311
958.
ТОҢ-ТОРЫС сын.
Тымырайып қатып қалған, томаға-тұйық, қыңыр. Тәкежанның
Әзімбайы өзінің көп арам есеп,
айла-тәсілін, сырты суық тоң - торыс мінездерін осы
Есентайдан оқитын (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Қандай ренжігенде де Дәулеттің қайтымы
жылдамдығын білетін, үш-төрт күн тоң-торыс жүрсе де, бір сағатта өзі жұғысып, ерке бала
мінезі ұстап кететін (М.Сүндетов, Құмда.). Біріне –бірі бөтен адамдай тура қарамай тоң-
торыс болып, үн-түнсіз отырғаны (Б.Мұқанов, Жалғыз жазу).
Жайшылықта тоң-торыс,
суық мінезді дударбас өзіне-өзі себебін айта алмастай халде күліп жіберді
(Б.Мұхамеджанов, Өзіме де сол керек).
959.
ТОҢЫРАЙЫҢҚЫ сын. жерг.
Кісіге жанасымы жоқ, сырдаң(адам). Бұлар
тоңырайыңқы жандар көрінеді (Қазақ тілі. аймақ. сөздігі).
960.
ТӨРЕШІЛ сын. көне.
Мансап сүйгіш, әкімқұмар. Ежелден т өр е шіл, бақшыл болып
үйренген ел жуандары оқығандардың әлгіндей ауруын жарастықты істеп көріп жүрді
(М.Әуезов, Қараш.). Ал, аламандықты алға ұстап жүрген мен емес, өзің сияқты
қаратаяқтылар: ханшыл, бекшіл, төрешіл задалар (X.Есенжанов, Ақ Жайық).
Тілемсековтің төрешіл, әкімқұмар, дөкір екендігіне бұл бір айғақ (Б.Қыдырбекұлы,
Ешкім.). Оңбайдың төрешіл деп жүргені қара сұр жігіттің бетің бар, жүзің бар демейтін
осы тікшілдігі болса керек (Ә.Кекілбаев, Құс қанаты).
Анау әлгі, өкімет ондай төрешіл
мінезді жақтырмайды (С.Сматаев, Ақ желек).
961.
Достарыңызбен бөлісу: