ҚЫЛЫШЫНАН ҚАН ТАМҒАН Қаһарына мінген, қатулы. Қылышынан қан тамған
полиқейлерден қаймығып, өз жолдарынан тайған жоқ олар (3.Мұхаметжанов, Торғай.).
Батыс Сібірдегі патша жандаралының ңарда қылышынан қан тамған жендеті екені
ұсқынынан-ақ көрініп тұр (Ж.Бектұров, Жол.).
657.
ҚЫҢЫР КӨКІРЕК Кежір, қырсық, кертартпа, қисық. – ...Өйткені кейбір қыңыр
көкіректер бар. Олар қаскөйлікпен, зорлықпен, арамдықтың есебінен басқаны ойлап
көрген емес, барлап барған емес... (М.Әуезов, Таңд. шығ.).
658.
ҚЫҢЫР МОЙЫН Бірбеткей, қарыспа, қиқар. «Желдей ескен машина тұрғанда
ескіден қалған аттың керегі не?" – дейтін қыңыр мойынның дәл өзі (С.Сарғасқаев,
Сұлутөр.).
659.
ҚЫҢЫР ауыс. 1. Әдейі бұра тартқан, қыршаңқы. Гүлжан Әбілқасымның қыңыр
сұрағына түзу жауап беруге іштей бекініп алған (С.Омаров, Қиыр.). Жақсы өнер жасап,
оны әр көкірекке ұялату үшін алдымен адамдардың өз арасындағы қыңыр қылықтардың
негізін өзгерту қажет екен (Ә.Кәшімов, Лашын.). 2. Жөнсіздігіне қарамай, өз дегенінен
қайтпайтын бірбет, қарыспа, қиқар. Нағашысы Тұяқбай қарадан шыққан қыңыр еді,
көрдің бе жиенінің қалай қарай тартқанын (I.Есенберлин, Қаһар). Жарылқасын қаншама
жікшіл, бұра тартар қыңыр болғанмен, бұндай ұсақ әрекеттің адамы емес, менің
байқауымша (А.Байтанаев, Асан). Ақылды, дара, рахымды, әділ, шынға сусаған қыңырды
жөнге, қисықты тезге салмақ болған, бұзықтықпен алысып өткен Абай еді (Ж.Аймауытов,
Бес том.шығ.). 3. Қатал, қатып қалған, өзгермейтін. Үлгермеді, өзі соны арман етіп жүрсе
де, Қатал, қыңыр тағдырына қарсы қарап күлсе де (М.Шаханов, Ғасыр.)
660.
ҚЫРҒИ МІНЕЗ Араздық, алакөздік. Сыйластыққа көңіліміз тоқ болды, Қырғи мінез
қырғын сөз де көп болды. Тәуба деймін, құдай оңдап қазақты Жүзге бөлу осы жолы жоқ
болды (К.Салықов, Жезкиік).
661.
ҚЫРҚАР сын. жерг. Қу, айлакер, айлалы. Кенжеғара болса, ол бір қырқар, оңай жеңіле
қойған емес-ті (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке). Біреу-міреу зауытқа жер сатып, зауыт
шаптырып жатқан шығар? – деп, қырқар түлкі тағы аңқаусырады (Ғ.Мүсірепов, Оянған
өлке). Жамантай айтты: – Жігіт қырқар екен, Қу ілген айдын көлден Сұңқар екен, Алатын
ас пен тойда шаппай бәйге, Күрең ат топтан озар тұлпар екен (Н.Ахметбеков).
662.
ҚЫРСЫЗ сын. Ешнәрсеге ебі жоқ, икемсіз. Ескі ауыл шаруа бағуға қандай қырсыз,
қандай бейғам екендігін мен кейінірек түсіндім (Ғ.Мүсірепов, Белдерде). Жамантай
шаруаға қыр сыз болатын (Қ.Исабаев, Айқыз). – Ұзақов жолдас өзінің өмірге икемсіз, іске
қырсыз екенін танытты (Т.Тілеуханов, Шарапатты.).
663.
ҚЫРСЫҚ сын. Өзінің айтқаны болмаса, басқаға көнбейтін бір бет, қыңыр, қиқар. Ал
енді ол түсін жорып жата берсін. Қырсық әйел шығар... (Б.Момышұлы, Москва.). Түйелі
байды менсінбейтін қырсық қобызшының көкірегіне нан пісуші еді-ау! (Т.Әлімқұлов,
Кертолғау). Міне, сол қырсық мінезді қиын шалға ісі түскелі тұр (Қ.Қазыбаев, Ызғар).
664.
ҚЫРСЫҚ-ҚЫҢЫР сын. Жөнге көнбейтін, қисық. – Сіз, – деді оған қарата сөйлеп, –
былтыр да қырсық-қыңыр едіңіз, биыл одан да асып отырсыз (Ж.Өмірбеков, Қызыл су).
665.
Достарыңызбен бөлісу: |