Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет338/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   348
18.08.2023 dis

ТӘЛПІШ сын. жерг. Ерке, шолжың, жеңілтек, ұшқалақ. Бастығымыз тәлпіш теу адам 
еді, жақында орнынан түсті (Жерг. сөзд.). Ей, сен өзің тәлпіштен бей отыр (сөйл.). Қараш 
Тұраш дейтін тәлпіш балаға келді (Ө.Тұрманжанов, Адам.). Жасынан бұла өскен тәлпіш 
қыз күлбіл–төңді де білмейді (Б.Аманшин, Жар мұңы). Тәлпіш мінезімен жас балаша 
сөйлеп қалатын адуын сөздері сол қалпында әлі де құлағынан кетпейді (Ш.Шалқаров, 
Серіккөл). 
948. 
ТӘРТІПСІЗ сын. Тәртібі жоқ, бетімен кеткен, жүгенсіз, тентек 
949. 
ТЕБІЗ зат. көне. Бұзық, қияңқы, тентек. Ол тентегі мен тебізі, ұрысы мен қарысы дәл 
өздері екенін аңдаған-сиды, ұқпағансиды (М.Әуезов, Қараш.). Тайлақ айтты: «Жамағат ой 


310
ойлаңыз, Тентек пенен тебізді бір қоймаңыз. Даусыз болып аттарың анық келсін, Әр 
ұрудан бір кісі ат айдаңыз» (Қозы Көрпеш.). 
950. 
ТЕЛПЕК зат. стиль. кекесін. Еркексымақ, ер мінезі жоқтар. Талғамыңды әйгілей ме 
талабың, Көкейіңді сезіп тұрмын, қарағым! Айтқаныңнан шықпайтын, Меселіңді 
жықпайтын, Саған момын, жұп-жуас еркек керек, Жо-жоқ, еркек аты бар телпек керек 
(М.Шаханов, Ғасыр.). 
951. 
ТЕЛІЗ сын. Даңғаза, тентек. Бірен-саран даңғой, тентек пен теліз қалың көпшілік бас 
қосқанда одағайланып, іштен міңгірлейді. «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деген 
осы (Т.Әлімқұлов, Шежірелі сахара). 
952. 
ТЕЛІ-ТЕНТЕК зат. Есер, есуас, содыр-сотқар. Бектікті біреу бектеп тұра алмай жүр, 
О дағы ұры-қарды тыя алмай жүр. Қарсылық күнде қылған телі-тентек Жаза тартып ешбірі 
сұралмай жүр (Абай, Тол. жин.). Қылышынан қан тамып, байтақ Сібірді тітіренткен 
Колчак телі-тентек, ұры-қары, қанішер қарақшыларды соңына ерткен баскесерлігінің 
үстіне патша самодержавиесіне, шовинистік идеяларға берілген, дүниеге қоғамға 
көзқарасы, концепциясы кәміл бекіген идеяның адамы (Р.Нұрғалиев, Күретамыр). Телі 
менен т е н текті Тию салып ел қылған. «Абысыным, Ақырғай, Көздің жасын көл қылған 
(К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Қадамын қиған ер едім Телі-тентек бұзықтың. Ұзап кеттім 
алысқа, Көңілімді елден суыттым (О.Шипин, Дастан.). 
953. 
ТЕНТЕК сын. 1. Тәртіп бұзғыш, сотқар. Тентегінің жазасын мойынға алсын, Егер 
оған көнбесе, дайындалсын. Қырылыспай бітпейміз тауысылғанша, Не Найман, не 
Тобықты бірі қалсын (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Бұл сөзді жазғаным жоқ ақын болып, 
Халық тентек, жалғыз өзім мақұл болып. Қайғы мен хәл мүшкілін білдіргенім – Ұйқыда 
жұрт жатқан соң ғафыл болып (М.Дулатов, Шығ.). Баланың сотқар, тентек болуы өзіне 
лайық іс таппай іші пысқандықтан. Іші пысқан соң әр нәрсеге тиісіп, бүлдіре береді 
(М.Жұмабаев, Шығ.). Затсыздан күтпе жақсылық Не айтарын білмейтін Шамасыз шалғай 
шарқыдан. Екі елі аузын жаппайды Айтқаны өсек балшылдан, Тентектің жайы белгілі Асау 
нардай тарпыған (Базар жырау, Шығ.). Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр, Іште жалын 
дерт болып шыға алмай жүр. Арақ ішкен, мас болған жұттың бәрі, Не пайда, незалалды 
біле алмай жүр (Абай, Тол. жин.). 2. ауыс. Баланы жақсы көріп, мейірі түскенде 
айтылатын сөз. – Ата, менің тентегімді маңдайынан сипай жүргейсіз, – деп, Шәкеңді 
қақпаға қарай шығарып салды (М.Сатыбалдиев, Қоңыр қозы). – Қазір танауы пысылдап 
ұйықтап жатқан болар сары тентегім әжесінің бауырында, – дейді (Қ.Салғарин, Жаныңда 
жүр.). Әлде мені сағындыра түсейінші деп пе едің, Мұның қалай, тентегім-ау, тым 
хабарсыз кеткенің? (М.Шаханов, Қыран.). 3. Теріс, қисық. Жау қожаңдап бұртайып, Дос 
құбылып, әуре етер. Кімі тентек, кімде айып, Тексере алмай өмір өтер (Абай, Тол. жин.). 
Қалжыңы теріс, сөзі – ұрыс, Айтқан сөзге көнбейді. Өз тентегін көрмейді, Қазан бұзар бір 
қырыс (Абай, Тол. жин.). 
954. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет