Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет337/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   348
18.08.2023 dis

ТАСТАН [ТАСТАЙ] ҚАТТЫ 1. Қатыгез, қатал. Жауда қалса жолдасы, Мақтанады 
несіне ер?! Тастай қатты тағдырың Исатаймен шешілер. Айтып-айтпай немене Қор болды-
ау, қайран есіл ер! (Махамбет). Арман қып жырламай ма махаббатты, Өзі ұзақ, 
тойдырмайтын болса тәтті. Жалғыз-ақ махаббатты танымайтын, Мейірімсіз жандар жоқ па 
тастан қатты (И.Байзақов, Құралай сұлу). 2. Қолы тар, сараң. – Ол тұқымның жайын 
білемін, Ұлы атасы Тасболат тастан да қатты кісі еді, тастан темір туған екен ғой, – деді 
(С.Омаров, Өмір асу.). 
942. 
ТАСЫРАҚ сын. Тасыр-тұсыр еткен, дөкір. Бұл әдепкі мінез емес, алаң-жұлаң, 
тасырақ (Ж. Сәтібеков, Сырлы.). 
943. 
ТАУАНЫ ТАР Ашушаң. Ей, Үмбет, Ақындықпен арындадың, жорғадай жолға түскен 
ағындадың, Ант ұрған әділ сөзге ыза болып, Тауаны тар адамдай тарынбағын (Жамбыл).  
944. 
ТӘЙТІК сын. 1. Бейбастақ, бетімен кеткен. Мына тәйтік балаға тым болмаса тәйт 
демегені несі бұлардың (Ә.Нұршайықов, Батыр.). Ағайын,–деді ол айналасына барлай 
қарап алып, – ағайын, рас ақыл сөзді дау деп ұғар, ағайынды жау деп ұғар бір тентегімнің, 
тентегім емес, тәйтігімнің аңдаусыз сілтеген шоқпары бір азаматты жазым етті 
(К.Сегізбаев, Беласқан). Ұзын сары кісі тәйтік сөздер сөйлеп кірді (М.Әуезов, Қараш.). 
Тәлімсіз, тәйтік болмасаң игі еді (К. Тоқаев, Тасқын). 2. Ерке, бөспе, ұшқалақ. Ол бір 
жүрген тәйтік адам, оның айтқанына сеніп алданып қалмаңдар (Сөйл.). Шолпан Маман 
байдың ерке қызы, Бірақ ол тәйтік ақылсыз емес («Қаз. әдеб.»). Тәтіктеп көрінгенге 
соқтығып, бостан бос көшеден қыдырып жүретінді шығарды (О.Бөкеев, Өз отыңды 
өшірме). 
945. 
ТӘКАППАР сын. Өркөкірек, менмен, паң. Дүниелікке көңілі тоқ, Ағайынға бауырмал. 
Тәкәппар, жалған онда жоқ, Айнымас жүрек, күлкің бал (Абай, Тол. жин.). Елде көп бұл 
бидайдай адам деді, Тәкәппар оны халық жаман, – деді. Қалпы емес тәкаппарлық 
данышпанның, Тұтынба бұл мінезді, балам, – деді. (А.Байтұрсынов, Шығ.). Ауылға көлген 
соң тәкаппар Мешіт сұлу да Ақбозаттың мойнынан құшақтады (М.Жұмабаев, Шығ.). 
Тәкәппар сұлу менсінбей өте шықты қасымнан, ең болмаса көз қырын да тастамайды-ау! 
(3.Шашкин, Өмір.). Тілдескен зәулім шыңы аспанменен, Тәкәппар иілмейді қарап төмен, 
Мақтаны ұлы Кавказ қарт Қазбек Жалғыз–ақ сүйіседі күн төбеден (И.Байзақов, Таңд. 
шығ.). Ер, көне тайпа дәстүрі оралса кері, Қасоқтың және қасоққа жоғалса-ау кегі. ...Тәңірің 
сенің көбейсін, тәкәппар елім, Алдымен сені жарылқар, сонан соң мені (Ж.Жақыпбаев, 
Ләйлә). Жеңіс маған мәңгі берді қол ұшын, Бақыттымын, Тәкәппармын сол үшін. Оны 
ұғатын қайдан болсын от сенде Өкінбеймін қазір өліп кетсем де (М.Шаханов, Ғасыр.). // 
Өзін басқадан артық көріп, кеудесін көтеріп, жағымсыз құлық көрсететін адам. 
Тәкәппар болу – ақымақтықтың белгісі (Қаз. тілі термин. Педагогика.).  
946. 
ТӘКАППАРЛАУсын. Менмендеу, паңдау, өр көкіректеу. Өңі салқын, төңірекке 
тыжырына қарайтын тәкәппарлау ма, қалай? (Т.Ахтанов, Дала сыры). Өзінің мінезі тым 
тік, тәкәппар лау ма екен? (Ж.Жұмақанов, Шұбартау.). Тәкәппарлау, менмендеу көрінетін, 
сол көрінісі өзіне жарасып тұратын, ал шын мәнінде адамды сүйіп, адамды ұнатуда еш 
тәкаппарлық пен менмендігі жоқ Оралханның орны біздер үшін әрқашан бөлек («Жас 
Алаш»). 
947. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет