Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет4/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   348
18.08.2023 dis

Прецеденттік 
феномендер 
– 
ұлттық-лингвистикалық-мәдени 
қоғамдастықтың барлық өкілдеріне жақсы таныс; санада, ойда, сөзде үнемі 
әртүрлі қырынан жаңартылып отыратын тұлғалар, оқиғалар. 
Сигнификат – (лат. significatum белгіленуші) – тілдік таңбаның ұғымдық 
мазмұны. Гносеологиялық (философиялық таным теориясы) тұрғыдан алғанда 
сигнификат адам санасындағы денотат қасиеттердің белгісін білдіреді.
Синекдоха – (грек. synecdoche қатыстыру) – метонимияның бір түрі болып 
табылатын стилистикалық ауыспалы мағына. Бөлшектің орнына бүтінді, 


4
бүтіннің орнына бөлшекті, көпшенің орнына жекешені қолдану негізінде сөз 
мағынасының ауысуы. 
Семасиология – (грек. sёmasia мағына, logos сөз, ілім) – заттар мен 
құбылыстарды, түсініктерді атап білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің 
лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы. Лексикологияның аса 
маңызды бөлімдерінің бірі. 
Сөзтізбе орыс. реестр – сөздікке енгізілетін сөздердің әліпби ретімен 
берілген тізімі. 
Стереотиптер – бұл белгілі бір топты немесе ұжым туралы біздің 
қабылдауымызға әсер ететін нанымдар; белгілі бір халықтың ұлттық мәдени 
көрсеткіші, әрі сол халықтың ұжымдық санасында ұлттық тіл арқылы 
зерделеніп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен тұрақты ұлттық-мәдени бейнесі. 
Темперамент (лат. temperamentum – бөліктердің қажетті арасалмағы) 
организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке 
қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылысы. 
Фрейм – тілдік практиканың нормаларын қоса есептегенде оқиғалардың, 
жағдаяттардың немесе іс-әрекеттің бір типті ұйымдастырылуы туралы білім, бұл 
білім алдыңғы тәжірибеге сүйенеді және нақты күтілетін жағдайларды алдын ала 
білудің салдары болып табылады.
Эвфемизм (грек. еи жақсы, phemi сөйлеймін) – ауыспалы мағынаның 
ерекше бір түрі. Сөздің дәл мағынасында емес, ауыспалы мағынада 
қолданылуынан туады. Тұрпайы сөздер мен сөз тіркестерді сыпайылап айту. 
Мыс.: мылжың деудің орнына сөзі көп, сөзуар деп атау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет