Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


БАҚҚЫШ ауыс. Бақылағыш, аңдығыш. Сырттан баққыш, мінегіш, Сүрінгенге  күлегеш (Ә.Тәжібаев, Жартас)



Pdf көрінісі
бет219/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   348
18.08.2023 dis

БАҚҚЫШ ауыс. Бақылағыш, аңдығыш. Сырттан баққыш, мінегіш, Сүрінгенге 
күлегеш (Ә.Тәжібаев, Жартас). 
175. 
БАҚТАЛАС сын. Бақкүндес, көре алмайтын. Бізге де бақталас бір мықтының 
табылғаны да, – деп Қажым қинала күлімсіреді (Қ.Жұмаділов, Қаздар.). Өзіңмен бақталас 
ауылдың бөрілері болыстыққа таласып, кек қуып, пәле іздеген, атты ұрлатқан солар 
(С.Әлешев, Жаңғыру). // Бәсеке, iштарлық. Ру аталас, бақталастың демі, үні сыяз басына 
келген, сөз қуған атқамінер, старшын, елубасылар, атшабар, қосшылар, қошаметшілер 
арасында осылайша лау-лау етеді (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Бабыңыз жоқ. Сарай жоқ Сіз 
қонатын. Ұрлық та жоқ артында із қалатын. Бақталаста, Бәсеке бишара да, Бойыңдағы 
барыңды қызғанатын (Қ.Мырзалиев, Мәңгімайдан). // Бақкүндес адам, көре алмаушы. 
Бақталастар қыза келе қазын аларының есеп-қисабын айтып, бірін-бірі кекеп, мұқатпақ 
бопты (Қ.Толыбаев, Қайдасың.). 
176. 
БАҚЫЛ [ар. ليخب] сын. Сараң, тойымсыз, ашкөз. Ал маған бин Сави сүйкімсіз кісі 
болатын. Қарадай жүріп, қар жауғандай қаны қашып, тарылып жүретін бақыл еді (Мың бір 
түн). Бір бақыл бай бар екен сараң болған, Есігіне еш кедей бара алмаған. Ішкен асын 
кейінге қоюшы еді, Жан көрінсе алыстан қараңдаған (Үш ғасыр.). Байлық түбі – бақыл, 
қазына түбі – ақыл (Мақал-мәтел). 
177. 
БАҚЫРАУЫҚ сын. 1. Бақырғыш, бақыра беретін. Үреген иттер мен бақырауық 
түйелердің шуылына ырдуан арбалардың шиқылы қосылып, алты ауыл бірден кең даланы 
күңіренте қозғалды (Ғ.Мұстафин, Көз көрген). Жалғыз түйе – бақырауық, жалғыз бала – 
жылауық (Мақал). Ол итке мінбегенмен бойым тежеп, Кіші үйдің қара атаны о бір кезеп. 
Қырсықты, бақырауық, жырық қар ит Мың салса, бір баспайтын бір ақшелек 
(Ж.Аймауытов, Шығ.). 2. Айқайлағыш, ұрысқақ. Олардың біреуі Ырғызбайдың белгілі 
қырты Жұман, екіншісі бақырауық Мақа болатын (М.Әуезов, Шығ.). Ол ақынға неше 
дүркін иіліп тәжім етті де, бақырауық жауынгерді даңғойсың деп, жерден алып, жерге 
салып балағаттап тастады (Ә.Әлімжанов, Махамбет.). 
178. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет