ЖАЛАҚОРЛЫҚ-ты қазақ тілінде аса көп сөзбен атамаған. Бар-жоғы 19,
олар: арызкеш, арызқой, арызқор, арызқұмар, арызшыл, бәле баққан, бәле
қуғыш, бәле іздеген, бәле, бәлеқор, бәлеқұмар, ғайбатшыл, жалақор, қызыл көз,
нау, пәле іздегіш, пәлеқор көзді, пәлеқор, шағымшыл. Бұл қатардың бір шамасы
арыз сөзімен байланысты: арызкеш, арызқой, арызқор, арызқұмар, арызшыл,
шағымшыл, ғайбатшыл. Бірнешеуі бәле сөзімен қатысты болады: бәле баққан,
бәле қуғыш, бәле іздеген, бәле, бәлеқор, бәлеқұмар, жалақор, пәле іздегіш,
пәлеқор көзді, пәлеқор,қызыл көз, нау.
ЕНЖАРЛЫҚ қазақ халқының табиғатына, болмысына жақын мінез
болып танылғанмен, аталым жүйесі аса бай емес. Соған қарағанда енжарлықты
қазақ мәдениеті өз табиғатына балап, бағаламауы мүмкін. Қолда бар жиналған
сөзбірліктер саны – 20: енжар, еш нәрседен хабарсыз, жауапсыз, зауықсыз,
зейінсіз, кешігімпаз, кешіккіш, құлықсыз, мақсатсыз, марғаулау, немқұрайлы,
100
ниетсіз, пейілсіз, салғырт, самарқау, селқос, талапсыз, шабан, ықылассыз,
ынтасыз.
Немқұрайлылық, салғырттық мінез әр нәрсеге баға бермеуден шығады.
Ә.Табылды әрбір істің, құбылыстың құрылымы, реті бейқамдықтан
бұзылатынын, салғырт адамның іс-әрекеті бей-берекет болатынын, өйткені ол
кісі істің жүйесін қалыптастыруды ойға алмайтынын, жүйесі қалыптаспаған іс-
әрекет толық нәтижелі болмайтынын, жүйесіз еңбек иесіз болатынын айтады.
Және салғырттықты санасыздықпен байланыстырады. «Салғыртта сана жоқ,
саяқта пана жоқ» деген мәтелді келтіре отырып, салғырттықтан салақтық пайда
болатынын айтады [88, б. 7-9].
ҚОРҚАҚТЫҚ деген мінезді қазақ халқы аса көп атаумен атамаған, (22):
бұқпантай, елдің қолына қараған, жалтақ, жалтаң көз, жанаяр, жаны тәтті,
жаутаң қаққан, жүрексіз, көген көзденген, қатын жүрек, қорқақ, қорыққыш,
қорыншақ, қоян жүрек, секемшіл, сескенгіш, сескеншек, су жүрек, табанының
бүрі жоқ.үргелек, үрейшіл, үркек деген ғана бірліктер табылды. Бұл ұғым
көбінесе бұғып қалу, жалтақтау қимылымен байланыста айтылады: бұқпантай,
жалтақ, қорыншақ, секемшіл, сескенгіш, сескеншек, үрейшіл, үркек. Сонымен
қатар жүректің әлсіздігімен қатыстырылады: жүрексіз, қатын жүрек, қоян
жүрек, су жүрек.
Ағылшын жәнe испaн тiлдeрiндe қoрқaқтық (chicken coward – қoрқaқ
тaуық, chicken heart – тaуықжүрeк) үй құсы тaуықпeн тeңeстiрiлe сурeттeлeдi.
Қaзaқ тiлiндe қoрқaқтық қoянмeн aстaстырылa aйтылaды, мысaлы, қoянжүрeк.
Достарыңызбен бөлісу: |