ОТАНЖАНДЫ сын. Отанын сүйгіш, елжанды.
481.
ОТАНСҮЙГІШ сын. Отанын сүйгіш, елжанды, отаншыл. Он жыл ішінде
Қазақстан азаматын тәрбиелеу, отансүйгіш, ел мүддесіне жүгінген қайраткер жанды
тәрбиелеу, ұлттың тарихи санасын қалыптастыру, оның жаңа нарықты экономикаға
негізделген ділін шыңдау күн тәртібіне қойылды («Егемен Қазақстан»). Тәуелсіз елдің
ендігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды
тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі зор («Егемен
Қазақстан»).
482.
ОТАНШЫЛ сын. Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық
мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын, шын берілген (адам). Осындай
мойымас қайсар бас имес тәкаппар, шыншыл, отаншыл ұлы ақынын патша үкіметі
екінші рет көріне өлімге айдады (М.Қаратаев, Туған әдеб.). Құмарта «Гәкку» әнін ел
естіді, Отанның Қиыр Шығыс жау беті де. Тасытып талабымды тартылған күй,
Отаншыл жігерімді өрлетеді (А.Лекеров, Өмір оты). Өркениетті елдердегі мемлекет
байлығын бөлісудегі әлеуметтік әділеттілік принциптерінің біршама сақталуы ел
азаматтарын отаншыл ете түседі («Қаз. әдеб.»). М.Әуезов Ұлы Отан соғысы жылдары
өзінің отаншыл жүрек сезімін халыққа жеткізіп, тыл қаһармандарымен бірге
республиканы Отан соғысының бір берік қамалына айналдырды (М.Қозыбаев).
483.
ОЯЛЫ сын. жерг. Ақыл-есі бар; ойлы. Оялы жігіт, Орта ойдан, Алыс жүр басың
аманда (Қ.Мырзалиев, Домбыра). Келмесе ңұр шекіскің, Бол тәртіпті, оялы, Қарсы
шықсаң, Екі-үш күн, Кезекші етіп қояды (Ж.Әбдірашев, Саяхат).
484.
ОЯНЫМПАЗ сын. Әсер алғыш, оянғыш. Әр адамның сұлулық сезімдері әр
түрлі нәрседен оянымпаз болады (М.Жұмабаев, Шығ.).
485.
ӨБЕКТЕГІШ сын. Өбектей беретін, жаны қалмайтын. Қыздар жігіттің
неғұрлым көңіл аулағыш, өбектегіш, бәйектегіш келгенін ұнатанынын білмейтіні ме?
(Б.Аманшин, Жар мұңы).
486.
ӨЖЕТ сын. 1. Ойын іркілмей, қысылмай, бетке айтатын, ешнәрседен
қорықпайтын. Баласын өжет, жақсы етіп өсірген екен Иіс (М.Әуезов, Абай). Үшеуі,
нағашының дәл өзіндей өжет, адуын қатынымен төртеу, тағы бір қошаметші,
қосшыларымен жеті-сегіз – қуаныштары қойнына сыймаған қырмасақал қауым
Бесобаның – ауыл емес, таудың басына шығып, бес күн қатарынан тойлапты
(«Жұлдыз»). Дәріпбек өте өжет, батыл жігіт болатын (Қ.Тұрсынқұлов, Алыста.). 2.
Батыл, қайсар, қайтпайтын. Қазақ халқы жаратылысынан өжет те жауынгер халық
(Ә.Бектемісов, Майдангер.). Келіншектау: «Ықылым заманнан бері тап сендердей
қайсар, өжет ұрпақты көргенім осы. Сендім сөзіңе: қымсынбай қияма, қиындыққа
мойынсынбай жолға түс ендеше» (Д.Досжанов, Жусан мен гүлдер). Осылай
қызғалдаққа-қырмызыға, Күн сүйіп өжет өскен бір қызына. Сый тартсам табиғаттан
қол жетер ме, Даланың толықсыған жұлдызына (Қ.Ұябаев, От жылдары). 3. Өткір,
батыл. Халық ішінде қаулап өсіп келе жатқан жаңа күш, өжет ойлар бар (Т.Ахтанов,
Дала.). Шешімге келдің өжет бір, «Шешінген судан тайынбас». Айтылды соңғы сөз
өткір, Бар пәктікке айырбас (С.Иманасов, Ақдариға).
198
487.
ӨЖЕТ-ӨТКІР сын. Батыл, жаужүрек, ер. Жауынгерлер жауды тілмен
сыбайды, Бұл қырғынға қандай адам шыдайды. Атып тұрып өжет-өткір біреулер, Алға!
– деген сөзін айтып құлайды (Қ.Нығыманов, Қаз. әдеб.).
488.
Достарыңызбен бөлісу: |