Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ПАЙДАШЫЛ сын. Пайдақор, пайдакүнем, пайда тапқыш. Орын сатқан  пайдашыл, жұлып қалар майдашыл (Қ.Әміров, Қызыл.)



Pdf көрінісі
бет167/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   348
18.08.2023 dis

ПАЙДАШЫЛ сын. Пайдақор, пайдакүнем, пайда тапқыш. Орын сатқан 
пайдашыл, жұлып қалар майдашыл (Қ.Әміров, Қызыл.). 
505. 
ПАЙЫМШЫЛ сын. Бір нәрсеге мән беріп пайымдағыш, тез аңғарғыш. Жан 
сезімі терең Жаппар пайымшыл да ғой, қазақ өлеңінен еді қыздың ойын айтып жатыр, 
іздеп келген жігіт емес, қыз ғой (Е.Әкімқұлов, Қош бол.). 
506. 
ПАНАШЫ зат. Біреудің жағдайын ойлайтын, қамын жейтін қамқоршы. 
Содан бергі көпкөп жылдардың бәрі ізтүзсіз сияқтанып, жалғандағы жалғыз, панашысы 
ежелден осы екенін енді ұққандай (Т.Тілеуханов, Өзгенің.). 
507. 
ПАНАШЫЛ сын. Біреуге жақсылық жасауға бейім тұратын, қамқоршыл. Бір 
ауық тіпті панашыл, Бола да қалам жаңашыл. Ал кейде жүзін кір басқан, Айнымай 
қалам құр тастан (Н.Жанаев, Жаным.). Біздің жердің адамдары жуас, мейірбан, 
панашыл келеді (Ж.Жұмаханов, Соқпақ.). 
508. 
ПАРАСАТТЫ сын. Ақылды, ойлы, білімді, зерделі. Жақсыға бақыт, мал бітсе, 
Парасатты пан, болар, Жаманға дәулет, бақ қонса, Көрінгенге ұрынып, Өз білгені оң, 
болар (Кердері Әбубәкір, Қазағым.). Орыста жазушы өткен Пушкин атты, Өнерге, 
ғылым-білім кәмалатты, Жөн сырын әр нәрсенің оймен білген, Ақылға Аплатондай 
парасатты (Ә.Найманбаев, Шығ.). Рухани дүниесі бай, биік парасатты, жан-жақты 
жетілген мәртебелі еңбеккер! (Ұ.Бағаев, Жан.). Екеуінің, өзара дауы қызып, Болады деп 
ойлаймын әлі қызық. Бірі– нағыз байсалды, Парасатты; Бірі сондай қызыл көз, Қаны 
бұзық (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).  
509. 
ПАРАСАТШЫЛ сын. Ойшыл, білімді, білгір. Ыржақтаушылардың арасынан 
жарып өтіп, ақындай парасатшыл, елжіреген ілтифатты кісі келді (Е.Букетов). 
Байсалды да табанды, парасатшыл да сыршыл жан деп таниды оны (Д.Әбілев, Ақын.). 
510. 
ПӘК [ир.] сын. 1. Таза, адал, бұзылмаған; кіршіксіз. Сол сұлулар үшеуі де пәк, 
мөлдір, кіршіксіз жүрегімен Оқжетпесті өлердей сүйіпті-міс (Ә.Нұршайықов, Менің 
Қазақст.). Албырап жүзі, ақсиған тісі пәк күліп, Бойжеткен қыздар біреуін көрсе 
аптығып, Сабағы жұмсақ сарғалдақ сайдан терді ме, Арқаға бұрым лақтырып? 


200
(Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Биік менің жеткенімнен жетпегім, Сол пәк қалпы бала күнгі 
өлеңім. Бәрі бекер. Сүйенішім көп менің, Құдайлардай құдіретті көбі оның 
(Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). 2. Адал, бүлінбеген. Өзі пәк болған соң Үриядай «апаның» айла 
қоқан-лоқысына барынша сенеді Айбала (А.Тоқпанов, Бүгінгі.). Көрдің де сен аштын 
таза құшағың, Құшағыңды жас балаға ұсадым. Сол кезімде бар күнәдән пәк болып, 
Дегенім рас: «Сенсің жарым, қосағым». (М.Жұмабаев, Шығ.). Жалыны ыстық жас 
ғұмырым шыдатпай, теріс істі пәк ұжданым ұнатпай (М.Дулатов, Шығ.). 
511. 
ПӘМДІ сын. жерг. Қадірлі, құрметті. Мына бала өзге балалардың ішіндегі 
пәмдісі екен (Қаз. тілі. диалек. сөздігі.). Мамығын төгіп қаз бен қу Көлге мекен ете 
алмас, Ақсұңқар құстың зарпынан, Азамат ердің баласы, Пәмді басын ете алмас, Шетке 
кетсе халқынан (Ақтан Керейұлы // Ақберен). 
512. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет