Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Құлшылық құпиясы немесе Құраннан үзік бір сыр


Надандықтың басты белгісі-қылық, көрнісі жындылық



бет5/6
Дата19.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#147995
1   2   3   4   5   6

Надандықтың басты белгісі-қылық, көрнісі жындылық.

Надандық негізінде сөзден туындап, пендедегі көрнісі ойлау түсінігі болып қалыптасады. Надандық әйелде қылықпен, жаман әдеттермен көрінсе ал еркекте иттік немесе жіңішке әйелдік мінез болып қоғамда тұрақты әдетке айналып, сол әдеттер жиынтығы заң болып бекіп отырады. Негізінен әр халықтың өзіне қоршаған ортаға тән ауруы, әдеті, оған қарсы әдебі қалыптасып отырады. Жер анада екіге бөлініп, Америка құрлығы ұрғашы болса, біздің өмір сүріп жатқан құрлығымыз еркек жынысты. Оны болашақ ғылымда дәлелденетіні ақиқат. Сондықтан америка құрлығының халқы әйел ауруымен көп ауырса, біздің құрлықта еркек ауруы көп. Америка халқының еркектері әйел болуға құмар, ал біздің құрлық халқының әйелдері еркек болуға құмар. Бұл қылықтың ауруы болып, әр түрлі апаттарды тудырса, сөз ауруының зардабы онан зор ауқымды. Енді жер бетінде жаратушымыздың екі басты қозғалыс себебінің белгісі бар. Бірі қадірі, бірі қасиеті. Қадірін көріп қасиетін естіп түсінеміз де белгілі болған болмысын таңбалаймыз ат қоямыз. Қадірді ішкі сипаттық (химия) ғылымы деп ескерсек, қасиетті қуаттық шама (физика) ғылымымен болжаймыз сипаттаймыз. Сонда негізінен жаратылған нәрселердің ішкі шамасын болжау ғылымын жаратушымыз Американдық халыққа беріп, олар естісе болды көруге құмар болып, ел кезіп, сол білгенін басқа жұртқа тықпалайды. Тура әйелдік сипат. Ал жаратылған нәрселік заттардың қасиетін бағалау Европа халқына бұйырылып, қалай көрсе солай қабылдап, соның бәрін дыбысқа естуге, білуге айналдыруға құмар. Сол екі қасиетті елеп, екшеп ғайыппен болжап, үндестік заңын қалыптастырып, текпен біріктіру, тазалығын қалыптастыру Азия халқына бүйырған. Сондықтан да бәрібір ғайыпқа байланысты, белгісізді белгіліге айналдыру білімі, таңбасы үндестігі көп елге жүктеледі. Кезінде азия мен америка құрлығы қосылып тұрған, арасында қыдырып әңгіме сөз алысатын жол болғанын, жер бетінде екі бақша болып, сөз бұзылғасын ниет бұзылып, екі бақшада қиратылып бұзылып арасын бөлгенін, ескертеді аятта. Бұл мысалдан шығатын қортынды қазақ түгілі европа халқына бірінен бірі әдетін, әдебін жұқтыруға болмайды деген үкім. Американдық қылықтарын сол қалпында көшіріп алып өмір сүруге болмайды ғылымын, білімін ал онда да Құран арқылы дінін, ақиқатын тексеріп алмасақ, надандыққа белшеден батуымыз әбден мүмкін, батып та жатырмыз. Сол сияқты көршіден кімнен алып кіммен жақын болып көп араласуды таулармен шектеп, бөліп ескерткен. Таумен жасырып қойған халықтардың қылығын, өздерін көп көре бермей, бірақ ғылымын, білімін, шаруашылық жетістіктерін естіп, біліп ал жандықтарын біліп, көрмегеніміз абзал да ал әйел халқына мүлдем ондайларын дінге теріс қылықтарын көрсетуге болмайды да. Ақылды да хайуаннан үйренген қазақ енді хайуандық әдісті адам хайуандарынан үйреніп жатырмыз. Надандық емес пе? Келіспесеңіз де адамдық емес әйтеуір. Енді сөз надандығына тоқталсақ, әңгіме оданда көп, тек өз ішіміздегі дін мен ел арасына тоқталайық.



Дін мен ел.

Дін- сол өмір сүретін елдің Алла тағала тарапынан ішкі сыртқы өмірін табиғат қоршаған ортаға заң үндестігімен сәйкестендіріп, шаруашылық әдістерімен бірге дамытуға, соған байланысты несібелік ризықты өсіріп беруге, түсірілген ғылымдық, білімдік, өнегелік, қылықтық қуат-малдық жоспар-жоба және рухани азық. Және әрбір жеке пенде баласынан бастап дін ұстанымына қарай есінің шамасын анықтайтын белгіленген қағида сөздердің ережесі. Енді естің, естіліктің шамасын немен қалай өлшеп білеміз? Ол шаманы әр ұлттың қалыптастырған, өз ішінен, өз тілінде кітабы және іс әрекетімен артында із қалдырған данышпаны яғни Алла тағала тарапынан түсірген елшісінің еңбегімен ғана өлшенеді. Әрбір атаудың жұбы болу жаратылыс заңдылығы болса сол елшілердің көрсеткен қалдырған мұраларын қайталап өмір сүру үлгісін көрсете білген адамды қазақта дана немесе зайырлы деп атайды. Ал қасиетті кітаптарда жалпы діндегі ортақ ұғыммен парасатты немесе тақуа-деп аталады. Шығыс данышпандары өмір сүру үлгісін, ғылым, білім және мәдениет жағынан қашанда әлемге үлгі бола білген, оған тарих куә. Тек жалпы сауаттану мен техниканы және өндірісті дамытудан европа мемлекеттерінен арта қалумен байланысты, сол елдерден жаңашыл шаруашылық әдістерін үйренумен бірге мәдениет әдебиетін де қоса сөздермен, атауларын со қалпында түрлендімей, мағынасын таппай сіңіріп алдықта, енді тақуа- сөзі тек дінің рәсімдік сипатына байланысты қолдануды әдетке айналды. Яғни дәстүрлік ұлтық естің дін тұтастығының арасына жік түсіп, таза есіміз, қулыққа, қылыққа айналды. Тіршілік, өмір ұстаным дініміз европаға еліктеумен, дін рәсімдерін ұстануымыз арап елдеріне еліктеп, әрқайсызымыз ақиқатты тарихтан емес, бүгінгі күннің күн көрістік боялған, өңделген дәрежесімен өлшеп, сыртан келген ақылшы келімсектерге көшіміздің бұйдасын ұстатпасақ бағытымыздан жаңылып қор болатындай дәрежеге түстік. Әрине ұзақ уақыт орыстың боданында болып, ақпарат ағымы шектеліп, сонан барып шет елдіктерге деген сағыныш сезімнің әсеріде болар. Қош егемендік алдық, шет жұртан не керектің бәрін артығымен алып болдық, енді осы қылығымыздың соңы немен аяқталуға тиісті екенін білгіңіз келсе онда тарихи тәлімдерге жүгініңіз. Ертеде данышпандар тарих дөңгелегі кері айналмайды деп түсіндірген, бірақ оқиғалар сол дөңгелектің тірегі болып дөңгелек айналса сол оқиға, белгілер қайта айналып келіп отыратынын , және тербелісте болу орындарының ауысып тұру шартылығын ғылымда беймәлім, себебі ол әлемдік қозғалыс тегі. Қазір заман сол қалпында дамып жатқанымен тарих өзгерісі кері қарай тербеліп, оқиғалар қайтадан түрленіп қайталанып келеді. Яғни осыдан мыңдаған жыл бұрын болған оқиғалар сол қалпында қайталанып жер бетінде ақыл ойдың да табиғат нәрселерінің, райлардың, ықылым климаттардың да ауысуымен өзгерістер басталды. Сондықтанда Жаратушымыз сол тарихи оқиғалар өркені мен дін -ниеттін салт дәстүрмен қалыптастырып толық еске айналдыру үшін, үнемі өз араларымыздан ашық және құпия елшілер арқылы өзгерістер енгізу үшін, сынақтардан өткізіп отырады. Тербеліс жүйесі ғасырлармен берілгесін, адам баласы болатын сынақтарды, ақылмен немесе білімен болжап, ойлап таба алмайды. Сондықтан ескерту үшін қасиетті кітаптарды түсіріп, ортасын белгілеп, пайғамбарды сол елге үлгі қылған. Ал қалған халықтар өз нәсілдік ерекшелігін дамытып отыру шарт. Ал адамзат баласы үнемі бір ғылымның білімін жетілдіріп отырмай сол қалпында ұзақ уақыт пайдаланса онда ол елдің естік, қылықтық, мінездік ахуалының қалыптан ауытқуы болып азғындыққа ұшырайды. Сондықтанда сол өмір сүрген заманға, ортаға сәйкес аяттар түсінігі танымал болған ғылымға сәйкес түсіндіріліп, кейбір аяттар түсінігі қайта ауыстырылып, ғылымы ашылып және болашақ танымал болуға тиісті ғылым көздері ашылып отыру керек. Сол сияқты діннің негізгі киелі кітаптарында осы уақытқа дейінгі ертек көрінген сөздер ұғымы жүйеленіп, ғылыми тұжырымдамалар жасалып, құпия ертек сияқты ғылымға беймәлім құбылыстар аяттармен сәйкестендіріліп, пайғамбар өсиетерімен салыстырылып, қайта түсіндірілуі қажет. Бұл қағида әр халықтың өз тілінде ғана түсінікті бола алады. Сөздің аясының кеңіп, сөз ұғымдарының көбейіп соған байланысты ойшылдық қабілеттердің жетілуімен ғана адамзаттың ақыл-ойы, рухы дамыйды, өркендейді. Енді бұл құбылысқа басты дәлелдің бірі; Қарапайым ғана орыс және қазақ тілін жеткілікті білген қазақ азаматына Халифа Алтай бабамыздың еңбегін орыс аудармашыларымен салыстырып оқыса, көп аяттардың мағына мазмұнын, сөз ұғымдарын жоғалтып алғанын байқауға болады. Бұған себеп тек таңбаның жетімсіздігінен . Таңба жетімсіздігінен ғылымы дамыған елге арап тілінен тікелей аудару мүмкін емес. Себебі үндестік жетпейді. Үннің жетілуін тек Алла тағала өзгертіп отырады. Егерде үннің барлық тербеліс таңбасы болса, жан жануарлармен де тілдесер едік те тілдерін түсінер де едік. Сөз ғылымына жүгінсек жазу (орфография), айту (орфоэпия) және үндестік (музыка) заңдылығы бар. Жазуып, дауыстап айту кеңістікте бейнеленетін көрінетін жұптар болып және үндестіктің де таңбасы болып ол біздерге көрінбейтін сандар тізбегінде өрістік, жарықтық сипаттары да болады. Сондықтан әрбір адам үнімен бейнеленген сөздің егесі аңдушысы бар. Енді бейнеленген үнсіз таңба арқылы да сіз менің ойымды оқып, үнсіз даусымды, сөзімді естіп және сөздердің ұғымымен, түсну дәрежеңізбен мені көргендей болып, елестетіп баға беріп отырсыз. Яки түсінбесеңіз ертек болып, мен көз алдыңызда жынды, мас ақымақ сияқты елестесем, енді кейбіріңізге егерде ойыңызда жүрген сөзіңізбен, біліміңізбен сәйкес болып жатса, қышыған жеріңізді қасып бергендеймін. Оны адам ақылының көрнісі рухани ләззат дейді. Демек көңіл күйіңіз көтеріліп сезімге қуат кірді, аты- жарық заты нұр. Қалай келді? Әрине таңба арқылы. Себебі сізге түсінікті арамыздағы Құдай берген сөзбен, таңба арқылы. Себебі сіз бен бізге ұлтымызға сай құдайдан қазаққа арнап түсірілген заңдылықтарды сақтауға тырыстым, өз білгенімше. Сондықтан сіз бен менің Алла тарапынан түсірген тербеліс жүйеміз және түсінігіміз бір заңдылыққа бағынды және сақталды. Және Алла тағала бізді осы ғылым ерекшелігімізбен тербеліс үні, таңба арқылы естіп көріп тұрады. Ал егерде өзім білетін сізге беймәлім тілдің таңбаларымен өрнектеп, сол ұғымдарды дәл сол қалпымен пайдалансам онда жартақанның қағидасын, ғылымына қайшы келіп, тек мақтану үшін бір білгіш, тәпсірлегіш екен деген оймен, дін-ниетімен жазған болып шығамын. Ондай қателіктерді де шамасын өлшеп бір негізге тұрақтап бірін-бірі түсінсін деп, әлемдер халқына ортақ түсінікті білімі болып, ғылымын таразыға салып ақиқат болмысын білу үшін, сол үн таңбаларын, сөздерді, атауларды санға айналдыру керек. Онда да кез келеген жалпы тілдерді емес үндестіктері, таңбалары, жазу әдістерімен нәсәлдік тектері ұқсастардың қай жетілген таңбалысына бірленіп қалғандары сол арқылы ғана өздеріне аударуы тиісті. Сондықтан негізінен әлемге ортақ екі жұп төрт түрлі таңбадан жазу үлгісі қалыптасып, тек сандар ұғымы ғана ғылымда ортақ болады. Сондықтан дін танушылардың бақи өмірде, ақиретте өлгендер жаны арап тілінде ғана сөйлеседі екен деп түсіндіруі надандық болып және Алла тағаланың аяттарына ортақ қосу деп біліңіз. Жаратқанның тілі үнсіз, харіпсіз тіл-деген Абай атамыз. Осындай сауатсыздықтан қазақ тіл ғылымын бұрмалаған, сізге беймәлім, немесе мәлім болсада әлі толық түсінбеген тілдің үндестік заңдылығына қайшы, ғылымға ашықтан қарсы келетін, өзім ғана білетін, көпшілікке беймәлім сөздермен жазсам, мысалға;(с.ғ.с, с.а.у, милят, жәһилят, дәжжәл,ақида,сахиқ, тасаввуф,һидаяға, сөөйле органдары, нәпсінің тәзикесі,хижап, һизар,тәуил жасау,ихтикафта болу,ақидаң дұрыс па,аршқа истиуа етті,тәсәуіл жасау, риуаят, ақаит, фиқһ, усул фиқһ, ихтилафтарды, тартилмен үйреткендерді, мәжжазбен сөйлеуге бұйырылдым ) сіздің қалай түсінгеніңізді қайдам, осындай діни құнды еңбектерді құдайдан қорықаннан ғана астарын сызып ұғымын дұрыстаған болып, қатесін теріп оқимын, көп оқысам бас ауырады. Себебі әдеби ойды тербеу мен үндік тербелістік (музыкалық) заңдылық бұзылған. Негізінен дені сау адамның сөзі емес, немесе ғылымыңа, ана тіліне түкірген надан пенденің сөзі. Бұл сөз ауруының белгісі болса, енді осындайдан туындайтын сөз надандығы бар. «(Мұхаммет пайғамбар) оларға: «Мейлі Алла деп немесе Рахман дап атаңдар. Қайсысымен атасаңдарда ең көркем аттар Оған тән де. Намазда жариялап та құпиялап та оқыма осының арасындағы жолды ұста.»( Ісіра-17). Және тағыда Алланы қиғаш (тақ белгімен) атамаңдар деп ескерткен аятта. Енді қарапайым есеп жүйесіне үңілсек, Алла 4 санын беріп Рахман 6 санын беріп енді құлшылық істерінде зікірлерде айқайлап немесе мүлде үндемей қалуға да болмайтынын ескертеді. Енді толық мағлұмат түсінік алу үшін осы аяттың тағы жұбын табу керек. Түп негіз жаратушымыздың сипаттары көркем есімдер, мықты сөздер болып тек жұп санын береді. Ал Құдай сөзін қазақ бөлек айтпайды қаратпа, бұйрық, т.б жағдайда пайдаланады қуат егесі деп ұқтырған. Тәңір сөзінің баламасы сандық мәні- 5 қуаттық шаманы көрсетеді. Тәңір деп біздердің бүкіл қозғалыстағы көріп, сезіп тұрған нәрселер тегін айтамыз. Сондықтан «Алла Тағала»- деген сөзді пайдаланып сол қуат негізіндерін бастапқы және соңғы қуатырдың бірлігін ұлықтап сөйлеу қалыптасқан. Бәрібір он таңбадан яғни жұптан тұрады. Енді жалпы ислам елдеріне ортақ сөз есебін жүйелесек. Тасбихтағы қалыптасқан «Субхан Алла, Әлхамдулла, Аллау акбар» ұлықтау сөздерін айтсаң да жазсаң да 10 сан таңбасын береді кездейсоқтық десеңіз арап тілінде де сол сандық мәні болса, «Сәни дәптерде» бар зікір жұп санын береді мейлі шағатай тілінде болсын. Ақиқат бастауы кітабымда есеп жүйесін көрсеткенмін. Ал енді қазақ дін танушыларының еңбегіне үңілсек «Аллаһ тағала» деп пайдалану ұсынылған. «Тағала» сөзі шүкір деген ұғымды береді. 5 саны болғандықтан қазақта, «Құдайға шүкір» деп ұлықтап онда да 12санымен жұп қыламыз. Алла тағала десекте 10 санымен шүкірлік қыламыз. Енді діндар қауымының ұсынған сөзі; 11 санын беріп дыбыстық, жазу, айтылу үндестігін бұзады, тағы зікірге де жатпайды. Екіншіден «Аллаһ» сөзі сандық дәрежемен аударылса шүкірлік мағынасын береді. Алла-Ақ болып естіледі де тәңірлік сипатқа түрленіп, сондықтан «Аллаһқа» деп айту «Шүкірге» деп Алланың ұлы есімін сипатын қиғаш айтып, ортақ қосу болып шығады. «Аллаһ тағала» сөзі «шүкірге шүкір» болып естіледі. Бұндай құбылыс арап тілін одағай сөздерге айналдырып қазақ халқының діншілерінің арап тіліне жасап жатқан қастандығы және аяттарды күшінен қалдыруға тырысыушылық деп біліңіз. «Аллаһым»- деп сиыр сияқты ыңыранған дыбыс шығарып жүргендер қаншама. Қандайда бір қасиетті сөз болсын, басқа ұлтың тілінде үндестігі бұзылса мағынасы да өзгеретіні даусыз. (Қазақ- сөзін орыстар бәрібір «Казак» деп немесе Жамбылды «Джамбул». Біздерде Жуковты- Джуков, Ждановты- Джданов деп айтсақ не болады?) «Ит қапты деп менде тістесем, аузымның не қадірі қалады?» Сол сияқты бедеуилердің бір ғұламасы айтыпты деп тілдік білімге өзгеріс енгізу, қазақ тіліне дін танытушылар тарапынан жасалынып жатқан қастандық! Жаратушымызға ат қою және қиғаш атау Алла тағалаға ортақ қосу болып есептеледі.. Жаратушымызды тек 11 қуаттың тәңірі деп қабылдау тағы да шерік қату болып табылады. Белгілі себептермен және түсініктілеу болсын деп менде Алла атауларын ұлықтауды орнымен пайдаланып отырған жоқпын. Құранда нәрселік жерлік болса, Алла деп ғылымға ғайыпқа байланысты Рахман баламасы болса, біріккен түрін Алла тағала деп көрсеткен. Бес қуаттың көрнісін Тәңір деп атаған. Құрандағы әрбір сөздің атаудың орны ғылымы және сызықтық сандық өлшемі бар. Сол өлшем бірлігі «МИ» заңдылығына және үндестікке бағынады. Оны ғылымнан хабары бар пенде 5тің 4-ке немесе 61-дің 83-ке қатынасы деп түсінеді. Ұлттық ерекшелігіміз, намазымыздың бірі, әулие бастарына зияраттауды қудалауды аятта; «Әй елім! Сендерден мал сұрамаймын. Жалақым Аллаға ғана тән. Сондай-ақ иман келтіргендерді қудалаушы емеспін. Өйткені, олар Раббына жолығушылар. Бірақ мен сендерді надан көремін» (29) « Әй елім! Егер мен оларды қудаласам, мені Алладан кім қорғайды, түсінбейсіңдерме?» ( Һұд-30) Алла тағаланың қандай да болсын жер бетіндегі белгісіне құран оқып ұлықтап тілек тілеуді «Рабына жолығушылар» деп атайды, ал оны қудалау надандық болып Алладан құтқарушы болмайды. Пайғамбарымыз; «Дінде ашық және жабық ұғымдары айқын бөлінген. Жаныңа күдік ұялатын іске қол салма. (404.х) Шындап келгенде, Алла тағала жаман адам арқылы да мұсылманшылықты күшейтуге қабілетті.» (193.х) Жер жүзіндегі тербелістік ұғымдарын таумен бөлген. Биік таулармен қоршалған елдердің тербеліс дыбыстық жүйесі ұқсас. Християн елдерінен біздерге үндік, дыбыстық тербеліс жүйесі араптан да жақыны орыс халқы. Түбі қазақ халқының артына еріп ислам дінін қабылдайтын бірден бір ел орыстар болар. Бірақ оған дейін орыс халқын ірі сынақтар күтіп тұр. Ешқандай да ата салт- дәстүрін тапқан, ұстана білген қазаққа орыстан қорқыныш жоқ. Керісінше болашақта олардың түркіленуі ақиқат. Оған дейін қайта европа еліне еліктеп қосақ арасында қоса кетіп қалмас үшін орыс тілді ағайынымызды құтқаруымыз керек. Таудан мойын созғанмен аса алмайсың, себебі сол таулар үндестіктің қорғаны ғылымы да бар. Құдайы көрші Қытаймен де арамызды сөзін алма, тек ғылымын ал деп тау арасында азғантай тесік қалдырған.Түркі халқы үлгіні бізден алсын. Араптарға құран ғылымын кері қарай аударса, ақылдылары бар түсінетін, үйретейік қайта, себебі тек қазақ халқында ғана өліктер дыбыссыз, таңбасыз сөйлеп жатыр. Және бұл құбылыс аяттармен үкім етіліп, құраннан рұхтық есебі, үгіті және насихаты бар. Болашақта есептік жүйесімен, нақты түсірілген ғылымымен таныстыра жатармыз оған дейін әуелі бар нәрсені, көрініптұрғанды меңгеріп алайық. Қазақ халқында құдайға шүкір, білімді меңгерген ұл қыздарымыз жеткілікті енді тек өтірік пен шындықтың арасын ажырату ғана қалды. Ол үшін әрбір есі кірген еркек пен етегін қымтап төбесін жаба білген ұяты бар ұл қыздарымызға жоғарғыдағы ескерткендей құранды қазақша үнемі арасын көп үзбей оқи білсе сонда әрбір аяттың сыңарын таба білетін қасиет пайда болып, үгітін түсінер жағдайға жетер еді. Ал толып жатқан баспасөз бетіндегі кері тартпа дәстүрлі дін туралы ұғымдарды түсіну үшін сол берілген аяттарды Құраннан толық оқысыңыз-ақ жеткілікті. Өйткені сондай ескерту аяттары Алла қаласа басқа-деп аяқталады. Тек қазақты қаламайды деп қарсылық білдірушілер ортада қалғысы келгендер деп аталады. Бар құпияда сыр да аятта; «Сол уаққытты еске ал! Ыбырайымды Раббы сөздермен сынады. Сонда ол, оларды толық орындады. Алла: «Әрине сені адамдарға басшы қыламын.» деді Ол «Ұрпақтарымнан да ете көр!»,-деді. Алла: (Ұрпақтарыңнан) залымдар сертіме жете алмайды- деді». (Бақара-124). Осындай Рабымыздан келген сөз сындарының сынақтарынан өте білген ата бабаларымыз абыз, би, шешен аталып қаншама бақсылық, емшілік сәуегейлік қасиеттемен түрлі хикметтерді көрсетуімен әули-әмби аталып артында біздерге мұраға қалдырған аманаттарға қиянат жасап, намаздарымызды толық орындау орындайтын ереже ата салт-дәстүрімізден бас тартып, тек дін рәсімдерін орындаушы ғана ағайындығынан, бірлігінен залымдығы басыл елдерді үлгі тұтып біздерге залымдарға айналған жоқпыз ба ағайын? Сондықтан сөз құписын меңгеру ғылымын аталарымыз «Санасызға санды айтсаң білмейді.» «Есеп білмеген есек.» «Көп оқыған білмейді, көп тоқыған (аян көрген) біледі.» «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.» «Көп сөйлеген білімді емес, дөп сөйлеген білімді.» деп білімнің негізінен сөз астарын білумен, шешендік, сәуегейлікпен байланыстылығын ескертіпті. Қазақта сөз астарын іздеуді «Әліфтің артын бағу» деп атаған. Әліп негізінен 1000-санымен өлшенеді. Жалпы ислам дінінен және Құраннан хабардар адам баласына дін танушылар ғұламалар «Әліф лам мим» белгісін тек Аллаға ғана мәлім деген түсінікті келтіреді. Жаратушымыз адамзатты өзіне орынбасар ету үшін жаратса және тек өзі білуге тиісті, мәлім нәрсені біздерге білдірмеу үшін кітапқа түсірді деп, оның білімінен тыйым салып, Алла ғылымына шәк келтіру болмай ма? Енді құрметті оқырман сол құпия таңбаның сыры сандық есебі, Бақара сүресі- 124-ші аятта тұр, 124-ші санмен, аяттармен «Әліф лам мим» есебі шығады. Екілік дәрежемен оңнансолға, солдан оңға; 124=16=34 аят, сүре сандарын берсе; бірлікпен 1+2+4=7 санымен аяқталып отырған аяттардан іздеу керек. Сонда құлшылықтың ішкі есебі; 7-ші, 77-шісандық мәндерден іздесек, онда 177 аятпен баяндалып, дәрежелесек; 1х7х7=49, 1+7+7=15 ішкі сандық мәндерге намаздың, тақулықтың дәрежелері шығады. 16-саны тәндегі малдық қуатты және шеріктерге байланысты амалдарды, 34-саны негігі жаратылыс тегімен, жанмен байланысты амалдарды, 15-саны жүрек тақуалығының, 49-саны рухтың тәнмен қатысын, ақиретпен тұрақты байланысты, 77-саны адам денесіндегі нәсілдік буындардың, ал 7- саны азанның да сандық мәні болып табылады. Адам баласының қозғалыс қуаты жеті желден және тоғыз өрістің қосындысынан тұрады. Және 8 түрлі 8 қуаттық белгі болып 8+8= 16 санын 4 кітапқа көбейтсек 64 саны немесе 8х8=64 болып бес уақыт жерге маңдайды тигізу саны яғни «Алла-уақ-бар» шығады екен. Қалған сәждеге байланысты қарапайым есептерді шешуді әзірше атақ дәрежесі арнаулы шенді, оқалы қазақ дін ғұламаларына қалдырдым. Тек абай болыңыз Алла есепшілердің ең жүйрігі! Сондықтан осындай қарапайым есептерді ғана шешу үшін алдағы басылымдарда әуелі сөз астарын зертеп барып қалай оқу керек және құранға байланысты қарапайым есеп жүйелерін мен сандардың құпияларын көрсетеміз. Және құраннан қазақ халқының бүкіл діни салт дәстүрінің негізі аяттармен бастан бекітілгенін, ислам ғылымымен сәйкестігін көрсетеміз. Және діншілеріміз тозақ, жұмақ ұғымдарының, ақирет өмірін, жан сырын (психолгия) тіптен ертекке айналдырып, құран аяттарын күшінен қалдырып, дінді бөлшектеп жүрген кімдер екенін халық алдында әшкерелейтін уақыт жеткен сияқты. Ол үшін санамен достасу яғни көкірек көзін тазалап ашу керек. Сондықтан ана тілді меңгеріп, жақсылықты жаманшылықты, ақ пен қараның ара жігін ажырату үшін оймен тілдің, сөздің бірлігін табуға қам жасап, есімізді жиып, етегімізбен төбемізді, әуретерімізді жауып, мәдиниет деген ақыл-ойдың кемесіне отыратын намаз орындарын табайық, жер кезіп іздеп бір-бір жіптен ұстайық. Барымызды базарға шығарып, асыл әдебімізбен мәдинетімізді де көрінген жылтырға, арзан ақшаға сатып жібергеніміз тарихи шындық. Сондықтан етекті жабу былай қойғанда ақша берсе болды әйелімізде, еркегімізде көпшілік алдында ар-ұят қағидасын жинап қойып хайуанға айналып, бар дін-ниетерін базарға саудаға салып жатыр. Тіл ғалымдары және мәдениет майталмандары ниеттің саны 88 екенін, ал тек қана ниетті қалыпты жағдайға келтіру үшін адам аталу үшін «Д» таңбасын былай қоя тұрып ӘР-ді ЕТ-іп, ЕТ-ті ЕК-іп, ЖАУ-дан ЛЫҚ- қылып тартып жүрсе иоД-тың әйелдер қауымында қалыпты тұрақтанатынын білер ме екен? Әзірше йод құрамының жан киімі «аура-бүлде» мен сыртқы тән киімінің жабық болуып, әйел қанының тазалығын қалыптастыратынын білімі ертек, бірақ ертектіңде шындыққа айналар күні болашақта туады. Адамзат тәнінен екі белгі бөлініп тұрады; бірі иіс, екіншісі жарық қуаты-көгілдір от. Бірінің белгісі иіс сезу тек мұрынға ғана байланысты емес бүкіл тәндегі сол исті бөліп және қабылдап тұратын 4 мыңдай «ян» мен «ин» ге қатысты. Екіншісі адам баласының сөз қорының тазалығына тәуелді түрде дәм сезу болып; тілге, көзге, құлаққа және іш құрлыс май қабаттары мен құйрық майларының бейнеленуіне, арамдануына да қатысты. Осы екеуінің теңдігінен айрылған пенде қашанда әйтеуір бір қылығы жындының әрекетіне апарып отырады. Немесе жыны, мастығы (ашуы) ақылынан басым болады. «Қысыла қысыла қыз болдым» деген екен жыртық киімен қонаққа барған бір кедей. Қысылғаннан театрларға, көпшілік орындарға барғанды қойды көргенді қазақ. Ата ансын ұлтық ерекшелігін ана тілін ұрпағына өнеге қылып көрсету үшін адам баласына өнер деген қасиетті берген. Сол өнерімен халықтың қалаулысы болып сері атанған халықтың болашағын мұң мұқтажын айта білген көргенді, зайырла, парасатты қазақтарымыз бақилық болып, орнын ұясы мен шет жұртың бүкіл көргенсіз қылығын үйрететін өзіне өзі шексіз риза, жан ұясын бұзар қылықты дәріптеуші, көргенсіздер, надандар жаулап алды. Біріне бірі «жұлдыз» (әулие) деп ен салып марапатап жатыр. Әр пенденің жұлдызын жағатын тек Алла тағала екенін кім түсіндіреді. Ондай ессіз, сөз бұзарлар тек азаппен, тозақтың отыны болып өмірлері де қайғы-қасіретпен аяқтайды. Көп күліп, қайғысыздықтың, дүниелік қызықтың соңына түскендер ешқашан бақытты болуы мүмкін емес, бола алмайды да. Ондай рухы әлсіз, жаны жалаңаш шіріген тәннен іріген сөздер ғана шығады.Ар- ұяты бар адам баласына ғана тәңірінен таза шабыт келіп бақытың шарабын татар. Ал ондай шабытсыз, жатанды өнер «Аңқау елге арамза молда» деген сияқты уақытша тірлік. Пайғамбарымыз «Көрсеқызарлық кедейлікке әкеліп соғады» деп жанның азуын ескерткен. Абай атамыз; «Бір күнгі жаман әдетің, өмір бойы жендетің.» «Өзің үлкен, қылығың бала-шаға.» «Ар мен ұят ойламай, тәнін асырап, Ертеңі жоқ бүгінге болған құмар.» «Дүниеде бар жаман көпте, бірақ қызық та, ермекте көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?» Қанша әлемдегі теңдесі жоқ байлықтың егесіне айналған ел болсақта, қызықпен ермеке ар-ұятымызды айырбастап, қанмен берілген қасиеттен айрылған жеке пенде баласы да, халықта қашанда кедей Рухани жетім!. Әрбір істердің нәтижеленетін, теріс қылықтарға көктен міндетті түрде жауабы түсіп тұрады. Енді болашаққа қасиетті кітаптан ой жүгіртіп көрейік.
Мұсылмандық па әлде надандық па?

Осындай сауалдың шешімін құрметті оқырман өздеріңізге қойдым. Қазіргі таңда қаптап кеткен діни басылымдар кімнің мүдесін қорғап қандай заңдылыққа бағынады осыған сын көзбен қарап бет пердесін ашатын уақыт жеткен сияқты. Осыдан үш жыл шамасы бұрын осындай мақаламды «Ислам өркениеті», «Жас алаш», «Жалын» редакцияларына ұсынған едім, себебі қажы дәрігер атағын жамылған пенделер «Зікір деген гипноз» деген Құран аяттарына қарсы мақаллалар шыққан болатын, бірақ басылмады немесе баспады. Кейіннен түс көріп Айша анамыз ертең 11-30 да кездесеміз дегесін 11 сүре 30 аятта; «Иман келтіргендерді қудаласам, мені Алладан кім құтқарады» деген үкіммен ондай жазба зертеулерді тоқтатқан едім сонда да болса мысал келтіре кеткенді жөн көрдім. «Мұсылман қорғаны» басылымы (Мамыр, 2007 жыл и-09 (59) ) Мақала аты; «Ата жолы «Орда» деп адасушылар» Қысқартылып алынды: « Міне осы «ата жолы» деп ұрандаушылар шариғатқа сай әрекет ете ме, етпей ме көпшілік оны ажыратып жатқан жоқ. Ислам діні бойынша тек қана Аллаһтың (шүкірдің) бұйрығы шариғат жолы (Шариғат шексіздік жолы емес!) ғана бар. Өзге жолдың (Діннің бәрін қосқанда жеті ғана жол бар.) бәрі адасушылық пен Аллаһқа басқа біреуге сыйынса, табынса, (Һұд сүресі 109 аят ата-анасына, әулилерге табынып, жаратқанға сыйынуға болады.) кешірілмес күнә болады.» Енді бұл екінің бірі жіберіп жатқан қателіктер болса ең сорақысы мында; « Аллаһ тағала Құранда: «Аллаһтың кешірілмес күнәсі -өзіне басқа бірдеңені (?) теңестіріп Тәңір тұту. Одан басқа күнәларды егер қаласа кешіреді. Демек кімде кім Аллаһқа әлденені теңестіреді екен-ол зор күнәһар» (Ниса сүресі 48-аят)» Енді мүмкін өзі аударды немесе қазақ ғұлама дін танытушылары аударып берді, сондықтан Халифа Алтай атамыздың түсіндірмесін көрсек; «Алла (Т) өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды, Сондай-ақ кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлі болды» (Ниса 48-аят) Енді осы аяттарды мұқият салыстырсаңыз қазақтың «Елді арамза молда мен залым ғалымы бұзады» немесе «Дүмше молда дін бұзар» деген мақалы шығады. Осы мақаланы жазушы бірдеңенің әлденесін (аты жөнін) жария етпей –ақ ; Ортақ қосу деп Алла тағала бұйырған деп Алланың атынан үкім айтып құран аяттарын бұрмалау болып табылады . Оның жазасы сәждесі, дұғалары қабыл болмайды және күнәлі болып табылады. Сондықтан пайғамбарымыз; «Болашақта менің үмметтерімнің арасында қызылды жасылды дүние көбейіп адасады, ғалымдардың беделі жоғалады, себебі екінің бірі құранды өзі оқып түсіндіретіндер көбейеді» деп өсиет қалдырған екен. Осы жалпы елімізге келген сөз, тіл, ойлау надандықтарының бірі ғалымдарымыз европалық тымауға ұшыраса, екінші дін мешіт ғұламаларымыз бедеуилер қылығымен тымауратып , ал халықтың мұң мұқтажын өткені мен кеткенін ғайыптан хабар алып шындықты шырқырап айта білетін жазушы ақын қайда? Бақаным бақа екен дегендей жазушының да төрт сипаты бар екен. Тілші, сөзші, көзші осылардың қосындысы газетшілер де бар. Шабыт деген қасиетті ұғымды жоғалтып, қолға ұлықсат қағазы болған пенде жазғыш, үкіметтен арнаулы заң қызметкері немесе әкімдік құқық алса өзі құранның аяттарын зертеп білмек түгіл, дәрет алуды да меңгермегендер құдайға ұлықсат қағаздар беріп тексеруді әдетке айналдырды. Бүкіл мұсылман мемлекттерінде арнаулы иниституттар болып, солар арқылы Құран аяттарымен салыстырып шешетін болса, ал қазақ деген шағын ел пенделердің ойлап шығарған, көршіден көшіріп алған заңдар арқылы шешетін әдетке айналдырдық. Құдай заңдылығын емес, адамдар ойынан жасалған өкімет заңын алға қоятын дәрежеге жеттік. Сол үкімет заң шығарып жауын жаудыра алмайтынын немесе, егінді бітік өсіріп бере алмайтынын, сол сияқты от апаты су апаты, жер апаттарынан қорғай алмайтынын, мерез және халықтар қырғынына апаратын ауруды тоқтатуға шамасы келмейтінін және әр жеке пенденің өз әулетінің ішінде жүретін өлімге жан құрбандығына ұрпақтың азуына апарып соқтыратын апат кесел, сынақтарды тоқтатуға шамасы жетпейтінін көз жеткізе алмаймыз. Сондай түрлі адам қылқаты арқылы ел басына келетін бәлекетерден қорғану, сақтану заңдылығын ғасырлар бойы жаратушымыздың қалыптастырып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге айналдырып қалыптастырғанын ал көргенді пенде; ауылының, елінің, өз әулетінің ақсақалдарынан бата алып, бұлжытпай орындау арқылы атқарылып келгенін ұмыта бастадық. Қазақ тарихында қай уақыттада ел кезіп сөз жинап, біреудің бір шалыс қадамын аңғарса елге жайып, бірінші мен аңғардым деп ашу араздық отын үрлеген, тілінің сұғын қадап, ауыл мен ауылды, ағайынмен туғанды араздастырып жүретін пенделер болған. Сондай пенделер өз өміріндегі өз отының басындағы бақытсыздықтан жан өрісінің қараңғылануынан менде ешкімнен кем емеспін деп, өзін өзгеге көрсету мақсатында осындай мінезді әдетке айналдырады. Ең қауіптісі осындай пенделер арасынан елін жерін, отанын, тілін сататын ұрпақтар пайда болады. Сондай пенделер қазіргі таңда біліммен қаруланып, ақыл жұмсайтын мекемелерді жағалап, немесе сондай тұтқаны ұстап қалуға жанталасып жатыр. Дәлелі партия құрғыш, еркіндік деген ұранды жамылып, өз елін халқын өзге жұртқа жексұрын көрсету немесе түк істемей дүние тапсам деген қайыршылық әңгімені ұрандатқыш болып реті келсе бақилық болған «Қазақ» деген әкесімен және шешесін жамандап жүр. Әркімнің өз көйлегі өзіне жақын дегендей жоғарғыда дінің бір биік дәрежесіне шыққан пенденің мақаласынан мысал келтірсем, енді менің жерлесім Қызылордада жатып алып «Егемен Қазақстан» №293 (24866) 15 қыркүйектегі басылымда «Орда тобының тірлігі» ой көзімен қарауды қажет етеді деген мақала жазыпты. Кей жерлерінен үзінді келтірсек; 1. «Бір қарағанда дұрыс сияқты» «Қаржы перамидасына ұқсайды» 2. «Алматының түбінде түйнек алған сияқты» 3.«Жақында діни бірлестіктің жұмысын тексеріп, талдау жасап көрген Қызыл орда обылыстық прокуратурасы» 4. «заңның 9-бабында діни ұйымдардың құрылғаннан бастап тіркеуден» 5. «Сол адамдардың арбауына түсіп қалған бейбақтар» 6. «Діннің шындығын өздерінің әрекеттерімен бүркемелеген осындайлардың шылауында жүр.» 7. «Біздің бір танысымыз сол ордалықтардың «Шырақ жағу» деп аталатын алқалы жиынына қатысып қайтыпты.» 8. « Осыдан кейін-ақ әліпті таяқ деп білмейтін бұл дүмшелердің өресінің қай дәрежеде қай деңгейде жатқанын біле беруге болады» Осындай сырт қарағанда керемет дәлел келтірген мақаланы оқыған шындықты оймен іздеген пендеге ата баба дәстүрінен түңілдіріп, араби немесе Иса масих тобына қосылуға жолдама алуға болады. Енді мақала тақырыбы негізіне Құраннан; «Олардың көбі ой жоруға ғана ілеседі. Расында ой, шындыққа қарағанда түкке тұрмайды. Күдіксіз Алла, олардың істегендерін толық білуші» (Юныс 36) «(Мұхаммет) ойын, тәңір жасап алғанды (өз ойының құлы) көрдің бе? Сонда сен оларға кепіл боласың ба? Немесе олардың көбін; тыңдайды я түсінеді деп, ойлайсың ба? Олар мүлде хайуандар тәрізді. Бәлкім олар жолдан тым адасқан.» (Фұрқан 43,44) Және олар бұрынғы өткен азапқа душар болушылардың жолын құшады деп ескерткен. Енді 1.-ден; «Бір қарап» анықтау ақымақтық тағы надандық. Естіп, көріп, ойланып, өлшеп, салыстырып, түсініп барып қортынды жасайды есі түзу пенде. «Якини иманы бар деуге ғылымы жоқ, таклиди иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, я өтірікті шын деп ант ететүн кісіні не дейміз?... «Қылыш арасында серт жоқ» (Тек тіршілік заңына сүйенген) деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрсын.» (Абай ата.13-сөз.) Енді қаржы мәселесіне келсек, сол тірліктің шағын ғана көрнісі; Жақында мен Пір Бекет ата басында болып әрбір істің болашағын білу үшін санын білген дұрыс деген әдетім бойынша бір күнде барған көліктің санын алдым. 70 көлік барып орта есеппен 700 адам барған екен. Енді сол көлік жүргізушілерден сұрадым; олар осындай әулие басына адам әкеліп жан ұясын бағып жүргендігін, көбі банкіден көлікті несиеге алып толық қайтарып, тағы да жаңадан көлік мініп жатқанын айтты. Енді ақыл жұмсап әуреге түспей-ақ ойлы көзіңізбен қарап; сол көлікке кететін жанар жағар майды, соған қызмет қылып жүрген пенделердің жал ақысын және күнделікті шалынып жатқан құрбандықты, оны өсіріп жатқан елдің де жұмысты болып жатқанын және және әулие басында әйелдің етегін жауып, әйел екенін түсініп, елдің өзін қазақ екенін мойындап, бір қазаннан ас ішіп жаратқанның, Құдайдың түсірген құдіреті алдындағы бір парызын кейбірі өмірінде бірінші рет мойындап, артынан сәждеге жығылып, иманды атанып жатқанын есептеп осыған үкімет қаржы бөлмей-ақ халық арсындағы ақша, сауда, тауар айналымын және бүкіл қазақ елі бойынша болып жатқан құбылыстың қаржысын неге есептемейміз? Есі дұрыс адам баласы әрбір істің алды мен артын кешегісі мен бүгінгісін және болашақ нәтижесін салыстырып көреді. Өз елінің ішінде халықтардың әрлі бері қозғалысын жасау үшін, қаншама қаржы жұмсап әртүрі ғимараттар салып шала бүлініп, біздерге қонаққа келіп кет деп жанталасып жатқан елдер жеткілікті жер бетінде. Сол үшін ғана көп мемлекет тек ойын ұйымдастырып, соған бола кешендер салып, өздері де халқында аздырып сынаққа түсіп жатыр. 2.-ден; «Алматыдан сияқты» деп долбар жасағанша келіп көріп, жолығып, сөйлесіп көріп, көптің ойында тыңдау керек еді. Сырта, қашықтан жатып көрмей, құлаққа ғана сеніп ғайбаттау имансыздық және мұсыманға жат қылық, міндетті түрде жазасы бар, өз ұрпақтарыңнан аулақ! 3,4.-ден; Біз түркі тілдес мұсылман мемлекеті болып табыламыз, кеш болмай тұрып бәрібір мойындауға тура келеді, болмаса жаратушымыз үлкен дінге келетін сынақтармен болашақта үкіметті де мойындатады. Сондықтан дінді және өзінің салтық дінін тіркеуге алу немесе мемлекетті сол ұлтық үдісінен бөлектеп қарау жер апаты, су апаты, от апатын, жазылмайтын кеселдерді ғана шақырады. Дінді адамдар ойлап тапқан заңмен тексеріле алмайды ол тек қасиетті кітаппен зертеліп, ғылымын көрсетумен, ғұламлар кеңесіне жүгініп түзетіліп отырады. Ол үшін арнаулы ғылыми зертеу мекемесін ашып ғалымдардың, сопылардың пікірімен санаса білу шарт. Болмаса теріс ықпалды діндердің үстемдігін туындатады. Ал дәретті де мегермеген, шариғат заңдылығын толық түсінбеген, заң қызметкерінің де, тілшінің де тексеруін Құдай қаламайды да ондай пенделердің басына бір-екі, үш жыл көлемінде сынақтар түсіреді. Басқа бәле тілден! 5.-ден; Халық- Алланың бір есімі, халықтың бәрі ақымақ болып, тек білімді пенденің ақылды болуы мүмкін емес! Ақылды үнемі аянмен толтырып түзетіп көктің заңдылығына сәйкестендіріп, естілікті, парасаттылықты қалыптастырып отырмаса пенде баласы білімді ақылмен бәрібір жаңылысады. Менде сондай орданың қызметшісінің бірімін, алдымыздан ғалым да, заң қызметкері, ақын жазушы, діншілер де өтіп жатыр. Міндетті түрде тіркеп отырамыз, жылына мыңдай тағдырға куә боламыз, ішінде бейбақтар (бақытсыздар) кездеседі, бірақ солардың көбі көктен ақыл алғысы келмей, тек өз ақылын ғана жұмсайтындар, білгіштер сол көп оқыған «білдіман» ғана болып келеді. Көп тоқығандар, аз оқығандар «ит үреді керуен кешеді» деп, бәрібір әдет-ғұрыпты қайта жалғап, зираттап тәу етіп жатыр әулие әмбилерге. 6.-дан; Діннің шындығын біліп, ақиқатты айта білген аталарымыз, аналарымыз ақирете несібелі, әулие атанып енді ұрпақтарын тосып жатыр, ең болмаса басыма келіп тізе бүгіп жаратқанға жалбарынып сұраса аянмен көрсетер едім, ақиқатқа көзін ашып жетекке алар едім деп. Ордаларда қазақ бол, ана тілін меңгер, салт-дәстүріңді, ағайын татулығын, елдің бірлігін ұстан, таза жүр, арақ ішпе, арамна аулақ бол, артық хайыр жаса, Алла жолына мал жұмсап сауап ал деп жол көрсетіп жатса, ал қазақтың асарлатып біріне- бірі ақша беріп, сондай иманды қазақтың еліне, дәстүріне, ата бабасын құрмет тұтатын азаматтардың байығанын, жақсы тұрмысын Құдай да қалайды. 7.-ден; Екінші және үшінші біреу арқылы Құранның қасиетті сөздерінің түсіндірмесінен мүлде лағып кеткен. Біреу солай түсінді деп қабылдау тек жындыға, масқа лайық немесе ақылы толмаған баланың әдетті. Шырақ қасиетті сөз есебі Құранда бар! Бүкіл христян діндегілер жылына бір рет әлемдік шырақ және жетісіне бір шіркеулекінде, зират бастарында шырақ жағады. Ал әлемге Мұхаммед пайғамбарымызды шырақ етіп жібердім-деген жаратқанның үкіміне қарсы тұру зор зұлымдық, дінсіздік! Тіршілік басы шырақтан ғана қозғалысқа түседі, оны әлемде қазақтан артық түсінген ел жоқ, нанбасаңыз тарихты зерделе! Қыз баласы адамзатың өсіп-өнетін шырағы! 8.-ден; Білім, ілім деңгейін таразылайтын өлшемді тілші, жазушылар түгіл ғалымдарымыз, хазірет діншілеріміздің өзі таба алмай, жуырда төбесіне жай түскендей оқиғалар болмаса іздер түрі де жоқ. Сондықтан аталарымыз елге күлкі дұшпанға таба болмас үшін «Әліптің артын бағайық»-деп сабырлыққа шақырған. Алдағы басылымдарда сол аталарымыздың әліпті қалай баққанын және оны тілші, дінші түгіл ислам әлемінде Яссауи бабамыздан басқа шешкен пайғамбарымыздың ізгі істерін Құранмен түсіндірген, толық шеше білген оған дейін исламда ғұлама-дана болмағанына дәлел, есеп және ғылымын көрсетеміз. Ордалар арқылы мейлі жақсы мейлі жаман әркім өз білімі, ілімі, ақылы жеткен жерімен әйтеуір халықты бірлікке салтық үдіске шақырып жатыр. Ал әр істің бір нәтижеленетін кезі болады оны тек адам баласы ғылыммен ғана түсінеді. Ақ жол ғылымын толық көрсетуге әлі ерте, себебі жоғарғыдағы мақала авторлары сияқты дүмшелерді жол көрсетіп қайта тәрбиелеу керек. Жалпы дүмше деп өзімде жоқтың өзгеде болмағанын қалайтын пенде. Алланың құдіреті шексіз! Қаласа, болашақта тығыларға тесік таппай, қыспаққа түсіп ордалар арқылы ғана ақ пен қараны ажыратар мезгілдің келетіні сөзсіз. Ол үшін әр тесіктен сығалап немесе біреуден естіп емес, әрбір қазақ үлесін қосып сол керуеннің қисайған жүгін түзетуге тырысса, бірімізде жоқты екіншіміз тауып бере білсек, біріксек қана нәтижесін берер. Халықтар қасіретін туындататын да бейтараптық. Бейтарап пенде Ібілістің шылауына еріп, дүмше атанып түбінде өмірінің қасіретпен аяқталатыны даусыз. Бүкіл дін ойшылдары немесе тілші жазғыштардың көбіне ортақ көз қарасы; ордаларға барсаң жол байлау болды, зиратта деп айтады соған ақша беру керек деген кіна тағылады. Жол туралы әзірше олардан толық мағлұмат берген немесе діншілер тарапынан да басқалай ойшылдардан да еңбектерін көре алмадым. Тек шет елдік ғалымдардың адамда екінші өмір бар екенін, оның сыртқы өріске тәуелді екендігіне мысалдар келтірген еңбектер кездеседі. Пенде баласында екі уақыт бар жүріп тұрған. Тән уақыты мен жан уақытының теңсіздігінен себеп өлім, немесе әртүрлі апат, аурулар пайда болады. Құраннан нақты дәлел есеп жүйесі де бар! Сол екі ортаның тарзысы байланысшы зейнет деп аталады. Зейнеттің 8 тегі, 8 түрі барлығы 64 белгісі болады. Ал сәждедемен (намаз оқумен, парыздармен) 7 түрін, белгісін ғана алуға болады. Қалған белгілер Жер ана, Су ана, Адам ата, Хау ана рұхынан келеді. Төрт рұхтың намаз амалдары төрт кітапта берілген. Басын біріктірген Ясауи бабамыз. Ал қазақ еліндегі жан мен, тәннің теңсіздігінің белгісі; асылып өлуде әлемде 4-ші орында, Әйелдер ісік ауруынан жүз миллиондаған халқы бар елдерден алға шықтық, Алматы қаласы 1-ші орын, жылына 4000 әйел заты аналық құқығыннан айрылып, ағашы у жемісін беріп, төсін алдырып тастап жатыр. Өкпе құрты өртке түскен қамыстай еркектік ауру еді, енді әйелдерге де ауыз салды. Қанша жан ұя баланың күлкісіне зар болып жатыр? Әлі өлім апаты, түрлі рухани азғындықтың салдары қанша жан ұяның шаңырағын ортасына түсірерін оймен анықтай алмаймыз. Осы апаттардан құтылу жолын оңай тәсілдерін өліктерді сөйлестіріп көрсетіп жатса, тек зейнет жинау арқылы ғана адам баласы бейнетінің зейнетін алатынын екінің бірі білмейді. Білгендерді Ібілістің әскерлеріне сапқа тұрған өз қандастарымыз кері үгіттеп дін қақтығысын, өз ара ағайынның жіктелуін, араптар сияқты «тақсырлық» тек көзсіз, ақылсыз бағыныштылық имандылықты ғана қалыптастырып жатыр. Өркениетті деген елдеріміз миллиондаған ақша жұмсап, орталықтар ашып, мамандар даярлап, үкіметтен сол халықтың қалтасынан ақша бөліп, рухани мешеулікті қалай тоқтатарын білмей жатса , Алла тағала қазаққа ешқандай шығынсыз әрбір пендеге жүз жылдай ата бабасынан жиналып қалған зекет, садақаңды әлің келгенінше беріп, зиратта мұсылмандық қарыздан, ата-анаға парыздарыңнан құтыл, әлемде теңдесі жоқ сәулені әулие бастарынан таратып жатса, кедей болып қаласың деп байбалам салып, керуенің алдын кес-кестеп, әулиелерге тас лақтыруға басшыларымызда жабылып кірісіп кеттік. Әрбір істің, сөздің міндетті түрде жауабы, жазасы бар. Алланы осалдату мүмкін емес адам баласына ондай құдірет берілмеген де. Діннің шындығына келсек сәл шыдасаңыз уақытта таяп қалды, енді бір төрт-бес жыл көлемінде, қазақтың дін ғұламалары түгілі, араптардың өзі жаңылыс басқанын және Құранды қазақ елінен артық түсініп, меңгерген халықтың әлемде жоқтығын, Құранның ғажайып ел естіп көз көрмеген сырларын, ғылымын, құпия бабалар шығарған есебін жазатын уақытта келер ұлықсатын да берер! Ақиқат ашылса, жоғарғыдай «шындықтар» тығылар да жер таба алмас. Әзірше осындай мақала жазушы тілшілер мен көріп қана ойлайтын көзшілерден, тек өзі ойлап тапқан заңға сүйенген күнде жиын жасайтын сөзшілерден сақтай көр Алла деп зираттай берейік халайық! Халқымыздың бірлігін тілеп, ұя бұзар тентектерді тезге салуын тілейік жаратқаннан! Алла қаласа әрқашанда басқа, адамның басы Алланың добы. Зираттарың қабыл болып, Алланың жібіне жабысып жатқан «бейбақтарға» бармақтай бақ берсін деп, ал тегін іздеген тектілерге (Аққу, Сұңқар) ұстаған Алланың жібі берік болып, батпандай салмақ берсін деп тілейік ел болып! Қазақта әулие деген атауды көбіне адам баласы өмірден өткенен кейін артында сөз, үлгі істері қалып нәтижесін беріп ақиқаты көрінгенен кейін құрмет тұтуды әдетке айналдырған. Соған қарап өмірден өткен ата-аналарымыздың ішінен артында сөз қалғандардан әулилегі жоқ ақын, би шешендерді, хандарды кездестіру қиын. Осы қазақ еліндегі жағдай бұрында болған оқиғалардың жалғасы, қайталануы немесе Міржақып атамыз осындай болатынын болжап өсиет аманат қалдырыпты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет