстық алақанымен Оспаннын 
жазық маңдайын аялап сипай берді (С.Омаров, Қызыл.). 
301. 
КӨНПІС сын. сөйл. Көнбіс. Соның орайына өкпесі тесілгенше еңбекке қадалған 
көнпіс (М.Әуезов, Индия очерк.). Қанипа айтқанмен көпті көрген, көнпіс кісі ғой, 
күйіп-пісіп шыжалақтай қойған жоқ (С.Омаров, Күншуақ.). Соншама қайсар бола 
тұрып, кейде аңғал, көнпіс мінезі де бар (А.Байтанаев, Асан.). 


181
302. 
КӨНПІСТІ сын. сөйл. Көнбіс. Даңқты Неплюевтің, Гурьевтің, Перовскийдің 
ыстық-суыққа бірдей көнпісті жауынгерлері! (Х.Есенжанов, Ақ Жайық.). 
303. 
КӨНТЕРІЛІ сын. Шыдамды, төзімді, салмақты. Осының бәрі қаншалық 
көмпіс, көнтерілі болғанмен, шаруа баққан малшы қауымның көңіліне қонбайтын-ақ 
нәрселер еді (Қ.Жұмаділов, Тағдыр). Жарқырап жақсылықтың таңы атпай тұр, 
Түнерген төбемізден бұлт арылмай. Кек атты, көнтерілі, көніп қалған, Сықса да шыдай 
беру – жұрт жарылмай (А.Байтұрсынов, Шығ.). Сенека данышпанның сориты: «Есті 
адам қанағатты, қанағатты адам тиянақты, тиянақты адам көнтерілі, көнтерілі адам 
қайғысыз, қайғысыз адам бақытты, ендеше кім есті адам – сол бақытты» (М.Жұмабаев, 
Шығ.). 
304. 
КӨНІККІШ сын. Бейімделгіиі, икемделгіш, дағдыланғыш. Өріктің бүрлері 
көніккіш және көз сабақтары мықтап өседі (Ш.Хабибуллин, Алхоры.). 
305. 
КӨНІКТІ сын. Бейімделгіш, икемді. Даланың ептеп айдау көрген, суық сорған 
көнікті, желен, асау тұлпары бұғалықталып, тізгінделіп ұсталды, ер салынды («Қаз. 
әдеб.»). Кішімен кішіше, үлкенмен үлкенше тіл тауып сөйлесетін көнтерлі көнікті 
мінезден табылыңыз (Д. Досжанов, Шығ.). 
306. 
КӨНІМДІ сын. Төзімді, шыдамды, көнгіш. Сен Бұхара кезінде, Бәтуа бар 
сөзінде, Келелі биің сенімді. Қара бір халқы көнімді, Тыныш еді еліміз, (Дулат 
Бабатайұлы, Замана.). Жылқы жарықтық пышакка қандай көнімді, жарақаттары 
құрттамайды да («Лен. жас»). 
307. 
КӨНІМПАЗ сын. Көнгіш, келісімшіл, келіскіш. Тыңдаушы көнімпаз, ұғымпаз 
болса, сөйлеуші шешен болар (С.Бақбергенов, Қайран шешем). Қараңғы ел зорлыққа, 
құлшылыққа көнімпаз болады (М.Ақынжанов, Ыбырай.). 
308. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет