Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет173/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   348
18.08.2023 dis

СЕЗІМПАЗ сын. Біле қоятын, сезімтал. Сүйген жүрек көнгіш те, сезімпаз да 
болып келеді (С.Талқанов, Ұлдай.). Поездың бауыр жазып көсілер кезі болғанды. Бірақ 
та сезімпаз, аямпаз машинист «Мынау жұрт армансыз қоштассыншы» деген оймен 
әдейі тежеуде болмағай (Ә.Сәрсенбаев, Батыр 
548. 
СЕЗІМТАЛ сын. Өте нәзік нәрсені тез аңғара қоятын, тез түсіне білетін 
байқампаз. Апам адамға да, малға да жаны ашып, үзіліп тұратын сезімтал, қайырымды 
кісі еді (Ө.Тұрманжанов, Адам.). Қыз жүрегі тым нәзік болғанмен сезімтал келетінін 
есті адамның бәрі біледі (Б.Дәулетбаев, Парыз). Танып тұрды көрмесе де бір бірін
Сезімтал ғой нәзік жүрек құрғырың. Шал қарайды жөткірініп бұларға, Мен қараймын 
атылар деп кім бұрын (Е.Ибраһим, Көкше.).  
549. 
СЕЗІМШІЛ сын. Сезгір, көп нәрсені түйсікпен білгіш. Көбіншесыршыл, терең 
сезімді ақын болған Абайдың әндерінде де бір алуан сыршылдық, сезімшіл күйшілдік 
айқын тұрады (М.Әуезов, Әр жыл.). Ол өзінің қайда құлап, қайда жығыларын алдын 
ала сезетін үркек, сезімшіл (С.Бақбергенов, Мен.). Еркелеу, тентек, өзімшіл, Үйде бір 
биік төбе боп, Жүретін бала, сезімшіл, Болыпты солдат – Төребек (А.Тоқмағамбетов, 
Өмір.). 
550. 
СЕЗІНГІШ сын. Сезімтал, аңғарғыш, байқағыш. Үмітбай біреудің жазғанын 
ауызша сынағыш адам, соның үстіне көркем түрде сезінгіш адам (С.Мұқанов, Есею 
жыл.). Сезінгіш жүрегім есіктен аттап кірген бетте-ақ үй ішін ала құйын кезіп өткенін 
бірден байқады (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.). Шын ақын өзіне езі сыншы болады, себебі 
өз осалдығын өзі сезінгіш келеді (I.Омаров, Серпін.). 
551. 
СЕЙІЛШІЛ сын. Серуеншіл, сауықшыл. Екі жас әсем жүлі болып, Қақпаға 
беттеп келеді. Келеді қарсы жұрт толып, Сейілшіл қандай ел еді (Ж.Молдағалиев, 
Таңд.Шығ.). 
552. 
СЕКЕМСІЗ сын. Секем алмайтын, бейқам, алаңсыз. Оларға анау-мынауға мән 
бермейтін, сенгіш, секемсіз кісі керек (Ж.Нәжімеденов, Ақшағыл). Тіл қатады секемсіз, 
Бұзбай жылы шырайды: – Асқа тәуір екенсіз, Сізге флот ыңғайлы (Қ.Аманжолов, Шығ. 
жин.). 
553. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет